№ исх: 15-01/901 от: 19.04.2013
|
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Сот актілерін және әкімшілік жазаға қолдануға уәкілетті мемлекеттік органдардың актілерін мәжбүлеп орындау жүйесін жетілдіру
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Астана – 2013
Мазмұны
1 Бөлім. Сот және басқа актілердің мәжбүрлеп орындаудың жүйесін дамытудың алдағы перспективалары
I. Тұжырымдаманы әзірлеудің қажеттілік негіздемесі
II. Ағымдағы жағдайдың талдауы
III. Өзекті мәселелер
IV. Жүйені дамытудың бағыты
V. Шетелдік тәжірибенің шолуы
VI. Күтілетін қорытындылар
VII. Орындау мерзімі
2 Бөлім. Сот және басқа актілердің мәжбүрлеп орындаудың жүйесін дамытудың негізгі принциптері мен құралдары
I.Жүйені дамытудың негізгі принциптері
II.Міндеттерді іске асырудыңқұралдары
3 Бөлім. Тұжырымдаманы жүзеге асыру үшін өзгерістер мен толықтыруға жататын нормативті құқықтық актілердің тізімі
4 Бөлім. Қорытынды бөлімі
1 Бөлім.
Сот және басқа актілердің мәжбүрлеп орындаудың жүйесін дамытудың алдағы перспективалары
I. Тұжырымдаманы әзірлеудің қажеттілік негіздемесі
Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында сот актілерін орындаумен байланысты жағдайды түбегейлі өзгерту міндетін қойды.
Осыған байланысты, мемлекет Басшысының жолдауын жүзеге асыру үшін жалпыұлттық шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді, соған сәйкес Әділет министрлігіне, Жоғарғы сотына және Бас прокуратурасына әділ соттық қызмет атқару үдерісінде және сот актілерін орындау жүйесі қызметінде ақпараттық технологияларды қолдануға жолданған заң жобаларын әзірлеу тапсырылды.
Орындаудың тиімді жүйесін құру- мемлекетпен құқықтарды қорғаудың конституциялық кепілін және азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделерін оның шешімінсіз қамтамасыз ету мүмкін емес міндет болып табылады.
Көптеген шет елдердің тәжірибесі орындау жүйесінің осы заманғы жағдайында адал емес борышкерлермен күресудің жаңа тәсілдерін пайдаланумен, соның ішінде озық технологияларды қолданумен тұрақты реформалауды талап ететінін көрсетеді.
II. Ағымдағы жағдайдың талдауы
Өткен жылдың статистикалық мәліметтері сот және басқа актілерді орындауда елде тұрақты теріс үрдістерді куәландырады.
2012 жылы өндіруге тиесілі 1,9 трлн. теңгеден 82,4 млрд. теңге немесе 5% ғана нақты өндірілді.
Соңғы жылы орындауға түскн атқарушылық құжаттардың өсуі байқалады.
Динамика:
Қазіргі уақытта өз еркімен орындау мерзімі өткеннен соң сот орындаушысы мәжбүрлеп орындау процессіне өтеді, соның шеңберінде:
- Құқық қорғау және ҚР БП ҚСжАЕК арнайы органдардың ақпараттық алмасу жүйесі арқылы тіркеу органдарына сұрау хаты жолдау арқылы борышкердің мүліктік жағдайы тексеріледі;
- тіркеу органдарына тиісті қаулыларды жолдау жолымен тыйым салынады, бұған айтарлықтай көп уақыт және адами ресурстар жұмсалады;
- мүлік және кірістен өндіру жүргізіледі.
Сонымен қатар, сот орындаушысы борышкерді қылмыстық, әкімшілік жауапкершілікке тартуға, лицензия қызметін тоқтатуға және елден тыс шығуына тыйым салуға бастама жасайды.
Мүлік пен кірістердің жоқ болған жағдайда атқарушылық құжаттары орындау мүмкін болмауына байланысты өндіріп алушыға қайтарылады.
Сондай-ақ, қарызын жабу бойынша белсенді әрекеттерде борышкерлермен жұмысты аяқтау үшін заңнамалық ынталылық жоқ. Осындай жағдайды борышкерлер жиі теріс пайдаланды.
2012 жылдың өзінде борышкерлердің мүлігі мен кірістердің болмауынан 484 млрд. теңге сомасында 120 мың құжаттар қайтырылды.
Осылайша, қолданыстағы сот және басқа актілерді орындау тәртібінде борышкердің мүлкі болмаған жағдайда және қайтарымсыз орындауды қамтамасыз ете алмайтын борышкерге ықпал етудің пәрменді тетіктері жоқ.
III. Өзекті мәселелер
Сот және басқа актілерді тиімді орындауда .
Объективті.
Сот орындаушыларының жоғары жүктемесі.
Әрбір сот орындаушысының өндірісінде орташа есеппен 400 құжаттар бар ( Бұдан сот орындаушысының күніне әрбір атқарушылық іс жүргізуг бойынша 1 мин 12 сек ғана уақыт бөле алатынын көруге болады).
Нашар материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
16 облыстық САОД-нен жеке меншік ғимаратқа – 7 (43%) ие.
278 САОК бөлімдерінен жеке меншік ғимаратқа- 31 (11%) ие.
1443 сот орындаушысына 143 қызметтік автокөліктер бөлінген, оның ішінде жұмыстық жағдайға 71, или 49% ие.
Төмен көлемдегі жалақы
Орта есеппен сот орындаушылары айына - 70 000 тенге жалақы алады.
Жетелдірілмеген қолданыстағы заңнама:
- жазалаудың жұмсақтығы ( ҚР сот актілерін орындамағаны үшін бас бостандығынан айыруды көздемейді, ӘҚБК тек ғана 10 күнге дейін қамауды көздейді).
- шектелген өкілдік ( сот орындаушылары қылмыстық істі тергей, өз еркімен әкімшілік өндіре, қызмет көрсетуді тоқтатуға және басқа тиімді ықпал жасауды көрсете алмайды, );
- мүліктен өндірудің тиімсіз мехенизмі ( тәркіленген және тыйым салынған мүлікті тікелей мемлект меншігіне және т.б беру мүмкіндігі қарастырылмаған.);
- борышкерлерге тыйым салудың және есепке алудың жетілмегендігі.
Сот актілерін орындаудан борышкерлердің жалтаруы.
2012 жылы борышкерлермен орындалды:
-өз еркімен -132 881 құжат (28%);
-мәжбүрлеп- 476 419 құжаттар (72%).
Сот актілерін орындау комитетінде ақпараттық жүйенің жетілмегендігі.
Қолданыстағы атқарушылық іс жүргізудің автоматтандырылған есебі және бақылаудың ақпараттық жүйесі мемлекеттік органдардан ақпаратты алуға және құжаттарды жедел әзірлеуге мүмкіндік бермейді.
Құқықтық нигилизм.
Қоғамда сот актілерін жоққа шығару стереотипі бар, сонымен қатар азаматтардың құқықтық санасының деңгейі жетілмеген және борышкерлерге қатысты төзімді қарым-қатынаспен және жалпы қабылданған этикалық нормаларды белден басумен көрініс табады.
Борышкерлерде мүлік пен кірістердің болмауы.
Көп жағдайда борышкерлерде өндіріп алу жүргізілетін мүліктер мен кірістер болмайды немесе бар мүліктері барлық қарызды жаппайды.
Субъективті.
Сот орындаушылары және басқа мемлекеттер тарапынан әрекетсіздік, сарсаңға салу және теріс пайдалану.
2012 жылы сот орындаушыларға 2 330 тәртіптік жаза салынды, оның ішінде 20 – сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылақтарын жасағаны үшін. 28 қылмыстық іс қозғалды.
Сот орындаушылардың төмен кәсіби деңгейі.
Ведомствода біліктілікті көтеру институты жоқ. ЖОО-да арнайы пән жүргізілмейді. Әдістемелік жұмыстар және т.б қойылмаған.
Мемлекеттік органдармен өзара әрекетттің болмауы.
-мемлекеттік органдармен дербес айыппұл өндірілмейді;
(атқарушылық іс жүргізу органына уәкілетті органдармен өндіру бойынша шараларды қабылданбастан 537 мың.құжаттар жолданды);
- қылмыстық істер шеңберінде мүлікке тыйым салынбайды;
( әрбір үш қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу барысында айыпталушылардың мүлігіне тыйым салу бойынша шаралар қабылданбайды);
- орындаудан жалтару кезінде УДО бас тартылмайды;
(борышкерлерді орындаудан жалтарғандарға қатысты УДО бас тарту жағдайы орын алмаған);
- борышкерлер және олардың автокөлік құралдары іздестірілмейді;
(борышкерлердің 3085 іздеуге жарияланғандарынан 931, немесе 30% анықталды, автокөліктерді ұстау туралы 3192 қаулылардан 193, немесе 4 % орындалды);
- орындау процессінде күштік қолдау қамтамасыз етілмеген;
(борышкерді күштеп алып келу туралы 5083 қаулылардан, о 1657 немесе 32% орындалды).
- борышкерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды;
(борышкерлерге қатысты сот орындаушылардың 1653 ұсыныстары бойынша 39 қылмыстық істер немесе 3% қозғалды, оның ішінде 3 ғана сотқа жолданды.)
- орындамағаны үшін қатаң санкциялар сотпен қолданылмайды;
(әкімшілік жауапкершіліккн тартылған 3889 тұлғалардан 2 927 айыппұл және 962 ғана салынды,немесе 33% - тыйым салынды).
-мемлекеттік органдардың қажетті ақпарат алмасуы жөнге келтірілмеген
IV. Жүйені дамытудың бағыты
Баяндалған жағдайлар мен мәселелер мәжбүрлеп орындау жүйесін түбегейлі реформалау қажеттелігін куәландырады. Сонымен қатар, реформаның негізіне сот орындаушысының рөлі мен мәртебесін сапалы өзгерту тұжырымдасы қойылуы керек.
Ол үшін заңнамалық, ұйымдастыру және ақпараттық шаралар қатарын қабылдау қажет.
1. Заңнамалық шаралар
Парламент мәжілісінде борышкерлерге мәжбүрлеп ықпал жасау шаралары қарастырылмайтын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы қаралуда.
Осыған байланысты, туындаған жағдайларға қосымша талдау қорытындысы бойынша Бас прокуратура Әділет министрлігімен бірлесе отырып жаңа заң жобасы әзірленді, оның шеіберінде ұйғарылған:
1. Атқарушылық құжатты дәлелсіз себеппен борышкерлермен орындамаған жағдайда оны мемлекеттік және мемлекеттік емес қызметтерді алуға тыйым салу.
Бұл азаматтардың өмірі мен денсаулығына қысым алып келетін әлеуметтік-маңызды қызмет және қызметтерге қатысы жоқ.
2. Сот орындаушысына борышкерді арнайы құқықтардан айыру туралы ұсынысты сотқа жолдау құқығын беру (жол жүргізу, қаруға, аңшылыққа, балық аулауға және т.б.).
3. Атқарушылық іс жүргізу туралы заңына медиацияны реттейтін мәселелер бойынша өзгеріс енгізу.
Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде тараптар арасында, соның ішінде сот актілерін орындау әдістере мен тәсілдеріне, борыш құрылымын қайта қарауға қатысты келіспеушіліктер жиі туындайды. Сондықтан атқарушылық іс жүргізуде келісілетін медиация потенциалы талап етіледі.
4. Өндіруші борышкердің мүлігі, сонымен қатар борышкердің қосымша мүлігін, оның тұрған жері мен келуін іздестіру бойынша шаралар қабылдау туралы дәлелді сот орындаушысына ұсыну құқығын қарау.
Атқарушылық парақты орындауға ұсынып, өндіруші тек қана оны орындауды талап етуге құқылы, ол оның енжарлығын төмендетеді. Бірақ, ерекше көлемде өндіріп алу жетістігі оның белсенділігі мен олардың сот орындаушыларына көмек көрсетуіне қатысты.
5. Сот орындаушыларына сот актілерін орындаудан жалтару мақсатында борышкерлермен жасалған мәмілелерді сот тәртібінде дауласу құқығын беру.
Сот орындаушысына, мүдделі тұлға ретінде өндірушімен бірге атқарушылық құжатты орындаудан жалтаруға бағытталған мәмілелерді сот тәртібінде дауласу құқығын беру қажет.
6. Талапты қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы ұйғарымдарды тікелей тіркеу органдарына сотпен жолдау.
Талаптарды қамтамасыз етудің қолданыстағы механизмі сотпен ұйғарымдарды енгізу және сот орындаушылары оларды жолдауды қарастырады, бұл өз кезегінде оны бұдан әрі тіркеу органдарына қайта жолдайды, ол белгіленген уақытты алады.Бұл уақыт аралығында борышкер мүлікті меншіктен шығаруды жүргізіп, сот шешімін орындаудан жалтару мүмкіндігіне ие.Мұндай тәртіп артық әуреге салу мен сот орындаушыларына қосымша жүктеме туғызады.
7. Заңды тұлғалардың пайдасына тек жеке сот орындаушылармен өндіріп алу туралы сот актілерін, бұдан әрі мемлекеттен немесе мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардан өндіріп алудан басқа барлық құжаттарды орындау мүмкіндігін қарау
8. Сот актілерін өз еркімен орындауға бағытталған ынталандыру шараларын қарастыру. Бір күн ішінде төлеген жағдайда айыппұлды 50%, 7 күн аралығында кешіктірілмей төлеген жағдайда на 30% төмендету жолымен.
9. ҚР ҚК 136-бабында қарастырылған (алименттерді төлемеу) жариялы айыптау істеріне жатқызылсын.
Өндірушінің тәжірибесінде (жалғыз басты аналар) құқықтық сауатсыздығы, уақыттың жоқтығы жоқтығы мен басқа объективті себептерге байланысты сотта жеке айыптауды сапалы қолдай алмай жатады.
Нәтижесінде қылмыстық жауапкершілікке тарту процессі барлық қылмыстық құрам белгілері болса да логикалық аяқталу аяғынан дейін жеткізілмейді Осындай қылмыстар үшін жауапкершілікке тарту тәртібі нақты жазасыздық деп бекітіледі. Ұзақ уақыт баланы күнелтуге керек қаржыдан айыру, аштық, жоқшылық, қайыршылық- қорытынды- толық жазасыздық.
10. Сот орындаушыларына ҚР ҚК 136-бабы (алименттерді төлемеу), 140-бабы (еңбекке қабілетсіз жарын қамтамасыз етуден жалтару) және 363-бабы (сот шешімін орындамау) көзделген қылмыстық істерді тергеу құқығын беру
Қылмыстық жауапкершілікке тарту тәжірибесінің талдауы аталған борышкерлерге әсер етудің тиімді тетіктері тиісті түрде қолданылмайтынын көрсетеді.
11. Атқарушылық іс жүргізу органдарына материалдық және әлеуметтік кепілдемелер кешенін ұсынумен құқық қорғау мәтебесін беру.
Арнайы мәртебенің болуы сот орындаушыларына жүктелген функцияларды тиімді жүзеге асыруға көмектеседі, сондықтан олардың талаптарын елемеу және кедергі келтіру тәуекелін төмендетуге айрықша көмектеседі.
12. Заңды тұлғаларға лицензия беру арқылы сот актілерін орындау құқығын беру.
Мұндай жағдай жеке орындау саласын кеңейтуге көмектеседі (АҚШ тәжірибесінде коллекторлық компаниялар атқарушылық іс жүргізудің негізгі субъектілері болып табылады).
13. Атқарушылық іс жүргізу органдарында сот приставтары бөлімшелерін құру, олар өздерінің өкілдігі шеңберінде сот орындаушылары атқарушылық іс-әрекеттерді жүргізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауға, атқарушылық іс-әрекеттерге қатысушы сот орындаушылар мен тұлғаларды күзетуге, осы іс-әрекеттерді жүргізу кезінде сот және басқа органдардың атқарушылық құжаттарын мәжбүрлеп орындатуда сот орындаушыларына қолдау көрсетеді
Осылайша, қолданыстағы заңнамада атқарушылық әрекетті жүргізу кезінде дене күшін, атқарушылық әрекетке қатысушы сот орындаушылары мен тұлғаларды күзетуге арнайы құралдарды қолданумен сот приставтарына тікелей әлеуетті көмек көрсету көзделген, алайда олардың Жоғарғы сотқа бағынысты болуына байланысты тәжірибеде аталған өзара қимылдар іске асырылмайды
Ұйымдастыру шаралары.
Сот актілері мемлекет атынан шығарылатындығы белгілі. Сондықтан, оларды құзыреті шегінде орындау барлық мемлекеттік органдардың міндеті болып табылады.
1. Жүргізілген талдаумен мемлекеттік органдардың іске қосылмаған үлкен әкімшілік әлеуеті және олардың атқарушылық іс жүргізу органдарымен өзара әрекетінің жүйелендірілмегені анықталды.
Осыған байланысты Әділет министрлігінің өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекетінің схемасы және бірлескен бұйрықтардың жобалары әзірленді (№2 қосымша).
Мысалы, сот орындаушыларының ішкі істер органдарымен өзара іс-әрекеті мыналар арқылы жүзеге асырылатын болады:
-
көліктерге ауыртпалық салу және оны алу;
-
борышкерлер мен олардың автокөлік құралдарына белсенді іздеу салу және ұстау;
-
әкімшілік айыппұлдарды өз бетімен өндіріп алу;
-
орындау кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау;
-
қылмыстық істерді қозғау және сапалы тергеу;
-
бірлескен рейдтік іс-шараларға қатысу;
-
борышкердің шетелге шығуын уақытылы шектеу;
-
сот өкімін орындамаған жағдайда ШМББ болдырмау.
Қаржы министрлігінің органдарымен мыналар арқылы:
-
есептік шоттар, дебиторлық қарыздар мен айналымдар туралы мәліметтерді уақытылы алу;
-
салық төлеушінің мүлігі мен кірістері туралы мәліметтер алу;
-
экспорттық-импорттық операциялар туралы мәліметтер алу және оларды уақытша тоқтату;
-
мемлекеттік шекарадан өткен кезде тауарларды ұстап қалу;
-
жеке негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті жедел қабылдау.
Ауыл шаруашылығы министрлігі органдарымен мыналар арқылы:
-
ауыл шарушылығы (арнайы) техникасының болуы туралы мәлімет алу және оған ауыртпалық салу;
-
ауыл шаруашылығы және өзге бағыттағы жерлерге меншік және жалға алу құқығының болуы туралы мәлімет алу;
-
борышкердің ауыл шарушылығы қызметі туралы мәлімет алу (мал шарушылығы, өсімдік шарушылығы және т.б.);
-
су нысандарын жалға алу, аң аулау мен балық алу кәсібі және т.б. туралы мәлімет алу.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі органдарымен мыналар арқылы:
-
борышкерлердің зейнетақылары мен жәрдемақылары туралы мәлімет алу және оларды өндіріп алу;
-
борышкерлерді жұмыссыз ретінде есепке алу және оларды жұмысқа орналастыру.
Қаржы полиция органдарымен мыналар арқылы:
-
мемлекет пайдасына қарыздары бойынша борышкерлерге іздеу салу;
-
тергеу сатысында мүлікке уақытылы тыйым салу;
-
тәркіленген мүлікті уақытылы беру;
-
«көлеңкелі» мәмілелер деректерін тексеру, жасырын мүлікті анықтау.
Өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекеттің ұқсас тетіктері әзірлленді. Әділет министрлігінің және оның Сот актілерін орындау комитетінің әртүрлі мемлекеттік органдарымен, сонымен қатар Бас прокуратурамен 30 бірлескен бұйрықтарға қол қою жоспарланып отыр.
2. Қазіргі уақытта атқарушылық іс жүргізу органдарында атқарушылық іс жүргізуді есепке алу мен бақылаудың автоматтандырылған жүйесі (АІЖЕБАЖ) жұмыс жасайды, ол 2011 жылы Жоғарғы соттан келді.
Осы жүйенің кемшіліктері:
-сот орындаушыларының электрондық атқарушылық өндірістерді қолмен қалыптастыруы, бұл көп уақытта алады (бір өндіріске 1 сағатқа дейін);
-қателердің және толық емес мәліметтердің болуы;
-борышкерлердің мүлігі туралы мәлімет алу және ауыртпалық салу үшін тіркеу органдарының деректер қорымен тікелей интеграцияның болмауы;
Осыған байланысты, Сот актілерін орындау комитеті 2013-2014 жылдарға «Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» жаңа ақпараттық жүйені (АІЖО ААЖ АЖ) енгізуді жоспарлап отыр.
Осы жүйені Бас прокуратураның құқықтық статистика органдарының базасында жұмыс жасайтын құқық қорғау және арнайы органдардың ақпарат алмасу жүйесімен (ҚАО ААЖ) біріктіру ұсынылады, ол уәкілетті органдардың 49 базасымен біріктірілген.
Осы жүйелерді біріктіру нәтижесінде борышкерлердің мүліктік жағдайын тексеру және тыйым салу «бір тетікті басумен» жүргізілетін болады.
3. Сот актілерін орындау комитеті борышкерлер тізілімін жүргізеді, онда борышкерлердің толық емес тізімі бар, оны сот орындаушылары қолмен қалыптастырады. Сонымен қатар, оның қандай да бір ынталандыру ерекшілігі жоқ және ол тек борышкерлерді есепке алу үшін жүргізіледі.
Осы тізілімді жетілдіру және оны борышкер мәжбүрлеу шарасын қолданбай атқарушылық құжатты өз бетімен және өз еркімен тез орындауға мүдделі болатын құқытық жағдай жасау үшін пайдалану ұсынылады.
Осыған байланысты, Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің платформасында «Борышкерлердің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесін мыналар үшін енгізу пайымдалады:
а) борышкерлерді есепке алу;
б) оларға мемлекеттік және өзге қызметтерде шектеу қою;
в) белгілі бір құқықтарын алу.
Бүгінгі күні Үкіметпен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету тізіліміне сәйкес куәландыратын құжаттарды ұсынған кезде 500 астам қызметтер түрлері көрсетіледі. Талдау боршкерлерді кемінде 350 қызметтен шектеуге болатындығын көрсетті.
Бұл шаралар әлеуметтік-маңызды қызметтерді және шектелуі адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қызметтерді қозғамайды.
Осындай санкцияларды орнатқанға дейін уәкілетті органдар борышкерлерге қарызы туралы хабарлама беруге және оларға өз еркімен орындау үшін қажетті уақыт беруге міндетті болады.
Осындай ықпал сот шешімін елемейтін және қарызын өтеу үшін белсенді шара (жұмыс іздеу, татыс табу және т.б.) қабылдамайтын борышкерлерге жасалмайды.
«Борышкерлердің бірыңғай тізілімі» ААЖ-сін ҚСжАЕК «Шектеу» ақпараттық жүйесімен біріктіруге болады, бұл қосымша бюджеттік шығыстарды әкелмейді.
Бастапқы кезеңде әлеуметтік-маңызды атқарушылық құжаттар бойынша борышкерлерді шектеу ұсынылады, олар:
- алимент;
- жалақы, зейнетақы және жәрдемақы;
- қылмыспен келтірілген залалды өтеу;
- мемлекет пайдасына өндіріп алу;
- коммуналдық қызметтер.
Екінші кезеңде жеке және заңды тұлғалардың пайдасына қалған атқарушылық өндірістерді қамтуға болады.
4. Сот орындаушыларының нашар материалдық-техникалық қамтылуын ескеріп, орындау тетігінің бір қалыпты жұмыс жасауы үшін ғимарат, автокөлік, ұйымдастыру техникасын сатып алуға, жалақыны көтеруге және т.б. қосымша бюджеттік қаражат бөлу қажет.
Бюджетке жүктемені азайту нұсқаларының бірі Сот актілерін орындау комитетіне тәркіленген мүлікті (ғимараттар, имараттар, автокөліктер, арнайы және кеңсе техникалары, т.б.) заттай беру болып табылады.
Ұқсас шара ретінде қосымша материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін сот орындаушыларының өндіріп алған 10% атқарушылық санкциясынан қалыптастырылатын арнайы қор құру есебінен қаражат іздестіру ұсынылады.
Ақпарттық шаралар
Жүргізілген жұмыс тиімділігі мен сәттілігінің кепілі ақпараттық сүйемелдеу болып табылады.
Сот актілері мен өзге актілерді орындамаудың салдары туралы халықты ақпарттандыру үшін орталық және өңірлік БАҚ қамти отырып, медиа-жоспарлар құрылатын болады.
Құқық түсініктеме жұмысы барлық бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануы тиіс, телевидение, радио, ғаламтор-ресурстары, кезеңдік баспалары және т.б. сияқтылар. Ресей Федерациясының үлгісімен арнайы тақырыптық бейне-роликтер, қысқа метражды фильдер жасау, билбордтарды және баннерлерді орналастыру арқылы әлеуметтік жарнама қолдану қажет.
Сондай-ақ, борышкерлердің қарыздарын өтеу қажеттілігі туралы және басқа ақпараттармен автоматтық қоңыраулар мен SMS-хабарламаларды пайдалануға болады. Осы жұмыстың ауқымдылығы тиісінше қаржыландырылуын талап етеді.
Бұл сот орындаушыларының ғана мәселесі болмауы тиіс. Әрбір мемлекеттік орган сот орындаушыларымен бірлесіп жүргізген жұмысты хабардар етуі және сот пен өзге актілердің орындалмауының теріс салдары туралы ескертуі тиіс.
V. Шетелдік тәжірибенің сипаты
Жаңалық халықаралық тәжірибеге негізделген. Борышкерді ынталандырудың ұқсас шараларын қабылдау бір қатар шетелдік елдерде қолданылуда.
Мысалы, жүргізу куәлігін, қызметтің белгілі бір түрлеріне лицензияны алып қою Канада, АҚШ пен Израиль сияқты елдерді қолданылады. Әр түрлі ақпарат көздеріне (халық тіркелімі, сот құжаттары, банкаралық құрылымның, әлеуметтік қамтамасыз етудің заң және әлеуметтік ақпараты, жылжымайтын мүлік бойынша кадастрлық әкімшілік) рұқсат Бельгия мен Финляндияда қолданылады.
Атқарушылық іс жүргізу органдарына құқық қорғау мәртебесін беру үшін мысал ретінде Ресей Федерациясының сәтті тәжірибесін алуға болады.
Халықаралық тәжірибе осындай шараларды қолданудың тиімділігін және олардың сот актілерін орындау кезіндегі қажеттілігін көрсетеді. Конституция мен қолданыстағы заңнама ережесі бұл шараларды заңнамалық өзгерту арқылы Қазақстан Республикасында бейімдендіруге мүмкіндік береді.
VI. Күтілетін нәтижелер
-
Сот және өзге актілердің орындалуының деңгейін көтеру;
-
Халықтың жағдайы төмен топтарының қорғалуын қамтамасыз ету;
-
Бюджетті уақытылы толықтыру;
-
Жазаның қолданылмай қалмайтындығына қол жеткізу;
-
Заңға бағынушылық мінез-құлықты қалыптастыру және т.б.
VII. Орындау кезеңі
-
Бірлескен бұйрықтарға қол қою – 2013 жылғы 2 тоқсан;
-
«Борышкерлердің бірыңғай тізілімі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу және оларды біріктіру – 2013-2014 жылдар;
-
Заң жобасын әзірлеу - 2013 жылғы 2 тоқсан;
-
Заң жобасын Парламентке қарау үшін енгізу – 2013 жылға 3 тоқсан.
2-бөлім
Мәжбүрлеп орындату жүйесін дамытудың негізгі қағидаттары мен құралдары
I. Жүйені жамытудың негізгі қағидаттары
1. Сот актілерінің міндеттілігі және жазаның қолданылмай қалмайтындығы;
2. Қоғам мен мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, конституциялық құрылымды, қоғамдық тәртіпті, адам құқығын қорғау, халықтың денсаулығы мен адамгершілігін сақтап қалу мақсатында борышкерлердің құқықтарын шектеу мүмкіндігі;
3. Әлеуметтік-маңызды қызметтердің және шектелуі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін қызметтердің шектелуіне жол берілмеуі;
4. Орындау процессінің уақыттылығы әрі анықтылығы және атқарушылық іс жүргізу тараптары мен үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне негізсіз қысым жасалуына жол берілмеуі;
5. Мәжбүрлеп орындату жүйесін реформалау бойынша шаралардың кезеңділігі;
6. Реформалау процессінің қоғамда заңға бағынушылық мінез-құлықты және мемлекет институттарына құрметті қалыптастыруға бейімделінуі;
7. Борышкерге мәжбүрлеп ықпал жасау шараларын қолданудың және қамтамасыз ету шараларынан бас тартудың орындылығы және әділдігі.
8. Әлеуметтік-маңызды атқарушылық құжаттардың басымдылығы.
II. Міндеттерді іске асыру құралдары
1. «Борышкерлердің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесі;
2. Әділет министрлігінің және Сот актілерін орындау комитетінің уәкілетті мемлекеттік органдарымен және Бас прокуратурамен бірлескен бұйрықтарының жобалары.
3. Сот және өзге актілерді орындау процессін жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасы.
3-бөлім
Тұжырымдаманы іске асыру үшін өзгертуге және толықтыруға жататын нормативтік құқықтық актілер тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі;
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі;
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
4. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі;
5. «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі;
6. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
7. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
8. «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
9. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
10. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
11. «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
12. «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
13. «Жылжымайтын мїлiкке ќўќыќтарды жјне онымен жасалатын мјмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
14. «Ќазаќстан Республикасындаєы банктер жјне банк ќызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
15. «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
16. «Атќарушылыќ ќўжаттарды орындау кезінде тыйым салынєан мїлікті сату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 3 қарашадағы № 308 бұйрығы.
4-бөлім
Қорытынды бөлімі
Бас прокуратура мен Әділет министрлігінің ведомствоаралық мәжілісінде мыналарды талқылау ұсынылады:
- Сот актілері мен әкімшілік жаза қолдануға уәкілетті мемлекеттік органдардың актілерін мәжбүрлеп орындату жүйесін жетілдіру жөніндегі тұжырымдама жобасы;
- Мемлекеттік органдарының атқарушылық іс жүргізу органдарымен өзара іс-әрекеті туралы бірлескен бұйрықтар жобасы;
- Атқарушылық іс жүргізу процесін жетілдіру жөніндегі Заң жобасы.
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратураның
Соттарда мемлекеттің мүддесіне
өкілдік ету жөніндегі департаменті
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
Сот актілерін орындау комитеті
Результаты согласования
19.4.2013: Исмаилов Д. Д. (Исмаилов Д. Д.) - - cогласовано без замечаний
Достарыңызбен бөлісу: |