«Қазақстан Қытай» магистральды газ құбырының «С» желісін орналастыру үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы» Оңтүстік



Дата03.07.2016
өлшемі72.24 Kb.
#174551



«Қазақстан - Қытай» магистральды газ

құбырының «С» желісін орналастыру үшін

қауымдық сервитут белгілеу туралы» Оңтүстік

Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы

14 қарашадағы №334 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 16-бабының 1-тармағының 9-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес және облыстық жер комиссиясының 2014 жылғы 28 тамыздағы №40 қорытындысы негізінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 14 қарашадағы №334 «Қазақстан - Қытай» магистральды газ құбырының «С» желісін орналастыру үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2149-нөмірмен тіркелген, 2012 жылғы 24 қарашада «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының «Оңтүстік Қазақстан облысының аумағы бойынша «Қазақстан-Қытай» магистральды газ құбырының «С» желісін орналастыру мақсатында қауымдық сервитут белгілеу үшін жер көлемдері» деген 1-қосымшасында:

«Түлкібас ауданы» жолдағы:

3 бағандағы «279,3051» деген сандар «279,3625» сандарымен ауыстырылсын;

4 бағандағы «242,9163» деген сандар «242,9737» сандарымен ауыстырылсын;

8 бағандағы «54,2313» деген сандар «54,2887» сандарымен ауыстырылсын;

«Ақбиік ауылдық округі» деген жолдағы:

4 бағандағы «38,9312» деген сандар «38,9886» сандарымен ауыстырылсын;

8 бағандағы «10,1988» деген сандар «10,2562» сандарымен ауыстырылсын;

«Облыс бойынша» деген жолдағы:

3 бағандағы «1779,7530» деген сандар «1779,8104» сандарымен ауыстырылсын;

4 бағандағы «1065,5431» деген сандар «1065,6005» сандарымен ауыстырылсын;

8 бағандағы «578,8048» деген сандар «578,8622» сандарымен ауыстырылсын;

Оңтүстік Қазақстан облысының аумағы бойынша «Қазақстан-Қытай» магистральды газқұбырының «С» желісін орналастыру үшін қауымдық сервитут белгілеуден туындайтын ауыл шаруашылығы өндірісінің шығасы 2- қосымшасында:

«Түлкібас ауданы» деген жолдағы:

4 бағандағы «273,9097» деген сандар «273,9671» сандарымен ауыстырылсын;

5 бағандағы «142 116,070» деген сандар «142119,445» сандарымен ауыстырылсын;

«Облыс бойынша» деген жолдағы:

4 бағандағы «1269,2630» деген сандар «1269,3204» сандарымен ауыстырылсын;

5 бағандағы «336 856,985» деген сандар «336 860,36» сандарымен ауыстырылсын.

2. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ. Тұяқбаевқа жүктелсін.

Облыс әкімі Б.Атамқұлов



Д. Сатыбалды

Б. Жылқышиев

Е.Айтаханов

С. Қаныбеков

Е. Садыр

С.Тұяқбаев

А.Абдуллаев



«Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 14 қарашадағы №334 «Қазақстан - Қытай» магистральды газ құбырының «С» желісін орналастыру үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» облыс әкімдігінің 2015 жылғы «___ »__________ №_____ қаулысына. ( №____________ бланк).

«Қазақстан - Қытай» магистральды газ құбырының «С» желісін орналастыру үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 14 қарашадағы №334 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулы жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА


р/с



Түсіндірме жазбада

көрсетілуге тиіс

мәліметтердің тізбесі


Әзірлеуші мемлекеттік

органның ақпараты



1

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік

орган


«Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

2

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

«Қазақстан - Қытай» магистральды газ құбырының «С» желісін орналастыру үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 14 қарашадағы №334 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулы жобасы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442-ІІ Жер кодексінің 16-бабы 1 тармағының 9-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабы 1 тармағының 8) тармақшасына, «Түлкібас ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 1 қазандағы № 418 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Түлкібас ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 20 мамырдағы №264 қаулысы, «Қазақстан-Қытай» магистральды газ құбыры трассасын өзгерту туралы» «Азиялық Газқұбыры» ЖШС-нің 2014 жылғы 18 тамыздағы №369 өтініші және облыстық жер комиссиясының 2014 жылғы 28 тамыздағы №40 хаттамасы негізінде дайындалған.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 16 бабы 1 тармағының 9-1) тармақшасына сәйкес облыстық жергілікті атқарушы органының құзыретіне осы Кодекстің 69-бабына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу жатады.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 69 бабы 4 тармағына сәйкес қауымдық сервитуттар, егер бұл мемлекеттің және жергілікті халықтың мүдделерін қамтамасыз ету үшін қажет болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдіерінің шешімдері негізінде жер учаскелерін алып қоймастан, оглардың жер учаскелерін беру жөніндегі құзіреті шегінде белгіленуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 69 бабы 4 тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес қауымдық сервитуттар магистральдық құбырлардың желілік бөлігін орналастыру және пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдалану үшін белгілене алады.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43 бабы 7 тармағына сәйкес жер учаскелерiн беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретiне кiретiн жағдайларда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкiмi жерге орналастыру iсiн өз шешiмiмен бiрге жоғары тұрған органға түпкiлiктi шешiм қабылдау үшiн жiбередi.

Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген аудан әкімдігінің қаулысы жерге орналастыру жобасымен түпкілікті шешім қабылдау үшін облыс әкімдігіне жолданған.

Түлкібас ауданынан өтетін «Қазақстан-Қытай» магистральды газ құбырының «С» желісінің ПК3797+67-ПК3801+90 пикеттері аралығының 0,0574 гектарға өзгеріп жалпы аумағы – 279,3625 гектарды құрауына байланысты аталған қаулыға өзгеріс енгізу қажеттілігі туындап отыр.


3

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

«Қазақстан-Қытай» магистральды газ құбырының «С» желісін орналастыру үшін қауымдық сервитут белгілеу.

4

Жобаны іске асыруға

байланысты болжанатын

қаржылық шығындар


Талап етілмейді.

5

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің

мерзімі мен болжанатын тиімділігі



Қазақстан Республикасының Жер кодексінің және Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Қазақстан-Қытай» газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы 2007 жылғы 18 тамыздағы келісімінің талаптарын іске асыру.

«Қазақстан-Қытай» магистральды газ құбырының қуаттылығын арттыру үшін «С» желісінің құрылысын жүргізу.



6

Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған актілері

және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер



«Азия газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесін уақытша пайдалану (жалға алу) құқығын беру туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 16 маусымдағы № 176 қаулысы.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 16 маусымдағы № 176 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер еңгізу туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 314 қаулысы.



7

Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Талап етілмейді.

8

Өзге де мәліметтер

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 14 қарашадағы № 334 «Қазақстан-Қытай» магистральды газ құбырының «С» желісін орналастыру үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі қаулысының жобасы бұқаралық ақпарат құралдарының жергілікті басылымдарында және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ресми сайтында келесі мекен жайда http://ontustik.gov.kz/ жарияланған.


Баcқарма басшысы С.Тұрбеков

Орын.С.Турлыбеков



тел.540656


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет