Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ұлттық тестілеу орталығЫ



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата29.09.2023
өлшемі0.95 Mb.
#479108
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Қазақ тілі және әдебиеті Әдістемелік құрал




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ 
 
 
 
 
ЭССЕ ЖАЗУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
(ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ) 
 
Мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау
 
 
 
 
 
 



Алғы сӛз 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 
жылдың 16 қарашасында шыққан №660 бұйрығына сәйкес 2016-2017 
оқу жылында жалпы орта білім беретін мектептердің 11-сынып 
оқушыларын қорытынды аттестаттауға ӛзгерістер енгізілді. 11-сынып
оқушылары үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен эссе жазу 
міндеттелді. Эссе жазу мұғалімдер мен оқушылар үшін жаңа формат 
болғандықтан, Ұлттық тестілеу орталығы тарапынан кӛмекші құрал 
ретінде әдістемелік нұсқаулық әзірленді. Әдістемелік нұсқаулықта
эссе термині, түрлері, құрылымы, ерекшелігі, талаптары және оның 
шығармадан айырмашылығы жӛнінде түсінік берілді. Сонымен қатар 
эссе тақырыптары, оны бағалау критерийлері және эссе жазу үлгілері 
ұсынылып, оларға талдау жасалды. 
Эссе талаптары және бағалау критерийлері халықаралық 
тәжірибелерге сүйене отырып, бірнеше дереккӛздердегі мәліметтерді 
қарастырып, сараптап, талдап ұйғарылған қорытынды шешім бойынша 
құрастырылды. 
Әдістемелік құрал жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне, 
оқушыларға арналады. 
Эссе мен шығарманың айырмашылығы 
 
Мектеп бағдарламасына сәйкес оқушылар әдебиет пәні 
бойынша шығарма жазуға дағдыланған, ұсынылған тақырыптарды 
таңдау, оларға жоспар құру, шығарма жазу барысында жоспарды 
негізге ала отырып, одан ауытқымау сияқты талаптарды игерген. 
Биылғы оқу жылындағы қорытынды аттестаттаудағы ӛзгеріске 
байланысты олардың эссе мен шығарманың ӛзіндік ерекшеліктерін 
түсініп, бір-бірінен айқын ажырата алуы – аса маңызды қажеттілік. 
Екеуі де әдебиет пәні бойынша берілетін жазба жұмысы 
болғандықтан, оларды жазуға негіз болатын авторлар мен 
шығармалар да ортақ. Кӛркем әдебиеттің мақсаты – қоғам мен адам, 
халық пен жеке адам арасындағы әлеуметтік, психологиялық жанды 
байланыстарды табиғи суреттеу. Шығарма да, эссе де әдеби жанр, 
олардың қайнар кӛздері ортақ, тақырыптары ұқсас болғанмен, 
мақсаттары, құрылысы, бағыты, тілдік қолданысы
, 
стилі әр түрлі. 
Осыларды ескере отырып, оқушылардың назарына екі әдеби жанрдың 
ӛзіндік ерекшеліктері кӛрсетілген тӛмендегі кесте ұсынылып отыр. Бұл 
кестеде эссе мен шығарманың анықтамасы, құрылымы, мақсаты,
оларды жазуға қойылатын талаптар дараланып кӛрсетіліп, қазақ тілінің 
бай сӛздік қорын тиісінше дұрыс қолдана білу туралы нақты 
мәліметтер берілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет