Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы



Дата19.06.2016
өлшемі87.83 Kb.
#147877
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 11 наурыздағы № 249 Қаулысы



      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң жанынан Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының коммуналдық меншiгiнен берiлетiн халыққа қызмет көрсету орталықтары - мемлекеттiк мекемелер (бұдан әрi - мемлекеттiк мекемелер) мүлiктiк кешендер ретiнде заңнамада белгiленген тәртiппен республикалық меншiкке қабылдансын және осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес олар Комитеттiң қарамағына берiлсiн.
      3. Комитеттi және осы қаулының 2-тармағындағы берiлетiн мекемелердi қаржыландыру тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет қаражаты және бекiтiлген штат санының лимитi есебiнен жүргiзiледi деп белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Комитетпен және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк мекемелердi қабылдау-тапсыру жөнiндегi қажеттi ұйымдастырушылық iс-шараларды жүзеге асырсын.
      5. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) «Министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердегi адам санын ескере отырып штат санының лимиттерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 15 сәуiрдегi № 339 қаулысында:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердегi адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерiнде:
      «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi, оның, аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердi ескере отырып, оның iшiнде:» деген реттiк нөмiрi 9-жолдың 3-бағанындағы «20406» деген сандар «20371» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi, оның аумақтық органдары және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердi ескере отырып, оның iшiнде:» деген реттiк нөмiрi 18-жолда:
      3-бағанда:
      «446» деген сандар «9152» деген сандармен ауыстырылсын;
      «263» деген сандар «8934» деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Халыққа қызмет көрсету орталықтары 8671»;
      2) «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 18 мамырдағы № 427 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 34, 268-құжат):
      5-тармақта:
      2) тармақшадағы «тiзбесi бекiтiлсiн.» деген сөздер «тiзбесi;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн»;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi туралы ережеде:
      1-тармақтың екiншi бөлiгi «Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетi» деген сөздермен толықтырылсын;
      осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiмен толықтырылсын.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының


      Министрi                                     К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы 


Үкiметiнiң      
2011 жылғы 11 наурыздағы
№ 249 қаулысына   
1-қосымша     

Мүлiктiк кешендер ретiнде республикалық меншiкке қабылданатын
және Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi
Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа
қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетiнiң
қарамағына берiлетiн мемлекеттiк мекемелердiң тiзбесi

Р/с


Берiлетiн мемлекеттiк мекемелердiң тiзбесi

Жергiлiктi атқарушы органдардың атауы

1

2

3

1

«Ақмола облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi

Ақмола облысының әкiмдiгi

2

«Ақтөбе облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi

Ақтөбе облысының әкiмдiгi

3

«Алматы облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi

Алматы облысының әкiмдiгi

4

«Атырау облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi

Атырау облысының әкiмдiгi

5

«Шығыс Қазақстан облысының № 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi

Шығыс Қазақстан облысының әкiмдiгi

6

«Шығыс Қазақстан облысының № 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi

Шығыс Қазақстан облысының әкiмдiгi

7

«Жамбыл облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi

Жамбыл облысының әкiмдiгi

8

«Батыс Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi

Батыс Қазақстан облысының әкiмдiгi

9

«Қарағанды облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi

Қарағанды облысының әкiмдiгi

10

«Қостанай облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi

Қостанай облысының әкiмдiгi

11

«Қызылорда облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi

Қызылорда облысының әкiмдiгi

12

«Маңғыстау облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi

Маңғыстау облысының әкiмдiгi

13

«Павлодар облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi

Павлодар облысының әкiмдiгi

14

«Солтүстiк Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi

15

«Оңтүстiк Қазақстан облысының Халыққа қызмет корсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi

Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi

16

«Астана қаласы Есiл ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi

Астана қаласының әкiмдiгi

17

«Астана қаласы Алматы ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi

Астана қаласының әкiмдiгi

18

«Астана қаласы Сарыарқа ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi

Астана қаласының әкiмдiгi

19

«Алматы қаласы Алатау ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi

Алматы қаласының әкiмдiгi

20

«Алматы қаласы Алмалы ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi

Алматы қаласының әкiмдiгi

21

«Алматы қаласы Әуезов ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi

Алматы қаласының әкiмдiгi

22

«Алматы қаласы Бостандық ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi

Алматы қаласының әкiмдiгi

23

«Алматы қаласы Жетiсу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi

Алматы қаласының әкiмдiгi

24

«Алматы қаласы Медеу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi

Алматы қаласының әкiмдiгi

25

«Алматы қаласы Түрксiб ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi

Алматы қаласының әкiмдiгi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2011 жылғы 11» наурыздағы
№ 249 қаулысына  
2-қосымша      

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң     
2010 жылғы 18 мамырдағы
№ 427 қаулысымен   
бекiтiлген    

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi
Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа
қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетiнiң
қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi
Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа
қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетiне
ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелер

      1. «Ақмола облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi.


      2. «Ақтөбе облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi.
      3. «Алматы облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi.
      4. «Атырау облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi.
      5. «Шығыс Қазақстан облысының № 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi.
      6. «Шығыс Қазақстан облысының № 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi.
      7. «Жамбыл облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi.
      8. «Батыс Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi.
      9. «Қарағанды облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi.
      10. «Қостанай облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi.
      11. «Қызылорда облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi.
      12. «Маңғыстау облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi.
      13. «Павлодар облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi.
      14. «Солтүстiк Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi.
      15. «Оңтүстiк Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi.
      16. «Астана қаласы Есiл ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi.
      17. «Астана қаласы Алматы ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi.
      18. «Астана қаласы Сарыарқа ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi.
      19. «Алматы қаласы Алатау ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi.
      20. «Алматы қаласы Алмалы ауданының Халыққа кызмет керсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi.
      21. «Алматы қаласы Әуезов ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi.
      22. «Алматы қаласы Бостандық ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi.
      23. «Алматы қаласы Жетiсу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi.
      24. «Алматы қаласы Медеу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi.
      25. «Алматы қаласы Түрксiб ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттiк мекемесi.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет