Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министрінің
2011 жылғы «17» маусымдағы
№ 261 бұйрығымен бекітілген
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКасының
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім. МАГИСТРАТУРА.
Негізгі ережелер
ҚР МЖМБС 5.04.033-2011
Астана, 2011
1 Қолдану саласы
Осы стандарт магистратураның білім беру бағдарламасы мазмұнына, білім алушының білім траекториясына, білімнің құрылымы мен мазмұнына, түлектердің алған білім деңгейі мен академиялық дәрежесін бағалауға қойылатын талаптарды белгілейді.
Стандарт жоғары білім саласындағы халықаралық құжаттармен, ECTS қолданушыға басшылық бағдарламасының ұсыныстарымен (ECTS Users’ Guide), «Европалық ЖОО-дағы білім құрылымдарын жөнге келтіру» ("Tuning Educational Structures in Europe") үйлестірілген.
Стандарт ережелері Қазақстан Республикасының магистрларды даярлайтын нақты мамандық бойынша жалпыға міндетті білім беру стандартын әзірлейтін жоғары оқу орындары (ЖОО) орындау үшін міндетті, олардың меншік түріне, ведомствалық бағыныштылығына, ұйымдық-құқықтық түріне тәуелсіз міндетті түрде сақталуы керек.
Стандартты мемлекеттік басқару, аккредиттік органдары, ғылым және білім ұйымдарын аттестаттау және лицензия беру комиссиялары, мамандық бойынша оқу-әдістемелік секциялары (кеңес), тапсырыс берушілер мен қызмет берушілер пайдалана алады және магистранттарды дайындаудың сапасын саралауға негіз болады.
2 Нормативті сілтемелер
Осы стандартта келесі нормативті құжаттарға сілтеме жасалды:
2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.
ҚР МЖМБС 5.04.019-2011 «Жоғары білім. Бакалавриат. Негізгі ережелер», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген 2011 жылғы «17» маусым № 261.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 20 сәуірінде № 152 бұйрығымен бекітілген оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру Ережелері.
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (2011 жылы 16 наурызда № 94 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген).
3 Терминдер мен анықтамалар
Осы стандартта Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына (2007 ж.), ҚР МЖМБС 5.04.019-2011 «Жоғары білім. Бакалавриат. Негізгі ережелер», Болон декларациясына (1999 ж.) және білім саласындағы басқа халықаралық құжаттарға, кредиттерді ауыстыру мен жинаудың европалық жүйесіне сәйкес қысқартулар, терминдер және анықтамалар қолданылған.
Оған қосымша осы стандартта төмендегідей терминдер мен анықтамалар белгіленген:
3.1 Магистрант: Магистратурада білім алушы тұлға.
3.2 Магистратура: Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған, «магистр» академиялық дәрежесіне сәйкес мамандық бойынша беретін, нормативті оқу мерзімі 1-2 жылдан кем емес кәсіби білім бағдарламасы.
3.3 Магистрлік диссертация: Тиiстi ғылым саласының нақты мамандығының көкейкестi мәселелерiнің бірін магистрант өзіндік зерттеу нәтижесін қорытындылап, жалпылап ұсынатын ғылыми жұмысы.
4 Жалпы ережелер
4.1 Магистратураның бiлiм беру бағдарламаларын магистратураның тиiстi мамандықтары бойынша бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына лицензиясы бар жоғары оқу орындары, ведомствалық бағынудан тәуелсiз және жеке меншiк түрде іске асырады.
4.2 Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында магистрлерді даярлау төмендегі құжаттарға сәйкес іске асырылады:
- осы стандарттың негізінде жасалатын магистратураның мамандықтары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына;
- Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуішіне;
- жұмыстың оқу жоспарлары мен академиялық күнтізбе;
- магистранттың жеке оқу жоспарлары;
- пәндер мен силлабустар бойынша оқу бағдарламалары;
4.3 Магистратурада ғылыми, педагогикалық және кадрларды басқаруды дайындау екі бағытта жүзеге асады:
- ғылыми және педагогикалық 2 жыл оқу мерзімінде;
- кәсіптік 1 жылдан кем емес оқу мерзімінде.
(Мерзім алдынғы дайындық деңгейіне және пререквизиттер болуына байланысты қойылады).
4.4 Кәсіптік магистратура жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудегі кәсіптік оқу бағдарламалары экономика саласындағы топ-менеджерді, медицина, құқық, өнер, қызмет көрсету және бизнес (оның ішінде басқару) саласы үшін кәсіптік дайындықты терең білетін кадрларды дайындауды іске асырады.
4.5 Ғылыми және педагогикалық магистратура жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудегі кәсіптік оқу бағдарламалары жоғары оқу орнына, жоғары оқу орнынан кейінгі және ғылыми сфералары үшін кәсіптік дайындықты терең білетін ғылыми және педагогикалық кадрларды дайындауды іске асырады.
4.6 Магистратурада білім алу мемлекеттік білім тапсырысы негізінде тек ғана күндізгі оқу түрінде жүргізіледі.
4.7 Магистратураның білім бағдарламасын меңгерген және магистрлік диссертация көпшілік алдында қорғаған тұлғаға «магистр» академиялық дәрежесі беріледі.
4.8 Осы стандарт ережелерінің негізгі мақсаты:
- магистранттардың дайындық деңгейiне және жоғары оқу орындарының бiлiм беретiн қызметiне бiлiм сапасының кепiлдiлігін мiндеттi талаптар есебінен қамтамасыз етеді;
- білім беру қызметінің барлық субъектілеріне құқықты реттеу;
- магистранттардың дайындығын бағалау мен білім беру бағдарламаларының сапасын ақпараттануды және объективтікті жоғарлату;
- магистранттарға академиялық ұтқырлық жағдайын жасау;
- Қазақстанның бірыңғай білім беру кеңістігін қамтамасыз ету;
- «магистр» академиялық дәрежесін тағайындау туралы Қазақстан Республикасы құжаттарының халықаралық білім беру кеңістігінде және халықаралық еңбек нарығында танылуын қамтамасыз ету.
4.9 МЖМБС магистратура мамандықтары осы стандарттың ережелеріне сәйкес болуы тиіс сондай-ақ құрылымына, магистратура білім беру бағдарламасының мазмұнына, көлеміне және магистранттар дайындығының деңгейіне қойылатын талаптардың жиынтығын айқындауы қажет.
Білім беру бағдарламаларының тізімін жоғары оқу орны өзі анықтайды.
Білім беру бағдарламалары Дублин дескрипторларына сәйкес жасалады.
Біліктіліктің Еуропалық аясымен үйлестірілген Дублин дескрипторлары білім алушылардың жоғары білім мен жоғары білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының әрбір деңгейін (сатысын) аяқтағаннан кейін алатын білімінің, іскерлігінің, дағдысының және құзіреттілігінің деңгейі мен көлемінің сипаттамасы болып табылады.
Дескрпиторлар білім алу нәтижелеріне, қалыптасқан құзыреттілікке, сонымен бірге ЕСТS бірліктерінің жалпы кредиттер санына негізделеді.
5 Магистратураның білім беру бағдарламасы құрылымына және мазмұнына қойылатын талаптар
5.1 Магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы әртүрлі білім беру мазмұнын анықтайтын оқу және ғылыми жұмыс, практика түрлерінен құралады, олардың өзара ара-қатынасын, өлшемі мен есебін көрсетеді.
5.2 Магистратураның білім беру бағдарламасының мазмұнына:
- теориялық оқытуға, базалық және кәсіптік пәндер циклдерін оқыту кіреді;
- кәсіби тәжiрибе (педагогикалық немесе зерттеу);
- ғылыми-зерттеу жұмысы, ғылыми және педагогикалық магистратура үшін магистрлік диссертацияның орындалуы кіреді;
- эксперименталды-зерттеу жұмысы, кәсіптік магистратура үшін магистрлік диссертацияның орындалуы кіреді;
- аралық және қорытынды аттестация.
5.3 Барлық жұмыс түрлерінің еңбек сыйымдылығын есептеу игерген материал көлемімен жүзеге асырылады және кредитпен өлшенеді. Сондай-ақ алдыңғы білім деңгейінде игерілген, кредитті ескерілетін, жинақтаушы кредиттік жүйе қызмет етеді.
Магистрант магистратураға түсер алдында магистратураның сәйкес кәсіби оқу бағдарламасына қажетті барлық пререквизиттерді меңгерген болуы керек. Қажетті пререквизиттер тізімін ЖОО өзі анықтайды.
Қажетті пререквизиттер болмаған жағдайда магистрантқа оларды ақылы түрде меңгеруге рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда магистратурада білім алу магистрант пререквизиттерді толық меңгергеннен кейін басталады.
5.4 Кредиттік технология бойынша оқу үдерісін ұйымдастыруда оқу пәнiнiң көлемi бүтiн санды құрауы керек. Сонымен қатар пәндер 3 кредиттен кем емес көлемде бағаланады.
Пәнді бағалауда ерекшелік ретінде 1 немесе 2 кредитке рұқсат етiледi.
5.5 Магистратураның оқу жоспары барлық формаларда оқу пәндерiн кодтаудың бiрыңғай жүйесi қолданылады.
Әрбiр пән атауы қайталанбайтын болу керек. Ол бiр академиялық мерзiм аяқтағаннан кейін магистранттардың емтихан формасында қорытынды бақылау тапсыру керек.
5.6 Магистратураның бiлiм беру бағдарламалары модулдiк жүйе негiзiнде жобаланады.
5.7 Базалық пәндер циклі (БП) міндетті компонент пен таңдау бойынша компонент пәндерінен тұрады.
5.8 Ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистратурада БП циклінің көлемі типтік оқу жоспарының жалпы көлемінің 47% құрайды, оның ішінде 50% міндетті компонент пәндеріне, ал 50% - таңдау бойынша компонент пәндеріне бөлінеді.
Кәсіптік бағыттағы магистратурада БП циклінің көлемі типтік оқу жоспарының жалпы көлемінің 50% құрайды (оқу мерзімі 1 жыл) және 35% (оқу мерзімі 1,5 жыл), оның ішінде 55,5% және 50% міндетті компонент пәндеріне, ал 44,5% және 50% - таңдау бойынша компонент пәндеріне бөлінеді.
5.9. Ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистратурада кәсіби пәндер (КП) циклінің көлемі типтік оқу жоспарының жалпы көлемінің 53%, оның ішінде 11% міндетті компонент пәндеріне және 89% - таңдау бойынша компонент пәндеріне бөлінеді.
Кәсіптік бағыттағы магистратурада кәсіби пәндер (КП) циклінің көлемі типтік оқу жоспарының жалпы көлемінің 50% құрайды (оқу мерзімі 1 жыл) және 65% (оқу мерзімі 1,5 жыл), оның ішінде 11% және 16% міндетті компонент пәндеріне, ал 89% және 84% - таңдау бойынша компонент пәндеріне бөлінеді.
5.10 Міндетті компонент пәндерінің тізімі типтік оқу жоспарымен анықталады. Міндетті компонент пәндерінің көлемін қысқартуға рұқсат етілмейді.
5.11 Таңдау бойынша пәндер тізімін жоғары оқу орны өзі анықтайды. Сонымен бiрге жұмыс берушілердің талап-тілегі мен еңбек нарығының сұраныстары ескеріледі.
5.12 Сонымен бірге магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы төмендегілерді қамтиды:
- магистранттардың практикалық дайындығын: практиканың әр түрлері, кәсiби сынау мерзiмдерi және магистерлiк диссертацияның орындауы;
- магистранттың ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмысы.
5.13 Ғылыми және педагогикалық бағыттары бойынша магистратураның білім беру бағдарламасының мазмұны 1-ші кестеге сәйкес белгіленеді.
1 – кесте
|
Пән атауы
|
Кредит саны
|
1.
|
Базалық пәндер (БП)
|
16
|
1.1
|
Міндетті компонент: (МК)
|
9
|
|
Ғылым тарихы мен философиясы
|
2
|
|
Шетел тілі (кәсіби)
|
2*
|
|
Педагогика
|
2
|
|
Психология
|
2
|
1.2
|
Таңдау бойынша компонент (ТК)
|
8
|
2
|
Кәсіптік пәндер (КП)
|
18
|
2.1
|
Міндетті компонент (МК)
|
2
|
2.2
|
Таңдау бойынша компонент (ТК)
|
16
|
3
|
Практика (педагогикалық, ғылыми-зерттеу)
|
6-дан кем емес**
|
4
|
Магистрлік диссертацияның орындалуын қамтитын магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (МҒЗЖ)
|
7-дан кем емес
|
5
|
Қортынды аттестация (ҚА)
|
4
|
5.1
|
Кешенді емтихан (КЕ)
|
1
|
5.2
|
Магистрлік диссертация қорғау (МДҚ)
|
3
|
|
Барлығы
|
51-ден кем емес
|
* Педагогикалық пәндер бойынша кредит саны шет тілі (кәсіби) бойынша базалық цикл пәндерінде 3 кредит, таңдауы бойынша компонент – 7 кредит құрайды.
** Практикаға бөлінетін кредиттер саны жалпы еңбек сыйымдылығының көлеміне кірмейді. Қажет болған жағдайда ЖОО практикаға бөлінген кредит санын көбейте алады.
|
5.14 Магистратураның профильдік бағыты бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны 2-ші кестеге сәйкес белгіленеді.
2 – кесте
№
п/п
|
Пән атауы
|
Кредит саны
|
|
Оқу мерзімі**
|
1 жыл
|
1,5 жыл
|
1
|
Базалық пәндер (БП)
|
9
|
10
|
1.1.
|
Міндетті компонент (МК)
|
5
|
5
|
|
Ғылым тарихы мен философиясы
|
1
|
1
|
|
Шетел тілі (кәсіби)
|
2
|
2
|
|
Менеджмент
|
1
|
1
|
|
Психология
|
1
|
1
|
1.2.
|
Таңдауы бойынша компонент (ТК)
|
4
|
5
|
2
|
Кәсіптік пәндер (КП)
|
9
|
18
|
2.1
|
Міндетті компонент (МК)
|
1
|
3
|
2.2
|
Таңдауы бойынша компонент (ТК)
|
8
|
15
|
3
|
Практика (өндірістік)
|
2-тен кем емес
|
3-тен кем емес
|
4
|
Магистрлік диссертацияның орындалуын қамтитын магистранттың эксперименталды – зерттеу жұмысы (МЭЗЖ)
|
2-тен кем емес
|
3-тен кем емес
|
5
|
Қорытынды аттестация (ҚА)
|
4
|
4
|
5.1
|
Кешенді емтихан (КЕ)
|
1
|
1
|
5.2
|
Магистрлік диссертация қорғау (МДҚ)
|
3
|
3
|
|
Барлығы
|
26-дан кем емес
|
38-дан кем емес
|
*Практикаға бөлінетін кредиттер саны жалпы еңбек сыйымдылығының көлеміне кірмейді. Қажет болған жағдайда ЖОО практикаға бөлінген кредит санын көбейте алады.
**Оқу мерзімінің ұзақтығы магистранттар мен мамандардың бұған дейінгі дайындық деңгейіне байланысты мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес анықталады.
|
5.15 Профильді магистратураны бітірген магистрант педагогикалық қызметке кәсіби педагогикалық білім беру бағдарламасын қосымша меңгергеннен кейін ғана жіберіледі.
5.16 Кәсіптік магистратураны бітіргендер үшін профильді педагогикалық білім беру бағдарламасының мазмұны 3-ші кестеге сәйкес белгіленеді.
3 – кесте
|
Пән атауы
|
Кредит саны
|
1.
|
Міндетті компонент
|
5
|
|
Ғылым тарихы мен философиясы
|
1
|
|
Педагогика
|
3
|
|
Психология
|
1
|
|
Таңдау бойынша компонент
|
2
|
2.
|
Практика (педагогикалық)
|
6-дан кем емес
|
|
Барлығы
|
7-ден кем емес
|
* Практикаға бөлінетін кредиттер саны жалпы еңбек сыйымдылығының көлеміне кірмейді. Қажет болған жағдайда ЖОО практикаға бөлінген кредит санын көбейте алады.
|
5.17 Ақпараттық технология саласының мамандықтары бойынша даярланатын магистрлік бағдарламаларды ағылшын тілінде оқыту қарастырылады. Соған байланысты (кәсіби) ағылшын тілін оқытуға бөлінетін кредит саны көбейтіледі.
6. Білім беру мазмұнын жоспарлауға қойылатын талаптар
6.1 Бiлiм беру қызметі ұйымының оқу үдерісін жоспарлау мен білім мазмұны барысында, олардың өткiзу әдiстерiн таңдау арқылы iске асады.
6.2 Бiлiм беру мазмұнының құрылым бiлiм берудегі есептiк-өлшеу құралдарына қойылатын талаптарға сәйкес анықталады: оқу жоспары мен бағдарламалары, оқу жүктемесінің көлемі, академиялық мерзiмнің ұзақтығы, академиялық жұмыстың түрлерi, оқу материалының көлемiне және тағы басқалар жатады.
6.3 Бiлiм беру бағдарламасы мамандықтардың білім беру бағдарламалары мен оқу пәндерiнің мазмұнына қойылатын талаптарын бекітеді.
6.4 Бiлiм беру қызметiн жоспарлау және ұйымдастыру оқу жоспары негiзінде iске асады.
6.5 Оқу жоспары типтік (ТОЖ), жеке (ЖОЖ), жұмыс (ОЖЖ) деп бөлінеді.
ТОЖ магистратураның нақты мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде және білім беру саласындағы өкілеттік органмен бекітіледі.
ТОЖ-да міндетті компоненттiң әрбiр оқу пәнiнiң еңбек сиымдылығын және кредиттік әрбір оқу қызметін (практика, кешендi емтихан, магистрлік диссертацияны жазу және қорғау), оқу пәндерiнiң әрбiр циклi бойынша таңдауы бойынша компонент кредиттің жалпы санында көрсетіледі.
6.6 Жыл сайын жоғары оқу орыны ТОЖ қосымша ретiнде ЭПК құрастырылып, таңдауы бойынша компоненттердің барлық пәндерiн жүйелi аннотациялық тiзiм болады.
6.7 Магистрант өз ЖОЖ эдвайзердің көмегі арқылы ТОЖ және ЭПК негiзiнде құрайды. Оған міндетті компоненттiң барлық пәнi кіруі керек, көлемі МЖМБС анықталғаннан кем емес болу керек. ЖОЖ негізінде магистранттар ОЖЖ құрастырады.
6.8 ЖОЖ әрбір білім алушының бiлiм беру траекториясын жеке анықтайды.
ЭПК негiзде магистрант таңдауы бойынша компонент пәндерi жеке анықталады. Магистрантпен меңгерілетін таңдау бойынша компонент кредитінің жалпы саны, МЖМБС бекітілгеннен кем емес болуы керек.
6.9 ЖОЖ және ОЖЖ құрастыру және бекіту формасы мен құрылымы жоғары оқу орынымен жеке анықталады.
6.10 Барлық оқу пәндерінің мазмұны оқу бағдарламаларымен анықталады. Оқу бағдарламалары типтік және силлабустар деп бөлінеді.
6.11 Типтік оқу бағдарламалары (ТОБ) міндетті компоненттер пәндері бойынша жасалады және білім саласындағы өкілетті ұйыммен бекітіледі.
6.12 Силлабустар оқу жоспарының барлық пәндері бойынша жасалады және жоғары оқу орны өзі бекітеді. Сонымен бірге міндетті компоненттер пәндері бойынша силлабустар типтік оқу бағдарламалары (ТОБ) негізінде жасалады, ал таңдау бойынша компонент пәндері бойынша жоғары оқу орны өзі жасайды.
6.13 Магистрант эдвайзер мен ғылыми кеңесшілердің көмегімен жасалатын жеке жұмыс жоспары негізінде оқиды.
6.14 Магистранттың жұмыс жоспары оқудың толық мерзіміне жасалады және келесі бөлімдерден тұрады:
- ЖОЖ (қажет болған жағдайда жыл сайын толықтырылады);
- ғылыми-зерттеу/экспериментті-зерттеу жұмысы (тақырыбы, зерттеу бағыты, мерзімі және есеп беру түрі);
- практика (бағдарлама, база, мерзімі және есеп беру түрі);
- негіздемесі мен құрылымы көрсетілген докторлық диссертация тақырыбы;
- докторлық диссертацияны орындау жоспары;
- ғылыми мақалалар мен стажировкалар жоспары.
6.15 Магистратурадағы оқу дәрістер инновациялық технологиялар мен оқытудың интерактивті әдістерін қолдана отырып жүргізілуі керек.
6.16 Оқу үдерісін жоспарлаған кезде ЖОО магистратураның білім беру бағдарламасының компоненттерінің 1 қосымшаға (ғылыми және педагогикалық бағыттар үшін) және 2 қосымшаға (кәсіптік магистратура үшін) сәйкес таралу нормаларын басшылыққа алады.
Достарыңызбен бөлісу: |