Қазақстан халқы ассамблеясының Қызметі мен қалыптасу тарихы оразымбет Алмагүл Дүзубайқызы



Дата13.06.2016
өлшемі87.21 Kb.
#132861
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ МЕН ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
Оразымбет Алмагүл Дүзубайқызы

Қазалы аграрлы – техникалық колледжі
Қазақ тілі – елімізді мекендейтін халықтарды

тұтастыратын негізі құрал

Н. Назарбаев
ҚР Президенті Н. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында: «Дамуымыздың маңызды алғышартына айналған Қазақстандық бірліктің өнегелі үлгісі ғаламшардағы мемлекет басшылары мен конфессия жетекшілерінен лайықты бағасын алды», – деген еді.

Қазақстан – тарихи тағдыры ортақ этностардан құралған унитаралы мемлекет. Оларды ортақ құрылымның аясына біріктірудің сара жолы – Қазақстан халқы Ассамблеясын құру болды. Ассамблеяны құру идеясына Қазақстан қоғамының тарихи бастаулары алғышарт. Жаңа әрі теңдесі жоқ құрылымды іске асыру жұмыстары аймақтарда кіші ассамблеялар құрудан басталды. Шын мәнінде, ол ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделін жүзеге асырудың маңызды тетігі болатын.

Ассамблеяның басты мақсаты - Қазақстандағы барлық этностардың рухани тұрғыда қайта жанғыруы мен дамуын қамтамасыз ету, өркениеттік және демократиялық ұстанымдарға, мемлекеттік ұлттық саясатта барлық этностардың мүддесіне деген құрметке негізделген ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру болатындығы айқындалды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. [1]

Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды. 2008 жылы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заң қабылданды. Ассамблея мен этномәдени орталықтар тарапынан көтерілетін бастамалар мемлекеттік деңгейдегі қолдауға ие болады. 1995 жылы сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясы республика тарихында алғаш рет Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттілігін 2000 жылы 1 желтоқсанына дейін ұзарту жөніндегі жалпыхалықтық референдум өткізу туралы бастама көтерді. Мұндай маңызды қоғамдық бастамадан кейін іс жүзінде Ассамблея көпұлтты Қазақстан халқын топтастыратын белсенді қоғамдық институтқа айналды. Бұл тарихи оқиғалар еліміздегі қоғамдық саяси және құқықтық ахуалға оң өзгерістер әкелгені баршамызға аян. Бүгінгі күні Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі әрбір этностың мүддесін қорғайтын қоғамдық бірлестік.

Ассамблеяның негізгі міндеттері:

этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту;

қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын ақысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұру да мемлекеттік органдарғажәрдемдесу;

азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру;

ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;

Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту болып табылады.

Ассамблеяның мақсаты:

Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық азаматтық бірдейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде Қазақстан Республикасында этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады. Ассамблеяның өткізген барлық сессияларда Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанда ұлтаралық татулық пен келісімді нығайта беру бағытында ізденістерді жалғастырудың қажеттілігіне баса назар аударып отырды.Қазақстан халқы Ассамблеясы үлгісінде Ресей Федерациясында, Қырғызстанда халық Ассамблеялары құрылды. Бұл жер де тағы бір ерекше атап көрсететін жайт, ол Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің деңгейі жағынан да, қызметінің ауқымы жағынан да дараланып тұрады. Ассамблея өзінің құрылымы жағынан республикалық, облыстық және қалалық этномәдени орталықтарды біріктіретін ұйым болып табылады.

Ел ішіндегі ұлтаралық татулықты нығайтуда маңызды конституциялық орган болып саналатын Қазақстан халқы Ассамблеясының орны айрықша екенін атап өткен жөн. Бұл Ассамблея – бейбітшілік пен келісімді тиімді насихаттаушы қоғамдық институтқа, этносаралық және конфессияаралық толеранттылықтың қазақстандық үлгісінің негізінеайналды. Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалығы, Астана қаласында мемлекет басшыларының Саммитін өткізуді дүниежүзінің қолдауы мемлекетіміздің Конституция негізінде жүргізіп отырған салиқалы саясатының белгісі.

Біз қазіргі күні экономикалық жетістіктерді, әлеуметтік игіліктерді, саяси тұрақтылық пен мәдени өркендеуді бастан кешіріп отырмыз. Елдің қолжеткен табыстарына, біздегі орын алған татулық пен түсіністік жағдайларына әлемдік өркениет қызғушылық танытуда. Осының өзі көңілді марқайтып, туған елге, Отанға деген сүйіспеншілік сезіміңді арттыра түседі. Әрине, дос сүйсініп, дұшпан қызғана қарайтын жетістіктер оңайлықпен келіп жатқан жоқ. Бұл – ең алдымен қазақ халқының өз ішіндегі ауызбіршіліктің, жалпы, қазақстандықтардың ынтымақтастығы мен бірлігі арқасында жетіп отырған игілікті нәтижелер. Біздің міндетіміз – осы бірлікті алдағы уақытта да нығайта беру, күшейте түсу. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» деп бабаларымыз ел бірлігі жөнінде өте орынды айтқан. Төле би бабамыз «Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін» деп ұрпақтарына өсиет қалдырса, Қаз дауысты Қазыбек би «Біз үш жүз қазақ керіспейік, асылы бізге керіскен жөн емес» деп төңірегіндегілерді бір-бірін сыйлап, құрметтеуге шақырды. Әйтеке бидің мына сөзі де күнделікті өмірде басшылыққа алып жүретін негізгі қағидамыз болуы тиіс. «Егер де үш жүздің билікке таласуы тоқтамайтын болса, қазақ елі күйреуге ұшырап, басқа халықтың езгісіне түсіп, жуандардың жұдырығына жем болады».

Ата-баба аманатына адал болу, өсиет ақылдарын іске асыру – басты парызымыз. Дамыған, өркениетті қоғам құру, құқықтық мемлекет пен толыққанды азаматтық қоғам қалыптастыру қай елде болмасын, сол мемлекетте ұлттар мен халықтардың татулығынсыз мүмкін емес. Қазіргі кезде әлемде 3000-ға жуық ұлттар мен ұлыстар өмір сүріп отыр. Олар екі жүзден астам мемлекетке біріккен.

«Біздің ортақ отанымыз – Қазақстанның қазіргідей қарыштап дамып отырғаны – елімізді мекендеуші барлық этностардың ынтымағы мен бірлігінің арқасы.

Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белестерге шығаратын да біздің осы қоғамдық татулығымыз. «Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел озады» - дейтін даналықтың шындығына бүгінде бәріміздің көзіміз жетіп отыр», - деп Елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай бүгінде мемлекетімізде ұлттар достығы берік сақталып отыр.

Еліміздің  ұлттық құрамына тоқталсақ, Қазақстанда 120-дан астам ұлт (этностар мен этникалықтоптар) өкілдері тұрады. 2009 жылғы халық санағы бойынша Қазақстан Республикасының халқы 17 200 000 санына тең болды, ал 2011 жылдың 1 қаңтарына 16 441 959 адамды құрады. 2010 жылдың басында халық саны 16 204 617 адам болатын. Оның ішінде 8763,9 мың (57,3%) адамды қалалық тұрғындар, 7537,5 мың адамды (42,7%) ауылдық тұрғындар құрап отыр. Діні Қазақстан жұртында 75% мұсылмандар (этникалық мұсылмандармен қоса алғанда) 25 % христиандар. Елде дінге шек қоймаған. Бірақ діни еркіндікті шектейтін кейбір заңдар бар. Халқының негізгі бөлігі мұсылмандар болса да, ҚР зайырлы мемлекет. Қоғамдағы ұлтаралық келісім мен татулыққа ықпал негізгі факторлардың бірі – тіл жағдайы. Кез келген халықтың тілі – оның салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, әдебиеті мен мәдениетін сақтауының негізгі болып табылады. Соған сәйкес біздің елімізде де тіл саясатына мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп отыр. Тіл саясаты Қазақстандағы ұлт саясатының маңызды тармақтарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының бүгінгі таңда жүргізіп отырған тіл саясаты ең алдымен елдің әлеуметтік-саяси тұрақтылығына, қоғамдағы ұлтаралық, этносаралық келісімдерді нығайту бағытталған. Себебі, әр ұлттың тілі мен мәдениеті, даму жағдайлары белгілі бір мөлшерде халықтар арасындағы қарым-қатынастарға, байланыстарға да өзіндік әсерін тигізеді. Ерекше айтқым келетін жәйттің бірі, кейінгі кезде Ассамблеяның сессиялары негізінен қазақ тілінде өткізіледі. Өзбек пен ұйғырды айтпағанның өзінде, орыс, неміс, украин этносының қазақ тілінде сөйлегенін көргенде жүрегімді бір жылылық сезімі кернейді. Шыны керек, басқа жиналыс пен отырыстарда таза қазақ тілінде сөйлейтіндерді көргенім жоқ. Осының өзі Ассамблеяны сынап – мінеп жүргендерге берілген жауап сияқты.

Елбасы өзінің биылғы Жолдауында ішкі саяси сала мен ұлттық қауіпсіздіктің 2020 жылға дейінгі негізгі мақ­сат тары – қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау мен ел қауіпсіздігін нығайтуға ерекше мән берді. Елбасы “Кез келген партия болсын, қоғамдық ұйым болсын барша қазақстандықтардың мүддесі үшін жұмыс істейді.

Еуразия кеңістігінің нақ ортасынан орын алған елімізде әртүрлі партиялар, этностар өкілдері діни ұйымдар, үкіметтік емес ұйым дар өз қызметтерін жүргізіп жатыр. Алайда, олардың барлығы өздерін жеке-жеке ұйым не месе одақ түрінде сезінбей, “Біз – Қазақ стан азаматымыз!” деген асқақ рухта болуы тиіс.Қазақтың кең пейілі, тарихи төзімі мен ұлтаралық татулық негізінде Тәуелсіз Қазақ станда саяси тұрақтылық берік орнықты. Біздіңбұлөнегеміздіәлемнің аса беделді сарапшылары мен халықаралық ұйымдары бірауыздан әлем халықтарына үлгі боларлық басты жетістігіміз деп мойындады.

Қорыта айтқанда барлық ұлттар мен халықтарды бір жерде тоғыстырған ортақ тарихи тағдыр олардың ортақ мұраттар мен құндылықтарлдың қалыптасуына да себепші болады.

Біздің еліміздің жүргізіп отырған ұлт саясаты өзінің бағыт-бағдары бойынша демократиялық және келісімшілдік, прогрессивті және жасампаздық сипатымен ерекшеленіп келеді. Сондықтан, еліміздегі ұлтаралық келісім мен бірлік қазіргі кезеңде орын алып отырған қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық дағдарысты еңсеруде де маңызды роль атқарған факторлардың бірі бола алады, - деп ойлаймыз. Өркениетті экономика, өркенді саяси-рухани құрылым және дамыған инфрақұрылым қалыптастыру үшін қазір ең керегі – ұлттық ынтымастық пен бірлік. Дүниежүзілік озық технология мен интеллектіге сүйенген саяси экономикалық және әлеуметтік құрылыс қазақ халқымен бірге барлық қазақстандық халықты өркениетті өмірге әкелетіндігі сөзсіз.



«Ассамблея – еліміздегі бірлік пен келісімнің киелі бесігі, тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы» - деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев егемендігімізге қол жеткізген сәттен бастап, бүгінгі күнге дейін халықтар достығы мен ұлтаралық татулыққа ерекше назар аударып келеді. Бұл қазақ жеріндегі өзге этностарға жасалған құрметтің анық дәлелді айғағы. Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі оның еліміздің жоғары заң шығару органында - Парламентте этностық топтар мүдделерінің кепілді өкілдік етуін қамтамасыз етуі болып табылады. [2]
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ассамблея народа Казахстана: исторический очерк / Тугжанов Е.Л., Кан Г.В., Коробков В.С., Шаяхметов Н.У. – Алматы: Раритет, 2010 г.

  2. «Бiз тұратын үй» - «Дом, в котором мы живём» Павлодар: Типография «Сытина», 2011 г.



АННОТАЦИЯ.
Бұл мақалада Ассамблея тарихы, қызметі, еліміздің ұлттық құрамы туралы баяндалады. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың егемендігімізге қол жеткізген сәттен бастап, бүгінгі күнге дейін халықтар достығы мен ұлтаралық татулығы сөз болады.
АННОТАЦИЯ.
Данная статья посвящена истории, деятельности Ассамблеи, а также этническому составу нашей страны. Были также рассмотрены дружба народов и межэтнические отношения со дня независимости по сегодняшний день благодаря Главе государства Назарбаеву Нурсултану Абишевичу. 


ANNOTATION. 
This Article is dedicated to the history of Assembly and its activities, as well as ethnic composition of our country. Also it's mentioned about the national cohesion and inter-ethnic relations from the first day of Independence till present time thanks to our Head of State Mr. Nursultan Nazarbayev Abishevich. 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет