Источник: справочная правовая система ЮРИСТ, 25.09.2008 12:28:39
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 наурыздағы № 41 қаулысы
Сақтандыру ұйымдарының көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру жөніндегі қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының «Көлік құралдары иелерінің азаматтық - құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасауға арналған сақтанушы өтінішінің мазмұнына қойылатын талаптарды белгілеу туралы» 2007 жылғы 25 маусымдағы №178 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4138 тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2007 жылғы 5 қыркүйектегі №135 (1338) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
2) тармақшаның бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе жеке бірегейлендіру нөмірі (жеке тұлға үшін) не бизнес-бірегейлендіру нөмірі (заңды тұлға үшін) (бар болса);»;
7) тармақшада:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«туылған күні;»;
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«салық төлеушінің тіркеу нөмірі, жеке бірегейлендіру нөмірі (бар болса);»;
мынадай мазмұндағы қырық екінші абзацпен толықтырылсын:
«сақтанушы 2) тармақшаның екінші, үшінші, бесінші – жетінші абзацтарында, 3) тармақшаның бірінші – үшінші, алтыншы – он бесінші абзацтарында, 5) тармақшадан бастап 7) тармақшаға дейін, 8) тармақшада көзделген Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кіру туралы мәліметтерді растау бөлігіндегі мәліметтер бойынша растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса береді.».
2. Агенттік Басқармасының «Тікелей реттеуді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 25 маусымдағы №179 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4857 тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2007 жылғы 5 қыркүйектегі №135 (1338) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тікелей реттеуді жүзеге асыру ережесінде:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жауапты сақтандырушы – зардап шегушi деп танылған тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған тұлғамен көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы;»;
2) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, ал мемлекеттік тіліндегі мәтін өзгермейді;
3) тармақшада «.» деген тыныс белгісі «;» деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) уәкілетті орган – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.»;
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) зардап шегушіде және зардап шегушi деп танылған тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған тұлғада сақтандыру полисінің (қолданыстағы көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының) болуы;»;
4) тармақша «екі» деген сөзден кейін «және одан көп» деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы абзац алынып тасталсын;
1-тарау мынадай мазмұндағы 2-1- тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары сақтандыру омбудсманның веб-сайтында тікелей реттеу бойынша ақпаратпен алмасу үшін сақтандыру ұйымының деректемелерін орналастыруы мүмкін.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тікелей сақтандырушы оның пайда алушыдан сақтандыру жағдайының басталу фактісін растайтын құжатты және зардап шегушi деп танылған тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған тұлғаның сақтандыру полисінің түпнұсқасын немесе көшірмесін, не көрсетілген сақтандыру полисі бойынша мәліметтерді (жауапты сақтандырушының атауы, сақтандыру полисінің нөмірі, берілген күні, сақтанушының тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) алған күннен бастап екі жұмыс күннен кешіктірмей:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2007 жылғы 25 маусымдағы №177 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4860 тіркелген) көзделген тәртіппен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі деректер базасынан (бұдан әрі – деректер базасы) зардап шегушi деп танылған тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған тұлға туралы тиісті сақтандыру есебін сұратады және сақтандыру полисінің түпнұсқасында не көшірмесінде көрсетілген мәліметтердің, сондай-ақ, зардап шегушi деп танылған тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған тұлға туралы бар мәліметтердің (жауапты сақтандырушының атауы, сақтандыру полисінің нөмірі, берілген күні, сақтанушының фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты) сақтандыру есебімен салыстыруын жүзеге асырады;
2) жауапты сақтандырушыны сақтандыру жағдайы басталғаны туралы хабардар етеді.
Сақтандыру жағдайы басталғаны туралы хабарлама (бұдан әрі –хабарлама) тікелей сақтандырушымен жауапты сақтандырушыға осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екі данада қағаз және электронды тасымалдауышта жіберіледі.
Қағаз тасымалдауыштағы хабарлама электронды тасымалдауыштағы хабарламаға сәйкес келуге тиіс.
Сақтандыру полисінің түпнұсқасында не көшірмесінде көрсетілген мәліметтердің, сондай-ақ, зардап шегушi деп танылған тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған тұлға туралы бар мәліметтердің (жауапты сақтандырушының атауы, сақтандыру полисінің нөмірі, берілген күні, сақтанушының фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты) сақтандыру есебімен салыстыру нәтижесі хабарламада «Өзге мәліметтер» деген бағанында көрсетіледі.»;
Зардап шегуші (пайда алушы) тікелей сақтандырушыға зардап шегушi деп танылған тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған тұлғаның көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің түпнұсқасын берген жағдайда тікелей сақтандырушы оны хабарламамен бірге жауапты сақтандырушыға жібереді.»;
8-тармақта:
«және» деген сөз «құжаттар,» деген сөзбен ауыстырылсын;
«түпнұсқалары, сондай-ақ» деген сөздер «көшірмелері және» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Сақтандыру жағдайы басталуының фактісі мен мән-жайына қатысты қосымша сараптама жүргізуді тікелей сақтандырушы өзінің ұйғарымы бойынша жүзеге асырады.
Тікелей сақтандырушының сақтандыру жағдайы басталу фактісі мен мән-жайына қатысты қосымша сараптама жүргізуіне байланысты шығыстары тікелей сақтандырушы Заңның 29-бабының 1-тармағында көзделген негіздемелер бойынша пайда алушыға сақтандыру төлемін жүргізуден бас тартқан жағдайда жауапты сақтандырушымен өтеледі.
Тікелей сақтандырушы пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартқан күннен бастап екі жұмыс күн ішінде жауапты сақтандырушыға тікелей сақтандырушының қосымша сараптама жүргізуімен байланысты шығыстарды растайтын құжаттарды, сондай-ақ пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартудың негіздемелерін растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екі данада сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.
Жауапты сақтандырушы оның сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы хабарлама алған күннен бастап екі жұмыс күннен кешіктірмей оның екінші данасын тікелей сақтандырушыға жауапты сақтандырушының тікелей сақтандырушының пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы шешімімен келісетіні туралы белгісімен жібереді.
Жауапты сақтандырушы осы тармақпен белгіленген мерзімде тікелей сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы хабарламаның екінші данасын жібермеген жағдайда жауапты сақтандырушының келісуі расталған болып саналады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1- тараумен толықтырылсын:
«2-1- тарау. Төрт және одан көп зардап шегушінің қатысуымен сақтандыру жағдайы басталған кезде тікелей реттеуді жүзеге асырудың ерекшеліктері
13-1. Төрт және одан көп зардап шегушінің қатысуымен болған сақтандыру жағдайы бойынша зардап шегушінің мүлкіне келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтандыру төлемі пайда алушыға Заңда көзделген тәртіппен оның мөлшерін жауапты сақтандырушымен келіскеннен кейін тікелей сақтандырушымен жүргізіледі.
Тікелей сақтандырушы пайда алушыдан тәуелсіз сарапшы жүргізген мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалау жөнідегі құжатты алған сәттен бастап екі жұмыс күннен кешіктірмей жауапты сақтандырушыға көрсетілген құжаттың көшірмесін қоса тіркей отырып, сақтандыру төлемін есептеу туралы өтінішін (бұдан әрі - өтініш) электронды және қағаз тасымалдауышта жібереді.
Қағаз тасымалдауыштағы өтініш электронды тасымалдауыштағы өтінішке сәйкес келуге тиіс.
Қағаз тасымалдауыштағы өтініш тікелей сақтандырушымен осы Ереженің 4- қосымшасына сәйкес нысанда екі данада жіберіледі.
13-2. Жауапты сақтандырушы, басқа тікелей сақтандырушылардың өтініштерін ұсынғанына қарамастан, тікелей сақтандырушыдан қағаз тасымалдауыштағы өтінішті не пайда алушыдан тәуелсіз сарапшымен жүргізілген мүлікке келтірілген зиянды бағалау жөніндегі құжатты алған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей Заңда көзделген тәртіппен зардап шегушінің мүлкіне келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтандыру төлемінің мөлшерін есептейді және өтініштің екінші данасын жауапты сақтандырушы толтыруға тиісті мәліметтерді көрсете отырып, электронды және қағаз тасымалдауышта тікелей сақтандырушыға жібереді.
Жауапты сақтандырушы осы тармақта белгіленген мерзімде өтініштің екінші данасын жібермеген жағдайда тікелей сақтандырушы белгіленген мерзім аяқталған соң, бірақ екі жұмыс күннен кешіктірмей ол туралы уәкілетті органды хабардар етеді.
Бұл ретте тікелей сақтандырушы жауапты сақтандырушыға осы Ереженің 13-1- тармақта көзделген құжаттарды қайта жібереді.»;
1-қосымшада:
реттік саны 2- жолында «Оның кінәсінен сақтандыру жағдайы болған» деген сөздер «Зардап шегушi деп танылған тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік саны 3- жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
3.
|
Зардап шегушi деп танылған тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған тұлғаның сақтандыру полисінің нөмірі мен берілген күні
|
|
»;
реттік саны 4- жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
4.
|
Сақтандыру жағдайы туралы мәліметтер
|
|
»;
Мынадай мазмұндағы реттік сандары 4.1. -, 4.2. - жолдарымен толықтырылсын:
«
4.1.
|
Әкімшілік іс жөніндегі қаулының күні, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның атауы
|
|
4.2.
|
Соттың қылмыстық іс жөнінде іс жүргізу шешімін қабылдаған күні, 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бабы, сот шешімінің заңды күшіне енетін күні
|
|
»;
2-тармақтың екінші абзацында «оның кінәсінен сақтандыру жағдайы болған» деген сөздер «зардап шегушi деп танылған тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-қосымшада:
реттік саны 2- жолында «Оның кінәсінен сақтандыру жағдайы болған» деген сөздер «Зардап шегушi деп танылған тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік саны 3- жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
3.
|
Зардап шегушi деп танылған тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған тұлғаның сақтандыру полисінің нөмірі мен берілген күні
|
|
»;
реттік саны 4- жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
4.
|
Сақтандыру жағдайы туралы мәліметтер
|
|
»;
Мынадай мазмұндағы реттік сандары 4.1.-, 4.2.- жолдарымен толықтырылсын:
«
4.1.
|
Әкімшілік іс жөніндегі қаулының күні, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның атауы
|
|
4.2.
|
Соттың қылмыстық іс жөнінде іс жүргізу шешімін қабылдаған күні, 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бабы, сот шешімінің заңды күшіне енетін күні
|
|
»;
Осы қаулының қосымшасына сәйкес редакциядағы 3- және 4-қосымшалармен толықтырылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
4. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
5. Агенттіктің Төраға қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігінің
2008 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 41 қаулысына қосымша
«Тікелей реттеуді
жүзеге асыру ережесіне
3-қосымша
Сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы хабарлама
200 __ жылғы «____» _____________ № _______
1.
|
Тікелей сақтандырушының атауы, орналасқан жері, телефоны және банк деректемелері
|
|
2.
|
Зардап шегушi деп танылған тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған тұлға туралы мәліметтер: сақтанушының тегі, аты, бар болса - әкесінің аты және мекенжайы (жеке тұлғалар үшін); атауы, мекенжайы және банк деректемелері (заңды тұлғалар үшін)
|
|
3.
|
Зардап шегушi деп танылған тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған тұлғаның сақтандыру полисінің нөмірі мен берілген күні
|
|
4.
|
Сақтандыру жағдайы туралы мәліметтер
|
|
4.1.
|
Әкімшілік іс жөніндегі қаулының күні, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның атауы
|
|
4.2.
|
Соттың қылмыстық іс жөнінде іс жүргізу шешімін қабылдаған күні, 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бабы, сот шешімінің заңды күшіне енетін күні
|
|
5.
|
Сақтандыру жағдайын реттеумен байланысты және пайда алушыға төлеуге жататын шығыстар (теңгемен)
|
|
5.1.
|
Зардап шегушінің (зардап шегушілердің) мүлкіне келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтандыру төлемі
|
|
5.2.
|
Зардап шегушінің (зардап шегушілердің) өміріне және / немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтандыру төлемі
|
|
5.3.
|
Бағалауды жүргізумен байланысты шығыстар
|
|
5.4.
|
Өзге шығыстар
|
|
6.
|
Сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуға негіздемелер
|
|
7.
|
Өзге мәліметтер
|
|
Тікелей сақтандырушының бірінші басшысының тегі, аты, бар болса - әкесінің аты:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Қолы: ______________
телефон: ______________
Мөрдің орны:
2. Жауапты сақтандырушы толтыратын мәліметтер (келіседі/ келіспейді):
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Жауапты сақтандырушының атауы, орналасқан жері, телефоны және банк деректемелері
___________________________________________________________________
Жауапты сақтандырушының бірінші басшысының тегі, аты, бар болса - әкесінің аты:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қолы ______________
телефон: _______________
Мөрдің орны
Тікелей реттеуді
жүзеге асыру ережесіне
4-қосымша
Сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу туралы өтініш
200 __ жылғы «____» _____________ № _______
1. __________________________________________________________________
(тікелей сақтандырушының атауы)
___________________________________________________________________
(жауапты сақтандырушының атауы)
зардап шегуші _____________________________________ мүлкіне келтірілген
( зардап шегушінің тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)
зиянды өтеу бойынша сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу үшін
______________________________________ жүргізген мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалау жөніндегі құжатты жібереді.
(тәуелсіз сарапшының атауы)
Осы құжатқа сәйкес зардап шегушінің мүлкіне келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтандыру төлемінің мөлшері _____________________________________________________ теңгені құрайды.
(сомасы цифрмен және жазбаша)
№_____ сақтандыру жағдайы туралы хабарлама ____________________________________ 200_жылғы «___» _____________ жіберілген
(жауапты сақтандырушының атауы)
Тікелей сақтандырушының бірінші басшысының тегі, аты, бар болса - әкесінің аты:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Қолы: ______________
телефон: ______________
Мөрдің орны
2. Жауапты сақтандырушы толтыратын мәліметтер:
___________________________________, сақтандыру төлемінің мөлшерін
(жауапты сақтандырушының атауы)
есептеу туралы 200__жылғы «____» _________ №_____ өтінішті қарап,
зардап шегуші _____________________________________________
(зардап шегушінің тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)
келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтандыру төлемі
____________________________________________________ теңгені құрайтыны туралы хабарлайды.
(сомасы цифрмен және жазбаша)
__________________________________________________ сақтандыру төлемнің
(жауапты сақтандырушының атауы)
мөлшерін есептеу туралы өтінішті алған күнге сақтандыру төлемі
_____________________________________________________ теңгені құрайды.
(сомасы цифрмен және жазбаша)
Сақтандыру сомасы тиісті сақтандырушыларға немесе пайда алушыларға жауапты сақтандырушымен іске асырылған басқа зардап шегушілеріне келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтандыру төлемдері шегеріле отырып, жауапты сақтандырушымен көрсетіледі.
Жауапты сақтандырушының бірінші басшысының тегі, аты, бар болса - әкесінің аты:
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Қолы ______________
телефон: _______________
Мөрдің орны».
Достарыңызбен бөлісу: |