78
в)
г)
54-сурет. Сұлбадағы орамдардың шартты белгілері: а. ескі үлгідегі
электр қозғалтқыштарындағы орамдарды белгілеу; б. жаңа үлгідегі электр
қозғалтқыштарындағы орамдарды белгілеу; в. ескі үлгідегі электр
қозғалтқыштарындағы орамдарды белгілеу; г. жаңа үлгідегі электр
қозғалтқыштарындағы орамдарды белгілеу
Осы өткізгіштердің қосылуына байланысты электрқозғалтқыштың
қоректендіру желісінің кернеуі жəне статордың
номиналды тогы сияқты
параметрлері өзгереді. Электрқозғалтқыштың орамдарын қандай схема
бойынша қосу қажет екендігі туралы паспорттық деректерден білуге болады.
Орамдарды қосудың негізгі схемалары Үшбұрыш (Δ белгіленеді) жəне
Жұлдыз (Y белгіленеді) болып табылады.
Ескертпе: кейбір электр қозғалтқыштардың клемдік қорабында тек үш
Шығысты көруге болады — бұл қозғалтқыш
орамдары оның статорының
ішінде қосылғанын білдіреді. Əдетте, статордың ішінде орамдар электр
қозғалтқышты жөндеу кезінде қосылады (егер
зауыттық орамдар жанып
кеткен жағдайда). Мұндай қозғалтқыштарда орамалар əдетте "жұлдыз"
схемасы бойынша жалғанады жəне желіге 380 Вольт қосуға есептелген.
Мұндай қозғалтқышты қосу үшін оны үш шығаруға үш фазаны беру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: