Кіріспе 1. 1960-2000 жыл кезеңіндегі әдебиеттің әдеби эстетикалық саяси әлеуметтік және тәуелсіз ұлттық даму жайы. 1.1 1960-2000 жылдардағы әдебиеттің даму өрісі. 2. 1960-2000 жылдардағы әдебиеттің саяси әлеуметтік дамуы. 3. 1960-2000 жылдардағы проза жанрының даму негіздері. 4. Қорытынды.
Кіріспе
Бұл дәуірдегі әдеби қозғалыстың басты ерекшеліктерінің бірі жазушылардың шығармашылық белсенділігінің артуы деуге болады. Қоғам дамуына сай әдебиетте үнемі өрістеп отырады. Сондықтанда қазақ әдебиеті халқымыздың рухани мәдениетінің бір бөлігі ретінде үнемі жүйелі де жан-жақты зерттеуді қажет етеді.
Әдебиет негізінен шартты, абстрактілі категория. Мұнда көзбен көріп, қолмен ұстап бағалайтын ештеңе жоқ.
1. 1960-2000 жыл кезеңіндегі әдебиеттің әдеби-эстетикалық, саяси әлеуметтік және тәуелсіз ұлттық даму жайы. 1.1. 1960-2000 жылдардағы әдебиеттің даму өрісі.
.
«Өскен өркен» (1962) романы арқылы бүгінгі күн тақырыбын игеруде өзгеше ізденіс танытты «Өскен өркенде» ол Қазақстандағы бүгінгі мал шаруашылығының жайы және онда еңбек етіп жүрген адамдар тағдырын суреттеуді мақсат ете отырып, сонымен байланысты моральдык-этикалық, ұлттық дәстүрлер мен олардың жаңаруы, салт-санадағы ескі ұғымдар мен өзгерістер, жаңа адамды тәрбиелеу мәселелері тәрізді көптеген проблемаларды қозғады.
М. Әуезов «Өскен өркен» арқылы қазақ әдебиетіндегі ұнамды кейіпкерлер туралы ұғымды кеңейте түсті. «Біздің замандасымыз – барша қауымның бақытын тілейтін, жалпақ дүниенің жан лебін жүрегімен ұғатын адам. Оны тебірентетін нәрсе жоқ - ел өмірі, достар мен қастар жайлы ойын бөледі, саясат та, ғылым да, өнер де, еңбектегі жеңіс пен жетімсіздік те, отаршылдыққа қарсы күрес те - бәрі-бәрі де оны толғандырады. Жеңісіміздің әр сәті - Кеңес еңбеккерінің жан-жүрегінің жарқ еткен сәулесі, жалт еткен ұшқыны іспетті.
1960-2000 жылдары әдебиет саласындағы жаңаша ізденістің бір үлгісін Мұхтар Әуезов көрсетті
Мұнда қазақтың қанына сіңген жылқы құмарлық, жүйрік ат баптау, бәйгеге қосу, сонымен бірге сауықшылдықты қызық көрген елдің дәстүрлі кәсібі мен өнері кең бейнелі сурет табады. Біркімбай бейнесінен осындай қазақтың табиғатын, еңбекқорлық, адамилық ар-намыс, борыш атаулыны бағалайтын тұлғаны танысақ, өмірі еңбекпен өткен Гүлбаршынның да тұтас характерін көреміз.
Мал шаруашылығын өркендету шараларын проблемалық тұрғыда көтере отырып, ондағы адам тағдырының әр-қилы өзгешеліктеріне көңіл бөлу Т.Әлімқұловтың «Ақ боз ат» (1962) романында да байқалады.