Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет153/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   401
treatise187525

ДЕМИФОЛОГИЗАЦИЯ – гуманитарлық ғылымда ғылыми зерттеу- лерді мифологиялық танымнан арылту әдісі ретінде танылады. Д. қазіргі кезеңде тарих, философия, дінтану және мәдениеттану ғылымында қолда- нылады. Д. терминін ғылыми айналымға ХХ ғ-дың 40 ж-дары неміс философы, әрі теологы Р. Бультман енгізді. Д. христиан діні, оның қасиетті кітаптардағы жазбалардағы қайшылықтарды айқындау, түсіндіру қажет- тілігінен туындаған термин.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Қазақ этикасы мен эстетикасы. Т 12. – Астана: Аударма, 2005; Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Ой. Ақыл. Адамгершілік. – Алматы: «Білім», 1994.
202


ДЕМОГРАФИЯ (грек – халық және – жазу) – белгілі бір халықтың, ұлттың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, территорияға бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы. Демографиядағы ең басты мәселе – халықтың ұдайы өзгеруін, өсу мөлшерін, дамуын анықтау. Халықтың ұдайы өзгерісі – ұрпақ алмасу, туу мен өлу яғни табиғи жағдай арқылы жүзеге асады. Белгілі бір аймақтағы халықтың өсу мөлшерінің өзгеруі адамдардың басқа жерлерден көшіп келуі (иммиграция) мен олар- дың бөтен аймаққа қоныс аударуына (эмиграция), яғни халықтың көшіп- қону қозғалысына да байланысты. Сондай-ақ, халық санының өзгеруі адамдардың жасына, отбасы жағдайына, балалар санына немесе білім деңгейіне, мамандығына, әлеуметтік ахуалына орай бір күйден екінші күйге, бір топтан екінші топқа ауысуына тәуелді. Демография ғылымының негізін салушы – ағылшын ғалымы Джон Граунт (1620–1674). Ол алғаш рет Лондондағы тіркелген адам өлімдерінің бірнеше жылдық жазбалары негізінде халық арасындағы өлудің көрсеткішін жасауға және оның заңдылықтарын анықтауға талпыныс жасаған. Халықтың ахуалын, оның экономикаға байланысын У. Петти және Г. Кинг (Ұлыбритания), одан соң А. Депарсье (Франция) зерттеді. 18 ғ-да мұндай зерттеулерді математика әдістердерді қолдану арқылы В. Керсеб (Голландия), П.В. Варгентин (Швеция), Л. Эйлер (Ресей) және т. б. жалғастырды. ХІХ ғ-дан бастап көп- теген елдерде халықты тұрақты есепке алу жолға қойыла бастады және ол жөніндегі нақтылы талдаулар жасау мүмкіндіктеріне қол жеткізілді. А. Кетле (Бельгия), Ж. Биртильсон (Франция), У. Фарр (Ұлыбритания), В. Лексис, Г.Ф. Кнапп (Германия) т. б. көптеген статист-зерттеушілердің еңбектері нәтижесінде демографиялық процестерді сандық тұрғыдан екшеу мен талдаудың әдістері дами түсті. 1855 ж. француз ғалымы А. Гийардың еңбегінің тақырыбында «Демография» термині тұңғыш рет қолданылып, автор оған «адамзаттың табиғи және әлеуметтік тарихы» деген анықтама береді. Қазақстандағы демографиялық процестерді тарихи-әлеуметтік тұрғыдан қарастырған алғашқы зерттеулер қатарында М. Шоқайдың шет ел баспасөзінде, М. Тынышбаевтың 1924 ж. «Сана» журналының 2–3 сан- дарында жарияланған деректерін, т. б. статистикалық еңбектерді атауға бо- лады. Бүгінгі таңдағы кәсіби демографтар М. Тәтімов, Ұ. Ысқақов, Ә. Ғали, М. Сембин, Е. Мұсабеков, С. Қарасаев, А. Елемесова, Н. Ермекова, А. Әлжанов және т. б. еңбектерінде жалпы қазақ халқының, Қазақстан халқының өсу, даму заңдылықтары зерттелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет