374
Ресейге келіп, тіл үйрену мақсатымен Алтай өңіріне барып, оқытушылық
қызмет атқарады. В.В.Радлов әр түрлі ғылыми сипаттағы экспедицияларға
қатысып, фольклорлық үлгілерді
ғылыми тұрғыда жинап, қағазға
түсіреді. В.В.Радлов 1870 жылы «Түркі
тайпалары халық әдебиетінің
нұсқалары» деген көптомдық еңбегінің үшінші томында қазақ халқының
ауыз әдебиеті үлгілерін жариялады.
Сағди Ширази (1203-1292) — парсы-тәжік әдебиетінің классигі.
Шираз қаласында дін қызметкерінің отбасында өмірге келген. 1257
жылы «Бустан» дастанын (алғашқы аты «Сағдинаме») жазды. 1258
жылы “Гүлстан” атты шығармасын жариялады. Ақын екі шығармасын
да Шираздың билеушісі Әбу Бәкр ибн Сағдиге (1226 — 60) сыйға тартты.
Ресей ақыны А.С.Пушкиннің «Бақшасарай фонтаны», «Ескерткіш»
атты туындыларынан Сағди шығармаларының әсері байқалады. Ақын
М.Майлыкентидің «Тухфа уа жумхурият» атты өлеңмен жазылған
шығармасы мен “Бустан” дастанының
композициялық желісінің
ұқсастығын аңғаруға болады. Сағдидің «Бустан» дастанының үзінділері
қазақ тілінде (1966, 1973) басылып шықты.
Достарыңызбен бөлісу: