Қазақстан Кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасу кезеңінде
Орындаған:Рзахметов Нұрахмет Тобы:ХТОВ-22-11
Қазақстанды тікелей ұжымдастыру 1929 жылдан басталды. 1930ж. 1 сәуірде шаруашылықтың 50 пайызын ұжымдастыру қамтып алды. Республика басшысы Ф. И. Голощекин бұл акцияны Қазақстанда «Кіші Қазан» революциясының қажеттілігімен тікелей байланыстырды.ұжымдастырудың қайғылы салдары ондаған мың адамдардың жер аударылуы мен, көшпелі халықты зорлап отырықшылыққа көшіру жоспарымен тереңдей түсті.ұжымдастыру жылдарында аштық пен әртүрлі ауру салдарынан қазақ халқының 50 пайызы опат болды. Халықтың қайта жаңаруы тоқтады. Жыныстық – жастық құрылым өзгеріске ұшырады.1928ж. 27 тамызда Қазақ ОАК мен ҚазССР Халық Комиссарлар кеңесі бірігіп «бай шаруашылықтарын тәркілеу» жайлы шешім қабылдайды, осы жылдың 13 қыркүйегінде «тәркілеуге қарсы әрекетіүшін қылмыстық жауапкершілік немесе ірі жартылай феодал байларды қоныс аудару жайлы» шешім қабылданады.
1930ж. 19 ақпанда бай кулактармен күрес және жаппай ұжымдастыру аудандарында ауыл шаруашылығын әлеуметтік қайта құруды бекіту шаралары туралы шешім қабылданды. Бұл күштеу шараларына қарсы қазақ халқы қарулы ашық көтеріліске шықты. 1992ж. 7 желтоқсандағы ҚР Жоғары кеңес Президумының қорытындыларында 1921 – 1931жж.аралығында 80 мыңнан астам адам қатысқан 372 көтеріліс болғаны белгіленді. Салдарынан республиканың халқы басқа жерлерге қоныс аударды. 1930 жылдың басынан 1931 жылдың ортасына дейін Қазақстан аумағынан 281230 шаруа қоныс аударған. Олардың басым бөлігі Қытай, Иран, Ауғанстан аймақтарына көшкен. Жаппай ашаршылық уақытында 1млн.130 мың адам қоныс аударып, 676 мыңы мәңгілік туған жерлерін тастап кетуге мәжбүр болған.
Қазақстандағы индустрияның дамуының ерекшелігі өндіріс мұнда басынан қайта басталды. Капитал салымының басым бөлігі ауыр өнеркәсіпке – 83,6%, түсті металлургияға – 44,5%, ал мұнайға – 20%, көмір – 15,3%, химиялық – 4,8%, электр энергетикасына – 8,5% капитал салымының көп бөлігі жұмсалды. Пайдалы қазбалардың жеке базаларында соғыс жылдарына дейінгі бесжылдық алдында заманға сай ірі мекемелер: Шымкент қорғасын, Ащысай полиметалл, Балхаш мыс балқыту, Ақтөбе химия комбинаты, Кенді Алтайдың түсті металл заводы, Қарағандының көмір шахталары, электр станциялар, тамақ өнеркәсібі салынды. Қазақстан түсті металл өндіру бойынша елде екінші орынға, мұнай өндірісі бойынша үшінші орынға шықты. Индустрияландырумен қатар жоғары мамандандырылған инженер-техник жұмысшыларының кадрын дайындау үрдісі жүрді. Егер 1926 жылы халық шаруашылығындағы жұмысшылардың саны 10,7%, 1939 жылы олардың саны 33,8% болды. Сонымен қатар индустрияландырудың жағымсыз жақтары да болды. Ол үлкен қаржыны қажет етті, ол қаражат ауыл шаруашылығы мен ішкі заемнен алу жолымен алынды. Жоспарды сапалы көрсеткіштерге зиян көрсете отырып қандайда жолмен орындау елдің қаржы жағдайына қарсы бағытталды. Өндірістің алдыңғы еңбек озаттары, жарыс, тәртіпті қатаңдатуға күрес тек кейбір қиындықтарды жеңуге мүмкіндік берді, бірақ жалпы толқуды тоқтата алмады.
ХХғ. 1929 – 1930жж.МҚБ органдары жүзеге асырған жазалау шаралары нәтижесінде көтеріліске қатысқандары үшін 551 адам сотқа тартылып, 883 адам атылған.
1930жылдары бұқаралық сипат алған саяси репрессиялардың жаңа толқыны мен ерекшеленеді. Сталиннің жеке басына табынудың күшеюі және өзгеше ойлаушыларға шыдамсыздық, ел дамуының қиыншылықтарын «халық жауларының» әрекетінің нәтижесі деп жариялау партиямен кеңес жұмысшылары басшыларына, яғни билік етуші режимге оппозиция құра алатын ықпалды көш басшылардың түгелдей дерлік жойылуына әкелді. Қамауға алынғандар саны Қазақстанда 1937ж. 101 мың адамға жетті, оның 27 мыңы атылды.
Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
1.Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру принциптері
2. Ұжымдастыру бағытында жіберілген қателіктер мен асыра сілтеушілік.
3. Шаруалардың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығы.
4. Аштық жылдарындағы Қазақстанның демографиялық жағдайы.
5. Қазақ қоғам қайраткерлері Қазақстандағы аштықтың зардаптары жөнінде.
Достарыңызбен бөлісу: |