«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» мемлекеттік мекемесі туралы



Дата11.07.2016
өлшемі97.11 Kb.
#192086


Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

Мемлекеттік мүлік және

жекешелендіру комитеті төрағасының

2012 жылғы «12» қаңтардағы

27 бұйрығымен

бекітілген
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» мемлекеттік мекемесі туралы

Үлгі ережесі

1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің (бұдан әрі – Комитет) ________ аумағында орталық атқарушы органның құзыреті шегінде республикалық мүлікті басқару аясында, республикалық мүлікке мемлекеттің құқығын жүзеге асыру, стратегиялық маңызы бар және стратегиялық объектісі бар экономика саласында жекешелендіру және мемлекеттік мониторинг меншігіне басшылық ететін аумақтық бөлімшесі болып табылады.

Департамент ____________ аумағында туындаған, мүліктік құқық және міндеттер бойынша бөлу жолымен қайта ұйымдастырылған _____________________________мемлекеттік мекемелерінің құқықтық мирасқоры болып табылады.

2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 204 бұйрығымен бекітілген Комитет туралы ережеге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің органдарында шоттары болады.

Департаменттің филиалы болуы мүмкін.

Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

Департаменттің, егер ол заңнамаға және осы Ережеге сәйкес осыған уәкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

4. Департамент өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент бастығының бұйрықтарымен ресімделетін, жеке қолданылатын құқықтық актілерді шығарады.

5. Департаменттің құрылымын, штат саны мен штат кестесін Комитеттің штат санының лимиті шегінде Комитет бекітеді.

6. Департаменттің заңды мекен-жайы: _____________________________

_________________________.

7. Департаменттің толық атауы – ______________ _____________________________________________________________________________________________________мемлекеттік мекемесі.

8. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.

9. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады.

Егер Департаментке заңнамалық актілермен пайда алып келетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен түскен табыс республикалық бюджеттің кірісіне бағытталады.
2. Департаменттің міндеттері,

функциялары және құқықтары
10. Департамент Комитет құзыретінің шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) республикалық заңды тұлғаларға бекітіп берілген негізгі құралдарды қабылдау алу-беру және істен-шығару мәселелерін келісу, орталық республикалық орган болып табылатын республикалық мемлекеттік мекеме мүлкін беруді және республикалық мемлекеттік кәсіпорынның жарғылық капиталына мүлікті беруді қоспағанда;

2) республикалық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілер меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе ақысыз негізде беру құқығымен мүліктік жалға беруге (жалдауға), сенімді басқаруға беру;

3) мемлекеттік материалдық резервті басқару жөніндегі уәкілетті органды жекешелендіру объектісінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары болған жағдайда олардың осы материалдық құндылықтарды объектіні жекешелендіргенге дейін одан әрі орналастыру үшін шешім қабылдауы үшін алдағы жекешелендіру туралы уақтылы хабардар ету;

4) жекешелендіру шарттарын, нысанын және түрін анықтау, оны жүргізуге дайындықты жүзеге асыру;

5) сатып алушының талап етуі бойынша жекешелендіру объектілерінің жүктемелері туралы, сондай-ақ кредиторлық және дебиторлық берешектің сомасы, егер кәсіпорын мүліктік кешен ретінде жекешелендіру объектісі болып табылса, жекешелендірілетін кәсіпорын жасаған шарттар туралы ақпаратты дайындауды және беруді жүзеге асыру;

6) республикалық меншікті жекешелендіруді жүзеге асыру, оның ішінде республикалық меншікті жекешелендіру туралы шешім қабылдау, объектіні жекешелендіруге дайындау үдерісінде республикалық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, жекешелендіру үдерісін ұйымдастыру үшін делдал тарту, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

7) акционерлік қоғамды (жауапкершілігі шектеулі серіктестікті) басқаруға қатысуға акционер (қатысушы) ретінде мемлекет құқығын жүзеге асырады;

8) республикалық мүлік мәселелері жөніндегі мемлекеттің мүдделерін білдіру, Қазақстан Республикасына тиесілі мүліктік құқықтарды қорғауды жүзеге асыру;

9) Стратегиялық маңызы бар экономика салаларындағы меншікті ұйымдастыруға және мемлекеттік мониторинг жүргізуге, және субъектілердің және мониторингке қатысушылардың іс-әрекетін үйлестіруге қатысу;

10) республикалық мемлекеттік меншік объектілерін сенімгерлік басқару шарттарына сәйкес сенімгер басқарушылардың міндеттемелерді орындау мәселесі бойынша бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде сенімгер басқарушыларды тыңдауды жүргізу;

11) мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуына бақылауды және республикалық мүлікке қатысты артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмай тұрған мүлікті алып қоюды үш жылда кемінде бір рет жүзеге асыру;

12) тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша аумақтық республикалық органға немесе мекемеге мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асыру;

13) мемлекеттік мүлікті мақсатты пайдалануға бақылау жүргізу нәтижелері бойынша анықталған артық, пайдаланылмаған не мақсаты бойынша пайдаланылмаған аумақтық мемлекеттік органдардың және мекемелердің мүлкін тиісті саланың уәкілетті органының келісімінсіз бақылау жүргізген сәттен бастап алты ай өткен соң алып қоюды жүзеге асыру;



14) «Мүлікті жалға беруге (мүліктік жалдау) жасасқан шарттар Тізілімі» мамандырылған бағдарламалық кешенді жүргізу және тоқсан сайын Комитетке есеп беру;

15) сатып алу-сату, оның ішінде өз қолданысын тоқтатқан шарттың орындалуына байланысты бақылауды жүзеге асыру кезінде жұмысқа сарапшыларды, сондай-ақ консультациялық, бағалау, аудиторлық және өзге де ұйымдарды тарту;

16) Қазақстан Республикасына тиесілі акцияларына дивидендтерді есептеудің және оларды төлеудің уақтылығы мен толықтығына, сондай-ақ жарғылық капиталға қатысу үлесі Қазақстан Республикасына тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысушылары арасындағы таза кірісті бөлуге бақылауды жүзеге асыру;

17) акционерлік қоғамдар орналастырған акцияларды төлеуді және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақшаны енгізу арқылы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына, сондай-ақ республикалық мүлікті салымды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жарғылық капиталындағы акцияларды, қатысу үлестерін енгізуді жүзеге асыру;

18) Қазақстан Республикасы жалғыз акционері (қатысушысы) болып табылатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестердің) директорларының тиісті кеңесі (бақылау кеңесі) құрамына өз өкілін тағайындау, ал өзге Қазақстан Республикасы қатысатын акционерлік қоғамдарда және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде акционерлердің немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер қатысушыларының жалпы жиналысында директорлар кеңесіне немесе бақылау кеңесіне кандидатураны бекітуге ұсыну;

19) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-тарауында белгіленген жағдайлар мен шарттарда мемлекет меншігіне алынатын мүлік үшін өтемді төлеуді жүзеге асыру»;

20) мемлекеттік мүлік тізіліміндегі мемлекеттік мүлікті бірыңғай есепке алуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіру мен ұйымдастыруды жүзеге асыру;

21) республикалық мүлікті пайдалануға беру жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру;

22) Департаменттің негізгі қызметіне ақпараттық қызмет көрсетуды жүзеге асыру;

23) республикалық меншіктің мақсатты және тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;

24) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

11. Департаменттің:

1) республикалық меншік объектілерін иеленуге, пайдалануға және билік етуге;

2) заңнамаға сәйкес оларға берілген республикалық меншікті мемлекеттік органдардың және оларға бағынысты ұйымдардың пайдалануын бақылауды жүзеге асыруға;

3) орталық және жергілікті атқарушы және өкілетті органдардан, мемлекет қатысатын заңды тұлғалардан бухгалтерлік құжаттарды және өзге құжаттарды, сондай-ақ республикалық меншікті пайдалануға байланысты мәселелер бойынша қаржылық және өзге де ақпаратты сұрауға және алуға;

4) заңнамаға сәйкес республикалық меншікті жекешелендіру жөнінде сауда-саттық жүргізуге;

5) жеке және заңды тұлғалармен республикалық меншік объектілерін сатып алу-сату, концессияға, сенімгерлік басқаруға, жалға, уақытша өтеусіз пайдалануға беру шарттарын жасасуға;

6) сатып алу-сату, мүліктік жалдау (жалға бepу), сенімгерлік басқару шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын тексеруге;

7) Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарынан, сондай-ақ мониторинг объектілерінен меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұрауға және алуға;

8) зерттеу жүргізу тапсырылған тұлғаларды және танысу үшін ұсынылуға тиіс ақпараттар тізбесін көрсете отырып, мониторинг объектісінің басшыларын зерттеу жүргізілетіні туралы хабардар етуге;

9) меншігінде немесе басқаруында осы объектілер бар тұлғаларды мониторинг объектілерін зерттеу нәтижелерімен таныстыруға;

10) меншіктің мемлекеттік мониторингінің нысанасы бойынша анық және объективті талдау үшін қажетті ақпаратты сұрауға және алуға;

11) Қазақстан Республикасының соттарында республикалық меншікті иелену, пайдалану және билік ету мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіруге;

12) тексеру органдарына айқындалған бұзушылықтар, республикалық меншікті ұрлау және оның пайдаланылуына байланысты өзге де құқық бұзушылық фактілері бойынша материалдарды жіберуге;

13) Комитет, Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Үкіметі басшылығының сұранымдары бойынша департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттар дайындауға;

14) Комитеттің жұмыс жоспарын әзірлеу және іске асыру кезінде Өңіраралық департамент құзыретінің шегінде ұсыныстар ұсынуға;

15) Комитеттің қызметіне қатысты комиссиялардың жұмысына қатысуға;

16) басқа да мемлекеттік органдардың кеңестеріне, келіссөздеріне, отырыстарына өз атынан және Комитет тапсырмасы бойынша қатысуға;

17) заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.


3. Департаменттің мүлкі
12. Департаменттің жедел басқару құқығында оқшауландырылған мүлкі бар.

13. Департаментке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

14. Департаменттің өзіне берілген мүлікті өз бетінше иелігінен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

Департаментке заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.

15. Департамент таратылған жағдайда оның мүлкін пайдалану тәртібі мүліктің меншік иесінің шешімімен анықталады.
4. Департаменттің қызметін ұйымдастыру
16. Департаментті Комитет төрағасының ұсынымы бойынша және «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бастық басқарады. Департамент бастығының Комитет төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.

17. Бастық Департаменттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етеді және Департаментке жүктелген функциялардың орындалуына және функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауап береді.

18. Осы мақсаттарда бастық:

өз орынбасарының (бар болған жағдайда) және Департаменттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

заңнамаға сәйкес Комитет төрағасы бекіткен лауазымдар номенклатурасына сәйкес Департаменттің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

заңнамада белгіленген тәртіппен Департаменттің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады;

Департаменттің бұйрықтарына қол қояды;

Департаменттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департаментті білдіреді;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетке дербес жауапкершілік артады;



заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
5. Департаментті қайта ұйымдастыру,

қызметін тоқтату және тарату
19. Департаментті қайта ұйымдастыру, қызметін тоқтату және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
6. Өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
20. Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Комитет төрағасының не оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен енгізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет