Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы туралы ереже



Дата30.06.2016
өлшемі139.72 Kb.
#167709
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы туралы ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі №310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеге сәйкес әзірленді.


2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы (бұдан әрі – Инспекция) өз құзіреті шегінде ветеринария,өсімдектерді қорғау және карантин, асыл тқкымды  мал шаруашылығы саласындағы арнайы атқару  мен бақылау –қадағалау функцияларын, мал шаруашылығында , тұқым шаруашылығында Жана селекциялық жетістіктердің пайдаланылуын, ауыл шаруашылығы дақылдарының сұрыптық сынағын, астықтың сапасын, сондай-ақ мемлекеттік астық ресурстарының сақталуын және сандық-сапалық жай-күйін, өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды, техникалық инспекция  саласындағы  бақылауды жүзеге асыратын, сондай-ақ ауыл шаруашылығының салааралық жұмысын үйлестіретін (бұдан әрі-реттелетін сала) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі  Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің  аумақтық органы болып табылады.
3. Инспекция өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық  актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Инспекция ұйымдық-құқықтық мемлекеттік мекеме нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, белгіленген үлгідегі зерттеу актілері мен ұйғарымдарының нысандары, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық органдарында және  банктерде  шоттары бар.
5. Инспекция азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Инспекцияның, егер оған заңнамаға сәйкес өкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
7. Инспекцияның құрылымын және штаттының шекті санын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Комитеттің аумақтық органдары штат саны лимитінің шегінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің  келісу бойынша Шығыс –Қазақстан облыстық   аумақтық  инспекциясы бекітеді.
8. Инспекцияның заңды мекенжайы:071500,Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылы, Қабанбай көшесі, 24    
9.Инспекцияның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
10. Инспекцияның қызметің қаржыландыруды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің республикалық бюджеттен  жүзеге асырады.
11. Инспекцияның функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге Инспекцияға тыйым салынады.
12. Егер Инспекцияға заңнамалық актілермен  кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру жөніндегі құқыктар берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
13. Осы Ереже Инспекцияның құрылтай құжаты болып табылады. Құрылтай құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар  енгізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.

  1. Инспекцияның негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

  1. Мыналар Инспекцияның негізі міндеттері болып табылады:

1) реттелетін салада мемлекеттік бақылауды, қадағалауды және басқаруды
жүзеге асыру;
2) заңнамаға қайшы келмейтін, оған Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік
инспекция комитеті жүктеген өзге дн міндеттерді орындау;
3) жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге
асыруы кезінде қоршаған  ортаны ластауының алдын алу және оны жою жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру.
15. Инспекция өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мемлекеттік саясатты іске
асыратын мынадай функцияларды жүзеге асырады:

  1. мемлекеттің аграрлық және өңірлік саясатын, реттелетін саладағы

стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және өзге дн бағдарламалар мен жобаларды іске асырады;
2) карантиндік объектілердің таралуошақтарын, оқшаулау, жою және карантинге жатқызылған өнімді зарарсыздандыру жөніндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастырады;
3) сеніп тапсырылған аумақта өсімдік шаруашылығы өнімінің зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдерден ысырабын болдырмау мақсатында фитосанитариялық іс-шаралар жүргізуді ұйымдастырды;
4) белгіленген үлгі бойынша фитосанитариялық есеп пен есептілікті ұйымдастырып жүргізеді және оларды заңнама белгіленген тәртіппен уәкілетті органға ұсынады;
5) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден карантин объектілерінің жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау жөніндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастырды;
6) мал өнімдері мен өсімдік тектес өнімдерге ілеспе құжаттар (фитосанитариялық, карантиндік сертификаттар, ветеринариялық құжаттар) береді;
7) аса қауіпті аурулармен ауыратын жануарлар ауруның  профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
8) өндіру, дайындау  (сою) бойынша мал шаруашылығы объектілерін және жануаларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өңдеу  жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттк комиссияларға қатысады;
9) ветеринариялық есеп пен есептілік жүргізеді және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс етеді;
10) бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректерді есепке алуды жүргізеді;
11) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің тиісті облыстық аумақтық инспекциясының алдында астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу туралы, карантиндік өнімдердің импорттық карантиндік әелуге (транзит) рұқсатын беру туралы, мемлекеттік ветеринариялық қадағалауға жатқызылған жүктердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру туралы өтінеді;
12) жергілікті атқарушы, шекара, кеден, құқық қорғау және де басқа органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
13) бас лицензияларды растау үшін астық қабылдау кәсіпорындарының  біліктілік талаптарына сәйкестігіне жыл сайын зерттеу жүргізуге қатысады;
14) Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функциялар.
16. Инспекция өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мыныдай бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырады:
1) базарларда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өндіру, дайындау (сою), сақтау, өндеу және өткізу жөніндегі ұйымдарда,  сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық қадағалауға жататын жүктерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыруды; мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерінің қауіпсізігін, ветеринариялық-санитариялық жағдайды бақылауды; жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуы және жануарлардың азықтан улануының себептері мен жағдайларын ашып, анықтауды жүзеге асырады;
2) аудан (қала) аумағында мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
3) астық қауіпсіздігі мен сапасын бақылауды жүзеге асырады;
4) астық қабылдау кәсіпорындарының манадай ережелерді сақтауын бақылауды жүзеге асырады: астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу; астықты сақтау; астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу;
5) тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылауды, оның ішінде сорттық және  тұқымдық бақылауды жүзеге асырады;
6) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
7) мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістіктердің пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
8) реттелетін салада Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды, хаттамалар жасайды және нұсқамалар береді;
9) астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және қолхаттары тізілімі мәліметтеріне сәйкес астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялауды (тексеруді) жүзеге асырады;
10) мемлекеттік астық ресурстарын тиеп жөнелтуге және тасымалдауға (орнын ауыстыруға) бақылауды жүзеге асырады;
11) фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шаралардың жүргізілуін, пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауды, тасымалдауды және қолдануды, пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу және  өндіру сынақтарын жүргізуді, песицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыруды және арнаулы сақтау орындарының (көмінділердің) жайкүйін, лицензиялық ережелердің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
12) «Астық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде астық қабылдау кәсіпорнынаг астықты көліктің кез келген тиеп жөнелтуге тыйым салады;
13) өсімдіктер карантині жөніндегі шеқаралық пункттер мен бекеттерде карантинге жатқызылған әкелінетін өнімді тұрақты бастапқы карантиндік тексеруді, қажет болғанда үлгілерін, көлік құралдарын, қол жүгі мен багажды іріктеу арқылы олардың зертханалық сараптамасын, әкелінетін және транзиттік  карантинге жатқызылған өнімге карантиндік құжаттарды тексеруді жүргізеді;
14) карантинге жатқызылған әкелінетін өнімнің түпкілікті түсетін пункттерінде тұрақты қайтадан карантиндік тексеруді, қажет болғанда – оның үлгілерін, көлік құралдарын, қол жүгі мен багажды іріктеу арқылы олардың пунктінің, сондай-ақ карантиндік объектілерден таза немесе олар мардымсыз таралған аймақтардың фитосанитариялық сипатын ескеріп, карантндік құжаттарды тексеруді жүргізеді;
15) әкетілетін карантинге жатқызылған өнім тиелетін орындарда карантиндік тексеріп қарау, қажет болғанда – үлгілерді таңдап алып лабораториялық сараптама және фитосанитариялық  сертификаттау жүргізеді;
16) өсімдіктер карантині бойынша шекарадағы пункттер мен бекеттерде карантиндік құжаттардың болуын және дұрыстығын, әкетілетін және транзиттік өнімді тұрақты тексеру жүргізеді;
17) карантинге жатқызылған өнімді тұрақты тексеріп қарау, қажет болғанда – үлгілерді таңдап алып лабораториялық сараптама республиканың базарлары мен кәсіпорындарында карантиндік құжаттарды тексеруді жүргізеді;
18) өсімдіктеркарантині саласындағы заңнама мен белгіленген ережелердің сақталуына және Қазақстан Республикасы аумағында өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың орындалуына мемлекеттік бақылау жүргізеді;
19) өсімдік тектес өнімді өсіретін, дайындайтын, жинайтын, өңдейтін және өткізетін ұйымдардың, базарлардың, шаруа (фермер), үй жанындағы және саяжай шаруашылықтарының  аумағы мен үй-жайларына, ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысаны қарамастан, ауыл шаруашылығы, орман, су және басқа да мақсатқа арналған жергерлер тұрақты талғамалы бақылау зерттеулерін жүргізеді;
20) карантиндік объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды уақытылы және тиімді жүргізу жөніндегі жұмыс барысына тұрақты бақылау жүргізеді;
21) жерсіндіру-карантиндік көшеттіктерде импорттық себу материалдары мен отырғызылатын материалдардың карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден жасырын залалданған-залалданбағынын тексеру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және бақылайды;
22) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру қолдау үшін бөлінген қаражатты басқаруға арналған, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, мемлекет жүз процент қатысатын заңды тұлғалардың агенттен  өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтанушылардың тиісті аумақтағы сақтандырылған өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері көрсетілген тізбесін сұратады;
23)өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және өсімдік шарушылығыедағы міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтанушылар тізбесіне кірмеген өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге (бұдан әрі - сақтанушы)  сақтандыру шартының жасалғанын растау қажеттігі туралы хабарлама жолдайды;
24) өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруші бір ай ішінде өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының жасалғанын растамаған жағдайда, осы өндірушіге тексеру тағайындау туралы нұсқама шығарады;
25) Қазақстан Республикасының заңнамасында көделген өзге де фукциялар.
17. Инспекция жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін:
1) тиісті мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты сұратуға;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің сәйкес облыстық аумақтық инспекциясына тұқым шаруашылығы саласындағы стандарттау жөніндегі қолда бар мемлекеттік стандарттар мен басқа да нормативтік құжаттарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
3) өсімдіктерді қорғау және карантин саласындағы өсімдіктерді қорғау және карантин жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылушылықтарын жоюға дейін, сондай-ақ ветеринария саласындағы жануаралар мен адамға ортақ аруларды қоса алғанда, жануарлардың аса қауіпті және басқа да жұқпалы ауруларының пайда болу немесе таралу қатері төнген жағдайларда соттың шешімінсіз көрсетілген мерзімде міндетті түрде сотқа талап бере отырып, жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың қызметін үш күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға;
4) сотқа талаптармен жүгінуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен оларды қарауға қатысуға;
5) заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
18. Инспекцияға жүктелген міндеттерді орындау үшін, Мемлекеттік инспекторлардың мынадай өкілеттіктері бар:
1) тиісті аумақта мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру;
2) белгіленген үлгі бойынша фитосанитариялық есеп пен есептілік жүргізу және оларды уәкілетті органға ұсыну;
3) тиісті аумақта фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шаралардың жүргізілуін бақылау;
4) селекция және асыл тұқымды өнімнен (материалдан) төл алу  саласында жаңа технологиялардың, аспаптардың, жабдықтардың, материалдар пен биотехнологиялық әдістердің қолданылуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру;
5) астықтың сапасына сараптама жасау жөніндегі аккредиттелген зертханалардың қызметін бақылау;
6) астық сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның күшін тоқтата тұру және (немесе) кері қайтарп алу туралы тиісті облыстық аумақтық инспекцияға ұсыныстар енгізу;
7) астық қауіпсіздігі мен сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
8) астық қабылдау кәсіпорындарында астық сапасын анықтауды бақылауды жүзеге асыру;
9) астықтың, соның ішінде мемлекеттік астық ресурстарының сандық-сапалық жай-күйін бақылауды жүзеге асыру;
10) тұқым шаруашылығы субъектілерінің тұқым шаруашылығы саласындағы әдістемелік және технологиялық талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды, оның ішінде сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру;
11) реттелетін салада Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы, хаттамалар жасау;
12) ауданның (қаланың) аумағында мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға міндетті актілері басып шығару;
13) аттестатталған тұқым өндірушілердің қызметіне олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі нысанында инспекция жүргізуді жүзеге асыру;
14) аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілері көрсететін қызметтердің сапасын тексеру;
15) тиісті облыстық аумақтық инспекцияға субъектілердің тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыру құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру жөнінде ұсыныстар енгізу;
16) тұқым сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін тұқым топтарынан сынамалар іріктеп алу;
17) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілеріне диагномтика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау үшін, зерттеу жүргізу мерзімі туралы мүдделі тараптарға хабарлай отырып, олардың сынамаларын іріктеп алуды жүргізу;
18) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен (қызмет куәлігін көрсете отырып):
- астықты өндіру, қабылдау, сақтау, тиеп жөнелту және қайта өңдеу орындарына кедергісіз кіру және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат алу;
- тұқым шаруашылығының субъектілеріне кедергісіз кіру және оларадан тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыру мәселелері бойынша ақысыз негізде ақпарат алу;
19) қызметтік куәлігін көрсеткен жағдайда асыл тұқымды мал шаруашылығының аттестаталған субъектілеріндегі малды асылдандыру жұмысының, оны есепке алудың және оның есептілігінің жай-күйін тексеру;
20) субъектілердің асыл тұқымды өнімді (материалды) ұстау, азықтандыру, сондай-ақ сақтау жағдайларының сәйкестігін тексеру;
21) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдарының нормалары бұзылған жағдайда, анықталған бұзушылықты жойғанға дейін асыл тұқымды өнім (материал) сатуды тоқтата тұру;
22) облыстың (республикалық маңызды бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына қызметтері Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкес келмеген кезде, малды өз төлінен өсіру жөнінде және тұқымдық өнімнің (материалдың) тұқымдық құндылығын анықтау жөнінде қызмет көрсететін жеке және (немесе) заңды тұлғаларға берілген аттестаттың қолданылуын тоқтата тұру, асыл тұқымды мал зауытын, малды асылдандырушы шаруашылықты, малды асылдандырушы орталықты және дистрибьютерлік орталықты аттестаттан айыру туралы ұсыныс енгізу;
23) селекция және асыл тұқымды өнімнен (материалдан) төл алу саласында жаңа технологиялардың, аспаптардың, жабдықтардың, материалдар мен биотехнологиялық әдістердің қолданылуын мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру;
24) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары нормаларының орындалуын тексеру, сондай-ақ ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметі туралы ақпарат алу мақсатында мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілеріне заңдарда белгіленген тәртіппен кедергісіз (қызмет куәлігін көрсетіп) кіру;
25) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау жүргізу;
26) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілеріне ветеринариялық құжаттар беру;
27) мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жүктер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оларды алып қою және жою, оларды залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) немесе өңдеуді  ұйымдастыру ісіне қатысу, сондай-ақ аталған фактілер туралы азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті атқарушы органына хабарлау;
28) Қазақстан Республиканың ветеринария саласындағы заңдары бұзылған жағдайда сотқа талап қою;
29) карантинге жатқызылған жүктер мен объектілерді тексеріп қарау, фитосанитариялық сараптама және қажет болған кезде залалсыздандыру ісін жүргізу кезеңінде, сондай-ақ оларды фитосанитариялық (карантиндік) сертификатсыз тасымалдау кезінде немесе шет елден импорттық карантиндік рұқсатсыз әкелген жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен кідіріп қою;
30) зертханалық сараптама жүргізу үшін карантинге жатқызылған өнім үлгілерін іріктеп алу;
31) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен заң нормаларының орындалуын және Өсімдіктер карантині жөніндегі ережелердің сақталуын тексеру мақсатымен барлық меншік нысандағы ұйымдарға кедергісіз бару және оларға жүргізу, өз өкілеттігін жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат алу;
32) жеке және заңды тұлғаларға карантинді объектілер ошақтарында және көлікте қажет шаралар жүргізу туралы талаптар қою;
33) Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңдарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын тексеру мақсатында олардың фитосанитариялық бақылау объктілеріне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен кедергісіз кіру;
34) өсімдіктерді қорғау және карантин туралы заңдардың бұзуылуына жол берген лауазымды адамдарды, жеке  және заңды тұлғаларды әкімшілік жауапқа тарту;
35) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген  өзге де өкілеттер.

3. Инспекцияның мүлкі

19. Инспекцияның жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.


20. Инспекцияға бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
21. Инспекцияның бекітіліп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
22. Инспекцияға заңнамамен белгіленген жағдайда және шегінде мүлікті жұмсауға құқық берілуі мүмкін.

4. Инспекцияның қызметін ұйымдастыру

23. Инспекцияны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетімен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс-Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының бастығы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бастық басқарады.


24. Инспекция бастығының инспекция бастығының ұсынысы  бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық инспекция бастығының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс-Қазақстан облыстық аумақтық  инспекциясының бастығы  тағайындайтын бір орынбасары болады.
25. Бастық Инспекцияның жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды әрі Инспекцияға жүктелген міндеттірдің орындалуы мен функцияларды жүзеге асыруы үшін жеке жауаптылықта болады.
26. Бастық асы мақсатта:
1) Инспекция бөлімдері мен қызметтері басшылары мен қызметкерлерінің  міндеттері және өкілеттіктерін айқындайды;
2) заңнамаға сәйкес Инспекция қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Заңнамада белгіленген тәртіппен Инспекция қызметкерлеріне көтермелейді және оларға  тәртіптік жаза қолданады;
4) өзінің құзыреті шегінде бұйрықтарды шығырады;
5) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Инспекцияны білдіреді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

5. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату

27. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.  

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет