Қазақстан республикасы білім және ғылым мин


Әуе бассейні сапасының бағалануы, ПДВ, ПДК нормативтері



бет42/54
Дата02.01.2022
өлшемі163.55 Kb.
#452560
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   54
Контент табигатты пайдалану

Әуе бассейні сапасының бағалануы, ПДВ, ПДК нормативтері

Қоршаған ортадағы ластанушы заттардың құрамы сырқаттың көбеюіне соқтырмас үшін ол санитарлық ережелердің заңды тәртібі мен, белгіленген ПДК нормативтен аспауы тиіс. ПДК асып кетуі адамға, өсімдікке және жануарларға әсер ететін ауа, су, топырақтағы ластанудың әр түрінің шекті жол берілетін құрамасы.

Қазіргі уақытта Ресейдің жүздеген қаларында дерлік әр түрлі заттардың ПДК – і ауада мерзімді түрде 10 есе және оданда көбейді. Қала ауасының әрбір см³ - да 100 мыңға дейінгі ұсақ бөліктер болады, олардың көбісі біздің денсаулығымыз үшін қауіпті. Селолық мекендерде ауада зиянды заттардың құралуы ондаған есе аз. Бір – бірімен өзара байланыста адам денсаулығына зиянды әсері шұғыл көтерілетін ацетон мен фенол сияқты кейбір заттардың қабілеті жағдайды күрделендіре түседі.

Аса қауіпті жағдайда СМОГ тудырады, бұл жай көзге де байқалатын ауаның жоғары ылғалдылықпен қолайсыз жағдайда ластануы туралы түсінік. Күшті СМОГ тұншығу, аллергиялық реакциялар, өсімдіктің, ғимараттар мен құрылыстардың бүлінуін тудырады.

Денсаулық зиянды көптеген жайттар ауаға газ плитасы, керосинка, т.б. жанғанда таралады. Сондықтан да үйді жылыту үшін ешқашанда газды пайдалануға бллмайды.

Соңғы жылдары норма бойынша сағатына 15 микрорентген құрайтын радиациялық фонның көтерілуі адам үшін үлкен қпуіп туғызады. Бұл ядролық сынақтардың, ядролық обьектілердегі апаттардың зардаптарымен, радиоактивті изотоптарды пайдаланатын өнеркәсіптік және ғылыми кәсіпорындар медициналық мекемелердің радиоактивті қалдықтарды сақтау мен жинау ережелерін бұзуымен байланысты.

Ластанудың бұл түрінің ерекше қатерлілігі мынада: ол біріншіден, ол тек қана арнаулы приборлармен байқалуы мүмкін, екіншіден, теріс зардаптары көп жағдайда бірден сезілмейді, бірнеше, тіпті ондаған жылдардан соң және сәулеге ұрынған адамның ғана емес, оның ұрпақтарының бойынада тарайды.

Адам жоғары сәулелену аймағында ұзақ уақыт жүріп, оны байқамауы сондықтан ешқандай қорғаныс шараларын жасамауы да мүмкін.

Адам өзін шудан, тербелістен, электр магниті сәулесінен қорғауы керек. Шу жүйке ауруының, дыбыс есту төмендеуінің, қан ағаруының себебі болып табылады, ең бастысы, жүрек қан тамырлары ауруының дамуына жол ашады. Ғалымдардың пікірінше, үлкен қалаларда шу адам өмірінің ұзақтығын 8 – 12 жылға қысқартады.

80 ДБ – дан асатын шу, 60 ДБ – дан асатын қатты дыбыстар денсаулық үшін зиянды, ол қазіргі музыканың оркестрі өнер көрсеткенде музыка күші 110 – 120 ДБ – ға жетуі мүмкін.

Радио электронды приборларды жиі қолданудың қажеті жоқ, өйткені, электромагнитті сәулелену әсерінен ракпен ауру қаупі 20 - 40% - ке ұлғаяды.

Азық – түлік өнімдерінің радиоактивті изотоптармен (әсітесе ерекше жоғары құрамы етте, саңырауқұлақта болуы мүмкін ), мырыш, скандий, қорғасын секілді ауыр металдардың тұзымен ластануы денсаулыққа ерекше залалын тигізеді. Алайда өсімдік өнімдері қазір соншалықты ластанған, сондықтан мамандар жеміс-жидекті жай сумен ғана емес, сабынмен жууды немесе, қабығын сыдырып алуды, өнімнің бәрін емес, зиянды заттар аз жинақталатын бөлігін ғана пайдалануды ұсынады. Мысалы, сәбіз бен қызылшаны төменгі жағында бірнеше см, ал қиярдың қабығын, ал қырыққабаттың жоғарғы жапырақтарын және өзегін кесу керек.

Қала көшелері мен көлік магистралы бойында өскен жеміс-жидектерді, көкөністі жемеген дұрыс. Саңырауқұлақтар өзіне зиянды заттарда жинақтай алатын күшті өсімдік болғандықтан оны өнеркәсіп кәсіпорындарынан кемі 50 шақырым қашықтықтағы ормандардан ғана жинаған дұрыс. Ал, қала шеті мен ішіндегі орман парктерінен жинауға тіпті болмайды.

Азық-түлікке құрама және улы заттардың түсуіне орама ретінде поливинилхлоридті пайдалану мүмкіндік береді! Қандай жағдайда да азық- түлікті ұзақ уақыт, әсіресе ыстықта , полимерлі орамаларда ұстауға болмайды, поливинилхлоридтің саны азық-түлікке температура мен сақталу уақытының өсуімен бірге жедел көтеріледі. Ашық консервілерді тоңазытқыштың өзінде қаңылтырмен қалдыруға болмайды, оны қорғасынмен уланудан қашу мақсатында әйнек ыдысқа ауыстыру керек. Ет тағамында, кәрі малдың етінде (сүйек сорпасында, майында) зиянды заттар мен радиоактивті заттар қосындысы көп кездеседі.


теңіздер


үй-жануарлары сүт

Өсімдіктер мұхиттар мен





балдырлар балық пен крабтар



адам ағзасы

Сауықтыру аспектілеріне нақты ауруларды емдеу сияқты организмдерді жалпы сауықтыру үшін қолданылатын емдік табиғи ресурстарды қорғау мен пайдалануға қатысты проблемаларда қабысады. Оған үзілістік ресурстар: ауа, қылқанды ағаш орман массивтері, т.б. жатады. Қазіргі уақытта бар курорттар жеткіліксіз, оларда мүктеме көп, ластанған және белгілі бір дәрежеде өздерінің үзілістік ерекшеліктерін жоғалтты. Бұл проблема әсіресе, соңғы жылдары ресейліктердің көпшілігі днмалатын Ялта, Гагра, Сухуми және басқаларында ушыға бастады.

Қазіргі уақытта РФ 153курортқа ие. Олардың үштен бір Кавказ Минералды суларында ( Пятигорск, Ессентуки ) және Красногорск өлкесінің Қара теңіз жағалауында (Сочи, Акапа ) жинақталған.

Автотранспорт тасқыны мен өнеркәсіп кәсіпорындардың тазартқыш құралдармен жарақтандырылмауы салдарынан курортты қалалардың көпшілігінде ауаның жекелеген заттармен ластану деңгейі ПДК – дан бірнеше есе артады. Теңіз курортында жүзу маусымының нағыз шағында судың жол беруге болмайтын жоғары бактериалды ластануынан жағажайлардың жабылуы жиі кездесетін құбылысқа айналды. Емдік балшықтарда пестицидтер мен бактериялардың іздері байқалуда. Атақты Кисловодск курортының ауасының мөлдірлік көрсеткіші соңғы бірнеше жылда 11% - ке төменделді, ал Нарзан көзінен алынған судың 87% байқауы ластануы жөнінен стандартқа жауап бермейді.

Курорттық кешенде, ұйымдаспаған демалысты дұрыстау, канализацияны жөндеу ластайтын кәсіпорындарды реттеу және оларды тазартқыш құралдармен жарақтандыру, автотранспорт үшін айналма жол төсеу үшін жедел түрде қаржы болу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет