РАХМАТУЛЛИН Қасым Халиуллинович (1920–2008). Р. Қ. Х. 19 қыр- күйек 1920 ж. Қостанайда, теміржол саласындағы жұмысшы отбасында дүниеге келген. 1928 ж. бірден екінші сыныпқа түсті, ал 1932 ж. – Қостанай педагогикалық техникумына және 4 жылдан кейін (7 жылдың орнына) оқу үздігі ретінде бастауыш мектеп мұғалімі аттестатын алды. 1935 ж. Қ.Р. Қостанай облысы Жетіөзен ауданы жетіжылдық мектебінің директоры болды. А.С. Пушкин ат. Орал пединститутының география факультетінде өзінің білімін жалғастырды. Чкаловскідегі әскери училищені аяқтағаннан кейін, I-ші Украин майданының артиллерия полкының взвод командирі ретінде соғысқа аттанды. 1951 ж. Қ. Р. ҚазКСР ҒА философия секторының аспиранты атанды. «Кеңестік ғылым дамуы үшін сын мен өзіндік
417
сынның дамуы» (1955 ж.) тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын табысты қорғағаннан кейін Құқық институтында, Алматы жоғары партия мектебінде оқытушылық қызмет атқарды. 1968 ж. Р. К.Х. «Астрономиядағы даму принципі» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 1969 ж. профессор атағын алады. 1971 ж. Күзінде Қазақстанның Орталық комитеті Қ.Х-ті С.М. Киров атындағы ҚазМУ философия кафедрасының меңгеру- шісі ретінде жолдайды, бұл жерде жиырма жылға жуық меңгерушілік етеді. Оның жетекшілігімен 50-ден аса шәкірттері кандидаттық және докторлық диссертация қорғады. ҚазСРО Жоғары Кеңесінің Мақтау қағазымен екі мәрте марапатталып, 1984 ж. «ҚазСРО ғылымының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы беріледі.
Негізгі ғылыми еңбектері: Диалектический материализм и современная астрономия. – Алматы, 1965; Дүниенің қазіргі заманғы ғылыми картинасы. – Алматы, 1985; Принципы диалектики. – Алматы, 1994.
РАССЕЛ Бертран (1872–1970) – ағыл. философ., логик, әлеуметтанушы- моралист, қоғам қайраткері. Р. қазіргі матем. логиканы дамытуға елеулі үлес қосты. Ол қатынастар логикасын дамытты, логикалық рәміз тілін жетілдірді. Уайтхедпен бірге Р. ғасырдың бас кезінде Фрегенің ізінше математиканы логикалық негіздеуге әрекет жасады (Логицизм). Оның қаламынан жаратылыстанудың филос. мәселелері жөнінде бірқатар еңбек- тер мен әртүрлі социол. тақырыптарға арналған көптеген эссалар туды. Р. философия ғылымның, діннің және дағдылы сананың арасындағы
«бейтарап жерді алып жатады, ал философияның мәні логикада, логикалық талдауда деп санады. Р. ағыл. неореализмінің, неопозитивизмнің бір түрі
– «логикалық атомизмнің» негізін қалаушылардың бірі. Р. бойынша, адам сезімдік деректермен істес болады, олардың сыртында әлдебір тәуелсіз сезімдік элементтер («сенсибилиялар»), әлдебір «фактілер» немесе «факті- лердің» агрегаттары тұрады. Фактілерді физ. деп те, психикалық деп те санауға болмайды – олар бейтарап («бейтарап монизм»). Р. бойынша
«бейтарап монизм» кезеңінде эмпирикалық жағынан дәлелденетін нәрсені таза физика саласына емес, физиканың психологиямен ұштасуына жатқызу керек, ол қандай болса да эмирикалық ғылымның елеулі құрамдас бөлігі ретінде қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |