Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет50/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   297
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
енгізуде өзбек оқымыстылары қомақты үлес қосты. Орталық Азия-
ның тарихын қалпына келтіруде аса құнды бұл еңбекке қатысты 
Р.Г. Муминовтың, А. Урунбаевтың, С. Әзімжанованың, Р.П. Жәлелова-
ның, Х. Хасанованың зерттеулері жарияланды. Тәшкент қаласындағы 
Өзбекстан Ғылым академиясы Шығыстану институтының ғалым-
дары 1996 жылы Әмір Темірдің 660 жылдығына орай «Тарих-и 
Рашидиді» орыс тіліне толығымен аударып шығып, игілікті іс атқарды 
[7]. Отандық шығыстану және тарих ғылымдарында да бабамыздың 
бұл мұрасын игеруде қыруар жұмыстар атқарылды. Кеңес дәуірінде 
еліміздің археология, тарих, энография және т. б. ғылымдарының 
дамуына орасан зор үлес қосқан ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан 1941 
жылы «Әдебиет және искусство» (кейінгі «Жұлдыз») журналында 
даңқты тарланбоз жайлы «Қазақтың тұңғыш тарихшысы» атты 
арнайы мақала жазып, халқымыздың тарих философиясының 
тамырын тереңге бойлатты [8, 78 б.]. Ғылымдағы бұл дәстүрді 
кейінірек К.М. Байпақов, Б. Көмеков, Б. Қожабеков, Н.Н. Меңғұлов, 
К. Пищулина-Жандосова, Т.И. Сұлтанов, Ә. Хасенов, В.П. Юдин және 
т. б. жалғастырды. Кемеңгер ойшыл бабамыздың өмірінің тарихи 
кезеңдері мен оның әлеуметтік-саяси көзқарастарын жүйелеуде 
белгілі тарихшы-ғалымдар Б. Албанидің, С. Жолдасбаевтың, 
М. Қозыбаевтың, М. Қойгелдиевтің, Т. Омарбековтің және т. б. үлес-
тері ерекше. Бұл зерттеушілердің еңбектерінде Қазақ хандығының 
құрылуы мен қалыптасуы дәуіріндегі тарихи-этникалық және 
әлеуметтік-саяси, мәдени мәселелер қамтылып, қоғамдық ойдың 
дамуына өлшеусіз үлес қосқан М.Х. Дулати сияқты ойшылдардың 
көзқарастарына талдау жасайды. 
Дегенмен, елімізде Мұхаммед Хайдар Дулатидің рухани мұрасын 
игеруде жаңа лептің республикамыздың тәуелсіздік алуымен бас-
талғанын атап айта кету керек. 1999 жылдың күзінде әлемдік ғылым, 
білім мен мәдениет тарихында өзіндік үлкен орны бар, қазақ тарихы-
ның атасы атанған ұлы ғалым, көрнекті мемлекет қайраткері, ақын 
әрі қолбасшы мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің туылғанына 500 
жыл толды. Бұл мүшел той тек біздің елімізде ғана емес, ЮНЕСКО-
ның айтулы мерзімдер күнпарағына енгізілгендіктен, онан тыс 
жерлерде де аталып өтілді. Дана әрі батыр бабамыздың мұрасына 
деген қызығушылық арта түсіп, мерзімдік көпшілік және ғылыми 
басылымдарда ол туралы мақалалар көптеп жариялана бастады. 
Тараз университеті У. Бішімбаевтың ұйымдастыруымен ғалымның 
өмірі мен шығармашылығына арналған бірнеше халықаралық 
ғылыми-теориялық конференциялар өткізді. Осы оқу орнына Мырза 
Мұхаммед Хайдар Дулати аты берілді. М.Х. Дулатидің суреттері оқу 


 
53


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет