Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы
30 шілдедегі № 281
қаулысымен бекітілген
«Техникалық және кәсіптік білім туралы
құжаттардың телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11220 болып тіркелген) бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес әзірленген, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқасы (бұдан әрі - телнұсқа).
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
Мемлекеттік қызмет нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимылы тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының өтініші және көрсетілетін қызметті берушінің кеңседе көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) қабылдауы болып табылады:
1) осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттың жоғалу мән-жайлары немесе басқа да себептері (тегінің, атының, әкесі атының (бар болса) өзгеруі, жарамсыздығы немесе оны толтыру кезіндегі қателер) баяндалған өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшін);
3) құжаттың нөмірі және берілгенін тіркеу күні көрсетілген, азамат құжатының жоғалғаны жөніндегі ақпаратты орналастырған күннен бастап жарияланған мерзімі күнтізбелік 10 күннен аспаған мерзімді баспа басылымынан үзінді немесе бүлінген құжаттың түпнұсқасын ұсыну.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасын қабылдауды жүзеге асырады, оларды тіркейді, құжаттарды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, сондай-ақ мөртабан, кіріс нөмірі және күні көрсетіле отырып, қолхат береді және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына береді, 20 (жиырма) минут ішінде;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттар топтамасымен танысады, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды, құжаттар топтамасына тиісті бұрыштаманы қойып, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді, 3 (үш) сағат ішінде;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын зерделейді, телнұсқа жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына береді, күнтізбелік 28 (жиырма сегіз) күн ішінде;
-
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы шешім қабылдап, телнұсқаға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне береді, 4 (төрт) сағат ішінде;
-
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға телнұсқаны береді, 15 (он бес) минут ішінде.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) құжаттар топтамасын тіркеу (көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері);
2) бұрыштама (көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы);
3) телнұсқа жобасын дайындау (көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы);
4) телнұсқаға қол қою (көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы);
5) көрсетілетін қызметті алушыға телнұсқаны беру (көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері).
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
8. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау, әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасын қабылдауды жүзеге асырады, оларды тіркейді, құжаттарды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, сондай-ақ мөртабан, кіріс нөмірі және күні көрсетіле отырып, қолхат береді және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына береді, 20 (жиырма) минут ішінде;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттар топтамасымен танысады, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды, құжаттар топтамасына тиісті бұрыштаманы қойып, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді, 3 (үш) сағат ішінде;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын зерделейді, телнұсқа жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына береді, күнтізбелік 28 (жиырма сегіз) күн ішінде;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы шешім қабылдап, телнұсқаға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне береді, 4 (төрт) сағат ішінде;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға телнұсқаны береді, 15 (он бес) минут ішінде.
Рәсімдерді (іс-қимылдарды) сипаттау реттілігі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәрбін сипаттау
9. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының ХҚО-ға құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) ұсынуы болып табылады:
1) осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық және кәсіптік оқу орны басшысының атына өтініш, онда білім туралы құжаттың жоғалу мән-жайлары немесе басқа да себептері (тегінің, атының, әкесі атының (бар болса) өзгеруі, жарамсыздығы немесе оны толтыру кезіндегі қателер) баяндалады;
2) жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшін);
3) құжаттың нөмірі және берілгенін тіркеу күні көрсетілген, азамат құжатының жоғалғаны жөніндегі ақпаратты орналастырған күннен бастап жарияланған мерзімі 10 жұмыс күннен аспаған мерзімді баспа басылымынан үзінді немесе бүлінген құжаттың түпнұсқасын ұсыну.
10. ХҚО-ға жүгіну тәртібі, көрсетілетін қызметті беру сауалының өңдеу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті алу үшін ХҚО-ға құжаттар топтамасын ұсынады;
2) ХҚО инспекторы өтініш толтырылуының дұрыстығын және құжаттар топтамасының толық болуын тексереді. Өтінішті дұрыс және толық толтыру, құжаттар топтамасын толық ұсыну сақталған жағдайда, ХҚО инспекторы өтінішті «Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ХҚО ЫАЖ) тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді, 10 (он) минут ішінде.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді, 10 (он) минут ішінде;
3) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ХҚО инспекторы ХҚО ұсынған нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады, 5 (бес) минут ішінде;
4) ХҚО инспекторы көрсетілетін қызметті алушының тұлғасын сәйкестендіреді, көрсетілетін қызметті алушы туралы тиісті ақпаратты және берілген құжаттар тізімін ХҚО ЫАЖ-ға енгізеді, 5 (бес) минут ішінде;
5) ХҚО инспекторы құжаттар топтамасын дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды, күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде;
6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ХҚО инспекторы ұсынған құжаттар топтамасын қабылдауды жүзеге асырады, оларды тіркейді, көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына береді, 20 (жиырма) минут ішінде;
7) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды, құжаттар топтамасына тиісті бұрыштаманы қояды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді, 3 (үш) сағат ішінде;
8) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын зерделейді, телнұсқа жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына береді, күнтізбелік 28 (жиырма сегіз) күн ішінде;
9) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы шешім қабылдап, телнұсқаға қол қояды және оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне береді, 4 (төрт) сағат ішінде;
10) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ХҚО инспекторына телнұсқаны береді, 15 (он бес) минут ішінде;
11) ХҚО инспекторы құжаттар топтамасының қабылданғаны туралы қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға телнұсқаны береді, 15 (он бес) минут ішінде.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің ХҚО арқылы функционалдық өзара іс-қимылын сипаттау осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік
білім беретін оқу орындарының тізімі
№
|
Мекеменің ресми тілдегі атауы
|
Орналасқан жері
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет уақыты
|
1
|
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Айыртау ауданының Саумалкөл а. агротехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы,
Саумалкөл селосы
|
Күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін,
сағат 9-дан
18-ге дейін,
түскі үзіліс
сағат
13-тен
14-ке дейін
|
2
|
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Петропавл қаласының машина жасау колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы,
Студент көшесі, 1
|
Күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін,
сағат 9-дан
18-ге дейін,
түскі үзіліс
сағат
13-тен
14-ке дейін
|
3
|
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
|
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы,
Студент көшесі, 1
|
Күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін,
сағат 9-дан
18-ге дейін,
түскі үзіліс
сағат
13-тен
14-ке дейін
|
4
|
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
|
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы,
Абай көшесі, 28
|
Күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін,
сағат 9-дан
18-ге дейін,
түскі үзіліс
сағат
13-тен
14-ке дейін
|
5
|
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Петропавл темір жол көлігі колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
|
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы,
Ю. Медведев көшесі, 1
|
Күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін,
сағат 9-дан
18-ге дейін,
түскі үзіліс
сағат
13-тен
14-ке дейін
|
6
|
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Петропавл кәсіптік колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы,
3 Кірпіш қиылысы, 1
|
Күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін,
сағат 9-дан
18-ге дейін,
түскі үзіліс
сағат
13-тен
14-ке дейін
|
7
|
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Тимирязев аграрлы-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы,
Тимирязев селосы,
Комсомольская көшесі, 19
|
Күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін,
сағат 9-дан
18-ге дейін,
түскі үзіліс
сағат
13-тен
14-ке дейін
|
8
|
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Қызылжар аграрлы-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы,
Боголюбово селосы
|
Күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін,
сағат 9-дан
18-ге дейін,
түскі үзіліс
сағат
13-тен
14-ке дейін
|
9
|
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Новоишимка аграрлы-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
Солтүстік Қазақстан облысы,
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Новоишим селосы,
Абылай хан көшесі, 2
|
Күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін,
сағат 9-дан
18-ге дейін,
түскі үзіліс
сағат
13-тен
14-ке дейін
|
10
|
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Қазақстан облыс әкімінің «Солтүстік Қазақстан медицина колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
|
Солтүстік Қазақстан облысы,
Петропавл қаласы,
Шухов көшесі, 42
|
Күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін,
сағат 9-дан
18-ге дейін,
түскі үзіліс
сағат
13-тен
14-ке дейін
|
11
|
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Жәлел Қизатов атындағы Есіл ауылшаруашылық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
|
Солтүстік Қазақстан облысы,
Есіл ауданы, Покровка селосы,
Құрылыс к. 49 «а»
|
Күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін,
сағат 9-дан
18-ге дейін,
түскі үзіліс
сағат
13-тен
14-ке дейін
|
12
|
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Айыртау ауыл шаруашылық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
Солтүстік Қазақстан облысы,
Айыртау ауданы,
Лобаново селосы
|
Күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін,
сағат 9-дан
18-ге дейін,
түскі үзіліс
сағат
13-тен
14-ке дейін
|
13
|
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Ленинград ауыл шаруашылық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
Солтүстік Қазақстан облысы,
Ақжар ауданы,
Ленинград ауылы,
Кенесары көшесі, 86
|
Күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін,
сағат 9-дан
18-ге дейін,
түскі үзіліс
сағат
13-тен
14-ке дейін
|
14
|
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Аққайың ауданының аграрлық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
Солтүстік Қазақстан облысы,
Аққайың ауданы,
Қиялы аулы,
Учебная көшесі, 15
|
Күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін,
сағат 9-дан
18-ге дейін,
түскі үзіліс
сағат
13-тен
14-ке дейін
|
15
|
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
Солтүстік Қазақстан облысы,
Петропавл қаласы,
К. Кеншинбаев көшесі, 11
|
Күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін,
сағат 9-дан
18-ге дейін,
түскі үзіліс
сағат
13-тен
14-ке дейін
|
16
|
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Петровка аграрлы-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
Солтүстік Қазақстан облысы,
Есіл ауданы,
Петровка селосы,
Жарков көшесі, 86
|
Күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін,
сағат 9-дан
18-ге дейін,
түскі үзіліс
сағат
13-тен
14-ке дейін
|
17
|
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Рузаевка аграрлы-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
Солтүстік Қазақстан облысы,
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы,
Рузаевка селосы,
Каримов көшесі, 1
|
Күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін,
сағат 9-дан
18-ге дейін,
түскі үзіліс
сағат
13-тен
14-ке дейін
|
18
|
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Тайынша агробизнес колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
Солтүстік Қазақстан облысы,
Тайынша ауданы,
Тайынша қаласы,
Қазақстан Конституциясы
көшесі, 261
|
Күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін,
сағат 9-дан
18-ге дейін,
түскі үзіліс
сағат
13-тен
14-ке дейін
|
19
|
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
Солтүстік Қазақстан облысы,
Уәлиханов ауданы,
Кішкенекөл селосы,
Жамбыл көшесі, 140
|
Күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін,
сағат 9-дан
18-ге дейін,
түскі үзіліс
сағат
13-тен
14-ке дейін
|
20
|
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Кәсіптік даярлау және қызмет көрсету колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
Солтүстік Қазақстан облысы,
Мағжан Жұмабаев ауданы,
Булаев қаласы,
Строительная көшесі, 36 б
|
Күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін,
сағат 9-дан
18-ге дейін,
түскі үзіліс
сағат
13-тен
14-ке дейін
|
21
|
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
|
Солтүстік Қазақстан облысы,
Петропавл қаласы,
Мир көшесі, 262
|
Күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін,
сағат 9-дан
18-ге дейін,
түскі үзіліс
сағат
13-тен
14-ке дейін
|
22
|
«Музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат-өнер колледжі Кешені» мемлекеттік мекемесі
|
Солтүстік Қазақстан облысы,
Петропавл қаласы,
Интернациональная көшесі, 81
|
Күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін,
сағат 9-дан
18-ге дейін,
түскі үзіліс
сағат
13-тен
14-ке дейін
|
«Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Нысан
_______________________________
________________________________
/ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) толық/
________________________________ ________________________________
/тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) толық /
______________________
/оқу орнының атауы, бітірген жылы/
_______________________________
____________ мамандығы бойынша
(мамандық атауы)
өзгерген жағдайда оқу орнының атауы және мекенжайы
Өтініш
Маған__________________________________________________________ /себебін көрсету/
__________________________________________________________________
_______________________________байланысты дипломның телнұсқасын беруіңізді сұраймын
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
«____»_______________20 __ж. ____________________
/қолы/
«Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша
Нысан
Көрсетілетін қызметті алушының
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
(бұдан әрі – Т.А.Ә.
немесе көрсетілетін қызметті
алушы ұйымының атауы
________________________________
(көрсетілетін қызмет алушының мекенжайы)
Құжаттардың қабылдағаны
туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының № __ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
құжаттардың атауы:
-
_______________________________;
-
_______________________________;
-
....
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (қолы)
Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Телефоны ___________
Алдым: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ ж. «___» _________
«Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
4-қосымша
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету
бизнес-процестерінің анықтамалығы
Құжаттар топтамасымен танысады, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды, құжаттар топтамасына тиісті бұрыштаманы қойып, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді,
3 (үш) сағат ішінде
Құжаттар топтамасын қабылдауды жүзеге асырады, оларды тіркейді, құжаттарды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, сондай-ақ мөртабан, кіріс нөмірі және күні көрсетіле отырып, қолхат береді және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына береді,
20 (жиырма) минут ішінде
Көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын зерделейді, телнұсқа жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына береді, күнтізбелік 28 (жиырма сегіз)
күн ішінде
Көрсетілетін қызметті алушыға
телнұсқаны береді,
15 (он бес) минут ішінде
Шешім қабылдап,
телнұсқаға қол қояды
және оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне береді,
4 (төрт) сағат ішінде
Шартты белгілер:
|
- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;
|
|
- көрсетілетін қызметті беруші рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) құрылымдық-функционалдық бірліктің атауы;
|
|
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.
|
«Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
5-қосымша
ХҚО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің
анықтамалығы
Өтініштің толтырылуының дұрыстығын және құжаттар топтамасының толық болуын тексереді және көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді
(10 минут ішінде)
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
құжаттар топтамасын қабылдап, тіркейді,
(20 минут ішінде)
ХҚО АЖ-да электрондық құжатты тіркеу
(5 минут)
Көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін тексеруге
ЖТ МДҚ /
ЗТ МДҚ-ға
сұраныс жіберу (1,5 минут)
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттар топтамасымен
танысады, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды
(3 сағат ішінде)
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын зерделейді, телнұсқа жобасын дайындап, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді, (күнтізбелік 28 күн ішінде)
(15 минут ішінде)
Көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат түрінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру
(15 минут ішінде)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат (10 минут ішінде)
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шешім қабылдап, телнұсқаға қол қояды
(4 сағат ішінде)
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ХҚО инспекторына телнұсқаны береді (15 минут ішінде)
Шартты белгілер:
|
- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;
|
|
- көрсетілетін қызметті беруші рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) құрылымдық-функционалдық бірліктің атауы;
|
|
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.
|
|
|
ЖТ МДҚ - «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры
ЗТ МДҚ - «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры
ХҚО АЖ - халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі
Достарыңызбен бөлісу: |