«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы



бет3/3
Дата05.07.2016
өлшемі0.57 Mb.
#179506
1   2   3
28-бабының 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде астық қабылдау кәсіпорнынан астықты көліктің кез келген түрімен тиеп жөнелтуге тыйым салады;

10) реттелетін салада Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген жағдайда, арыз талаптармен сотқа жүгінеді, оларды қарауға қатысады;

11) шикі мақта өндіретін, шикі мақтаны мақта талшығына алғаш өңдейтін, шикі мақтаны сақтайтын өндіріс объектілеріне, астықты өндіру, сақтау және қайта өңдеу орнына (қызметтік куәлігін және құқықтық статистика органдарында тіркелгені жөнінде белгісі бар актіні көрсеткен жағдайда) кедергісіз кіреді, сондай-ақ мақта және астық нарықтарына мемлекеттік бақылау және мониторинг жүргізуге керекті ақпаратты алады;

12) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның күшін тоқтата тұру және (немесе) одан айыру туралы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тиісті жергілікті атқарушы органына ұсыныстар енгізеді;

13) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген негіздер болған жағдайда мақта өңдейтін ұйымдарға уақытша басқаруды енгізеді;

14) мақта өндірісін дамыту саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген негіздер болған жағдайда мақта шығаруға уақытша тыйым салады;

15) Қазақстан Республикасының заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының сақталу мәніне мемлекеттік бақылау жүргізу мақсатында тұқым шаруашылығы субъектілеріне барады және Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыру мәселелері бойынша ақпарат алады;

16) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыруға субъектілердің құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәліктің күшін тоқтата тұру туралы ұсыныс енгізеді;

17) тұқымның сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін тұқымның партиясынан сынама алуды жүргізеді;

18) жергілікті атқарушы органдардан ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпаратты сұрайды;

19) өзінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажет ақпарат мен құжаттарды жергілікті атқарушы органдардан, сақтандырушыдан, сақтанушыдан және агенттен сұрайды және алады;

20) өткізілетін өнімге (материалға) асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымдық мал орталығы, дистрибьютерлік орталық, асыл тұқымдық репродуктор және ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палаталар беретін асыл тұқымдық куәліктерде көрсетілген деректердің дәйектілігін тексереді;

21) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардан асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастағаны туралы хабарламаларды қабылдайды;

22) реттелетін салада Қазақстан Республикасы заңнамаларында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асырады.

 

 

3. Комитет қызметін ұйымдастыру



 

30. Комитеттің өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қажетті өкілеттіктері бар.

31. Комитетті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын төраға басқарады.

32. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

33. Комитет төрағасы Комитеттің қызметіне жалпы басшылық жүргізеді және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауапты болады.

34. Комитет төрағасы Комитеттің құрылымы және штаттық саны бойынша жауапты хатшыға ұсыныстар енгізеді.

35. Комитет төрағасы өз құзыреті шегінде:



1) өзінің орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

2) Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің, облыстық және қалалық (Астана, Алматы) аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Комитет орынбасарынан басқа, Комитет қызметкерлерін, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын және олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;

4) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес Комитеттің және ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерінің тиісті лауазымдарына арнайы атақтарды беруге және алып тастауға құқығы бар;

5) белгіленген заңнамалық тәртіпте Комитет қызметкерлерін және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын және олардың орынбасарларын, мадақтайды және әкімшілік жазаға тартады;

6) бұйрықтарға қол қояды;

7) Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының Жарғысын бекітеді;

8) Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының штаттық санын бекітеді;

9) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;

10) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте облыстық және қалалық (Астана, Алматы) аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының және олардың орынбасарларына демалыстар беру мәселелерін шешеді;

11) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте облыстық және қалалық (Астана, Алматы) аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының және олардың орынбасарларын іссапарға жіберу, материалдық көмек көрсету, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін келіседі;

12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында белгіленген тәртіпте Комитетті мемлекеттік органдарда, халықаралық және басқа ұйымдарда білдіреді;

13) өз құзыреті шегінде Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына жеке жауапкершілік артады;

14) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын бекітеді;

15) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

36. Комитет төрағасының орынбасары:



1) өз құзыреті шегінде Комитет қызметін үйлестіреді;

2) Комитет төрағасының болмаған кезендерінде Комитет қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап береді;

3) Комитет төрағасы белгілеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

37. Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитет атынан Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарға Комитет төрағасы және оның орынбасары, олар болмаған жағдайда, оларды ауыстыратын тұлға қол қояды.

38. Комитет қабылдайтын шешімдер Комитет төрағасының, ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адамның бұйрықтарымен ресімделеді.

 

 

4. Комитеттің мүлкі



 

39. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауландырылған мүлкі болады.

40. Комитеттің мүлкі мемлекет оған берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі және айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны Комитет балансында көрсетілетін басқа да мүліктен тұрады.

41. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

42. Комитеттің оған бекітіліп берілген мүлікті өздігінен шеттетуге немесе өзге тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.



 

 

5. Комитетті қайта ұйымдастыру және жою



 

43. Комитетті қайта ұйымдастыру және жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет