Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысы
"Егемен Қазақстан" 2012.09.13., № 603 (27676), 2012.09.22., № 618-619 (27692), 2012.09.26., № 622-630 (27701), 2012.09.29. № 635-640 (27711); "Казахстанская правда" от 13.09.2012 г., № 308-309 (27127-27128), от 15.09.2012 г., № 312-313 (27131-27132), от 20.09.2012 г., № 318-319 (27137-27138), от 21.09.2012 г., № 320-321 (27139-27140), от 22.09.2012 г., № 322-323 (27141-27142), от 25.09.2012 г., № 324-325 (27143-27144), от 26.09.2012 г., 326-327 (27145-27146), от 27.09.2012 г., № 328-329 (27147-27149), от 29.09.2012 г., № 332-333 (27151-27152), от 03.10.2012 г., № 336-337 (27155-27156)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
17) «Бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысымен
бекiтiлген
«Бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттiк
қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, жоғары бiлiм беру ұйымдары (бұдан әрi — бiлiм беру ұйымдары) көрсетедi.
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттiк қызмет «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 4-бабы 9) тармағына және «Бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың түрлерi мен нысандарын және оларды беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1310 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат бiлiм беру ұйымының веб-сайтында орналастырылады.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi бiлiм туралы құжаттың телнұсқасы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
6. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға және Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызметтi алушы) көрсетiледi.
7. Мемлекеттiк қызметтiң көрсету мерзiмдерi:
1) мемлекеттiк қызметтi алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 20 минуттан аспайды;
2) мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiш берген сәттен бастап күнтiзбелiк 10 күн iшiнде.
8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
9. Мемлекеттiк қызмет демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейiн көрсетiледi. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен жүргiзiледi.
10. Мемлекеттiк қызмет бiлiм беру ұйымдарында көрсетiледi. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн күтуге және қажеттi құжаттарды дайындауға жағдайлар жасалады (күту залы, қажеттi құжаттардың тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендiлермен жабдықталған құжаттарды толтыруға арналған орын).
Дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың мемлекеттiк қызметтi кедергiсiз алуға қол жеткiзуiн қамтамасыз ету үшiн ғимараттарда арнайы жабдықталған пандус қарастырылады.
2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi
11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызметтi алушылар мынадай құжаттарды ұсынады:
1) құжатты жоғалтқан азаматтың бiлiм беру ұйымы басшысының атына оның жоғалу жағдайы баяндалған өтiнiшi;
2) құжатың нөмерi және берiлген күнi көрсетiлген құжаттың жоғалғаны жөнiндегi газеттен үзiндi;
3) туу туралы куәлiктiң немесе жеке куәлiктiң көшiрмесi;
4) жоғалған заттарды табу бюросынан анықтама.
12. Мемлекеттiк қызмет көрсету туралы ақпарат бiлiм беру ұйымдарының интернет-ресурстарында орналастырылады.
13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар бiлiм беру ұйымдарына тапсырылады.
14. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн барлық қажеттi құжаттарды тапсырған жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушыға қолхат берiледi, онда:
1) сұраныстың нөмiрi мен қабылданған күнi;
2) сұратылған мемлекеттiк қызметтiң түрi;
3) ұсынылған құжаттардың атаулары және саны;
4) құжаттарды беру күнi (уақыты) мен орны;
5) құжаттардың ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған бiлiм беру ұйымы өкiлiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;
6) мемлекеттiк қызметтi алушының тегi, аты, әкесiнiң аты, байланыс деректерi.
15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн жеткiзу мемлекеттiк қызметтi алушының (заңды өкiлiнiң) жеке қатысуымен асырылады.
16. Осы стандарттың 11-тармағына сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар ұсынылмаған жағдайда мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартылады. Мемлекеттiк қызметтi алушы көрсетiлген кедергiлердi жойған жағдайда өтiнiш жалпы негiзде қарастырылады.
Мемлекеттiк қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтi ұсынудан бас тартылғаны туралы дәлелдi жауапты бiлiм беру ұйымынан алады.
3. Жұмыс қағидаттары
18. Бiлiм беру ұйымының қызметi заңнамалық және нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуына негiзiнделедi және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оны сақтау, қорғау және құпиялығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелерi
17. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
18. Мемлекеттiк қызметтiң сапасы мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мақсатты мәнi жыл сайын Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.
5. Шағымдану тәртiбi
20. Бiлiм беру ұйымы қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiлiм беру ұйымының оқу бөлiмiнен алуға болады.
21. Шағымдар ауызша немесе жазбаша түрде телефонмен, поштамен немесе ұйым кеңсесi арқылы жұмыс күндерi қолма-қол қабылданады.
22. Көрсетiлген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушылар апелляцияның жоғарғы инстанциясы – Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне жүгiне алады.
23. Көрсетiлген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
24. Бiлiм беру ұйымына шағым беру үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы еркiн үлгiде өз қолымен жазған өтiнiшiн тапсырады.
25. Қабылданған шағымдар жоғары оқу орнының кiрiс ақпараттары журналына тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгiленген мерзiмде қарастырылады. Мемлекеттiк қызметтi алушыға қабылдау мерзiмi мен уақыты көрсетiлген, қабылдаған қызметкердiң аты-жөнi жазылған талон берiледi.
Шағымды қарастыру нәтижесi туралы мемлекеттiк қызметтi алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
«Бiлiм туралы құжаттардың
телнұсқаларын беру»
мемлекеттiк қызмет стандартына
қосымша
Кесте. Сапа және қол жетiмдiлiк көрсет кiштерiнiң мәнi
Сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерi
|
Көрсеткiштердiң нормативтiкмәнi
|
Көрсеткiштiң келесi жылға мақсатты мәнi
|
Есептi жылғы көрсеткiштердiң ағымдағы мәнi
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1. Уақытылығы
|
1.1. Құжатты тапсырған кезден бастап белгiленген мерзiмде қызметтiң көрсетiлу жағдайларының % (үлесi)
|
|
|
|
2. Сапасы
|
2.1. Көрсетiлген қызметтiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)
|
|
|
|
3. Қолжетiмдiлiгi
|
3.1. Көрсетiлген қызмет сапасымен және қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпаратпен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)
|
|
|
|
3.2. Электронды форматта қол жететiн ақпараттардың, қызметтердiң % (үлесi)
|
|
|
|
4. Шағымдану процесi
|
4.1. Қолданыстағы шағымдану тәртiбiмен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)
|
|
|
|
5. Сыпайылық
|
5.1. Қызмет көрсетушiнiң сыпайлығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесi)
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |