Наурыз мерекесі
I нұсқа
Көктем мен Жаңа күн мерекесі - Наурызды кеңінен атап өту дәстүрі бүгінде қайта оралды. Игіліктің, жаңару мен жақсылықтың бастауы болып саналатын бүл халықтық мерекеге қазір үлкен мән беріліп, өнер мен еңбектің өрлеуі жағдайында атап өтілуде. Тамыры терең, дәстүрі жаңарған мейрамның біз үшін мәні өте зор.
Көктем жетті көл - көсір шуақ құрып,
Қыс барады қиылып жылап тұрып.
Шатырында үйлердің Наурыз жүр,
Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.
Наурыз қайтып оралды аты да аңыз,
Сұрамаймыз алғыс та ақы да біз.
Үй- дастархан, даламыз- сахнамыз,
Ұлы мейрам- Наурызға шақырамыз.
Бірінші бала:
Ежелгі шығыс елінің
Аңсаған арман, ойы бар.
Тарқайтын жері шерінің,
Дәстүрлі Наурыз тойы бар.
Екінші бала:
Кеңінен елге таралған,
Негізі ерте қаланған.
Еңбек, шаттық, жыл басы,
Наурыздан басталған.
Үшінші бала:
Шырқап салған әнімен,
Мерекелік сәнімен.
Топталып, ойнап, қыдырып,
Бөлісіп ішкен дәмімен.
Төртінпгі бала:
Су сылдырап, жер көктеп,
Наурыз келсе, жыл басы.
Бау-бақша, егін өрнектеп,
Өзгерер өңір тұлғасы.
Бесінші бала:
Келді ғой көктем, қүдірет біткен ғажайып,
Құрметтеп оны, күтіп ал жұмыла, халайық!
Қалада, қырда жаңа жыл тойын дүрлетіп,
Алаулатып Наурыздың отын жағайық.
Ән: "Наурыз" - әні Ғ. Тамендаровтікі.
Бастаушы:- Қазақ сөз қадірін өз қадірім деп білген халық. Кеңдігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен көсемдігін де сөзге сыйғызған. Оның тарихы да, тағдыры да, тәлімі мен тәрбиесі де, даналығы мен дала көңілі де сол сөзде жатыр. Біздің халықта ел қамын ойлаған ерлері, сөзін сөйлеп жағдайын жайлаған шешендері, білімпаз әділдікті жақтаған билері болған.
(Осы кезде сәнді киінген Төле би келеді)
Төле би: - Байқаймын бізді әңгіме етіп жатқанға ұқсайсыңдар.
Бастаушы:- Дұрыс айтасыз, ата, балаларымызға сіз туралы мағлұмат беріп жатырмыз. Балалар, бұл кісі Ұлы жүздің атақты Төле биі. Қазақтың дарқан даласы өте кең.Сондай елді басқару қиынға соғып халқымыз үш жүзге бөлінген. Ұлы жүздің атақты биі осы кісі - Төле би деген атамыз.
Бұл кісілер жақсы мен жаманды, жақын мен алысты, қымбат пен арзанды дөп басып, кесіп айтқан.
Төле би:
- Қызым, бәрі дұрыс, айтқаның орынды.
Жаңбыр жаумаса- жер жетім,
Басшысы болмаса - ел жетім.
Ұқпасқа айтқан - сөз жетім,
Атың жақсы болса, Ер жігітгің пырағы.
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің шырағы.
Балаларым, өмірлі болыңдар.Үлкенді сыйлап, сөзге тұра біліңдер.
(осы кезде бір бала ортаға шығып сұрақ қояды).
Бала: - Ата, алты алаш деген кім?
Төле би:- Алты алаш, Алаша ханның балалары; қазақ, қарақалпақ, қырғыз, өзбек, түрікмен, жайылған.
Бала: -Үш жүз деген кім?
Төле би:- Үш жүз қазақтың ағайынды үш баласы.
Бала:- Ағайынды кісілердің өкпесі немен тарқайды?
Төле би: - Сағынысып көрісумен тарқайды. Балам, үй баласы ма деп едім, ел баласы екенсің.
Ай маңдайлы арысым,
Талабың алдан өтелсін.
Ауылыңның таңы бол,
Маңдайдағы бағы бол!
Бастаушы:- Ата, төрге шығып, тойымыздың қонағы болыңыз, ұрпақтарыңыздың өнерін тамашалаңыз.
"Шығыс би".
(Орта жүздің биі Қазыбек би келеді).
Қазыбек би:- Біз қазақ деген ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, елімізден құт береке қапшасын, жерімізді жау шаппасын деп найзаға үкі таққан елміз; ешбір дұшпан басынбаған, басымыздан сөз асырмаған елміз.
Бастаушы: - Келіңіз, төрлетіңіз. Орта жүзді билеген атақты Қаз дауысты Қазыбек би атамыз да ортамызға келіп қалыпты.
Қазыбек би:
- Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма-
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма-
Өскеніңді өшіресің.
Басына іс түскен пақырға,
Қастық қылма-
Қайғысы көшер басыңа.
Жанашыры жоқ жарлыға,
Жәрдемші бол асыға.
Қиын қыстау кездерде,
Өзі келер қасыңа.
Бүгін сағы сыңды деп,
Жақыныңды басынба!
Бастаушы: - Ой, қайран бабалар-ай! Заман өзгеріп, осындай сөз маржаңдарын естімей де кете жаздаппыз-ау. Егемен ел болып, туымызды тік көтеріп, өзіміздің ата- бабаларымыздың мұрасына қайта оралғанымызға мың да бір тәубе!
Қазыбек би:
- Адалдықты әрқашан жасырмаған елміз.
Адал ниетті ақтай білген елміз.
Атаның өсиетін - балаға,
Баланың өнерін- атаға,
Айтып, тарата білген елміз
Балаларым, өнерлі болыңдар.
Бастаушы:- Ата, расында да біздің халықта өнер көп қой. Біздің балаларымыздың ішінде де өнерлі балалар жетерлік.
Ән: "Қазақтың дастарханы".
Бастаушы: - Біздің Төле, Қазыбек би аталарымыз ортамызда. Сиқырлы да сылқым сөздің шебері, майталман шешен, әділ би атанған Әйтеке би атамыз да келер ме екен?
Әйтеке би:
Суалмайтын суат жоқ,
Тартылмайтын бұлақ жоқ.
Құйрығы суда тұрса да,
Уақытысы жеткенде
Қурамайтын құрақ жоқ.
Бастаушы:- "Кімді айтсаң сол келеді деген емес пе. Шешендігімен ел басқарған, жарғы жобасын жасаған, қазақ елін құрысқан Кіші жүздің биі- Әйтеке атамыз да ортамызға келді.
Әйтеке би: - Есенсіңдер ме, балалар! Бөбектерім, еш уақытга ашуға берілмеңдер. Сабырлы болыңдар, ашу бар жерде ақыл тұрмайды:
Ашу деген ағын су,
Алдын ашсаң арқырар.
Ақыл деген дария
Алдын тоссаң тоқырар.
Кісі бірге туыспау керек,
Туысқан соң сөз қуыспау керек.
Сөз қуған пәлеге жолығады,
Жол қуған олжаға жолығады.
Қарақтарым, жол қуып, ақылды болыңдар.
Бастаушы:- Жарайды, ата, айтқаныңыз келсін, төрлетіп, төрден орын алып, мына бүлдіршіндердің өнерін тамашалаңыз.
Балалар, Алматы қаласында "Комсомол", "Совет", "Октябрь" көшелерін осы үш атамыздың есімдерімен атады. Комсомол көшесі- Төле би көшесі, Совет көшесі- Қазыбек би көшесі, Октябрь көшесі- Әйтеке би көшесі болып аталады.
Би:"Қазақ биі".
Ойындар.
(ішке Наурыз көже алып әже келеді).
Көжеші: - "Ұлыс күні қазан толса, бұл жылы ырыс мол болар" дегендей, Наурыз көжеге жеті түрлі тағам қостым: соғымнан қалған сүр ет, сүзілген қүрт, ақ тары, пияз, сәбіз, уызды сүт және т.б.
(Көжені таратады).
Соңында Төле би бата береді.
Наурыз мерекесі.
II нұсқа
Бастаушы:
Тындаңыздар, тындаңыздар,
Босқа қарап тұрмаңыздар,
Наурыз тойы басталды
Көргеңдер де арманда,
Көрмегендер де арманда,
Қызықтан тыс қалмаңдар.
Ата салтын бабамның,
Алып келді Ұлы күн.
Наурыз туын көтеріп,
Жар салайық әлемге.
Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай,
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында.
Береке бірлік болсын- деп,
Көп көжеден дәм татып,
Күшейтейік бірлікті.
Еңбек пенен тірлікті
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық тамаша.
Бірінші бала: -
Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдың сипаты,
Молшылыққа аңыз боп,
Басталыпты Наурыздан.
Екінші бала: -
Көгіме күн өрлетіп,
Төрт түлігін төлдетіп,
Қаймақ сүтін көлдетіп,
Ырзық - құтын селдетіп,
Келді Наурыз- Ұлы күн.
Үшінші бала: -
Ақ қар кетіп, қыс өтіп,
Шырайлы шуақ жаз жетіп.
Шаруаның бұл кенелген
Күн мейрамы ежелден,
Құтты болсын, бұл Наурыз.
Ән: "Наурыз тойы" - әні Р. Төлеңдиеванікі.
Бірінші бала: -
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Мандайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
Екінші бала: -
Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерледік, қадіріңді білдік те.
Құтты болсын, Ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке.
Қолыңда дүрбісі мен киіз кітабы бар Жұлдыз шалушы ортаға келеді.
Жұлдызшы: (дүрбісіне қарап қойып:) Ә-ә, көрдім, көрдім. Биылғы жыл иесі қой екен ғой, жарықтық жерге қонуға жақындап қалыпты - ау.
Бастаушы: -
Ел ішінде ардақ тұтар еңселі,
Ортаға шық жұлдызшы, берірек кел.
Баршамызды қызықтырған биылғы
Сізге мәлім қандай жылдың келгені.
Балалар, бұл біздің жүлдызшы атамыз, қолындағы дүрбісімен жұлдыздарға қарап болашақты болжап, киіз кітабын оқып отырады.
Он екі жыл бір мүшелді құраған,
Бұрынғылар "жылың не" деп сұраған.
Әрбір жылдың өзіне тән сыны бар,
Ниет қойып білу керек мұны адам.
Әрбір жаңа жылдың адамзатқа әкелер өзіндік жаңалығы, сый -сияпаты болады емес пе. Қой жылының қадір - қасиеті жайында мына жиналған барша қауымға көрген - білгеніңізді айта отырыңыз.
Жұлдызшы: - Әлбетте, қарағым!(киіз кітабын парақтап). Егер жаңа жыл иесі қой болса, қой жылы берекелі жыл болуға тиіс. Жаз жаңбырлы, күз егінді, қыс жұмсақ болады.Мал басы артып, жанға жан қосылады.(басқа бетін парақтап).
Биылғы қой жылы- аналық жыл. Халық жер бетінде адалдық пен мейірімділік, ізеттілік пен дархандық салтанатын құрады. Жер - ана өз перзенттеріне барынша жомарттық танытады.
Бастаушы: - Жұлдызшы ата, қой жылы туылғандардың тал бойындағы ерекшелігін атап беріңізші.
Жұлдызшы: - Ұлыс күні не сұрасаң да жарасады деген, айтайын. (киіз кітабын ашады).
Қой жылы дүниеге келген сәбилер сабырлы, ойға алған ісін ақырына дейін орындайтын, табанды болады.Қой жылы - "Ақ құмай" деп те аталады. Ол тоқшылық пен молшылық жаршысы.
Сондықтан биылғы қой жылы берекелі жыл болуға тиіс.
Бастаушы: - Ой, Жұлдызшы ата, сізге көп-көп рахмет. Қуантып тастадыңыз ғой. Ал енді, дем алыңыз. Тойдың үстінен түстіңіз, той қызығын тамашалаңыз.
Жұлдызшы: (дүрбісімен қарап) - Ой, жарықтық, мынау келе жатқан қария кім болды екен?
(Асанқайғы атамыз зарын айта келеді).
Асанқайғы:
Құйрығы жоқ, жалы жоқ, құлан қайтіп күн көрер,
Аяғы жоқ, қолы жоқ, жылан қайтіп күн көрер.
Шыбын шықса жаз болып, таздар қайтіп күн көрер,
Жалаң аяқ балапан қаздар қайтіп күн көрер.
Сол бір кезең бүгін тағы оралды,
Қазақ байғүс қу- пысыққа тоналды.
Жұмыссыздық сауда- сатгық үрдіс боп,
Алаяқтық кісілікке саналды.
Бастаушы: -
Қайран қалам Асанқайғы атама,
Көрегендік әсте жерде жата ма?
Айтыңдаршы не күтіп түр халайық,
Жарқын өмір, әлде пәле, жала ма?
Асанқайғы: - Жердің тозғаны мынау, ататын бәледен ауруға ұшыраған балалар анау, не болып барады бұл дүние? Қасіреттен зардап шеккен елдің көз жасына кім жауап береді? Тірі жетім аталған тастанды сәбилердің көз жасын кім көрер екен? Ай, қайран дүние-ай!
Бастаушы: - Ата, сіз көп қамығып, сары уайымға түсе бермеңіз. Міне, бізге жаңа ғана Жұлдызшы ата келіп, дүрбісімен жұлдыздарға қарап, киіз кітабынан болашақты болжап берді. Биыл егін мол, тоқшылық болады, адамдар бір - біріне мейірімді болады дейді. Бізде Наурыз тойы болып жатыр. Кәне, төрлетіңіз. Мына біздің бүлдіршіндердің өнерін тамашалаңыз.
Бірінші бала:
Ұлыс күні кәрі - жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өріскен.
Екінші бала:
Ұлыстың ұлы күнінде,
Бай шығады балбырап.
Қолында жас жеткіншек,
Тұлымшағы салбырап.
Үшінші бала:
Ұлыс күні қар еріп,
Сай - салалар гүрілдер.
Көк шөбі шығып желкілдеп,
Дүние біткен күлімдер.
Төртінші бала:
Күлімдер дүние, ойнарсың,
Күрең тайың ат болып.
Бәйгеге қоссаң, келерсің,
Жұрттан жеке тақ болып.
Асанкайғы: - Ой, рахмет, айналайындар. Өркендерің өссін, талаптарыңа нұр жаусын! Расында қөңілім сергіп қалды ғой.
(Жұлдызшы дүрбісіне қарайды).
Жұлдызшы: - Мына аттылы шауъш келе жатқан кім болды екен? Тоқта, атының басын бері бұрды, аттан түсіп жатыр, әне бері қарай бұрылды. О, келіп қалды.
(Екпіндетіп Махамбет өлең оқи кіреді).
Махамбет: -
Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку- еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай,
Ерлердің ісі бітер ме?
Беркініп садақ асынбай,
Біріндеп жауды қашырмай,
Қасарысқан жауына,
Қанды көбік жұтқызбай,
Халыққа тентек атанбай
Ерлердің ісі бітер ме?
(жан-жағына қарап): - Ел жиналған бұл не болды? Халықтың басына тағы не күн туды деп ат басын бұрып едім...
Бастаушы: - Аға, дұрыс жасағансыз.Бізде Наурыз мерекесі. Төрге шығып, тойымыздың қадірлі қонағы болыңыз.
Балалар, бұл кісі Махамбет өзі батыр, өзі ақын, ел басына небір ауыр күн туғанда ел қорғаған батыр ағамыз осы.
Махамбет: - Амансыңдар ма балалар, тойларың тойға ұлассын! Халқымның ұмытыла бастаған тойын қайта жаңғыртып, тойлап жатқандарыңа мың да бір рахмет.
Ал, балалар, сендердің араларыңда батырлар бар ма? Қазір ойын ойнап, сынап көрейін.
Ойын: "Күрес".
Жұлдызшы: - (дүрбісімен қарап отырып). Бәсе, бұларсыз қандай той болмақ. Әне, келе жатыр.
Бастаушы: - Ата, оларыңыз кім?
Жүлдызшы: - Ана үшеуі ше.Әлгі әпенділерді айтам.
Бастаушы: - А, а, Қожанасыр мен Алдар көсе ме?
Жүлдызшы: - Иә, қасында қыршаңқысы тағы бар.
Бастаушы: - Онысы тағы кім?
Жүлдызшы: - Е, өлгі сужұқпас ше?
Бастаушы: - Тазша бала ма?
Жүлдызшы: - Иә, соның дәл өзі, әне келіп қалды. (Үшеуі шуылдасып, дабырласып келеді).
Бастаушы: -
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Аңыз боп ертегіден бізге жеткен,
Құрметті қонақтарды қарсы алайық.
Қожанасыр: -
Уа, бәрекелді, бәрекелді. Алыстан есек шаршатып, етік тоздырып жеткенімде орталарыңа дәл ұлыстың ұлы күні келгеніміз қандай дұрыс болған. Алдар, Тазша, мынау халайыққа сәлем берейік:
Ассалаумағалейкүм, халқым менің,
Ардақта Наурыз тойы – салтыңды елім.
Мереке басы болсын берекенің.
Игі еңбектің жемісін бәрің жегін.
Алдар көсе: -
Мен Алдармын, Алдармын,
Досымын адал жандардың.
Жақсыға талай серік боп,
Жаманды талай алдадым.
(қолын кеудесіне ұстап иіледі).
Тазша бала: -
Туа салып атандым тазша бала,
Мендей аңқау болмас- ау басқа бала.
"Наурыз тойы өтеді дегенді естіп,
Көк есекпен желдірттім жас та бола.
Қожанасырдың көңіл-күйі, түсіп, берекесізденіп түрады.
Алдар көсе: - Әй, әпендім, неғып үн-түнсіз, берекең қашып, тұр?
Қожанасыр: - Ай, Аддарым-ай, құрғақ сәлем жұртыма тамақ болар дейсің бе? Есегіме артып әкеле жатқан бірер қап базарлығым бар еді, әне бір бұрышта "рэкет" деген пәлелер тартып алып, есек те жоқ, базарлығым да жоқ, жұртыма не айтарымды білмей тұрғаным...
Алдар көсе: - Апырай ә, шының ба?
Қожанасыр: - Мен ешкімді алдап көрген жоқпын. Мына сен ғой ел - жұртты бүлдіріп, қазіргілердің бәрі Тазша екеуіңнің ұрпақтарың көрінеді.
Алдар көсе: - (сөзден тосылып жұртқа қарап ойланған болып). Апырай ә, мына пәледен қалай құтылсам екен? ә-ә-ә, таптым, таптым! (Қожекеңе бұрылып). Айтпақшы, Қожеке, осы сенің есегің көк пе? Қанарың қызыл ала ғой.
Қожанасыр: - Иә, дәл солай!
Алдар көсе: - Ендеше әлгінде бір - екі Полиция жұртқа жар салып, иесін таппай жүрген. Тұп-тура мына "Көктемнің" дәл бергі бұрышында. (Қожанасыр қалбалақтап солай қарай жүгіре жөнеледі).
Тазша бала: -
Айтпаймын өлтірсең де өтірікті,
Салт - сана, әдет - ғүрып кетіліпті.
Үлкен тұрып сөйлемес кіші қайда?
Бір шалға немересі жекіріпті.
Сәбидер тумай жатып жетіліпті,
Қарттарды интернатқа кетіріпті.
Ұрысып "ұрмақ түгіл молдалардың,
Мұғалім қоя алмайды екілікті.
Алдар көсе: - Әй, Суайтбегім! Мынау тағы не сүмдық! Қайдағы жоқ бәлені бастап. Салтымызда жоқ нәубатты қайдан таптың? Өтіріктің де жөні бар емес пе?
Тазша бала: - Ой, Алдеке, имандай шыным. Оллахи- бұллахи (қолының қырымен тамағын орады).
Алдар көсе: - Тек-ей, ант су ішіп не болды? Алдыңа жан салмаған өтірікші екенің баршаға аян. Қожекең екеуің немене, қара аспанды суға алдырып. Обалы не, мен түскен ауылдың балалары шетінен кішіпейіл, елгезек екен. Бірі аттан тусіріп, бірі қолтықтап үйге бастап, бірі шынтағымның астына жастық тастап, еңді біреуі қолыма су қүйып, бәрі құрақ ұшып қарсы алды.
Тазша бала: - Е-е, алдап кетеді деп сенен қорыққандары да, әйтпесе бізді қайтсін. Әпенділері де, өтірікшілері де толып жатқан көрінеді. Әлгінде той болып жатқан шеткі үйге түссем, бір қарадомалақ: "Ой, аға, мұнда сізге не бар? Біздің сеніп жүрген ағаларымыздың қасында өтірік айтудан сіз жіп есе алмайсыз" - дейді. Содан абыройым барда осылай тарттым.
(Қожанасыр қайта келеді).
Алдар көсе: - О не, Қожеке, есегің табылды ма?
Қожанасыр: - Табылғаны құрысын, әлгілерің мың сом айып төлеттіріп, әзер берген жоқ па?Жол тәртібін бұзды дей ме, әй құрысын. Иә, өздерің неғып тұрсындар? Ана жақта, ан- а-ау киіз үйдің артында бір-бір қаптан алтын ділдә үлестіріп жатыр.
Тазша бала: - Ал - ты - н?
Қожанасыр: - Иә, алтын, алтын болғанда қандай, саф алтын. Бұлар оны «бәлутаң» дей ме, түсінбедім. «Кәмпінсәтси» деді ме, балаларға беретін жөрдем көрінеді. Сенің Бізбикештен туған бес балаңның тізімі жүр. Алдар алды - артына қарамай, солай ма деп тұра жүгіреді.
Қожанасыр: - Әп, бәлем, қалай екен алдаған. Мойнын созып, таңырқап қарап:
- Әй, мына жұрттың бәрі солай қарай ағылып барады. Жаңағы сөзім рас болып жүрмесін.Қой, мен де жетейін.
Би: "Жаңаша би".
Ән: "Домбыра сазы" - әні И. Нүсіпбаев.
Үшеуі мәз - мәйрам болып қайта оралады.
Бастаушы: - Осылай бір - бірлеріңізді алдамасаңыздар әпенді боларсыздар ма? Төрлетіп, біздің бүлдіршіндердің мерекеге әзірлеген өнерлерін тамашалаңыздар.
Концерттіқ нөмірлер.
Айтыс.
Бала:
Мінгені сылқымдардың берен екен,
Өнері талаптының өлең екен.
Сұрайын, қайыруын айтып берші,
Бірінші жылға кірген немене екен.
Қыз:
Дүние ойлап тұрсам дұпшан екен,
Өмірде күнәліні қысқан екен.
Айтайын сұрағыңа анық жауап,
Бірінші жылға кірген тышқан екен.
Бала:
Бәйгеден келсе жүйрік жарар еді,
Сүзілтіп жал - құйрығын тарар еді.
Жыл атын өткен жылғы айтып берсең,
Көкейге қонып, өшпей қалар еді.
Қыз:
Қонғаны ауылымның ой болады.
Мереке жылда осындай той болады.
Түйіп ал көкейіңе ұмытпастай,
Жыл аты өткен жылғы жылан болар.
Бала:
Ауылым қыстап отыр ойқораны,
Мереке күнде осындай той болады.
Биылғы жылдың атын айтып берші,
Білгеннен соң тағы да ой толады.
Қыз:
Адамға құдай берер несібені,
Мына дос қалай- қалай көсіледі.
Біліп ал, мен айтайын мұның жайын,
Биылғы кірген жылың жылқы болар.
Екеуі:
Өлең жыр көп шырқалды қосыменен,
Айтысты аяқталық осыменен.
Сау болып тұрыңыздар апайларым
Сәби де жетіледі досыменен.
Мереке соңында Асанқайғы атамыз бата береді. Балалар музыкамен тарасады.
Жаңа жыл
Бастаушы: - Балалар, қыс түсті, жер беті аппақ қарға оранды. Көптен күткен Жаңа жыл мерекесі де келді. Оны қарсы алуға әркім өз әлінше даярлануда. Міне, біз де шыршамызды безендіріп, өзіміз де әсемденіп жаңа жыл тойын мерекелеуге жиналдық.
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағылған
Міне, сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.
Кел, балалар, келіңдер,
Тамашаны көріңдер.
Бірінші бала: -
Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа жыл да келеді,
Бізге қарай жылыстап.
Көрсін біздей балғынды
Көңілденсін ол енді.
Шырқатайық ән - жырды,
Шырқатайық өленді.
Екінші бала:
Жүзімізде күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз, бәріміз.
Өлең де әзір, ән де әзір,
Ойын да әзір – бәрі әзір.
Кел Жаңа жыл біздерге,
Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл.
Үшінші бала:
Міне, тағы келіп түр,
Жаңа бір жыл, балалар.
Жадыратып жер үстін,
Төрімізге ол шыққан
Бақытымыз, сәніміз,
Жаңа жылды сондықтан
Құттықтаймыз, бріміз.
Бәрі қосылып: Құттықтаймыз, құттықтаймыз.
Бастаушы:
Шырқағын балапаным өз тіліңде,
Күнің шықты алдыңнан сен - күлімде.
Жаңа жылда ән айтып, би билетіп,
Құштар болғын, өнерге, сен білімге.
Ән: "Жаңа жыл келді" - әні И.Нүсіпбаевтікі.
Сырттан терезе қағылып, ішке Қар адам (снеговик) келеді.
Қар адам: - Амансыңдар ма, балалар?
Өздерің құлпырып кетіпсіңдер ғой.Жаңа жылды тойлап жатқан боларсыңдар.
Балалар: - Иә.
Қар адам: - Айтпақшы, Аяз Ата келген жоқ па?
Балалар: - Ж-о-о-қ, келген жоқ.
Қар адам: - Менің шыққан себебім, Аяз Ата әбден қартайыпты. Жаңа Ақшақарды кездестіріп едім, атам қартайды деді.Балалармен жаңа жылды қарсы алуға баруымыз керек деген екен, онда мен сыйлық әкелу үшін орманға кеттім депті. Содан жоқ дейді.Ақша қар мені іздеуге жіберді.
Бастаушы:- Қарадым, Аяз Ата қартайса, адасып кеткен шығар.
Қар адам: - Мен де солай болған шығар деп іздеуге шыққан бетім еді.
Бастаушы: - Дұрыс, біздің балалар асыға күтуде , тездетіп іздеп тауып келіңіз.
(Қар адам шетте түрған Аюдың үйшігіне келеді).
Қар адам: - Мына үйшік кімдікі?
Бастаушы: - Аюдың үйшігі ғой.
Қар адам: - Аяз Атаны мүмкін Аю білетін болар.
Бастаушы:- Қайдан, ол қысқы ұйқыда ғой, көре алды ма екен. Дегенмен сұрап көрелік.
Тук-тук-тук. Іштен ыңыранған аю дыбысы естіледі.Көзін уқалап түрады да: "Менің ұйқымды бөлген кімсіңдер?" - деп шығады.
Бастаушы: - Ой, айып етпе. Бізде жаңа жыл мерекесі өтіп жатыр еді.Мына Қар адам келіп, Аяз Атаны іздеген соң өзіңнен жөн сұрау үшін оятып жатқанымыз ғой.
Аю: - Е-е-е, солай демейсіңдер ме? Мен алдымен ұйқымды ашып алайын.
Достарыңызбен бөлісу: |