Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы құралдары



бет1/2
Дата29.06.2016
өлшемі0.56 Mb.
#164979
  1   2




Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 6 бап 1 тармақ 41) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:



  1. Қоса беріліп отырған Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары бекітілсін.

  2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы құралдары:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін, сондай-ақ Республикалық құқықтық ақпараттық орталығына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіге енгізуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. «Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 9-1/ 613 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9939 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне 2014 жылғы 11 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.




Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі
___________________  Б.Сұлтанов
2016 жылғы «__» ______________

Қазақстан Республикасының 

Ұлттық экономика министрі
___________________  Е. Досаев
2016 жылғы «__ » ____________


Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2016 жылғы « » _______

№ _______ бұйрығымен бекітілген





Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары


  1. Жалпы ережелер


1. Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 6 бап 1 тармақтың 41) тармақшасына сәйкес әзірленді және тиісті қаржы жылына мемлекеттік бюджетте қарастырылған қаражат шеңберінде (бұдан әрі - субсидия) және кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау тәртібі мен шарттарын айқындайды.

  1. Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудың негізгі мақсаты агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК) субъектілеріне қаржылық қызметтердің қолжетімдігін арттыру болып табылады.

  2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

    1. жұмыс органы – облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің ауыл шаруашылық басқармасы;

    2. қарыз алушы – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен және/немесе өңдеумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарын қоса алғанда, меншік нысанына қарамастан жеке, заңды тұлға, қаржыландыру (қарыз, лизинг) ұсыну туралы қаржы институттарымен келісім жасалған, ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу бойынша қызметтерді көрсететін жеке немесе заңды тұлға;

    3. оператор – акционерное общество «КазАгроМаркетинг»;

    4. қаржы институттары – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларын жүзеге асыру құқығына лицензиялары бар кредиттік ұйымдар, сондай-ақ АӨК саласындағы лизингтік компаниялар мен кредиттік серіктестіктер;

    5. комиссия – жұмыс органдарының, қаржы институттары және мүдделі салалық қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысатын, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің орынбасарларымен басқаратын консультациялық-кеңесші орган;

    6. қызмет көрсетуші банк – қарыз шарттары бойынша субсидияларды аударуға және есептен шығаруға арналған қаржы институтының арнайы ағымдағы шотын жүргізу бойынша функцияларды жүзеге асыруға қаржы институты уәкілеттік берген (заңды тұлғалардың банктік шоттарын жүргізуге және ашуға құқығы жоқ лизингтік компаниялар мен ауылдық кредиттік серіктестіктер үшін) екінші деңгейдегі банк;

    7. қарыз шарты – қаржы институты мен қарыз алушы арасында жасалатын шарт, оның шарттарына сәйкес қаржы институты кредит/лизинг ұсынады;

    8. лизинг – қаржы институтының кәсіпкерлік мақсаттар үшін кейіннен сатып алу құқығымен, ауыл шаруашылығы техникаларын, технологиялық жабдықтарды және ауыл шаруашылығы малын сатушыдан жеке меншікке алынған және лизингі алушымен белгіленген құнға және белгіленген шарттармен уақытша иеленуге және үш жылдан аз мерзімге пайдалануға берілген лизингтік шартпен негізделген лизингі нысаны;

    9. технологиялық жабдық – тікелей және қосалқы мақсаттағы жабдықтардан тұратын, оларды қолданбаусыз толық технологиялық цикл қамтамасыз етілмейтін, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі мен қайта өңдеу жөніндегі жабдықтар;

    10. ауыл шаруашылығы жануарларының шартты мал басы – осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген ауыл шаруашылығы жануарларының шартты ірі қара мал басына айналдыру коэффициенттеріне сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларының бас санын ірі қара малдың шартты мал басына ауыстыру;

    11. кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын және технологиялық жабдықты сатып алу лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шарты – жұмыс органымен, қаржы институты және оператор арасында жасалатын, қаражат аударудың тәртібі мен шарттарын, тараптардың жауапкершілігін, қарыз алушылардың тізбесін көздейтін жазбаша келісім, оған сәйкес әкімші қарыз алушының қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялайды;



      1. Субсидия алушылар




  1. Субсидия алушылар қарыз алышылар болып табылады.



  1. Субсидия алу шарттары




  1. Субсидия мынадай шарттарды сақтаған жағдайда төленеді:

    1. қаржы институттары операторға кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға арналған өтінімді (бұдан әрі – субсидиялауға арналған өтінім) осы Қағидаларға 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, мынадай құжаттарды қоса ұсынғанда:

қаржы институты мен қарыз алушы арасында жасалған, негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кестесі қоса берілген қарыз шартының қаржы институты куәландырған көшірмесі, сондай-ақ, қағаз түріндегі және редакцияланатын электрондық форматтағы сыйақы мөлшерлемелерінің субсидияланатын/субсидияланбайтын есептеулері қоса берілген жаңартылған кестенің жобасы. Бұл ретте индекстеу жеке кестемен көрсетіледі (индекстеу коэффициенті пайдаланған есептерде);

кредитті/лизингті мақсатты пайдаланғандығын растайтын, қаржы институты куәландырған құжаттардың көшірмелері: кредиттік қарызды мақсатты пайдалану актісі, кредит алғаны туралы қарыз алушының несиелік шотынан үзінді-көшірмелер (екінші деңгейдегі банктер үшін) немесе кредиттің аударылғанын/лизинг нысанасының берілгенін растайтын құжаттан үзінді-көшірмелер;

қаржы институттарымен расталған айналым қаражаттарын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға және құрылысқа, сондай-ақ лизингке ауыл шаруашылығы техникасын және технологиялық жабдықты сатып алуға берілген алғашқы кредиттік шарттардың көшірмесі (қарыз шартының мақсаты алдында тартылған қаражатты толық немесе ішінара өтеу болып табылған жағдайда ұсынады);

ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің деректер базасынан үзінді-көшірме немесе уәкілетті мемлекеттік органнан жемшөп дақылдары себілген алаңдар туралы растама (осы Қағидалардың 13 тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес субсидиялау кезінде ұсынады).



    1. қарыз шарты мынадай критерияларға сәйкес келу керек:

теңгемен жылдық 14 %-дан (он төрт) артық емес және шетелдік валютамен жылдық 10 (он) %-дан артық емес бекітілген номиналды сыйақы мөлшерлемесімен немесе шетел валютасына индекстелген 2015 жылғы 1 шілдеге дейін жасалған;

теңгемен жылдық 19 %-дан (он тоғыз) артық емес және шетелдік валютамен жылдық 10 (он) %-дан артық емес бекітілген номиналды сыйақы мөлшерлемесімен немесе шетел валютасына индекстелген 2015 жылғы 1 шілдеге дейін жасалған;

нысаналы мақсаты айналым қаражаттарын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға және құрылысқа, ауыл шаруашылығы техникасын және технологиялық жабдықты лизингке сатып алу, сондай-ақ айналым қаражаттарын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға және құрылысқа, ауыл шаруашылығы техникасын және технологиялық жабдықты лизингке сатып алу бағытталған тартылған қаражатты толық немесе ішінара өтеу;

сыйақы мөлшерлемесі басқа мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша субсидияландырылмау керек;

кредит/лизингтің қаржыландыру көзері республикалық бюджеттің немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражаты болмауы қажет;

қаржы институтына субсидиялауға арналған өтінімді берген уақытқа негізгі қарызды және сыйақы мөлшерлемесін өтеу бойынша орындалмаған міндеттемелердің болмауы керек.



  1. Субсидиялауды тоқтату комиссия шешімімен мынадай жағдайда:

    1. қарыз алушының мерзімі күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам негізгі борышты және/немесе сыйақыны өтеу бойынша орындалмаған міндеттемелері болған;

    2. қарыз шарты бойынша қаражатты мақсатсыз пайдаланғаны;

    3. заңды күшіне енген сот шешімі бойынша қарыз алушының шотына тыйым салынған;

    4. қарыз алушы қарыз шарты бойынша қаржы институты алдындағы міндеттемелерін толығымен өтеген;

    5. қарыз алушы бюджеттік субсидияны алудан бас тартуы туралы жазбаша өтінген;

    6. қарыз шартты бұзған жағдайда жүзеге асырылады. расторжения договора займа.

  1. 2015 жылы жасалған, қолданылу мерзімі 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында аяқталған қарыз шарттары жіберіледі.

  2. Комиссия субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдаған қарыз шарттарының бағдарламаға қайта қатыстырылуына жол берілмейді.

  3. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға комиссия субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдаған кредитті/лизингті қайта қаржыландыруға бағытталған қарыз шарттары жатпайды.

  4. Кредиттер/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қарыздарды кепілдендіру және сақтандыру, негізгі құралдарды (оның ішінде биологиялық активтерді) сатып алу кезінде оның құнын арзандатуды субсидиялау, жаңа өндірістік қуаттар құруға не қолданыстағыларын кеңейтуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде АӨК субъектілері шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларымен қатар жүреді.




  1. Субсидияны есептеу тәртібі




  1. Комиссиямен мақұлданған қарыз шарттары бойынша субсидия көлемін есептеу: осуществляется:

    1. шарттардың бүкіл қолданылу мерзімінде;

    2. субсидиялауға арналған өтінімді операторға ұсынылған, қаржы институттарымен алдында берген қарыз шарттары бойынша субсидияны есептеу жылдың 1 қаңтарында басталады;

    3. операторға субсидиялауға арналған өтінім берген жылы жасалған қарыз шарттары бойынша субсидия көлемдерін есептеу кредит немесе лизинг нысанасын берген сәттен басталады;

    4. қаржы институты шетелдік валютамен берген қарыз шарттары бойынша субсидиялау жұмыс органымен субсидиялар сомасын қаржы институттарына аударуы күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгемен жүзеге асырылады.

Оң бағамдық айырмашылық жағдайында, оны болашақ субсидиялар есебіне қосып есептейді, ал егер кері бағамдық айырмашылық пайда болған жағдайда, оны қарыз алушы төлейді;

    1. шетел валютасына индекстеу қарыз шарттары бойынша негізгі берешекке және сыйақы мөлшерлемесіне есептелген индексация субсидияланбайды;

    2. қарыз шарттарының талаптары өзгерген жағдайда, бұрын комиссия мақұлданған және жылдар бойынша есептелген субсидиялар сомалары артпайды, субсидиялау мерзімдері ұзартылмайды;

    3. сыйақы сомасы азайған жағдайда, субсидиялар сомаларын азаю жағына қайта әр жыл бойынша жеке-жеке есептеу жүргізіледі.

  1. Кредиттік шарттар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны теңгемен жылдық 7 (жеті) %-ға және шетелдік валютамен жылдық 5 (бес) %-ға төмендету немесе шетел валютасына индекстелген жолымен жүзеге асырылады.

  2. Сыйақы мөлшерлемесін теңгемен жылдық 10 (он) %-ға және шетелдік валютамен жылдық 7 (жеті) %-ға төмендету немесе шетел валютасына индекстелген жолымен оны субсидиялау мыналар:

«Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары-резиденттерімен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасудың, оның талаптары мен үлгі нысанының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі - Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010 жылғы 11 маусымдағы № 113 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6299 болып тіркелген) сәйкес өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан кәсіпорындардан немесе тауардың ST-KZ нысан бойынша сертификаты бар кәсіпорындардан ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға арналған;

мамандандырылған ұйымдардың мал шаруашылығымен айналысатын агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін жемшөппен қамтамасыз етуге арналған;

мал шаруашылығы, мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және жемшөп өндірісі саласындағы ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарының мынадай түрлерін (жиынтықта) сатып алуға арналған қарыз шарттары бойынша жүзеге асырылады:

комбайндар, тракторлар, тракторлық тіркемелер, сепкіштер, су таситын техникалар;

2) өздігінен жүретін және тіркемелі дестелегіштер;

3) жұмыс органдары ауыстырмалы құрама әмбебап аспалар;

4) механикалық күректер;

5) тырмалардың, соқалардың, қопсытқыштардың барлық түрі;

6) суаратын жүйелер;

7) тырмалар, аударғыштар, ысырғыштар, десте қалауыштар, десте жасауыштар;

8) жемшөп жинайтын комбайндар, жемшөп жинайтын машиналар;

9) нығыздап-сораптаушы, пішен маялағыштар;

10) жемшөп араластырғыштар, жемшөп үлестіргіштер, ұсатқыштар, араластырғыштар және ұсақтағыштар;

11) тиеуіштер және теңдер мен оралған шөптерді тасымалдауға арналған арбалар, оралған шөпті кескіш пен оралған шөпті жіппен орауыш;

12) сауу қондырғылары;

13) мал шаруашылығы фермаларына арналған шетен қора жабдығы және көң шығару жүйесі;

14) автонауалар, жеке науалар;

15) құрама жем қондырғылары және шағын зауыттар;

16) сүт салқындатқыштар және салқындатқыш-танктер;

17) сүт талдағыштар;

18) сүт қабылдауға арналған қондырғылар;

19) пастеризаторлар;

20) өзі құйып алатын сепараторлар;

22) сүттің майлылығын автоматты түрде стандарттау қондырғылары;

23) мал тасымалдауға арналған арнайы көлік құралдары;

24) сүт тасығыштар;

25) зооветеринариялық өңдеуге арналған бекіткіш-станоктар;

26) шалғылар (өздігінен жүретін, аспалы, роторлық, дискілі, тіркемелі, жартылай аспалы, жаныштағыштар, ұсақтағыш-шалғылар);

27) ауыл шаруашылығы малдарын жаюға және ұстауға арналған жабдықтар, сондай-ақ мал шаруашылығында қолданылатын озық технологиялар (электрлі қоршаулар, электр энергиясының балама көздері, су көтеруге арналған жел сорғылары, радиобайланыс және бейнебақылау жүйелері, GPS навигация жүйелері);

28) малды сою және тушаны мүшелеу арналған жабдықтар;

29) сойылған етті алғашқы өңдеуге арналған жабдықтар;

30) етті қайта өңдеу үшін арналған жабдықтар;

31) ет өнімдерінің өндірісіне арналған жабдықтар;

32) етті және ет өнімдерін орауға арналған жабдықтар;

33) сүтті алғашқы өңдеуге арналған құрылғылар;

34) сүтті өңдеуге арналған жабдықтар;

35) сүт және сүт өнімдерінің өндірісіне арналған жабдықтар;

36) сүт және сүт өнімдерінің бөлшектеп өлшеуге және құюға арналған құрылғылар.



Қарыз шартында осы Қағидалардың 13 тармақтың 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген техникалар мен жабдықтарды сатып алу көзделген жағдайда, осы Қағидалардағы 3-қосымшада көрсетелген, көрсетілетін қызметті алушы өзінде ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің деректер базасында тіркелген ауыл шаруашылығы жануарларының кемінде 50 (елу) шартты мал басының немесе жемшөп дақылдарын өсіруге пайдаланатын жер учаскелерінің бар екендігі туралы растауды, қосымша ұсынады.

  1. Бір түрдегі техника мен жабдықтың бір бірлігіне мал басының жол берілген нормативі ауыл шаруашылығы жануарларының 200 шартты басын немесе жемшөп дақылдарын өсіру үшін пайдаланылатын 300 (үш жүз) гектар жерді құрайды.

  2. Бір түрдегі техника мен жабдықтың екінші және одан кейінгі бірліктерін, осы Қағидалардың 13 тармағында көрсетілген қарыз алушыда талап етілетін нормативтерге сәйкес жеткілікті ауыл шаруашылығы жануарларының шартты басы мен жемшөп дақылдарын өсіру үшін пайдаланылатын жердің бар болған жағдайда субсидияланады.

  3. Осы Қағидалардағы 13 тармағтағы шартқа сәйкес субсидияланатын бір түрдегі техника мен жабдықтың саны осы Қағидалардағы 4-қосымшаға сәйкес мазмұндалған мал шаруашылығы, мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және жемшөп өндірісі саласындағы бір түрдеге екінші және одан кейінгі техникалар мен жабдықтарды субсидиялау есебіне сәйкес анықталады.

  4. Егер қарыз алушының қарыз шарттары бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігіне тең немесе аз болса, онда кредиттік шарттар бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі толық субсидияланады.

  5. Егер, бір қарыз шартында да осы Қағидалардың 13 тармақта баяндалған субсидиялау талаптарына сәйкес келмейтін ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алу көзделген болса, қаржы институты бөлек төлем кестесін береді.

  6. Осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес бөлек төлем кестесі ұсынылмаған жағдайда, субсидиялау осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

  7. Қолданыстағы қарыз шартының талаптарын өзгерту қарыз алушының келісімімен ғана өзгертуге болады.

  8. Субсидиялауды тоқтату комиссияның шешімі бойынша:

  1. қарыз алушының мерзімі күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам негізгі борышты және/немесе сыйақыны өтеу бойынша орындалмаған міндеттемелері болған;;

  2. қарыз шарты бойынша қаражатты мақсатсыз пайдаланғаны;

  3. заңды күшіне енген сот шешімі бойынша қарыз алушының шотына тыйым салынған;

  4. қарыз алушы қарыз шарты бойынша қаржы институты алдындағы міндеттемелерін толығымен өтеген;

  5. арыз алушы бюджеттік субсидияны алудан бас тартуы туралы жазбаша өтінген;

  6. қарыз шартты бұзған жағдайда жүзеге асырылады.

  1. Осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген негіздемелер бойынша субсидиялауды тоқтату қаржы институтының бастамасы бойынша жүзеге асырылады, ол өзіне көрсетілген фактілер туралы белгілі болған сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде тиісті өтінімді операторға беруі тиіс. Оператор қаржы институты ұсынған өтінім негізінде қарыз алушының сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды тоқтату туралы мәселені комиссияның кезекті отырысының қарауына шығарады.

  2. Оператор субсидиялау жөніндегі комиссия субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылданған шешімнің себептерін көрсете отырып, қаржы институты мен қарыз алушыны хатпен хабардар етеді, одан кейін қаржы институты пайдаланылмаған субсидиялар сомасын мемлекеттік бюджет кірісіне 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қайтаруды жүргізеді.

  3. Комиссиямен субсидияландыруды тоқтату туралы шешім қабалдаған жағдайда, жұмыс органы 2 (екі) жұмыс күні ішінде операторды хатпен хабардар етеді.




  1. Субсидияны төлеу тәртібі




  1. Жұмыс органы мен оператор арасындағы тиісті қаржы жылының 15 қаңтарынан кешіктірмей оператор қызметтеріне төлеу сомаларын көрсете отырып, оператордың қызметтер ұсыну тәртібін, шарттарын, сондай-ақ тараптардың жауапкершіліктерін және өзге де шарттарды көздейтін кредиттер/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша оператордың қызметтерін көрсету жөніндегі шарт (бұдан әрі – қызметтер көрсету жөніндегі шарт) жасалады.

  2. Оператордың көрсететін қызметтерін жұмыс органымен тиісті қаржы жылына жасалатын қызметтер көрсету жөніндегі шартқа сәйкес, тиісті бюджеттік бағдарламада көзделген қаражат шегінде төлейді.

  3. Оператор бұқаралық ақпарат құралдарында және өзінің интернет-ресурсына (жұмыс органы өзінің интернет-ресурсына) тиісті хабарландыру орналастырады мынадай жағдайда:

    1. сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін қызметтер көрсету жөніндегі шарт күшіне енгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы;

    2. комиссияның тиісті шешіміне сәйкес хатты алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінім қабылдауды тоқтату туралы хабарландыруды орналастырады.

  1. Осы Қағидалардағы 5 тармақта көрсетілген, субсидиялауға арналған өтініді және құжаттарды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Оператор:

    1. ұсынылған құжаттардың толықтығын және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруді;

    2. осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы қорытынды ресімдеуді жүзеге асырады, Қағидалардың талаптарына сәйкес сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау пайызын ұсынады және әрбір қарыз шарты бойынша тиесілі субсидиялар көлемінің есебін жүргізеді;

    3. жұмыс органына электрондық жеткізгіште осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген құжаттарды, қарыз алушылардың осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы оператордың қорытындысын, әрбір қарыз шарты бойынша тиесілі субсидиялар көлемінің есебін жолдайды;

    4. комиссияның отырысын шақырады. Комиссияның отырысын өткізу орнын, уақыты мен күнін комиссия төрағасымен келісім бойынша оператор айқындайды.

  1. Жұмысы органы облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің бұйрығымен бекітілетін, құрамында комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары, мүшелері және хатшысы бар, субсидия қаражатын бөлу туралы комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрайды. Комиссияның сандық құрамы тақ болуы және жеті адамнан кем болмауы тиіс. Комиссия хатшысы комиссияның мүшесі болып табылмайды.

  2. Егер комиссия отырысына мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, комиссияның отырысы заңды болып есептеледі.

  3. Қарыз алушылардың субсидияландыру үшін өтінімдерін мақұлдау/мақұлдамау туралы шешімді комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылдайды және хаттама түрінде рәсімделеді. Өтінімі қаралатын қарыз алушыны білдіретін немесе субсидияландыру үшін өтінімді берген қаржы институтын білдіретін комиссия мүшелері дауыс беруге қатыспайды.

  4. Комиссия қарыз алушылардың өтінімдерін мақұлдау/мақұлдамау туралы шешім қабылдау кезінде оператордың қорытындысын және осы Қағидалардың 28-тармағында көрсетілген құжаттарды басшылыққа алады.

  5. Комиссияның хаттамалық шешімінде:

    1. қаржы институтының атауы және орналасқан жері;

    2. мақұлданған/мақұлданбаған қарыз алушылардың атаулы тізбесін, бас тарту себептері;

    3. қарыз алушылардың әрбір қарыз шарттары бойынша кредит/лизинг сомасы;

    4. әрбір қарыз алушы бойынша әрбір қарыз шартының әрекет ету мерзімі;

    5. әрбір қарыз шарты бойынша субсидиялау мерзімі;

    6. қарыз алушының әрбір қарыз шарты бойынша нысаналы мақсатын;

    7. қарыз алушының әрбір қарыз шарты бойынша субсидияланатын сыйақы мөлшерлемесінің пайызы;

    8. қарыз алушының әрбір қарыз шарты бойынша субсидияның жалпы сомасы қамтылады.

  6. Осы Қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген АӨК саласындағы басым қызметтер түрлерін субсидияландыру үшін өтінімді қарастыру мынадай кезекті сақтай отырып: бірінші кезекте лизингтік шарттары, екінші кезекте кредиттік шарттар бойынша, Операторға субсидияландыру үшін өтінім түскен күннен жуық уақыттағы комиссия отырысында жүзеге асырылады.

Бұл ретте, бюджетте көзделген қаражаттың кемінде 50 (елу) %-ы осы Қағидаларға 5-қосымшада көзделген ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу қызметімен айналысатын қарыз алушылардың қарыз шарттарын субсидиялауға бағытталады.

  1. Тиісті қаржы жылының 1 шілдесіндегі жағдай бойынша бөлінбеген көрсетілген қаражат болған жағдайда, комиссия оларды осы Қағидалардың 37-тармағына сәйкес АӨК саласындағы қызметтің басқа түрлеріне қайта бөледі.

  2. Қызметтің басым түрлеріне қосылмаған субсидиялауға арналған өтінім осы Қағидаларға 5-қосымшада көзделген, АӨК саласындағы басымды қызмет түрлері бойынша қажеттіліктер комиссияның бір отырысы шеңберінде толық қанағаттандырылғаннан кейін қаралатын болады.

  3. Қызметтердің көрсетілген түрлерінің басымдылығы келесі кезектіліктің субсидияландыру үшін өтінімдерді қанағаттандыруға көшкенге дейін жоғары тұрған кезектіліктің қажеттілігін толық қанағаттандыруды көздейді.

  4. Егер бюджетте көзделген қаражат барлық өтінімдерді субсидиялау үшін жеткіліксіз болған жағдайда, субсидиялар сомасын бір отырыс шеңберінде бөлу осы Қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген АӨК саласындағы қызметтер түрлерінің басымдылығына сәйкес жүргізіледі.

  5. Бір кезектілік шеңберінде субсидиялар сомасын бөлу қарыз алушының субсидиялауға арналған өтінім ұсыну күніне байланысты жүзеге асырылады.

  6. Оператор комиссия отырысының күнінен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде комиссия мүшелерінің қолдарын жинайды және хаттамаға қол қойылғаннан кейін бір күндік мерзімде субсидиялау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасынан үзінді көшірменің хатшының қолы қойылған, мөрмен расталған түпнұсқасын қаржы институтына электрондық почта арқылы жолдайды.

  7. Кредиттік шарттар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау үшін ақша ұсыну кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шарттарына сәйкес жүзеге асырылады (бұдан әрі – субсидиялау шарты).

  8. 2014-2015 жылдары жасалған субсидиялау шарттары жұмыс органымен, қаржы институтымен және оператормен қайта жасалады.

  9. Жаңа субсидиялау шарттары, осы Қағидалардың 6-қосымшада сәйкес нысанға комиссия шешімі негізінде жасалады.

  10. Субсидиялау шарты оператор, қаржы институты және жұмыс органы арасында мынадай мерзімде:

    1. оператор мен қаржы институты арасында – қаржы институты субсидиялау бойынша оң шешім туралы комиссия отырысының хаттамасынан үзінді көшірменің түпнұсқасын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

    2. жұмыс органы – оператордан субсидиялау шартын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жасалады.

  1. Қаржы институты сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін алу үшін операторға Субсидиялау шартының 1-қосымшасына сәйкес үлгіде, мемлекеттік бюджеттен кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидияландыру үшін қаржы аударуға өтінімді (аудару өтінімі) жолдайды.

  2. Оператор 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

    1. өтінім сомасының субсидиялау шарттары бойынша субсидиялау шартының 2 қосымшасына сәйкес, қарыз алушылардың субсидиялау кестелерімен аудару өтінімі сомасының сәйкестігін;

    2. субсидиялау шартының 3 қосымшасына сәйкес үлгіде, субсидияларды нақты пайдалану туралы есепті тексеруді жүзеге асырады;

    3. жұмыс органына қосымшасында субсидиялау үшін кезекті ақша траншын аударуға өтінімімен хат енгізеді.

  1. Қаржы институты жасалған субсидиялау шарттары бойынша субсидиялар сомаларын жұмыс органыны аударуы үшін арнайы банктік шот ашады, ал мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда қызмет көрсетуші банкте арнайы шот ашады.

  2. Қаржы институты арнайы банктік шоттағы ақшалай қаражатты тек қарыз алушылардың қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бір бөлігін өтеуге пайдаланады.

  3. Қаржы институты қарыз алушыдан сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін алған кезде қарыз шартқа өтеу кестесіне сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін арнайы банктік шоттан есептен шығаруды жүзеге асырады.

  4. Қаржы институты қарыз алушы кредиттік шарттың кестесі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін толық өтеген жағдайда, қаржы институты арнайы банктік шоттан қарыз алушының есептік шотына сыйақы мөлшерлемсесінің субсидияланатын бөлігін өтеуді жүзеге асырады.

  5. Жұмыс органы жасалған субсидиялау шартына сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін қаржы институтының арнайы банктік шотына тоқсан сайын аванстық төлеммен аударады.

  6. Жұмыс органы 3 (үш) жұмыс күні ішінде оператордың өтінімі негізінде тиісті төлем шоттарын қазынашылық органдарға жолдайды.

  7. Қаржы институты қолданыстағы қарыз шарттарының талаптары (сыйақы мөлшерлемесі, сыйақыны төлеу мерзімдері, негізгі борышты және/немесе сыйақыны төлеу бойынша кейінге шегеруді ұсыну) өзгерген жағдайда, қаржы институты операторға қаржыландыру шарттарының өзгеруі жөнінде қабылданған шешімнің көшірмесін қоса отырып хат, негізгі борышты, сыйақыны, субсидия көлемін өтеудің жаңартылған кестесін жолдайды.

  8. Оператор қаржы институтынан қолданыстағы қарыз шарттың талаптарын өзгерту жөніндегі хатты алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде:

    1. Қағидалар талаптарына сәйкес, негізгі борышты, сыйақыны және субсидия есебін өтеудің мерзімі жаңартылған кестесін есептеудің дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады;

    2. жұмыс органнына қорытындыны және құжаттарды жолдайды.

  1. Жұмыс органы оператордан қолданыстағы қарыз шартының талаптары өзгергендігі жөнінде қорытынды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тиісті өзгерістер субсидиялау шартына енгізіледі.

  2. Қаржы институты пайдаланылмаған субсидиялау қаражаты қалған жағдайда тоқсан сайынғы есепті ұсынғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде жергілікті бюджетке оның қайтарылуын жүзеге асырады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет