Тақырыбы: Еңбек нарығының қазіргі проблемалары Қабылдаған: Саурбаева Р. С.
Орындаған: Акрамова Ч.Р
Алматы 2024
Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни, талаптануы, тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Әрине, бұл тым ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік-әміршілдік әдіске қарама-қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек – бұл тиімді экономиканың негізі.
Осы уақытқа дейін біздің елімізде еңбек нарығы болмады. Мамандарды қайта дайындаудың тым қарапайым жүйесінің болуы – тұрғындарды толық, бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру ресурстарын бөлуде теңгермешілдікке жол берді, ал ол белгілі бір дәрежеде қоғамның өндіргіш күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес орталықтанған жоспар бойынша өндіріс салалары мен аймақтарына бөлу арқылы шешіп отырды. Жаңа жұмыс орындарын жасау еңбек етуге қабілеті бар тұрғындардың санына асып кетіп отырды, ал ол, өз кезегінде жұмысв күшінің тапшылығын тудырды. Және де, бұл кардарлық экстенсивті типтегі шаруашылық механизмінен қолдау тауып отырды: кәсіпорынның жалақы қоры жұмыскерлердің санынан тәуелді болды, олардың санының өзгеріп отыруы еңбек өнімділігінің төмендігінің және жұмыскерлерді өндірістегі негізгі жұмыстарынан ауыл шаруашылық және басқа жұмыстарға пайдаланудың орнын толтыруға тиіс еді.Оның есесіне жұмыскерге, белгілі бір жұмыс орнына ие болуға нақты кепілдік берілетін және оны жұмыстан шығару іс жүзінде мүмкін болмады. Соның нәтижесінде жұмыс күшіне деген сұраныс еркіндігі мен ұсыным еркіндігі қатаң шектелді. Мемлекет жұмыскерлердің белсенділігі мен қозғалысына қатаң бақылау жасап отырды, олардың өздерінің жұмыс күшін қолдануына тек қана мемлекет белгіленген еңбек нысандарының шеңберінде ғана рұқсат етілді.Кадрларды тұрақтандыруда «жас маман» институты, белгілі бір кезеңге мерзімдік шартқа қол қою сияқты тікелей әдістер, тиісті жұмыс уақыты өтелгеннен кейін пәтер беруге уәде ету, бір кәсіпорында істеген үзіліссіз жұмыс стажын жоғалту қатері сияқты жанама әдістер де қолданылды. Өздерінің қабілетін толығырақ көрсетуге және лайықты өмір қалпын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жұмыс іздеу ұмтылысы қалада төлқұжат тәртібі түрінде,елде керісінше колхозшыларға төлқұжат бермеу, жұмыстан шығуға кедергі жасау, пәтер алу қиындықтары сияқты әкімшілік механизмі кедергілеріне тірелетін. Бір орында ұзақ уақыт жұмыс істеу экономикалық тұрғыдан да және әлеуметтік тұрғыдан да ынталандырылды. Соның нәтижесінде еңбекті жағдайын жақсарту үшін белсене жұмыс істеуі керек, ал ол, үнемі өзін-өзі жетілдіруді қажет етеді, соған сәйкес жұмыс істейтін өмірінің барлық кезеңі бойына еңбек ету нысанын ауыстырып отырады. Мысалы, американдықтар еңбек ететін өмірі бойына, орта есеппен 7,5 рет жұмысын ауыстырады. Жапонияда, бір бөлегі өмірлік жалдаумен қамтылған жұмысшылар 2,6 рет жұмысын ауыстырады екен. Батыс Европада бұл көрсеткіш ауыстырудың экономикалық заңы бұзылды.Оның мәні — адам өзінің экономикалық Жапонияға қарағанда жоғары, бірақ АҚШ-тағыдан төмен. Бұл процесс, нарықтық принциптерге көшіп жатқан экономикаға тән көрініс. Мысалы Финляндияда өндірісте және басқа салаларда жұмыс істейтіндердің үштен бірі мамандықтарын ауыстырады немесе басқа жұмысқа ауысады.Қазірде жұмыспен қамту саласында, өндіріске қажетті жұмыс күші мен олардың жұмыстың жағдайына қоятын талабы арасында елеулі қайшылықтар бар.Оның шиеленісуі — кадрлардың тұрақсыздығынан көрінеді. Миллиондаған адамдар, өздерінің экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жұмыс орнын ауыстырам деп біраз уақыт жұмыссыз қалады. Ол көбінесе 2 айдан 6 айға дейін созылады. Сонымен бірге миллиондаған диплом бар мамандар да ондай дайындық деңгейін талап етпейтін қызметтерде жұмыс жасайды, ал бұл құрылымдық, яки салалық жұмыссыздықтыың орын алып отырғанын көрсетеді.Бұл жағдайлар, қазірде нарықты экономикаға өту кезеңін басынан кешіріп жатқан біздің елімізге де тән бола бастады. Атап өту керек – бұл процесс өте шиеленісті жағдайда өтуде. Мемлекетсіздендіру мен жекешелендірудің нәтижесінде көп укладты экономика орнығуда, ал ол, өз кезегінде мемлекеттік секторда жұмыспен тұрақты түрде қамтылған жұмыскерлердің босауын жеделдетуде. Кәсіпкерліктің және басқа да шаруашылық нысандарының баяу қалыптасуы, жұмыстан босап қалған жұмыскерлерді жұмыспен қамтуға мүмкіндік бермей отыр. Қалыптасқан шаруашылық байланыстардың үзілуі, соның салдарынан шикізаттың және жабдықтардың кардарлығы өндіріс қуатының толық пайдаланылмауына, көптеген кәсіпорындардың банкротқа ұшырауына әкеліп соқтыруда. Қорыта айтқанда жұмыссыздық нарықты экономикаға тән құбылыс болып табылады. Бірақ оның әр елдің ішкі жағдайына байланысты белгілі бір мөлшері болады. Егер жұмыссыздар сол мөлшерден асып немесе кеміп кетсе нарықты экономикаға залалын келтіреді. Ал қажетті деңгейде тұрса, онда экономиканың тиімді дамуына қолайлы жағдай жасайды.
Қазіргі таңда Қазақстанда жұмыспен қамтамасыз ету шамасы қандай? Соңғы жылдары экономикадағы жүйелі шаралар жұмыспен қамтудың ұлғаюымен және жұмыссыздық деңгейінің төмендеуімен қатар жүрді. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары жаңа жұмыс орындарын құру, жұмысқа орналастыру, шағын кредит беру, жұмыссыздарды қайта оқыту, қоғамдық жұмыстарды дамыту жолымен бірте-бірте белсенді сипат алуда. Еңбек рыногының мониторингі жүзеге асырылуда. Еңбек заңнамасы жетілдірілуде. Еңбекақы төлеу саласындағы ахуал тұрақтандырылуда. Ең төменгі және орташа жалақының өсуі байқалуда. Бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысын реттеу үшін бірыңғай тұжырымдамалық негіз жасалды.Сонымен бірге, бұл салада жасырын жұмыссыздық, заңсыз еңбек көші-қоны проблемалары орын алуда. Оқу орындарында мамандар даярлау, жұмыссыздарды оқыту мен қайта оқыту нақты экономиканың сұранысынан кейін қалып отыр. Жұмысқа орналаспаған азаматтардың кәсіби біліктілігінің төмендігі еңбек рыногының қажеттіліктеріне сай келмеуде. Кәсіпорындардағы еңбекті қорғау тиісті деңгейге қойылған, нәтижесінде өндірісте зардап шегушілер саны едәуір күйінде қалып отыр. Экономиканың жекелеген салаларындағы жалақы деңгейі төмен күйінде қалуда.Негізгі мақсаты жұмыспен қамту саласында елдің экономикалық даму қарқынына сай белсенді саясат жүргізу. Жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру, еңбек рыногының қажеттіліктеріне сай жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау сапасын жақсарту, еңбек қатынастарын одан әрі заңдастыру, еңбек қауіпсіздігін арттыру, өнеркәсіптік өндірістің инновациялық даму проблемаларына барабар ден қоя алатын жоғары білікті кәсіби кадрлармен қамтамасыз ету.Оның шешу жолдары: жұмыссыздықтың өсуінің алдын алу, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және өнеркәсіптік өндірістің, аграрлық сектордың инновациялық дамуына жоғары білікті кадрлардың қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында 2004 жылы жұмыспен қамтудың кешенді бағдарламасы әзірленеді. 2006 жылға дейінгі кезеңде елдің еңбек ресурстарының кәсіби даярлығы жүйесін сапалы жетілдіру, тиімді пайдалану, ішкі еңбек рыногын қорғау және еңбек көші-қоны ағынын реттеу жөніндегі
шаралар қабылданатын болады Қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау, жұмыс берушілердің мүдделерін ескеру, еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында 2005 жылы Еңбек кодексі, 2004 жылы Еңбек қауіпсіздігін және оны қорғауды қамтамасыз ету бағдарламасы, еңбек қауіпсіздігін және оны қорғау жөніндегі салалық нормативтік құқықтық актілер қабылданады, еңбек заңнамасы жетілдіріледі.Жұмыс күшінің сапалық әлеуетін арттыру үшін негіз ретінде жалақыны өсіруге бағытталған саясат жалғастырылады, бюджеттік сала қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі жетілдіріледі. Жұмыс берушілер мен қызметкерлердің республикалық бірлестіктері, басқа да қоғамдық ұйымдар өкілдерінің жұмыспен қамту саласындағы еңбек қатынастарын реттеуге, мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысуы жалғастырылады.Еңбекпен толық қамту дегеніміз, ол халық шаруашылығы көлемінде еңбекке деген қабілеті бар халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету. Ал тиімді еңбекпен қамту дегеніміз – қоғамдық қажеттіліктерді минималды еңбек шығындарымен қанағаттандыру Республика бойынша тұтас алғанда 127,7 мың адам жұмысқа орналастырылды, бұл жұмыс іздеушілердің жалпы санының 35,0 пайызы. Ауылдық жерде жұмысқа орналастыру деңгейі 28,0 пайыз болды. Бағдарламада 2000 жылға белгіленген еңбекпен қамту тапсырмасы 109,4 пайыз орындалды. Республика бойынша 2000 жылғы желтоқсанның аяғында бір бос жұмыс орнына орта есеппен 25 адам, ауылдық жерде – 137 адам таласты. Жеке аймақтар бойынша алып қарағанда Қарағанды облысында бағдарлама бойынша жұмыс сұрап келген 18 мың адамды орналастыру көзделсе, іс жүзінде 32,0 мың адам орналастырылды, яғни 77,7% артық, Солтүстік Қазақстан облысында тиісінше 4,0 мың және 5,2 мың адам, яғни 30,9 пайыз, Оңтүстік Қазақстанда – 7,9 мың және 9,5 мың адам немесе 20,1 пайыз, Қызылордада – 4,0 мың және 5,0 мың адам, яғни 25,0 пайыз,Ақмола облысында – 5,0 мың және 6,0 мың, яғни 19,6 пайыз артық орналастырылды. Жұмыссыздарды еңбекпен қамтудың төменгі көрсеткіштері бұрынғысынша Жамбыл облысында, бұл облыста жұмыс сұрап келгендердің тек 13,9 пайызы ғана орналастырылған.Бағдарламада көрсетілген жоспарлы тапсырма бес облыста орындалмай қалды. Еңбекпен қамтуға жәрдесдесудің бір пошымы бос жұмыс органдарының жәрменкесін өткізу. Бүгінгі күні оларды ұйымдастыру мен өткізудің тәжірибесі Қарағанды, Ақмола, Атырау, Павлодар облыстарының, Алматы және Астана қалаларының жұмыспен қамту жөніндегі өкілетті органдарында бар. Германияның ғылыми-техникалық қоғамымен бірлесіп атқарып жатқан Еңбек базарының саясаты және жұмыстылық техникалық жоба аясында елімізде еңбек және жұмыспен қамту саласындағы қызметті жақсартуға көмегін тигізіп, елеулі нәтиже беруде. Өткен жылы төмендегідей бірнеше бірлескен жоба жүзеге асырылды:
- жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмысты ұйымдастырып дамытуға жәрдемдесу;
- жұмыспен қамту жөніндегі органдардың жәрдемімен жұмыссыздардың еңбек базарында кәсіптік білімін көтеру және қайта даярлау;
- жастардың, әйелдердің, ауыл тұрғындарының және сондай-ақ экологиялық апат аудандарында тұратын азаматтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу жөнінде мақсатты бағдарламалар жасап жүзеге асыру;-шағын несие жүйесін енгізу есебінен республикада кәсіпкерлікті және өзін-өзі жұмыспен қамтуды дамыту
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Б. Жүнісов, Ү. Мәмбетов, Ү. Байжомартов, Нарықтық экономика негіздері Алматы 1994 жыл.
2. Шеденов а. Ќ. Жалпы экономикалыќ теория Аќтџбе – 1999
3. Я.Ә. Әубәкіров, Б.Б. Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П. Табеев
Экономикалық теория, оқу құралы