Қазақстан Республикасы білім жəне ғылым министрлігі «Кəсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Ж. У. Жубандыкова, З. А. Баймаханова



Pdf көрінісі
бет80/84
Дата20.10.2022
өлшемі3.37 Mb.
#463071
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84
1 Электр тізбек. электр жабдықтарын монтаждау, пайдалану, жөндеу жəне баптауэлектр тізбектерінің электр жабдықтарын монтаждау, пайдалану, жөндеу жəне баптау (1)

 
Бақылау сұрақтары: 
1. Вакуумдық ажыратқыштар не үшін қызмет етеді? 
2. Вакуумдық ажыратқыштардың жұмыс принципі туралы айтып 
беріңіздер. 
3. Вакуумдық ажыратқыштардың негізгі ақауларын атаңыз. 
4. Негізгі типтік ақауларды диагностикалау тəсілдері мен жою əдістерін 
атаңыз. 
4.10 № 9 практикалық жұмыс. Күштік кабельдерді сынау 
Энергожүйелер 
мен 
өнеркəсіптік 
кəсіпорындардың 
электр 
қондырғыларындағы жаңадан енгізілетін жəне қолданыстағы электр 
жабдықтары Электр қондырғыларын орнату қағидаларына (ЭҚЕ) сəйкес 
тексеріледі жəне сыналады.
31,тарау 8,пар.29 . 
Кабель желілерінің зақымдануының негізгі себептері:
а) механикалық зақымданулар;
б) конструкциялар мен муфталардың монтаждау ақаулары;
в) оқшауламаның ескіруі;
г) қабықтың коррозиясы;
д) төсемнің ақаулары;
е) кабельдердіңаса жүктелуі.
Муфталардың конструкциясы мен монтаждау ақаулары, əсіресе, төсеу 
жəне монтаждау кезінде, сондай-ақ пайдалану процесінде кəбілдердің 
механикалық зақымдануы 35-70% жалпы зақымдану санынан құрайды. 
Бұл жұмыстың негізгі міндеті мегаомметрқолдану арқылы күштік 
кабель желілерінің оқшаулама кедергісінің өлшеу əдістемесін игеру жəне 
зерттеу болып табылады.
Бұл жұмысты орындаудың өзектілігі білім алушылар күштік 
кабельдік желіні сынау бойынша тəжірибелік дағдыларды игереді,сынақ 
жүргізу технологиясымен жəне қауіпсіздік техникасы ережелерінің 
талаптарымен танысады.
Зертханалық-тəжірибелік стендтің құрылғысы (92, 93-сурет) күштік 
кабельдік желінің түрлі күй режимдерін қоюға жəне жоғарыда көрсетілген 
қағидалардың талаптарына сəйкес күштік кабелдерді тиісті өлшеуді, 
сынауды жəне тексеруді жүргізуге мүмкіндік береді.
Кернеуі 1000В дейінгі күштік жəне бақылау кабелдерінің оқшаулау 
кедергісін өлшеу ұқсас жүргізіледі (бұл ретте күштік кабелдердің желілерін 
ажыратылған 
коммутациялық 
аппараттардан 
ажыратпауға 
рұқсат 
етіледі)
31,табл.97 . 


128 
92-сурет. 1000В жоғары күштік кабель желілері оқшауламасының кедергісін 
өлшеуге арналған схема 
Жоғары вольтты кабельді жоғары кернеумен сынау аяқтал-ғаннан 
кейін оны 15 минутқа жерге тұйықтау, содан кейін мегаом-метрмен 
оқшаулау кедергісін қайта өлшеу қажет. 
93-сурет Жоғары түзетілген кернеумен күштік кабельдің оқшаулауын 
сынауға арналған схема 
Жұмыс дəптерінің бастапқы жазбаларында мынадай мəліметтер болуы 
тиіс: 
 өлшеу күні, 
 температура, ылғалдылық жəне қысым, 
 жабдықтың атауы, түрі, 
 сынау объектісінің номиналды деректері, 
 сынау нəтижелері: жоғары кернеумен сынауға дейінгі жəне одан 
кейінгі оқшаулау кедергісі, сынау кернеуі, сынау кернеуін қолдану уақыты
сынау басында жəне сынау кернеуін алу алдында ағу токтары, қолданылатын 
сынау схемасы. 


129 
Сынаулардың барлық деректері ЭҚЕ талаптарымен салыстырылады 
жəне салыстыру негізінде кабельдің пайдалануға жарамдылығы туралы 
қорытынды беріледі 
31 . 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет