Сабақтың тақырыбы Компьютер пайдаланудың кері аспектілері



бет1/4
Дата12.10.2022
өлшемі1.26 Mb.
#462470
түріСабақ
  1   2   3   4
1576319266 (2)



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Денсаулық және қауіпсіздік

Мектеп: І.Жансүгіров атындағы №30 ЖОМ

Күні:
Пәні: информатика

Мұғалімнің аты-жөні: М. Мекенбаева

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Компьютер пайдаланудың кері аспектілері




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.4.1.1 - адам ағзасына әртүрлі электронды құрылғылардың әсері туралы мысал келтіру және қорғану тәсілдерін тиімді қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлығы: адам ағзасына әртүрлі электронды құрылғылардың әсері туралы мысал келтіріп, одан қорғану тәсілдерін тиімді қолданады
Көпшілігі: техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу кезінде өзінің денсаулығына келтіретін зиян салдарын анықтайды
Кейбірі: Электронды құрылғылардың адам ағзасына тигізетін зиянды факторлардың салдарын талдайды



Ойлау дағдыларының деңгейі

Түсіну,талдау,қолдану,жинақтау,бағалау

Бағалау критерийі

  • Электронды құрылғылардың тигізетін зиянынан қорғану жолдарын үйренеді;

  • Салауатты өмір салты мен компьютерде қауіпсіз жұмыс істеуді тиімді байланыстыра алады.

  • Адам ағзасына түрлі электронды құрылғылардың әсері туралы біледі




Тілдік мақсаттар



  • Аспект - латын тілінен Aspectus - көзқарас. Зерттеліп жатқан түсінікке, затқа немесе құбылысқа деген әрқилы көзқарас.

  • Компьютер әсері-Влияние компьютера-Effekt of the computer.

  • Электромагниттік сәуленің әсері-Влияние электромагнитных лучей-Influence of electromagnetic beams.

  • Монитордың әсері-Влияние монитора-The effect of the monitor.

Құндылықтарға баулу


  • Салауатты өмір салтын ұстану

  • Ынтымақтастық құра отырып , топпен жұмыс жасау.

  • Топта бір біріне деген құрмет көрсету.

Пәнаралық байланыс

Адам анатомиясы(биология), Физика (электромагниттік өріс),
Ағылшын тілі (сөздіктер)

Алдыңғы білім



Қауіпсіздік ережесі , желінің өткізу қабілетін анықтау

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар

Сабақтың басы
2 мин

7 мин

2 мин



Оқушылармен сәлемдесу. Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында «Ыстық алақан» атты психологиялық тренинг өткізу.(Оқушылар бір-бірінің қолын ұстап, ыстық лебізін білдіреді).


"Сыр сандық" әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралады . Сандық ішінде өткен тақырып бойынша сұрақтар болады. Әр оқушы 1 қағаздан ала отырып , жазылған сұрақтарға жауап береді.
Үй жұмысын тексеруде мадақтау сөздерді пайдаланып, қалыптастырушы бағалауды жүргіземін.


Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында қоржынға боялған асықтар салынады."Асықтар" әдісі оқушылар қоржыннан алған асықтардың түстеріне қарай 4 топқа бөлінеді.
1- "Компьютер алдыңда ұзақ отыру"
2-"Көру қабілетіне тигізетін әсері"
3-" Нерв жүйесі мен психикаға әсері"
4-"Электромагниттік сәуленің зияны"



Кеспе қағаздар
Жарайсын!
Жақсы!






Сабақтың ортасы
1 мин

6 мин

6 мин

1 мин

5 мин

4 мин


- Бейне материал көру арқылы


сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтау;

1. Тапсырма
Кестеге қарап мысал келтіріп, талдау жасау.




Дескриптор
1. оқушылар қолданыстағы электрқұрылғыларының ішінен 3 құрылғыны таңдап алып, дәптерге орындайды
2. адам ағзасына әртүрлі электронды құрлғылардың әсері туралы мысал келтіреді.
3. қорғану тәсілдерін талдайды
Бағалау: Қалыптастырушы бағалауға сәйкес топтар бірін-бірін смайликтер арқылы бағаланады
2 Тапсырма
"INSERT" әдісі арқылы орындалады
I





Тапсырма: әр топқа суреті бар қағаздар таратылады , оқушылар оқулықтағы "Компьютерді дұрыс орналастырудың 10 ережесін" пайдаланып , толықтырады . (топтық жұмыс)
Дескриптор:

  1. Оқушылар суреттегі жағдайдың дұрыс немесе бұрыс екендігін ажырата алады;

  2. Суреттегі жағдайды түсіндіреді;

  3. Оқулықтағы ережелерді оқып, талдау арқылы, сақтамау салдарын біледі

  4. Жаңа материалмен таныса отырып, оқушылар түртіп алу арқылы таным түсінігін қалыптастырады;

Бағалау: Қалыптастырушы бағалау мақсатына сәйкес , оқушылар5а тиындар беру арқылы бағаланады


Сергіту сәті : Көз жаттығулары.

3 Тапсырма
SWOT- талдау әдісі арқылы оқушыларға бір мәселе бойынша сұрақтар беріледі. Әр топқа 1 -сұрақтан беріледі.
1- Компьютер ойындары пайдалы ма? зиян ба?
2- Компьютер ойыны зиянын азайту үшін қандай ұсыныс айтасыздар?
3- Электромагниттік сәулесінің қандай әсері бар?
Дескриптор:

  • оқушылар жағымды және жағымсыз жақтарына сараптама жасайды.

  • қауіп - қатері туралы нақты дәлелдер келтіреді

  • адам ағзасына тигізетін факторлар салдарын талдайды.

  • постерге жазып, қорғайды

Бағалау: Қалыптастырушы бағалау арқылы: Әр топты "Бас бармақ" әдісі арқылы бағаланады




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет