Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі abai University силлабус пән туралы ақпарат



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата21.05.2023
өлшемі151.47 Kb.
#474063
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
joinPdf ca4eee43b1d08b71ac2b69a4220c000f 8982143606587541503

Оқу курсының типі: ТК
Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы» курсында студенттерге қазіргі қазақ тілі
фонетикасы бойынша жүйелi теориялық бiлiм беру көзделеді, алған бiлiмдерiн
тәжiрибелiк дәрежеде пысықтап, толықтырып бекiтiп отыруға үйренеді.
Пәннің негізгі міндеті:
- фонетиканың тіл біліміндегі орнын, олардың өзара қатысын, басқа салалармен
байланысын түсіндіру; фонетиканың зерттеу әдістері туралы түсінік беру; сөйлеу
мүшелері жайлы айту; дыбыс-фонема-әріп үштігінің өзара қатысын көрсету; фонеменың
тілдік табиғатын ашып көрсету, тілдік таңба туралы түсінік қалыптастыру; тіл
дыбыстарының дауыс қатысына қарай: дауысты және дауыссыз болып жіктелуін
түсіндіру; дауысты дыбыстардың классификациясы және олардың емлелік
ерекшеліктерін меңгерту; дауыссыз дыбыстардың классификациясы және олардың
емлелік ерекшеліктерін меңгерту жолдары оқытылады.


- буын табиғаты және екпін, тасымал туралы түсінік беру; үндестік заңы: буын
және дыбыс үндестігі арқылы қызық тілінің өзіндік ерекшеліктерін түсіндіру;
интонацияның негзгі функцияларын, компоненттерін меңгерту; орфография және
орфоэпия, олардың негізгі принциптері туралы түсінік беру; сөзге фонетикалық талдау
жасауға үйрету.
«6В02301-Филология» ББ бойынша оқытудың келесі нәтижелерін: 
ОН8 – Ғылыми зерттеу ұйымдарында және оқу орындарында ғылыми, техникалық,
әлеуметтік-саяси, экономикалық мазмұндағы мәтіннің мағыналық біркелкілігі мен емлелік
және пунктуациялық сауаттылығын қамтамасыз ету үшін мәтінді редакциялай алады.
Мәтінге фонетикалық және стилистикалық талдаулар жасай алады.
ОН11 – Тіл біліміне қатысты теориялық ақпаратты анықтап, іріктеп, өңдеп, сақтап
жеткізудің әдістері мен тәсілдерін қолданады; Ғылыми пікірталас жүргізу қабілетін
қалыптастыру болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет