ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Б.ГОНЧАРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АВТОМОБИЛЬ-ЖОЛ ИНСТИТУТЫ
«Көлік және тасымалдауды ұйымдастыру» кафедрасы
Б Е К І Т Е М І Н
Кафедрасы меңгерушісі
_____________ Айдарбеков Е.К.
«____»____________2009 ж.
Дипломдық жобаның
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАСЫ
Жобаның тақырыбы: «Шардара қаласының КЖТ жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарын қолдану арқылы қозғалыс қауіпсіздігін арттыру»
Кеңесшілер:
тіршілік қауіпсіздігі бойынша
_______________________________
т.ғ.к., доцент ___________________
қоршаған ортаны қорғау бойынша
_______________________________
т.ғ.к., доцент ___________________
экономикалық бөлім бойынша
_______________________________
Э.ғ.к., доцент ____________________
Бизнес-жоспарлау бойынша
_______________________________
Аға оқытушы __________________
Пікір білдіруші
_______________________________
|
Дипломдық жобаның жетекшісі т.ғ.к., аға оқытушы
_______________________________
_______________________________
Орындаған ______________________
тобының студенті
_________________________
__________________________
|
Алматы 2009
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Б.ГОНЧАРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АВТОМОБИЛЬ-ЖОЛ ИНСТИТУТЫ
«Көлік және тасымалдауды ұйымдастыру» кафедрасы
050901 – «Жол қозғалысын ұйымдастыру»
Б Е К І Т Е М І Н
«Көлік және тасымалдауды ұйымдастыру»
кафедрасының меңгерушісі
________________________ Айдарбеков Е.К.
«____»___________________2009 ж.
Дипломдық жобаны орындауға
№ Т А П С Ы Р М А
_____________ тобының студенті ________________________________
Дипломдық жобаның тақырыбы
«Шардара қаласының КЖТ жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарын қолдану арқылы қозғалыс қауіпсіздігін арттыру»
Институт бойынша «___» ________ 2009 ж. №______________ бұйрықпен бекітілген
Жасалынған орындауға қажетті бастапқы мәліметтер
Диплом алдындағы іс-тәжірибесін өту барысында жинақталған мәліметтер
Жеке тапсырма Шардара қаласының Қолдасов КЖТ транспорт құралдары қиылыстағы фаза бойынша ажырату схемасын таңдау және бағдаршамдар белгілеу параметрлерін есептеу.
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
№
|
Бөлімдер
|
Орындау мерзімі
|
Кеңесшілер
|
1.
|
Шардара қаласының берілген КЖТ техникалық – экономикалық негіздеу
|
|
|
2.
|
Технологиялық бөлім
|
|
|
3.
|
Көшелер жүйесіндегі қозғалысты ұйымдастыру
|
|
|
4.
|
Шардара қаласының Қолдасов КЖТ транспорт құралдарын қиылыстағы фаза бойынша ажырату схемасын таңдау және бағдаршамдық белгілеу параметрлерін есептеу
|
|
|
5.
|
Тіршілік қауіпсіздігі
|
|
|
6.
|
Қоршаған ортаны қорғау
|
|
|
7.
|
Экономикалық бөлім
|
|
|
8.
|
Бизнес жоспарлау
|
|
|
9.
|
Қорытынды
|
|
|
СЫЗБА МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ТІЗБЕСІ
№
|
Сызулардың атауы
|
Сызу саны
|
Орындау мерзімі
|
Кеңесшілер
|
1.
|
Берілген КЖТ сұлбасы
|
1
|
|
|
2.
|
ЖКО талдау
|
1
|
|
|
3.
|
Шардара қаласындағы Қолдасов көшесінің жол қозғалыс қауіпсіздігін жақсартатын шаралар жасау
|
6
|
|
|
4.
|
Техникалық-экономикалық көрсеткіштер
|
1
|
|
|
Тапсырманың берілген мерзімі «____»_________________________2009 ж.
Дипломдық жобаның жетекшісі _______________________ ________________
Тапсырманы қабылдап алдым _______________________ ________________
МАЗМҰНЫ
|
Бет
|
АННОТАЦИЯ..............................................................................................
|
4
|
КІРІСПЕ.......................................................................................................
|
5
|
1. ШАРДАРА ҚАЛАСЫНЫҢ БЕРІЛГЕН КЖТ ТЕХНИКАЛЫҚ-
ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕУ...........................................................
|
6
|
2. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ..............................................................
|
19
|
3. КӨШЕЛЕР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚОЗҒАЛЫСТЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУ.....................................................................................
|
27
|
4. ШАРДАРА ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОЛДАСОВ КЖТ ТРАНСПОРТ ҚҰРАЛДАРЫН ҚИЫЛЫСТАҒЫ ФАЗА БОЙЫНША АЖЫРАТУ СХЕМАСЫН ТАҢДАУ ЖӘНЕ БАҒДАРШАМДЫҚ БЕЛГІЛЕУ ПАРАМЕТРЛЕРІН ЕСЕПТЕУ.....................................
|
40
|
5. ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ..................................................................
|
50
|
6. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ......................................................
|
60
|
7. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ..............................................................
|
67
|
8. БИЗНЕС-ЖОСПАРЛАУ.......................................................................
|
74
|
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................
|
82
|
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................................
|
83
|
|
|
|
|
|
|
КазАДИ 300440.00.656.113.ТЖ
|
|
|
|
|
|
Өлш.
|
Пар.
|
Құжат
|
Қолы
|
Күні
|
Студент.
|
|
|
|
Түсіндірме жазбасы
|
Литер
|
Бет
|
Беттер
|
Жетекші
|
|
|
|
|
|
|
Консульт
|
|
|
|
|
|
|
Н. бақылау
|
|
|
|
|
|
|
Кафед.мең.
|
|
|
|
|
|
|
АННОТАЦИЯ
______________
«Шардара қаласының КЖТ жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарын қолдану арқылы қозғалыс қауіпсіздігін арттыру» - М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҚМУ, Шымкент 2008 ж. ____ бет, ____ сурет.
Дипломдық жобада: берілген көше-жол тораптарында соңғы 5 жылда жүргіншілердің қатысуымен болған ЖКО-лардың талдамасы жасалған. Шардара қаласының Қолдасов КЖТ өткізу мүмкіндігіне еспетеулер жүргізілді және көшелер жүйесіндегі қозғалысты ұйымдастыру бойынша шаралар жаслынды. Қолдасов КЖТ қиылыстарындағы автомобильдер іркілістеріне зерттеу жұмыстары жасалынды. Берілген КЖТ транспорт құралдарының бағыттары бойынша қозғалыс қарқындылығын есептедік Берілген КЖТ жол-көлік оқиғаларының санын азайту бойынша қажетті шаралар жасалынды. Тіршілік қауіпсіздігі бөлімінде жүргізушілердің жұмыс және демалыс тәртіптері көрсетіліп жол қозғалыс апаттарына әсер ету қасиеттері бөлгіленді. Осы тәртіптерді сақтау ережелері жүргіншілердің өміріне және денсаулығына зиян келтіруден сақтау іс-шаралар жасалынды. Қоршаған ортаны қорғау бөлімінде берілген жолдың транспорт құралдарының қозғалтқышынан шығатын пайдаланылған газдардың құрамында зиянды заттар қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсер етуден сақтау іс-шаралар және талаптар көрсетілді. Экономикалық бөлімінде ұсынылып отырған іс-шараларды енгізуден алынатын экономикалық тиімділігі есептелген және олардың ақталу мерзімі анықталған. Бизнес-жоспарлау бөлімінде берілген жобаның бизнес жоспарлау бойынша қажетті талдау жасалынды.
АННОТАЦИЯ
________________
«Повышение безопасности дорожного дивижсния с применснием тсхнических средств регулирования на УДС в г. Шардара» - ЮКГУ им. М. Ауезова, Шымкент 2009 г., ___ стр., ____ рис.
В дипломном проекте разработаны рекомендации и мероприятия по улучшению безопасности дорожного движения по улице Колдасова г. Шардара. Па основе статистических данных произвсден анализ ДТП, произошедших на данной УДС за 2003-2007 годы. Произведены необходимыс мероприятия по расмсту пропускной способности дороги. С целью улучшения организации дорожного движения по улицс Колдасова рскомендовано рекоиструкция остановочных пункта, внедрение дорожных знаков и разметки. Рассмотрены вопросы экологии. Рассчитан экономический эффект от внедрения мероприятий по улучшению безопасности дорожным движением и определен срок ее окупаемости, а также по данному проекту были выполнены мероприятия по бизнес-планированию.
КІРІСПЕ
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін транспорт құралдарының құрылысының алатын орны ерекше. Отандық және шет елдік өнеркәсіп шығарып жатқан транспорт құралдары негізінен қазіргі заман талаптарына толық жауап береді. Бірақ оларды пайдалану жағдайларының әр алуандығы мен күрделілігі барлық жағынан да оңтайлы, тиімді болып табылатын автомобиль құрылысының жеткілікті дәрежедегі шегін белгілеуге мүмкіндік бермейді.
Әсіресе бұл қағида автомобильдердің қауіпсіздігіне қатысты болып табылады. Өз кезегінде транспорт құралдарының қауіпсіздігі адамдар үшін жоғары қауіптілік көзі болып есептеледі. Бұл қауіптілік, автомобиль қозғалтқыштарының қуаты мен автомобильдердің жылдамдығының күн сайын жоғары қарқынмен өсуі салдарынан қозғалыс қауіпсіздігі бірінші кезектегі әлеуметтік мәселелердің біріне айналып отырған, соңғы жылдары күр артып отыр. Бұлардың барлығы жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бойынша тиімді шаралар қабылдау қажеттілігін тудырып отыр.
Қазіргі заман талаптарына сай ғылыми зерттеулер мен нақты жұмыс тәжірибелері жоғарыда аталған келеңсіз жағдайлардың себептерін түсіндіруге және автомобильдендірудің қажетсіз салдарларынан қысқарту мен жою жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді. Жол қозғалысының қауіпсіздігі әр алуан себептерге байланысты. Олардың ерекшеліктерін талдау және анықтау үшін, зерттеу ыңғайлылығы мақсатында барлық факторлар шартты түрде өзара байланысты үш бөлікке бөлінеді: автомобиль, жүргізуші және жол. Бұл жағдайда жол түсінігіне жолдың өзі, оның жабдықтары және барлық қоршаған жағдайлар мен қозғалыстың ауа-райы мен климаттық жағдайлары кіреді. Бұл бөліктерді «Жүргізуші-автомобиль-жол» деп аталатын бірыңғай жүйеге біріктіру жол қозғалысын кешенді түрде оңтайландыруға, оның жеке элементтерінің бір-біріне өзара сәйкестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл жүйенің әрбір элементін, оның басқа элементтермен өзара байланысының жоғарғы тиімділігіне қол жеткізе отырып, тиянақты түрде зерттеу және оларды жетілдіру қажет.
Алайда үлкен маңыздағы экономикалық және әлеуметтік қызметтерді орындағанына қарамастан, автомобиль транспорты бірқатар келеңсіз жағдайлардың немесе құбылыстардың басты себепкері болып табылады. Жыл сайын тек қана жол-транспорт оқиғалары салдарынан әлемде шамамен 300 мыңдай адам қайтыс болып, бірнеше миллиондаған адамдар дене жарақатын алады.
1. ШАРАДАРА ҚАЛАСЫНЫҢ БЕРІЛГЕН КЖТ ТЕХНИКАЛЫҚ-
ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕУ
1.1. Көшелер мен жолдар жүйелеріндегі апаттылықты талдау
Жергілікті сипаттағы және апаттылық ошақтарында жүргізілетін, жол жағдайларын жетілдіру шараларымен қатар, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар шаралар автомобиль жолдары мен көшелердің ұзындығы үлкен аралықтарында да жүргізіледі - бұл қолдың жүріс бөлігінің енін кеңейтумен байланысты, жолды қайта салу, жол бетінің қаптамасын жөндеу немесе жаңадан төсеу, жол белгілерінің тіректерін алмастыру, жол бетіне жол таңбаларын салу және т.с.с. Сондықтан да, жолдар мен көшелердің қауіпті бөліктері жергілікті ғана емес, сонымен бірге таралған да болып келеді. Жолдың мұндай бөліктеріндегі шаралар үлкен материалдық шығындарды қажет етеді және оларды ұйымдастыру, әдетте, тек қана қозғалыс қауіпсіздігі талаптарымен ғана емес, сонымен бірге жолдың өткізу мүмкіндігін арттырумен, жүктер мен жолаушыларды тасымалдау мерзімінің қысқаруымен және де жолдар мен көшелердің көліктік-пайдалану сапасын арттыру талаптарымен де негізделеді.
Көшелер мен жолдар жүйелеріндегі апаттылығы жоғары таралған бөліктерді анықтау мәселесін шешу барысында, міндетті түрде, ұзындықтары әртүрлі немесе бірдей екі жол бөлігін салыстыру қажет Әрине, бұл жол бөліктерінің техникалық санаттары мен қозғалыс қарқындылықтары бірдей болуы керек. Мысалы, облыстық маңыздағы автомобиль жолының бүкіл бойындағы көрсеткіштерін, облыстық маңыздағы жолдын бір бөлігінің тиісті көрсеткіштерімен салыстыру арқылы сол жол бөлігі, басқа oблыстық маңыздағы жолдармен салыстырғанда, аса жоғары қауіптілік көзі болып табыла ма деген сұраққа жауап алынады.
Екі салыстырылатын жол бөліктері келесі көрсеткіштермен сипатталатын болсын: жолдардың ұзындықтары тиісінше L1, L2; жол-көлік оқиғаларының саны – n1, n2; жол-көлік оқиғаларының арасындағы ең төменгі ара қашықтық – Δl1, Δl2.
Осы жол-көлік оқиғаларының арасындағы ең төменгі ара қашықтықтардың (Δl1 және Δl2) ең төменгісін Δl деп белгілейміз, яғни Δl =min (Δl1, Δl2), сосын осы екі жол бөлігінде жол-көлік оқиғаларының пайда болу ықтималдылығын есептейміз:
Р1 = n1 Δl/L1,
Р2 = n2 Δl/ L2
Есепті шешуді жеңілдету мақсатында Р1 < Р2 деп қабылдаймыз да, келесі мәселеге жауап іздейміз осы айырмашылық кездойсоқ факторлармен түсіндіріле ала ма, немесе бұл айырмашылық кездейсоқ емес және екінші жол бөлігіндегі апаттылықтың жоғарғы деңгейінің себептерін зерттеу сосын, тиісті шаралар қабылдау қажет пе.
Бұл мәселені шешу барысында үш түрлі жауап (тұжырымдама) алуға мүмкіндік бар:
жол-көлік оқиғаларының пайда болу ықтималдылықтарының Р1, Р2 арасындағы айырмашылықтар кездойсоқ емес, олардың белгілі бір мағынасы бар;
жол-көлік оқиғаларының пайда болу ықтималдылықтарының Р1, Р2 арасындағы айырмашылықтар кездейсоқ факторлардың әсерімен түсіндіріледі;
жол-көлік оқиғаларының пайда болу ықтималдылықтарының Р1, Р2 арасындағы айырмашылықтар туралы мәселені, қолдағы бар статистикалық мәліметтер көмегімен шешу, мүмкін емес және статистикалық мәліметтерді жинауды одан ары қарай жалғастыру қажет.
1.2. Шардара қаласының Қолдасов көшесінің 2003-2007 жж.
ЖТО-ны талдау жасау
ЖКО тіркеу жүйесінде көлік құралдарына қозғалтқышының қуаты мен ең жоғары жылдамдығына байланыссыз автомобильдер, мотоциклдер, мотороллерлер, мотоколяскалар, аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер, тракторлар және басқа өздігінен жүретін механизмдер, сондай-ақ жануарлар жетілген арбалар жатады.
Мемлекеттік тіркелуге тек адамдардың қайтыс болуы немесе қарақат алуы орын алған ЖКО ғана жатады. Мемлекеттік тіркелуге сондай-ақ қоршалған және күзетілетін аумақтардағы, мекемелердегі, аэродромдардағы, әскери бөлімдер мен басқа жабық нысандардағы орын алған ЖКО, сонымен бірге жарыстар мен жаттығулар өткізу кезіндегі жүргізуші-спортшылар, төрешілер немесе осы іс-шараларды өткізуге қатысатын басқа қызметкерлер жәбірленген ЖКО жатпайды.
ЖКО тіркеуді орындайды: ішкі істер органдары, көлік құралдары бар кәсіпорындар мен мекемелер, министрліктер мен ведомствалар, жол және коммуналдық мекемелер.
Жол-көлік оқиғаларын (ЖКО) тіркеу ережесі ЖКО анықтамасын, жіктелуін және тіркеу тәртібін анықтайды.
Жол-көлік оқиғасы дегеніміз - бұл механикалық көлік құралдарының қозғалысы кезінде болған және нәтижесінде адамдардың қайтыс болуы немесе жарақат алуы, көлік құралдарының, жүктердің, жол ғимараттарының және басқа құрылыстардың бүлінуі орын алған оқиға.
ЖКО жүйелі түрде тіркеуді және талдауды жол бақылау қызметтері жүргізеді. Олардың міндетіне механикалық көлік құралдарының қозғалысы кезінде болған және нәтижесінде адамдардың қайтыс болуы немесе қарақат алуы, көлік құралдарының, жүктердің, жол ғимараттарының және басқа құрылыстардың бүлінуі орын алған барлық ЖКО тіркеу кіреді.
Қайтыс болғандар қатарына ЖКО болған орындағы немесе оқиғадан кейінгі 7 тәулік ішінде қайтыс болған адамдарды жатқызады. Жарақат алғандардың қатарына еңбекке қабілеттілігін жоғалтуына себеп болған дене жарақаттарын алған немесе ең кемі бір күн ауруханаға жатқызылған немесе алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін амбулаториялық емдеу тағайындалған адамдарды жатқызады.
Ішкі істер органдарында жүргізілетін ЖКО тіркеу толық болып есептеледі.
«Апат көздерін» анықтау үшін ЖКО түрлері мен ауырлығы бойынша, тәулік уақыты мен жыл мезгілі бойынша, сондай-ақ қозғалыс жағдайлары бойынша талдау жүргізіледі, оның нәтижесінде ЖКО себептерін анықтап, жол қозғалысын ұйымдастыру, қозғалыс қауіпсіздігін арттыру ЖКО төмендету бойынша жоспарлар жасалады.
2003-2007 жылдар аралығындағы берілген автомобиль жолында ЖКО жылдар және ауырлығы бойынша талдау 1.1-кестеде берілді.
ОҚО ІІД ЖПБ мәліметтері бойынша қарастырылған уақыт аралығында берілген автомобиль жолында 84 ЖКО болып, 7 адам қайтыс болған және 33 адам жараланған.
2003-2007 жылдар аралығындағы берілген автомобиль жолында ЖКО жылдар және ауырлығы бойынша үлестірілуі 1.1 -суретте берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |