385
ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫ
Араб халифаты — халифалар басқарған араб-мұсылман
мемлекеттерінің Еуропа елдеріндегі атауы.
Мұхаммед пайғамбар Ба-
тыс Арабияда құрған мұсылман қауымы (Умма) Араб халифатының
ең алғашқы түп негізі болды. 632-56 жылдардағы халифаттың астана-
сы — Медине қаласы. Халифат тұсында
ислам дінінде сунниттер мен
шииттердің, хариджиттердің алғашқы діни-саяси ағымдары және түрлі
халифаттар (Омейя әулеті халифаты (929 — 1031), Аббас әулеті хали-
фаты (750), Фатима әулеті халифаты (909 — 1171), Кордова халифаты),
Сасани, Тулуни, Әли әулеті,
Тахир әулеті, Самани әулеті т.б. билеген
мемлекеттер мен жергілікті әмірліктер пайда болды. 1258 жылы Хулагу
хан бастаған монғол әскерлері Бағдадты алғаннан кейін Араб халифаты
мемлекет ретінде жойылды
Ассирия — біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың бас
кезінде Тигр өзенінің орта ағысы тұсында (қазіргі Ирак аумағы) құрылған
ірі мемлекет. Ассирияның болашақ астанасы Ашшур қаласы маңызды са-
уда жолдарының бойында орналасты. Біздің заманымыздан бұрынғы 14
ғасырда Митанияны жаулап алып, қуатты мемлекетке айналды. Ашшур-
банипалдан кейін
басталған елдегі дағдарыс, оны пайдаланған Мидия
мен Вавилонның біріккен күштерінің соққысы нәтижесінде біздің зама-
нымыздан бұрынғы 607 – 605 ж. Ассирия құлады.
Баласағұн – Қарахан мемлекетінің астаналарының бірі болған
ортағасырлық қала атауы. Жазба деректерде 10 ғасырдан бастап белгілі.
Ал Махмұт Қашқари Баласағұнның Күз-Ұлыс немесе Күз-Орда де-
ген басқа аттары болғанын хабарлайды.
Зерттеушілердің пікірінше,
Баласағұн алғашқыда (8 ғасыр) түрікше Беклік (Бекелік – бекініс),
соғдыша Семекне деп аталған. Баласағұн тұрғындары түркі және соғды
тілінде сөйлеген. Қала 1210 жылы Мұхаммед Хорезмшаһты жеңген
қарақытайлықтардың қол астына қарайды.
Достарыңызбен бөлісу: