Мәдениеттану пәні бойынша глоссарий
АКСИОЛОГИЯ- құндылықтар туралы ілім, адам қызметінің ба-ғытталғандығын, адамның іс-қылықтарының мотивациясын анықтайтын жалпы маңызды принциптердің философиялық теориясы.
АҚИҚАТ- танушы субъектінінің объектіні дәл күйінде бейнелеуі, оны өмірде бар күйінде, адамның өзінен және оның санасынан тыс және тәуелсіз көрсетуі; сезімдік, эмпирикалық тәжірибенің, ұғымдардың, идеялардың, пікірлердің, теориялардың, ілімдердің және диалектикалық дамушы дүниенің тұтас бейнесінің объективтік мазмұны.
АРАЛАСУ–қазақ дүниетанымының категориясы, жеке адамның ғана емес, жалпы қазақ халқының өмір кеңістігінде өзінің туысқандарымен, отандастарымен, адамзаттың басқа өкілдерімен бірге өмір сүру тәсілі.
АСЬІЛ АДАМ, БЕКЗАТ АДАМ (ЦЗЮНЬ-ЦЗЬІ)- адамгершілігі жоғары, жан-жақты жетілген, "алтын ортаға" жеткен, ізеттілік, шыншылдық, сақтық секілді қасиеттерге ие және басқа адамдардың адамгершіліктік жетілуіне көмектесуші адам. Конфуциийдің пікірінше, мұндай қасиеттерге мемлекетті билеуші, басқарушы адам ие. Бұл ұғымға қарсы ұғым - 'Төмен адам" ұғымы.
ГУМАНИЗМ(латынша һumanitas - адамшылық) – адамды басты құндылық деп танитын антропологиялық бағыт. Бастауын көне Римнен ал- ғанымен, жеке бағыт ретінде Ренессанс дәуірінде қарқынды дамыды.
КРЕАТИВТІЛІК- шығармашылықты тұлғаның, процес өнімнің мәдениет универсумын, индивидтің тәжірибесін немесе әлеуметтік маңыздылығын өзгертуде көрінетін тудырушы қабілеті.
КІСІЛІК- қазақ дүниетанымының категориясы, адамгерішілігі. мол, ағайын-бауыр, дос-жаран арасында, жалпы қоғамда беделді адам дегенді білдіреді.
МӘДЕНИЕТ- адам қызметін ұйымдастыру мен дамытудың ерекше тәсілі, материалдық және рухани еңбектің нәтижелерінде, әлеуметтік ережелер мен мекемелер жүйесінде, материалдық және рухани құндылық-тарда, адамдардың табиғатқа, өзара және өздеріне қатынастарында көрінеді.
МӘДЕНИЕТ ФИЛОСОФИЯСЫ- мәдениетті оның тарихи қалыптасуын және құрылымдық ерекшеліктерін толық қамти отырып зер-тейтін философиялық пән.
МЕНТАЛИТЕТ- ұжымдық және жеке сананың терең деңгейі. бейсаналыны да қамтиды. Менталитет - индивидтің немесе әлеуметтік топтың іс-әрекетке, ойлауға, дүниені белгілі бір түрде сезінуге және қабыл-уға дайындығының, ұстанымдарының және бейімділігінің жиынтығы.
Абулия – ми патологиясында пайда болатын iс-әрекетке итермелегiш күштiң болмауы, шешiмдi қабылдап әрекет ету немесе оны орындау керектiгiн түсiнуiндегi қабiлетсiздiгi.
Достарыңызбен бөлісу: |