Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі


Атмосфералақ ауаның ластануы



бет2/5
Дата02.01.2022
өлшемі27.22 Kb.
#453415
1   2   3   4   5
дәріс мәтіні

2.Атмосфералақ ауаның ластануы.

Атмосфера – әртүрлі газдардың қоспасынан, су буларынан және шаңнан тұратын планетаның газ тәрізді қабығы. Жердің космоспен зат алмасуы атмосфера арқылы жүзеге асады. Жер космостық шаң мен метеориттік материалды алып, ең жеңіл газдарды сутек пен гелийді жоғалтады. Атмосфера бірнеше қабаттардан тұрады.

Атмосфераның негізгі құрамына азот, оттегі, аргон және көмір қышқыл газы жатады.

Атмосфераның маңызды компонентінің біріне озон жатады.Оның түзілуі мен ыдырауы күннің ультракүлгін сәулелерімен сіңірілуіне байланысты. Озон Жердің инфрақызыл сәулелерінің 20% ұстап қалады және ауаның жылыту әсерін күшейтеді. Озон қабаты 22-24 км биіктікте орналасатын бөлігін «озон экраны» деп атайды.

Атмосфералық ауаның ластануы табиғи және антопогендік жолдармен жүреді.

Табиғи ластану көздері: космостық шаңдар, вулкандардың атқылауы , теңіз суларының булануы, тау жыныстарының шайылуы, топырақтың ұшуы, орман, дала өрттері т.б.

Антропогендік ластану көздері: өндірістік және транспорттық орындар, ауыл шаруашылық және құрылыс ұйымдары, коммуналды тұрмыс обьектілері.

Атмосферадағы ластанған заттардың негізгі бөлігі 3 км қашықтықта болады. Ауаның жылдамдығына байланысты ондағы шаңдық бөлшектер 1 км дейін көтеріліп, желсіз ауа-райында 300-500 метрде күмбез құрап осыдан шаң біртіндеп қайтадан жерге қонады. Есептеулер бойынша, жыл сайын Париж бен Чикагода әрбір шаршы шақырымға 260 т шаң қонады, Нью-Йоркке 300 т, Лондонға 390 т, Алматыға 125 т шаң қонады.

Бүкід әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, дамыған елдер халқының 20% әртүрлі формалы аллергиялық аурулармен аурады екен. Ауадағы шаң өкпе ауруларының бір себебі болып табылады.

Ауа бассейінінің негізгі ластаушыларына күкірт оксидтері, күкіртсутегі, көміртегі оксидтері, азот оксидтері және күл мен қоқымдар ретіндегі қатты бөлшектері Белоруссия, Литва, басқа елдерге тарайды.

Екібастұз көмір бассейнінен атмосфераға 150 млн тонна шаң, күл, қоқыс Бурятияға, Монғолияға, Сібірге, Орта Азияға тарайды.

Ауаның мемлекеттік шекарасы болмағандықтан, атмосферадағы ауаны қорғау глобальдық мағынаға ие болады.



Қазақстанда 1951 жылдан бастап ШРК (ПДК ) нормативтері енгізілген, зиянды шығарылымдар 446 химиялық заттар мен олардың 33 комбинациялары үшін. Қазақстанда «Атмосфералық ауаны қорғау» туралы заң 1981 жылы қабылданған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет