Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі


Аралардың кәрездерді салуы. Омартада балауыз алу технологиясы



бет27/53
Дата09.11.2023
өлшемі6.32 Mb.
#482753
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   53
Учебное пособие Ара шаруашылығы

4.7 Аралардың кәрездерді салуы. Омартада балауыз алу технологиясы

Аралардың балауыз бөлуге және кәрездерді салуға қабілеттілігі ара отбасында өзара байланысты тұтас биологиялық жүйе ретінде орындалады. Жекелеген аралар немесе тіпті балауыз бөлетін бездері дамыған аралардың шағын топтары да отбасынан тыс жерлерде кәрез салуға қабілетсіз болып келеді. Кәрездерді салу функциясы басқа да процесстермен яғни ұрықты өсірумен, балшырын мен тозаңдарды жинаумен тығыз байланысты. Балауыз өндіру үшін бұл функциялардың өзара байланыстылығын, балауыз қалай алынатынын білу маңызды, оны өндіру жұмыстарының қалған түрлерін қысқартуы үшін емес, тек оларды толықтыруы үшін қажет.


Ең алдымен, балауыздың бөлінуіне және кәрездердің құрылысына қандай факторлар әсер ететінін білу қажет. Бұл осы бағалы заттың өндірісін ұлғайтуға ықпал ететін практикалық тәсілдердің биологиялық негіздемесін беруге мүмкіндік береді.


4.7.1 Бал араларының балауыздануына және кәрездердің құрылысына әсер ететін факторлар

Бал араларының балауыз бөлу бойынша мүмкіндіктері мен кәрездердің құрылысы - балауыз бөлетін бездердің физиологиялық жай-күйіне, отбасының жай-күйіне және табиғатта балшырын мен тозаңдардың болуына тығыз байланысты.


Ұяшықтардан жаңа шыққан аралардың балауыз бөлетін бездері дамымаған. Балауыз бездері жасушаларының даму дәрежесі жасына қарай ұлғаяды және 12-ші күнге қарай көктемгі-жылдық генерацияның ең жоғары деңгейіне жетеді. Аралар далалық жұмыстарға ауысқаннан кейін балауыз бөлетін бездердің жасушалары дегенерацияланады және өмірінің 21-ші күніне қарай 1-3 күн даму деңгейіне жетеді. Ескі араларда олардың көршілес гиподерма жасушаларынан айырмашылығы жоқ. Балшырын және тозаң жинаушы аралар әдетте, балауыз түзуге немесе кәрездерді бөліп шығаруға қатыспайды және салмайды, алайда олардың бездері май денесінің есебінен қайталама дамуға қабілетті екені белгілі, бірақ жас аралардың деңгейіне ешқашан жетпейді. Осының салдарынан ұшу (дала) аралары балауызды едәуір аз бөледі және олардың кәрездерді салу бойынша мүмкіндіктері өте шектеулі.
Отбасында қалыптасатын қолайлы жағдайларда (әр түрлі жастағы аралардың санының көптігі, бал және балтозаңмен молынан қоректенуі, табиғатта балшырын мен тозаңдардың болуы) аралардың 3-5 күндік жастағы балауыз пластиналарын, әр стерниттен екеуден табуға болады.
Әр түрлі тұқымды араларда балауыз бөлу қабілеті бірдей емес болады. Италия тұқымды бал араларында балауыз бөлетін бездер неғұрлым дамыған. Орта орыс аралары осы бездердің даму дәрежесі бойынша итальяндық және таулы кавказ тұқымдас аралар арасында аралық орын алады. Алайда орта орыс тұқымының аралары итальяндық және сұр таулы Кавказ тұқымдас араларға қарағанда балауыз айналарының үлкен алаңына ие болып келеді.
Балауыз бөлетін бездердің даму дәрежесі аралардың тұқымына, олардың жасына және қоректануына ғана емес, маусымдық жағдайларға да байланысты: күзде тіпті жас араларда да көктемгі-жазғы уақытта байқалатын дамудағы айырмашылықтарға жетпейді. Күзгі генерациядағы араларда балауыз бөлетін бездер өз белсенділігін едәуір ұзақ сақтайды. Басталған бал жинаудың әсерінен олар балауыз бөлуге кірісе алады.
Қыстау кезінде балауыз бөлетін бездер тыныштық жағдайында болып және балауыз бөлінуі жүрмейді.
Жаңа кәрездердің құрылысы мен балауыз бөлу табиғатта жаңа балшырын мен тозаңдардың болуына байланысты. Табиғатта бал жинау жағдайы толық болмаған кезеңде бал аралары балауызды түзіп, кәрездерді салмайды. Ұяда кәрездерге салынған және мөрленген балдың үлкен мөлшерінің болуы балауыз бөлу процесіне айтарлықтай әсер етпейді. Аралар ұяларға жаңа піскен балшырын мен тозаңдар түскен кезде ғана балауызды мол бөледі және кәрездерді салады. Бал жинау аяқталғаннан кейін ұядағы құрылыс жұмыстары келесі жылдың көктеміне дейін үзіледі. Кәрез құрудағы осынау ерекшеліктер қалыптасып, яғни өмірдің қолайсыз кезеңіне арналған ұяда дайындалған және қалыптасқан қоректік қорларды үнемді жұмсауға мүмкіндік беретін жүйе ретінде бекітілді.
Балауыздың бөлінуі ара отбасысының тәулігіне алатын қорек көлеміне тура пропорционалды түрде өседі.
Шағын бал жинау кезеңінде (күніне 1 кг дейін) балауыз бөлінуі аралардың балшырынды жинау негізінде ұшу қызметінің деңгейін төмендетпейді.
Негізгі бал жинау басталысымен (күніне 1 кг-нан жоғары) балауыздың көп мөлшерін бөлу, аралардың бір бөлігін балшырын жинау мен өңдеуден алшақтатады. Сондықтан бал араларын көп санды кәрездерді салу жұмыстарына жүктемей, дайын кәрездерді қойған жөн.
Мықты ара ұяларында балауыз барынша қарқынды өндіріледі. Отбасының 0,5-тен 4 кг-ға дейін ұлғаюына қарай ол бөлетін балауыз санының өсуі заңдылық, 4-тен 5 кг-ға дейін - өсу процесі баяулайды және отбасының күші 5 кг-нан жоғары болған жағдайда балауыз бөлінудің өсуі тоқтатылады.
Мықты ара отбасысы көктемгі-жазғы маусым ішінде 2 кг және одан да көп балауыз бөліп, құрылысқа пайдалана алады. Сондықтан балауыз бөлудің барлық кезеңінде омарташылар балауыздарды салу және омартада балауыз жинау үшін тұтастай пайдалануы тиіс.
Бір уақыт аралығында бөлінген балауыз саны отбасылардағы жас аралардың санына пропорционалды екендігі анықталды.
Отбасындағы жас аралардың саны мен балауыз бөлу арасындағы осындай тығыз тәуелділік жас аралардың өмірінің 12-18-ші күндерінен бастап ең көп балауыз бөлетініне байланысты болып табылады.
Аралардың балауыздың негізгі мөлшерін бөліп шығаратын кезеңі ұрықтың негізгі мөлшерін өсіру уақытымен сәйкес келеді.
Гистологиялық зерттеулермен бір жұмысшы аралардың гипофарингеалдық және балауыз бөлетін бездері бір мезгілде жақсы дамығаны және секретті қарқынды бөліп шығаратыны анықталды. Демек, жас жұмысшы аралар бір мезгілде кәрездерді салуға да, ұрықты өсіруге де қатыса алады, яғни ара ұясындағы балауыз құру және дернәсілдерді қоректендіру - өзара байланысты жұмыстар. Дернәсілдерді қоректендіруды тоқтату, балауыз бөлінуінің тоқтауына да себепкер болады.
Тек аналық арасы бар отбасыларда ғана бал аралары балауыз бөліп, кәрездерді салатыны байқалады. Отбасында әртүрлі жастағы ұрықтың болуы балауыздың шығуын орта есеппен 39,6% -ға арттырады, бұл ретте биылғы жылы жас аналықтары бар отбасыларда бал аралары балауызды 18% -ға көбірек бөледі. Отбасындағы аналық қаншалықты үлкен болса, бал аралары соғұрлым трутенді ұяшықтар салады. Демек, аралардың балауыз бөлу қабілетін неғұрлым толық пайдалану үшін отбасында жас жұмыртқа салатын аналық және барлық жастағы ұрпақтар болуы тиіс.
Жұмыртқалауға дайындалып жатқан ара ұяларында кәрездер салынбайды. Алайда, табиғи тобырдан шыққан аралар балауыз бөлуге үлкен қабілеттілікке ие және қолайлы ауа райы мен тұрақты бал жинау кезінде 4-6 күн ішінде барлық ұяларды (өлшемі 435*300 мм 8-10 ұялы рамалар) қайта қалпына келтіреді.
Аналық отбасыда балауыз бөлінуін тоқтатып, кейінірек оны қайтадан жандандыру бал араларының отбасындағы бейімделу ерекшеліктерімен даму барысында қалыптасқан қасиеттері болып табылады. Аталмыш тобырлар кез келген жұмысты орындауға айрықша қабілеті бар тек физиологиялық жас аралардан тұрғандықтан, алынған нәтижесі осыған негізделеді. Әдетте отбасы 50% ескі ұшатын аралардан тұрады, олар балауыз бөлуге де, дернәсілдерді қоректендіруге де қабілетсіз болып келеді. Ал топтасқан табиғи аралар, керісінше, ұя салуға жұмылдырылған болып келеді, өйткені басқа жұмыстарды орындай алмауына байланысты (тұқым өсіретін,балшырын жинайтын жердің болмауы). Аналық жұмыртқа салуды ұяшықтардың қабырғалары кемінде жартылай (5-6 мм) тартылғаннан кейін бастайды.
Омарташылар аралардың балауыз бөлуге жоғары қабілеттілігін біле отырып, оларды әдетте ұяларға орналастырады, онда бал аралары тез және сапалы түрде түзейтін рамалар барынша пайдаланылады.
Ұядан тыс аралар отбасы өмір сүре алмайды. Ұяның бүтіндігі неғұрлым қатты бұзылса, аралар соғұрлым көп балауыз бөледі және ұяны тез түзеді.
Кәрездерді салу жылдамдығы ұяның тұтастығы бұзылған жерге байланысты. Мысалы, ұяның ең жылы жеріндегі яғни ұрпақты өсіруге қолайлы жағдайы бар ортадағы кәрездері жоғарыдан зақымданған болса бал аралары оларды төменнен зақымдануға қарағанда 2 есе қарқынды қалпына келтіреді.
Бос орындардың пайда болуы дайын кәрездердің ауданын азайтпауы және микроклиматтың күрт өзгертпеуі тиіс екенін ескеру қажет.
Қолайлы жағдайда 1 кг балауыз бөлуге 3,5-3,6 кг бал жұмсалады. Егер аралар балауыз бөліп, дернәсілдерді қоректендіру процесінде кәрездер салатын болса, онда тозаңды тұтыну есебінен бал шығыны 30-40% азаяды.
Қолайсыз жағдайда (төмен температура, бал жинаудың жоқтығы және тозаңның жетіспеушілігі), керісінше, бал шығыны 4,5-5,0 есе өседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет