Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі



Дата01.07.2016
өлшемі170.51 Kb.
#170198

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы «16»

№ 599 қаулысымен бекітілген




Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі

 1. Жалпы ережелер


1. Осы жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі (бұдан әрі - әдістеме) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Бюджет кодексі) 42-бабына сәйкес әзірленді және үш жылдық кезеңге арналған және олар өзгерген жағдайда әрбір үш жыл сайын жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау кезінде қолданылады.

 

2. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау


2. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі Бюджет кодексіне сәйкес тиісті жергілікті бюджеттің кірістері мен шығындарының болжамды көлемі арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады және төмендегідей формулаға сәйкес есептеледі:

       ЖСТі= КБКі - ШБКі;


      мұнда ЖСТі - і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жалпы сипаттағы трансферттерінің көлемі;


      КБКі - і- облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кірістерінің болжамды көлемі;
      ШБКі - і-облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) шығындарының болжамды көлемі.

Жергілікті бюджет кірістерінің болжамды көлемі шығындардың болжамды көлемінен асқан кезде (ЖСТі>0) жергілікті бюджеттен жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алып қоюлар белгіленеді.

Жергілікті бюджет шығындарының болжамды көлемі кірістердің болжамды көлемінен асқан кезде (ЖСТі<0) жоғары тұрған бюджеттен жергілікті бюджетке бюджеттік субвенциялар белгіленеді.
3. Жергілікті бюджеттер кірістерінің болжамды
көлемін айқындау
3. Жергілікті бюджеттер кірістерінің болжамды көлемі бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын бюджет түсімдерін болжамдау әдістемесіне сәйкес және мыналардың негізінде есептеледі:

1) түсімдерді бюджеттердің деңгейлері арасында бөлу;

2) Алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясат;

3) Республиканың немесе өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары;

4) жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдерді бюджетке есептеу тәртібі мен шарттарын, оның ішінде жоспарланатын кезеңде енгізілетін ережелерді регламенттейтін және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдердің қысқаруын немесе ұлғаюын көздейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы.
 4. Жергілікті бюджеттер шығындарының болжамды
көлемін айқындау
4. Жергілікті бюджеттер шығындарының болжамды көлемі Бюджет кодексінде белгіленген функционалдық белгісі бойынша шығыстар бағыттарын ескере отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемінің сомасы ретінде есептеледі.
      Бұл ретте тұрақты сипаттағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекеттің міндеттемелерін орындау бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мақсатқа жетуге, стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалар мен өңірді дамыту жоспарларының нақты міндеттері мен іс-шараларын шешуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардың болжамды көлемі мыналардан тұрады:
       - еңбекақы төлеуге, коммуналдық қызметтерді төлеу, азық-түлік пен дәрілік заттар сатып алуға жұмсалатын шығындар, жәрдемақылар төлеу және басқалары (бұдан әрі - ағымдағы шығындар);

- материалдық-техникалық базаны нығайтуға, күрделі жөндеуге жұмсалатын шығындар және басқалары (бұдан әрі - күрделі сипаттағы шығындар).

 4.1. Жергілікті бюджеттердің ағымдағы шығындарының
болжамды көлемін есептеу

5. Осы әдістеменің көмегімен есептелген жергілікті бюджеттердің ағымдағы шығындарының болжамды көлемі жалпы сипаттағы трансферттердің мөлшерін айқындау үшін ғана пайдаланылады.

6. Ағымдағы шығындарды есептеу үшін тұтастай жергілікті бюджеттер бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі айқындалады.

7. Жергілікті бюджеттердің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін айқындау кезінде мыналар ескеріледі:

1) Орта мерзімді көлемін фискалдық саясатқа сәйкес жоспарланатын кезеңдегі тұтыну бағалары индексіне ағымдағы шығындардың (жалақыны қоспағанда) ұлғайғанын ескере отырып, ағымдағы шығындардың жиынтық көлемі;

2) жергілікті бюджеттер шығыстарының ұлғаюын немесе қысқаруын көздейтін және жоспарланатын кезеңде қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы заңдарының ережелері;

3) жергілікті бюджеттер шығыстарының ұлғаюын немесе қысқаруын, оның ішінде бюджет саласының қызметкерлеріне еңбекақы төлеуді жетілдіруді көздейтін және жоспарланатын кезеңде қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының ережелері;

4) бұрын қолданысқа енгізілген, алайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімдері негізінде қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген, Қазақстан Республикасы заңдарының Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының ережелері;

5) ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен бұрын қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығындар.

8. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін айқындаған кезде, сондай-ақ мыналар ескеріледі:


      1) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланатын кезеңде қолданысқа енгізілетін облыстық өкілді және атқарушы органдар шешімдерінің ережелері;

2) ертеректе қолданысқа енгізілген, алайда облыстың бюджет комиссиясы шешімдерінің негізінде қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген облыстық өкілді және атқарушы органдар шешімдерінің ережелері.

9. Жергілікті бюджеттердің ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық үстемеақы төлеуге, материалдық көмек көрсетуге және мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне қосымша демалыстар беруге арналған қаражат алынып тасталады және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі есептелген соң абсолют сомалармен толықтырылады.

10. Жергілікті бюджеттердің ағымдағы шығындарының көлемін болжамдаудың есептік базасына жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың нақтыланған жоспарына сәйкес ағымдағы шығындардың көлемі қабылданады.

11. Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) немесе аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды келемін есептеу осы әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың функционалдық кіші топтары бөлінісінде жүргізіледі.

 12. Жергілікті бюджеттердің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін айқындау өңірлердің шығындары деңгейіндегі айырмашылықты негіздейтін объективті факторларды ескере отырып, осы әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес жергілікті бюджеттер есебінен көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жоспарланатын кезеңдегі санына негізделіп жүзеге асырылады.

 13. Жеке функционалдық кіші топ бойынша жекелеген облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы шығындарын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      ;


      мұндағы АШі- j функционалдық кіші тобы бойынша і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы есептік шығындары;

Ш- j функционалдық кіші тобы бойынша барлық облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті бюджеттері бойынша ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемі;

T - j функционалдық кіші тобы бойынша і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қызметтерін тұтынушылардың саны;

Kij1 ...,Kij- j функционалдық кіші тобы бойынша і-облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) немесе аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) қызметтер көрсетудің құнындағы республикалық орташа немесе облыстық орташа деңгейден айырмашылықты негіздейтін объективті факторларды ескеретін коэффициенттер.

14. Ағымдағы шығындардың болжамды көлемін есептеген кезде қызмет көрсету құнының әр түрлілігін негіздейтін, объективті факторларды бейнелейтін мынадай коэффициенттер қолданылады:

а) урбанизация коэффициенті:

;
мұндағы Халіқала - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша і-облыстың немесе ауданның қала халқының саны;

Халі - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша і-облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) немесе аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) халықтың саны.

Урбанизация коэффициенті жеке функционалдық кіші топтар бойынша қалалық жерлердегі қызмет көрсетулерге байланысты шығындардың республикалық орташа деңгейге қатысты неғұрлым жоғары деңгейін ескереді;

б) таратып орналастыру дисперсиялығының коэффициенті:


;
     
мұндағы Халіұсақ - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша і-облыстың немесе ауданның халқының саны 500 адамнан аз елді мекендерінде тұратын халқының саны;

Халі - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша і-облыстағы немесе аудандағы халықтың жалпы саны.

Таратып орналастыру дисперсиялығының коэффициенті елді мекеннің көлеміне қарамастан, халықты бюджеттік қызметтердің айқындалған жиынтығымен, оның ішінде қосымша көлік және өзге де шығыстарды ескере отырып, қамтамасыз ету қажеттілігіне негізделген шығындардың орташа республикалық деңгеймен салыстырғандағы неғұрлым жоғары деңгейін ескереді;

в) ауқым коэффициенті:



;

мұндағы (альфа) - облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) халқы санының республикалық орташа деңгейден немесе аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) халқы санының облыстық орташа деңгейден ауытқуы есептелетін салмақ;


       - Қазақстан Республикасы бойынша бір өңір халқының орташа саны;

Халі - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша і-облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) немесе аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) халықтың саны;

Ауқым коэффициенті тұтынушылар санының өсуімен бір тұтынушыға шаққандағы қызмет көрсетулерге арналған шығындар көлемінің төмендеуін көрсететін ауқым әсерін ескереді;

г) халықтың жас мөлшері құрылымының коэффициенті:


            ;


      мұндағы Халітоп - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) белгілі бір жас тобы бойынша халқының саны;

Халі - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша і-облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) немесе аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) халықтың саны.

Халықтың жас мөлшері құрылымының коэффициенті халықтың жекелеген санаттарының денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыруға байланысты қызметтерге қойған жоғары сұранысын ескереді;

д) ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемеақыны есептеу коэффициенті:
;
      Халіауыл - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша і-облыстағы немесе аудандағы ауыл халқының саны;

б- j-функционалдық кіші тобы бойынша (барлық өңірлер бойынша сомада) ағымдағы шығындардың жалпы көлеміндегі жалақының үлесі. Ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемеақыны есептеу коэффициенті жеке функционалдық кіші топтар бойынша жергілікті жерлердегі жалақыға қосымша шығыстар қажеттілігін ескереді;


      е) тығыздық коэффициенті:

  ;

мұндағы - Қазақстан Республикасы немесе тиісті облыс бойынша халықтың орташа тығыздығы;

рі - і-облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) немесе аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) халықтың тығыздығы;

В (бета) - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) халқы тығыздығының республикалық орташа деңгейден немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) облыстық орташа деңгейден ауытқуы ескерілетін салмақ.

Тығыздық коэффициенті өңір халқы тығыздығының төмендеуіне байланысты жергілікті бюджеттер шығындарының ұлғаюын ескереді;

ж) жолдарды ұстау коэффициенті:

;
      мұндағы Nі - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті маңызы бар жолдарын ұстау нормативі;
       - республика бойынша орта есеппен жолдарды ұстау нормативі;
       з) кедейлікті есептеу коэффициенті (табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың үлесі негізінде):

;
      мұндағы bі - і-облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) немесе аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі.

Кедейлікті есепке алу коэффициенті жергілікті бюджеттердің табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халқы үлесінің өсуіне байланысты әлеуметтік көмек төлемдеріне шығындардың ұлғаюын ескереді;

и) жылыту маусымының ұзақтығын есептеу коэффициенті:       

 ;

мұндағы di - і-облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) немесе аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) жылыту маусымының кезеңі;
          - Қазақстан Республикасы бойынша орта есеппен жылыту маусымының кезеңі;
       у (гамма) - жергілікті бюджеттердің ағымдағы шығындарының жалпы көлеміндегі жылытуға жұмсалатын шығындардың үлесі.

Жылыту маусымының ұзақтығын есептеу коэффициенті жергілікті бюджеттердің жылытуға жұмсайтын шығындарының Қазақстан Республикасындағы жылыту маусымының ұзақтығына байланысын ескереді.

15. Алматы және Астана қалалары үшін ағымдағы шығындарды есептегенде, олардың ерекше мәртебесін ескере отырып, өлшемі Республикалық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленетін арттыру коэффициенттері қолданылады.
 4.2 Жергілікті бюджеттердің күрделі сипаттағы шығындарының
болжамды көлемін есептеу
      16. Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы шығындарды қаржыландырудың жалпы көлеміне пайыздық қатынасына сәйкес жылдар бойынша бөліп анықталады.
      Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемін есептеу әр облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша жеке мына формула бойынша жүргізіледі:
           

;
мұндағы КШі - і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) күрделі сипаттағы есептік шығындары;

ЕШі - і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы есептік шығындары;

k - күрделі сипаттағы шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатысының шамасы.

17. k коэффициентінің шамасы:

республикалық бюджет пен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің келемін айқындау үшін - Республикалық бюджет комиссиясының шешімімен;

облыстық бюджет пен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін - облыстың бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.

 4.3 Жергілікті бюджеттердің бюджеттік даму бағдарламалары
бойынша шығындардың болжамды келемін есептеу

      18. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды жалпы көлемі екі бөліктен тұрады:

бірінші бөлік облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы шығындарының болжамды көлеміне пайыздық қатынаспен анықталады;

екінші бөлік облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық қатынаспен анықталады.

Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемін есептеу әр облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша жеке мына формула бойынша жүргізіледі:

           ;


      мұндағы ШБЕі - і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік даму бағдарламалары бойынша есептік шығындар;

ЕШі - і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік даму бағдарламалары бойынша ағымдағы есептік шығындар;

r1 - бюджеттік даму бағдарламалары бойынша ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне шығындардың пайыздық қатынасының шамасы;

КБКі - і-облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) кірістерінің болжамды көлемі;

r- бюджеттік даму бағдарламалары бойынша кірістердің болжамдық көлемінің пайыздық қатынасының шамасы.

      19. r1 және rкоэффициенттерінің шамасы:

республикалық бюджет пен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін - Республикалық бюджет комиссиясының шешімімен;

облыстық бюджет пен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін - облыстың бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.
 5. Қорытынды ережелер

      20. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган (жергілікті уәкілетті органдар) жергілікті бюджеттердің алдағы үш жылдық кезеңге болжамды көрсеткіштерін анықтау үшін жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін анықтау есептерін белгіленген мерзімде Республикалық бюджет комиссиясының (облыстардың бюджет комиссияларының) қарауына енгізеді.

      21. Республикалық бюджет комиссиясында (облыстың бюджет комиссиясында) қарағаннан кейін жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бөлінісінде жылдар бойынша алдағы үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы тиісті заңда (мәслихат шешімінде) белгіленеді.
       Сондай-ақ алдағы үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы Қазақстан Республикасының Заңымен (мәслихат шешімімен) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары әлеуметтік маңызы бар салалар - білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек бойынша жергілікті бюджеттер шығыстарында көзделуі қажет қаражаттың ең аз көлемі белгіленуі мүмкін.

Әдістемеге 


1-қосымша 

 Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының жергілікті


бюджеттері ағымдағы шығындарының болжамды көлемін
айқындаған кезде қолданылатын жүзеге асырылатын
мемлекеттік функциялар функционалдық кіші топтарының
тізбесі

      1. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер


      Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді, атқарушы және басқа органдар
      Қаржы қызметі
      Жоспарлау және статистикалық қызмет
       2. Қорғаныс
      Әскери мұқтаждар
      Төтенше жағдайлар жөніндегі жұмысты ұйымдастыру
      3. Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметі
      Құқық қорғау қызметі
      4. Білім беру
      Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
      Жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта білім беру
      Бастауыш кәсіптік білім беру
      Қосымша кәсіптік білім беру
      Білім беру саласындағы өзге де қызметтер
      5. Денсаулық сақтау
      Кең бейінді ауруханалар
      Халықтың денсаулығын сақтау
      Мамандандырылған медициналық көмек
      Емханалар
      Медициналық көмектің басқа түрлері
      Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер
      6. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру
      Әлеуметтік қамсыздандыру
      Әлеуметтік көмек
      Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы өзге де қызметтер
      7. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
      Тұрғын үй шаруашылығы
      Коммуналдық шаруашылық
      Елді мекендерді көркейту
      8. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік
      Мәдениет саласындағы қызмет
      Спорт
      Ақпараттық кеңістік
      Туризм
      Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікті ұйымдастыру жөніндегі өзге де қызметтер
      9. Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары
      Ауыл шаруашылығы
      Су шаруашылығы
      Орман шаруашылығы
       Қоршаған ортаны қорғау
       Жер қатынастары
      10. Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
      Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
      Көлік және коммуникация
      Автомобиль көлігі
      Әуе көлігі
      Көлік және коммуникация саласындағы өзге де қызметтер
      12. Басқалары
       Экономикалық қызметті реттеу
      Кәсіпкерлік қызметті қолдау және бәсекелестікті қорғау
      Басқалары

Әдістемеге 


2-қосымша 

 Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының жергілікті


бюджеттері ағымдағы шығындарының болжамды көлемін
айқындаған кезде пайдаланылатын қызметтерді тұтынушылар
бойынша көрсеткіштердің тізбесі

      Тұрақты халық саны


      Қала халқының саны
      Елді мекендерде (<500 адам) тұратын халықтың саны
      6 жасқа дейінгі балалар саны
      1-5 жастағы балалар саны
      6-18 жастағы балалар саны
      Зейнеткерлік жастан жоғары халық саны
      21 жастан зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдар
      14-тен 18-жасқа дейінгі адамдар
      18-ден 26-жасты қоса алғандағы ерлер
      Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің орташа тізімдік саны
      Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі
      Орман қоры
      Суды тұтыну
      Жергілікті маңызы бар автожолдардың ұзындығы
      Атмосфераға ластағыш заттар шығарындысы
      Туристердің болу мерзімінің ұзақтығы

      

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет