Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет105/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

Крачковский И.Ю. (1883-1951) – белгілі арабтанушы, араб 
әдебиетінің маманы. Негізгі еңбектері – «Қазіргі заманның әдебиетіндегі 
тарихи роман», «Араб географиялық әдебиеті», «Испаниядағы араб 
мәдениеті», «Эфиоп филологиясына кіріспе», Б.Тураевтің «ХІҮ-ХҮІ 
ғғ. Абиссиния хроникалары». Ол көптеген шетелдік академиялардың 
мүшесі болды: Дамаскадағы Араб, Польша Ғылым Академияларының 


373
толық мүшесі, Иран Ғылым Академиясының құрметті мүшесі болды. 
Қасиетті Құранды орыс тіліне аударушылардың бірі.
Махмуд Қашқари (1029-1101) – түркі ғалымы, әйгілі «Диуану лұғат-
ит-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты 
жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері қазіргі Қырғызстан 
жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан 
қаласы. Махмұд Қашқаридің әкесі белгілі қолбасшы, Барсханның әмірі 
болған. Ол кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени саяси 
орталықтарының бірі Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәріс алған, 
ұзақ жылдар тұрған. Оның аты жөніне қай жерден шыққанын көрсететін 
дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан. Өз заманының аса 
білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылған.
Марғұлан Ә.Х. (1904-1985) — қазақтың ұлттық археология мектебінің 
негізін қалаушы, шығыстанушы, әдебиеттанушы, өнертанушы, 
Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. 1925-1931 жылдары 
Ленинградтағы Шығыстану институтында және МГУ-дің Қоғамдық 
ғылымдар факультетінің шығыс бөлімінде оқыған. Тарих, археология
этнография, әдебиет және өнер салаларына қатысты ондаған кітап, үш 
жүзден астам ғылыми зерттеу және жүзден атсам энциклопедиялық 
мақалалар жариялаған.
Нәджип Әмір (1899-1991) – тіл білімі маманы, түркітанушы, филология 
ғылымы докторы. Семей облысы, Мақаншы ауданы, Бақты ауылында 
дүниеге келген. Москвада Шығыс тілдері институтын бітірген. Орыс, 
ағылшын тілдерінде «Қазіргі ұйғыр тілі» (1960), «XIV ғасыр ескерткіші 
– «Мұхаббатнама» туралы зерттеу» (1961), «Ұйғырша-орысша сөздік» 
(1968), «ХІV ғасыр ескерткіші – «Гүлістан» туралы зерттеу» және осы 
ескерткіштің тарихи-салыстырмалы сөздігінің авторы. Өмірінің соңғы 
жылдарында Жетісу, Алтын Орда және Египеттегі XI-XVI ғасырлардағы 
қыпшақ, оғыз, ұйғыр-қарлүқ тілдерінің 4 томдық салыстырмалы-тарихи 
сөздігін дайындады. 1991 жылы Москва қаласында дүниеден өтті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет