ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ТАМЫЗ КЕҢЕСІНІҢ ҰСЫНЫМДАРЫ
«Білім берудің инновациялық стратегиясы – мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы»
Астана қаласы 2014 жылғы 22 тамыз
«Білім берудің инновациялық стратегиясы – мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы» атты Қазақстан Республикасы білім қызметкерлерінің педагогикалық тамыз кеңесіне қатысушылар ҰСЫНАДЫ:
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ САЛАСЫНДА
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстваларына:
гранттарды көбейту мәселесін пысықтасын;
-
колледж бен ЖОО сыныптауышына «педагог-медицина қызметкері» жаңа мамандығын енгізсін.
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Білім басқармаларына:
-
халықтың мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға қолжетімділігін
қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру.
Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, «Мектепке дейінгі балалық шақ» РҒПО:
- мектепке дейінгі оқытудан бастауыш мектепке көшу кезеңінде оқу бағдарламаларының, оқу-әдістемелік кешендердің және оқыту әдістемелерінің сабақтастығын қамтамасыз етсін;
- мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту жүйесінде балаларды ерте дамытудың тұжырымдамалық негіздерін әзірлесін.
ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстваларына:
-
білім мен ғылымды дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған басым бағыттары шеңберінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ тәжірибесін ескере отырып, орта білім беру мазмұнын жаңарту бойынша жұмысты жалғастырсын.
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Білім басқармаларына:
-
12 жылдық оқыту моделіне көшу жағдайларын жасау, білім беру ұйымдарын АКТ-мен жабдықтандыру, мұғалімдердің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстарды жалғастырсын;
-
Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін ұйымдарының 10 және 12-сыныптарында 12 жылдық оқытуға көшу бойынша экспериментті жалғастырсын;
-
балалардың бойында білімді әртүрлі оқу және өмір жағдайларында, тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда пайдалану дағдысын дамытсын;
-
білім беру ұйымдарының TIMSS-2015, PISA-2015 және PIRLS-2016 мектептік білім беру сапасын бағалаудың негізгі халықаралық зерттеулерге қатысуына дайындықты күшейтсін;
-
2014-2015 оқу жылынан бастап республиканың 24 білім беру ұйымының оқу-тәрбие процесіне «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын тереңдетіп интеграциялау моделін әзірлесін;
-
елді мекенде мектеп болмаған жағдайда оқушыларды жақын жердегі оқу орнына және кері тегін тасымалдауды ұйымдастыру арқылы міндетті орта білім алу құқықтарын іске асыруды қамтамасыз етсін;
-
тірек мектептер мен ресурстық орталықтарда оқыту, интернат желісін дамыту арқылы республикадағы шағын жинақты мектептерді сапалы біліммен қамтамасыз етсін;
-
инклюзивті білім беруді дамыту жұмыстарын жалғастырсын.
Өңірлік әдістемелік кабинеттерге:
-
оқу жетістіктері төмен оқушыларды жеке алып жүру бойынша мектептегі әдістемелік бірлестіктер жұмысы күшейтілсін.
Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, «Мектепке дейінгі балалық шақ» РҒПО, «Оқулық» РҒПО:
- TIMSS, PISA және PIRLS мектептік білім беру сапасын бағалаудың халықаралық зерттеулерін ескере отырып оқытудың жаңа тәсілдерін әзірлеуді жүзеге асырсын;
- қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды оқу процесіне енгізу бойынша әдістемелік қолдау көрсетсін;
- 12 жылдық оқыту моделі режимінде жұмыс істейтін эксперименттік мектептердің нәтижелерін жалпыласын.
Педагогикалық ЖОО-лар мен Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА:
-
мектептік пәндерді оқыту процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз
ету бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу қызметін өткізсін.
ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫС ПЕН ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстваларына:
-
балалардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға арналған бағыттар бойынша балаларға қосымша білім беру жүйесін бағдарламалық-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету шараларын қабылдасын.
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары, өңірлік Білім басқармаларына:
-
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын іске асыру мақсатында барлық оқу пәндерінің тәрбие контентін күшейтсін.
-
оңтүстік өңірлерде шағын аудандарда қосымша білім берудің мектептен тыс ықшам ұйымдарын жасау арқылы зерттеушілік, құрылымдаулық бағыттағы қосымша білім беруді қамтамасыз ететін инновациялық тәрбиелік модельдерді әзірлесін, солтүстік өңірлерде қызығушылықтары бойынша үйірмелерді, мектептерде оқушы орнының жеткілікті болуымен спорт секцияларын ашсын.
ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ САЛАСЫНДА
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстваларына:
-
бекітілген кәсіптік стандарттар негізінде кіріктірілген білім беру оқу бағдарламаларын әзірлеуді қоса алғанда, кәсіптік-техникалық білім беру мазмұнын жаңарту жұмысын жандандырсын;
-
кәсіптік-техникалық, жоғары білім беру мамандықтарының Бірыңғай мамандықтар жіктеуішін әзірлесін.
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары, өңірлік Білім басқармаларына:
-
ТжКБ жүйесінде кадрлар даярлауға қатысатын кәсіпорындарды ынталандыру және көтермелеу шараларын анықтасын және тәлімгерлік мектептерді жасау жұмыстарын ұйымдастырсын;
-
өңірлерде кадрлар қажеттілігін ескере отырып кәсіптік және техникалық білім беру мамандарын даярлау жүйесін талдасын;
-
бірнеше біліктілік беру арқылы мамандар даярлау бейінін кеңейтсін;
-
техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары білім алушыларды өндіріс объектілерінде қауіпсіздік пен қорғаныс бойынша қажетті рұқсаттармен, сондай-ақ өндірістік қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мақсатында білім беру оқу бағдарламаларына қосымша модульдерді қосуды қарастырсын;
-
колледж, ЖОО түлектерінің өз өңірлеріне қайту жағдайларын
жасау тетіктерін олардың жұмысқа орналасуы мақсатында пысықтасын.
«Кәсіпқор» холдингі ҰБА:
-
ТжКБ оқу орындарына үздік әлемдік тәжірибені енгізу арқылы техникалық және кәсіптік білімнің беделін көтеруді қамтамасыз етсін.
Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы:
-
жұмыс берушілерді біліктілікті беру жүйесіне тарту жүйесін жетілдірсін;
-
еңбек нарығының кадрларға қажеттілігін болжауды және талдауды ұсынсын;
-
бизнеспен әріптестікте бітірушілердің кәсіби даярлық деңгейін бағалау тетігін жетілдірсін;
-
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп:
-
дуальді оқыту жүйесінің Жол картасын іске асыру бойынша барлық салалардағы жұмысты ұйымдастырсын;
-
жұмыс берушілердің кәсіпорындарға кәсіптік стандарттарды енгізу жұмысын ұйымдастырсын;
-
колледждермен бірлесіп, кәсіпорындар жанында оқу орталықтарының желісін дамыту бойынша ұсынымдамалар әзірлесін;
-
ТжКБ кадрларын даярлау үшін тиімді жағдай жасау процесіне қаражат (жер қойнауын пайдаланушылардан) тартуды жандандырсын.
ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ МЕН БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ САЛАСЫНДА
Өңірлік әдістемелік кабинеттерге:
-
білім алушылардың білім жетістіктерін сырттай бағалау қорытындылары бойынша бірнеше жыл бойы табысты нәтижелер көрсетіп жүрген мектептердің базасында мұғалімдерді кәсіби тағылымдамадан өткізу практикасын енгізсін.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ және «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ:
-
мұғалімдер үшін деңгейлік бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстарын жалғастырсын.
«Кәсіпқор» холдингі ҰБА:
-
қабілетті жас кадрларды анықтау үшін World Skills шеңберінде техникалық мамандықтар бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар өткізу практикасын жалғастырсын;
-
халықаралық әріптестермен бірлесіп, оқытушылардың, менеджерлердің, өндірістік оқыту шеберлерінің ТжКБ-ны жаңғырту шеңберінде инновациялық технологияларды енгізу бойынша біліктілікті арттыру курстарын жандандырсын.
Ғылым комитетіне:
- 2014 жылғы 1 қазанға дейін Ұлыбритания мен Қазақстанның академиялық мобильділік, бірлескен ғылыми зерттеулер мен Қазақстанның жас ғалымдар тағылымдамасын дамытуға бағытталған «Ньютон - әл-Фараби» серіктес бағдарламасын жан басына қаржыландыру бойынша ұсыныстар енгізілсін
Қазақстан Республикасы білім
қызметкерлерінің республикалық педагогикалық тамыз кеңесіне
қатысушылар
Достарыңызбен бөлісу: |