Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар



Pdf көрінісі
бет18/60
Дата24.03.2024
өлшемі1.03 Mb.
#496354
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   60
ОРАЗАҒА 200 СҰРАҚ

Оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар


26
Сұрақ:
Оразада түкірігін жұтып қойса, ораза бұзыла ма?
Жауап: 
Түкірік немесе сілекей жұту оразаны бұзбайды. 
Алайда түкірікті әдейілеп жинап жұтуға болмайды. 
Сұрақ:
Тіс арасында қалған тамақты жұтса, оразасы 
бұзылады ма?
Жауап: 
Ноқаттың көлемінен кіші, яғни түкірікпен арала- 
сып білінбейтіндей дәрежеде кіші болса, ораза бұзылмайды. 
Бірақ аузынан шығарып қайта жұтса, ораза бұзылады. 
Қазасын өтеу қажет. Егер ноқат не бидайдың көлеміндей 
нәрсені жұтса, оразасы бұзылады һәм қазасы өтеледі.
Сұрақ:
Астың дәмін көру оразаны бұза ма?
Жауап: 
Тамақтың тұзын тексеру үшін тілінің ұшымен дә- 
мін көріп, аузын шайып түкіріп тастаса, оразасы бұзылмай-
ды. Десе де, себепсіз тамақтың дәмін татып көру қауіпті 
болғандықтан ғалымдар оны мәкрүһ амалға жатқызған.
Сұрақ:
Жүніп (ғұсылсыз) адамға ораза ұстауға бола ма?
Жауап: 
Ораза дұрыс болу үшін ғұсыл шарт емес. Егер 
ұйқыдан тұрғанда жүніп болса, таң намазына дейін ғұсыл 
құйынып үлгермесе, алдымен оразаға ниет етіп аузын 
бекітеді. Кейіннен таң намазын оқу үшін ғұсыл құйынады. 
Бірақ, ғұсыл алғанда аузы мен мұрнына суды терең 
тартпайды.
Сұрақ:
Ораза ұстаған адам күндіз ұйықтап ихтилам 
(сұйықтық бөліну) болса, оразасы бұзыла ма?
Жауап: 
Күндіз ұйықтап ихтилам болған адамның оразасы 
бұзылмайды. Өйткені Алла Елшісі (оған Алланың салауаты 
мен сәлемі болсын) бір өсиетінде оразаны бұзбайтын үш 
амалды атап, солардың бірі – ихтилам болу деген 
(Тирмизи)

Алайда ғұсыл алуы парыз.
Оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар


27


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет