Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің сыбайлас жемқорлықтың көрініс алуын жоюға бағытталған 2009-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі есеп.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 мамырдағы № 677 қаулысымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарың 12-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде (бұдан әрі – Агенттік) «Агенттіктің сыбайлас жемқорлықты болдырмауға бағытталған 2009-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) әзірленіп және Агенттік Төрайымының 2009 жылғы 11 қыркүйектегі № 272 бұйрығымен бекітілді, осы Іс-шаралар жоспары Агенттіктің сайтында орналастырылды.
Агенттік Іс-шаралар жоспарын мынадай негізгі принциптерін сақтай отырып, әзірледі:
- Іс-шаралар жоспарында көрсетілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың ұтымдылығы мен тиімділігі;
- Іс-шаралар жоспарының практикалық іске асырылуы;
- Агенттіктің нақты лауазымдық тұлғаларының Іс-шаралар жоспарының әр шарасын іске асыруына жауаптылығы;
- Іс-шаралар жоспарында атап көрсетілген іс-шаралардың кешендігі мен жүйелілігі;
- Қазақстан Республикасының қаржы нарығы саласында реттейтін және қадағалайтын мемлекеттік органы ретінде Агенттік қызметінің ерекшелігін ескеру.
Іс-шаралар жоспарына сәйкес Агенттік сыбайлас жемқорлықтың көрініс алуын шектеуге бағытталған мынадай іс-шараларды жүргізеді /жүйелі түрде жүргізеді:
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексін іске асыру бойынша ұйымдастыру сипаттағы шаралар қолға алынды, Агенттікте мемлекеттік қызметшілердің ар-намысын қадағалау кітабы жүргізіледі, сенім телефоны орнатылды, ол туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылды. Агенттіктің қызметкерлермен жұмыс жүргізу мамандары жүйелі түрде бөлімшелердің қызметкерлеріне және жаңадан қабылданған қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
- бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдар орнын иеленуге құжаттарды ресімдеу кезде қызметкерлерге олардың иелігіндегі коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталында үлестерін (акциялар пакеттерін) және пайдалануы кіріс алуға әкелетін өзге мүлікті сенімді басқаруға тапсыру қажеттігі туралы ақпарат береді;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР заңының 8-бабында көзделген мемлекеттік қызметті атқаруға үміткер адамдар шектеулерді қабылдауы қамтамасыз етіледі;
- Агенттік бөлімшелерінің қызметкерлері арасында жүйелі негізінде сыбайлас жемқорлықтың көрініс алуын шектеуге бағытталған заңнамалық актілерді түсіндіруі жүргізіледі;
- бос әкімшілік лауазымын иеленуге конкурстан өту барысында «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес арнайы тексеруден өту үшін Агенттікке мемлекеттік қызметке түсетін азаматтардың құжаттарының уақтылы дайын болуы жүзеге асырылады;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабын орындау мақсатында Агенттіктің мемлекеттік қызметшілері және олардың жұбайы (зайыбы) жыл сайын тұрғылықты жері бойынша салық органына табыстары туралы декларация тапсырады;
- Агенттіктің қызметін жүргізу барысында «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын сақтауға қатаң бақылау жүзеге асырылады.
Агенттік қызметкерлері үшін жүйелі негізінде сыбайлас жемқорлықтың көрініс алуын шектеуге бағытталған заңнамалық актілерінің нормаларын түсіндіру, оның ішінде қызметкерлерді нормативтік құқықтық актілерімен таныстыру бойынша лекториялар жүргізіледі.
Агенттік басшылығы Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында реттеу және қадағалау мәселелері, сондай-ақ халықтың көпшілігі үлкен қызығушылық танытатын Республиканың қаржы нарығының ағымдағы жай-күйі жөнінде сөз сөйлейді.
Республиканың мерзімдік баспасөз шығарылымдарында Агенттік қызметкерлері қаржы нарығының қызметі туралы толық баяндайтын және азаматтар мен заңды тұлғаларының өзекті мәселелері бойынша түсінікті түрде жауаптар бере отырып, мақалаларды жариялайды.
Достарыңызбен бөлісу: |