Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік



Дата28.06.2016
өлшемі222.5 Kb.
#163788




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК

УНИВЕРСИТЕТІ


3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК




ПОӘК

«Психологияны оқыту әдістемесі» пәнінің студенттерге арналған



16.06.2014 жылғы

№ 2 басылым



ПОӘК 042-18.1.09/01-2014

5В010300 - «Педагогика және психология»

мамандықтарына арналған

«Психологияны оқыту әдістемесі» пәнінің


СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ

СЕМЕЙ


2014

Кіріспе

1ӘЗІРЛЕГЕН

Құрастырушы: педагогикалық психология кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магиcтрі Куребаева Г.А.

____________ «25» 08. 2014ж.

2 КЕЛІСІЛДІ

2.1 Педагогикалық психология кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды.

Хаттама № 1 «03» 09. 2014ж.
Кафедра меңгерушісі _______________ псх.ғ.к. Джумажанова Г.К.

2.2 Педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді.

Хаттама № 1 «05» 09. 2014ж.
Төрайымы _________________ п.ғ.к. Ахметова Т.Ш.

3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданып, басуға ұсынылды.

Хаттама №1 «11» 09. 2014ж.


ОӘК төрағасы________________ с.ғ.д., профессор Искакова Г.К.

4  «16» 06 2014ж. шыққан ПОӘК-нің

№ 2 БАСЫЛЫМЫ


Мазмұны

1 Жалпы ережелер

2 Пәннің мазмұны және сабақтардың түрі бойынша сағаттарға бөлу

3 Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулары

4 Курс форматы

5 Курс саясаты

6 Бағалау саясаты

7 Әдебиеттер



1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәлімет

Куребаева Гулнара Ахметовна педагогикалық психология кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі

Педагогикалық психология кафедрасы

Ақпараттық қатынас – телефон- 87757569277

Сабақ өтетін орын - № 402 аудитория

Пән бойынша кредит саны - 3





Курс

Семестр

Кредит

Лекция

Практ.

Зертх

СӨЖ

ОСӨЖ

Барлығы

Тексеру формасы

4

7

3

15

15

15

67,5

22,5

135

Емтихан



1.2 Пәннің қысқаша мазмұны

Психологиялық ғылымдардың кез-келген мәселесі адам өмірінің сан алуан салаларымен тығыз байланысты.

Соңғы жылдары психология ғылымдарының аса мән беріп отырған маңызды мәселелерінің бірі - ол адамдар психологиясын зерттеу.

Психологияны оқыту әдістемесі - ғылымдар жүйесінде ерекше орын алатын, тұлғаның оқыту ерекшеліктерін зерттейтін дербес ғылыми психологиялық пән.

Студенттерде түрлі әлеуметтік педагогикалық практикада психологиялық оқыту іс-әрекетін ұйымдастыру, қолдана алу технологиялары туралы түсінік беріледі.
1.3 Пәнді оқытудың мақсаты:

- орта жалпы білім беретін мектептерде, орта арнаулы оқу орындарында, жоғары оқу орындарында оқу пәні ретінде психологияны оқытудың практикалық іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру және теориялық негіздерін жіктеу және негіздеу.


1.4 Пәнді оқыту міндеттері:

- студенттерде гуманитарлық білім беру концепциясы туралы, психологияны оқыту әдістемесін ғылым ретінде, оның мәселелері және міндеттері жайлы түсінік қалыптастыру;

- педагогикалық үрдіс логикасы, қазіргі сабақ, оның міндеттері, құрылымы, ұйымдастырылу формалары жайлы түсінік беру;

- оқытудың тиімді әдістері, проблемалық оқыту қызметі мен критерийлері, сабақтағы оқытушының бақылау-бағалау іс-әрекеті жайлы түсінік беру;

- студенттерді әр түрлі типтегі оқу орындарында психология курсын оқытудың мазмұнымен таныстыру және сабақтың әр түрлерімен типтерін жоспарлау мен өткізу дағдысын қалыптастыру.

1.5 Оқытудың нәтижесі:

Курстың соңында студент мыналарды білуі керек:

- мектепте, педагогикалық колледжде және жоғары оқу орындарында психологияны оқытудың классикалық және жаңа әдістерін;

- оқу іс-әрекетінің психологиялық теориясын және оқу іс-әрекетінің қалыптасу жолдарын;

- оқытудың негізгі концепцияларын;

- білім беру саласында оқыту және оқу концепцияларын;

- психология бойынша сабақ ұйымдастырудың классикалық және интерактивті формаларын.

Игеру керек:

-психология бойынша сабаққа қойылатын жалпы, әдістемелік, психологиялық, тәрбиелік, физиологиялық-гигиеналық талаптарды;

- сабақ типтері, оның құрылымдық компоненттерін;

- психология сабағында жұмысты ұйымдастыру әдістемесін.



Меңгеру керек:

- педагогикалық колледжде психологияны оқытудың классикалық және жаңа әдістерін;

- оқу іс-әрекетінің психологиялық теориясын және оқу іс-әрекетінің қалыптасу жолдарын;

- оқытудың негізгі концепцияларын;

- психология бойынша сабақ ұйымдастырудың классикалық және интерактивті формаларын;

- психология сабағында жұмысты ұйымдастыру әдістемесі;

- психология бойынша бақылауды ұйымдастыру принциптері;

- сабақ конспектілерін, оқу және календарлық жоспарларды жазуға талаптарды.



Қолдана білу керек:

- педагогикалық колледжде психологияны оқытудың классикалық және жаңа әдістерін;

- психология бойынша сабақ ұйымдастырудың классикалық және интерактивті формаларын;

- сабақ конспектілерін, оқу және календарлық жоспарларды жазуға талаптар.



Түсінуі керек:

- негізгі ұғымдарды: білім, іскерлік, дағды, оқу, білім беру, тәрбие, моделдеу, оқу үрдісі, оқыту әдістері, сабақ түрлері, қарым-қатынас қағидалары, оқу іс-әрекеті, оқыту субъектісі, проблемалық оқыту, интерактивті оқыту, педагогикалық үрдіс;

- оқытудың негізгі концепцияларын;

-психология бойынша сабаққа қойылатын жалпы, әдістемелік,психологиялық, тәрбиелік, физиологиялық-гигиеналық талаптарды;

- психология бойынша әртүрлі өздік жұмыстарды ұйымдастыру және өткізуге талаптар;

- сабақ конспектілерін, оқу және календарлық жоспарларды жазуға талаптарды.



Істей алуы керек:

- психология бойынша сабақ ұйымдастырудың классикалық және интерактивті формаларын;

- сабақ типтері, оның құрылымдық компоненттері;

- психология сабағында жұмысты ұйымдастыру әдістемесі;

- психология бойынша әртүрлі өздік жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу.

Иемдену керек:

- педагогикалық колледжде психологияны оқытудың классикалық және жаңа әдістерін;

- оқу іс-әрекетінің психологиялық теориясын және оқу іс-әрекетінің қалыптасу жолдарын;

- білім беру саласында оқыту және оқу концепцияларын;

- психология бойынша сабақ ұйымдастырудың классикалық және интерактивті формаларын;

-психология бойынша сабаққа қойылатын жалпы, әдістемелік, психологиялық, тәрбиелік, физиологиялық-гигиеналық талаптарды;

- сабақ типтері, оның құрылымдық компоненттері;

- психология бойынша бақылауды ұйымдастыру принциптерін.


1.6 Курстың пререквизиттері:

1.6.1Психология және адам дамуы;

1.6.2 Мамандыққа кіріспе.
1.7 Курстың постреквизиті:

1.7.1Педагогиканы оқыту әдістемесі;

1.7.2 Педагогикалық колледждегі өндірістік практика.

2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚТАРДЫҢ ТҮРІ БОЙЫНША САҒАТТАРҒА БӨЛУ
Кесте 1




Тақырып атауы

Сағат саны

Әдебиеттер



Дәріс

Семи

нар


Лаб

ОЖСӨЖ

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

7

8




Модуль 1. Кіріспе



















1

Оқу іс-әрекетінің психологиялық теориясы және оқу іс-әрекетінің қалыптасуы.

1

2




1.5

5

1,3,5,7,8

2

Оқыту теориясы және оқыту білім беру саласындағы.

2

2

-

1.5

5

8,7,5,3




Модуль 2. Оқу сабақтарының формалары мен әдістері



















3

Оқу сабақтарының формалары және оларды өткізу әдістемесі.

2




2

1.5

5

8,7,5,3

4

Психологияны оқыту әдістері.

2

2

-

1.5

5

3,5,7,8,14

5

Проблемалық оқыту әдістері.

1

2

-













Бағдарламалап оқыту әдістері.

1
















6

Интерактивті оқыту әдістері.

2




3

2

5

5,8,15




Модуль 3. Оқу іс-әрекетін бағалау



















7

Оқушылардың оқу іс-әрекетін бақылау және түзету.

1

2




2

6

3,7,15

8

Психологияны оқыту теориялық ғылым ретінде.

1
















9

Қолданбалы психологияны оқытудың әдістемелік ерекшеліктері.

1

2

-

2

6




10

Оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру.


1

2

-

2

6

3,5,7




Барлығы

15

15

15

22,5

67,5

-

3 ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
Студент аталған курс бойынша мынадай теориялық және практикалық мәселелерді игеруі керек. Оқу жоспарының көшірмесінде бөлініп берілген әр сабақ түрлері сағатқа шағылған, пәннің қысқаша мазмұны, мақсаттары мен міндеттері көрсетілген. ОӘК оқу пәнін меңгерудің барлық талаптарына сай келеді. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі бар. Оқытушылар мен студенттерге арналған жүмыс бағдарламасы берілген. Студентке арналған жүмыс бағдарламасында оқылуға тиісті тақырыптар мен жүмыс түрлерінің тізімі әдебиеттердің көрсетілуімен айқындалған. Әр дәріс сабағы бойынша қысқаша мәлімет берілген. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары және әр тақырыпта қарастырылатын мәселелер жоспар түрінде нақты көрсетілген. СӨЖ тапсырмаларын өткізудің мерзімі, тақырыптары және әдебиеттері жазылған. Студенттердің білімін бағалау әдістемесі бар.

Дәрісті тыңдап, жазуға әдістемелік нұсқаулар.

Мақсаты: студенттерді курс бойынша тиісті теориялық біліммен қаруландыру.

Міндеттері:

- әр тақырыпты меңгерту мақсатымен жүйелі білім беру;

- әр тақырып бойынша негізгі түсініктермен таныстыру және меңгерту;

- пәнге қызығушылығын тудыру және ары қарай өздігінен жұмыс істей білуге үйрету;

- курс бойынша тиісті білімді меңгеру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету.

Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларының бірі - дәріс болып табылады. Ол студенттерге олар үшін күрделі және жаңа ақпараттарды беруге тиімді. Дәріс студенттерде пәнге қызығушылық тудырады, алынған білімді практикалық міндеттерді шешуде қолдануға көмектеседі, тақырыптың және қарастырылып отырған материалдың теориялық жақтарын ашып көрсетеді.

Дәріс - студенттерде өздігінен терең білім алуға ізденіс туғызады. Дәрісті тыңдау – бұл өзара бір-бірімен байланысқан танымдық үрдістердің (зейін, түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау) бірлігі.

Сіздің курс бойынша жан-жақты білім алуыңыз дәріс сабақтарын толық тыңдауыңызға байланысты екенін еш ұмытпаңыз. Сондықтан бағдарлама мазмұнында берілген дәріс сабақтарын алдын-ала қарастырып жүріңіз. Сіздің білімініңізің деңгейі тек өзіңіздің жауапкершілігіңіз және өздігіңізден жұмыс жасау қабілетіңізге тікелей байланысты болады.

Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық: сабаққа кешікпеңіз; дәріс дәптеріңіз және қаламыңызды ұмытпаңыз; дәріс барысында мәтінді қалмай жазып отыруға талпыныңыз, ол тәжірибелік сабақтарға, өздік жұмыстарға даярлануда негіз болады.
Студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар

Мақсаты: студенттердің дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдері негізінде өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру.

Міндеттері:

- дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдерін тереңдету;

- теорияны практикамен байланыстыру;

- библиографиямен жұмыс істеу іскерлігі мен дағдыларын жетілдіру;

- алынған білімі негізінде мәселелік сұрақтарды өздігінен шешу;

- психологиялық-педагогикалық бақылау жүргізудің практикалық дағдыларын жетілдіру;

- зерттеушілік, ізденушілік іскерліктерін жетілдіру;

- өздігінен жұмыс істеу іскерліктері мен дағдыларын дамыту;

- ойын еркін жеткізе білуге және оны қорғай білуге үйрету.

Өздігіңізден орындайтын өздік жұмысыңыз Сіздің курс бойынша меңгеретін біліміңізге және рейтинг бойынша жинайтын ұпайыңызға айтарлықтай ықпал жасайтынын ұмытпаңыз, сол себепті әрбір өздік жұмыс тапсырмасын өзіңіз дербес орындаңыз, тапсырманы орындауға мұқият қараңыз, әрі жауапты болыңыз. Өздік жұмыс тапсырмаларын орындау барысында басқадан көшіргеніңіз немесе басқаға көшірткеніңіз үшін жұмысыңыз мүлдем есептелінбеуі немесе бағасы төмендетілуі мүмкін.

Өздік жұмысын орындау формалары әр түрлі: кесте, таблица құру, реферат, коллоквиум, сөзжұмбақ, пікірталас, конспект бойынша талдау, аннотация жазу және т.б. Оларды орындау үшін оқу әдістемелік кешеннің мазмұнында жалпы әдістемелік нұсқаулар берілген.

Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер:


  1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.

  2. Біліммен нәтижелі шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында даялануға дағдылану.

  3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

  4. Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі оқытушылардан, кітапхана қызметкерлерінен ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

  5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

  6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

  7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.

Өздік жұмыс түрлері: ауызша; жазбаша; практикалық; теориялық; шығармашылық.

Өздік жұмысты орындау барысында ерік қалыптасады, жұмысқа қабілет, зейін, оқу еңбегі, тәртібі тәрбиеленеді.



Өздік жұмыс формалары: реферат орындау; конспектілеу; аннотация жазу; тезис орындау; ғылыми баяндамалар жазу және т.б.

Конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау.

Берілген тақырыпты конспектілеуге қойылатын негізгі талаптар:



  1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.

  2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.

  3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.

  4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс.

  5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

Сілтеме – бұл белгілі бір автордың ой-пікірін өз жұмысымызда пайдалансақ, онда оған сілтеме келтіреді, яғни ол әдебиеттің тізімін пайдаланғаны бойынша ретімен жазу.

Тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау.

Цитаталау - мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап (жұмыс) аты, баспасы, шыққан жылы, беттері көрсетіледі.

Аннотация - мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау.

Рецензиялау - оқу материалы , кітап (жұмыс) туралы өз ойын қысқа жазу.

Ғылыми баяндамалар – аудиторияда оқылатын немесе мақала ретінде жарияланатын ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік –эксперимент жұмысының мазмұнын баяндайтын ғылыми құжат.

Реферат – ғылыми еңбектер, ғылыми зерттеулердің қысқаша мазмұнын сипаттайтын, жазбаша немесе басылымдық түрде берілетін жұмыс.

Реферат жазуға әдістемелік нұсқау

Реферат – ғылыми-ақпараттық бағытта болады, тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар, онда ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалынып, сын айтылады. Реферат ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында қолданылады. Арнаулы орта оқу орындары, жалпы білім беретін мектептер оқушыларының үйірме, клубтарда жасаған баяндамалары да реферат деп аталады. Ғылыми кандидаты және ғылым докторы дәрежесіне диссертация қорғаушының авторефераты да рефератқа жатады.



Реферат жазуда не ескеріледі?

1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты кішігірім зерттеулер жасау. Ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасау.

2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал.

3. Реферат жазуда негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдылану.

4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасау.

5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін қайдан алынғанын (сілтеме), қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсету қажет.

6. Реферат аудиторияда талқыланады.

Рефератты талқылау - шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-амазмұны зор әрекет жұмыс. Бұл кезде сөйлесушілер негізгі мәселеден ауытқымай,нақты тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.

Рефератты талқылап, қорытындысын шығару - маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.

Рефератмазмұны:

- тақырыпқа сай реферат құрылымының деңгейі;

- тақырыптың өзектілігі және ақиқаттылығы;

- зерттеулердің көлемі және басқа да жаңалықтардың қайнар көзі;

- мазмұнның стилі және сауаттылығы;

- рефераттың өңделуінің талапқа сәйкестілігі



Эссе дегеніміз -  философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Эссе жазу барысында сақталынуы тиіс талаптар:

  • Жеке көзқарастың көрінісі;

  • Фактілі дәлелдер (аргументтер);  

  •  Теоретикалық негіздеме;  

  •  Цитаталарды келтіру;

  •  Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;

  •  Логикалық заңдылықтың сақталынуы;

  • Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;

  • Сауаттылыққа мән беру.

  Әдебиеттермен жұмыс істеу әдістемесі

Кітаппен (негізгі әдебиетпен жұмыс жасағанда) жұмыс жасауда басты назар аударылады:

1.Кітаптың сыртқы мұқабасымен танысу (кітаптың аталуы, авторы, шыққан жылы, баспаның аты, кітаптың редакторы, алғы сөздің немесе кіріспе сөздің авторы); оның тұтастай көлеміне;

2. Мазмұны арқылы кітаптың жоспарымен (бөлім, тарауларымен) және қандай жүйеде жазылғанымен танысу;

3. Кітаптың алғы сөзімен, кіріспесімен мазмұнын, мақсатын түсіну үшін үстірт танысып шығу;

4. Негізгі мәтіннің құрылымымен (жеке тарауларға; мәтіннің жеке бөліктерге бөлінуіне (тақырыптарға, параграфтарға) танысу;

5. Безендірілу сипатына;

6. Қайталауға берілген сұрақтарға;

7. Қолданылған әдебиеттер тізіміне және т.б.

Келесі кезекте назарды қосымша әдебиеттерге аударған дұрыс.


4 КУРС ФОРМАТЫ

Семинарға дайындық кезінде студент мұғалімнің дәрісін назарға ұстай отырып, біршама ізденіс жұмыстарын жасау қажет. Ғылыми мақалалар мен монографиялар, сондай-ақ интернет желісінен алынған материалдардағы керекті деректер конспектіленіп алынады. Семинар студенттің ізденіс жұмысы болғандықтан, бір емес бірнеше дереккөздерді пайдалануға тиісті. Курс бойынша білуге тиісті терминдер мен шартты ұғымдарды оқытушы қамтып, түсіндіреді. СӨЖ тақырыптары берілген сұрақтарды қамти отырып, жазбаша және ауызша жұмыс түрінде орындалады. СӨЖ-ді конспект түрінде дәптерге жазып өткізу қажет. Сабақ барысында студенттің теориялық білімі, белсенділігі, ынтасы және шығармашылық шешім таба білу дағдысы бағаланады.


5 КУРС САЯСАТЫ

Курсты оқу барысында алынған ұпай жинақталып, жалпы саны шығарылады. Жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырманы орындауы, сабаққа қатысуы, СӨЖ тапсырмаларын, тиісті жаттығу жұмыстарын орындағаны жөніндегі ұпай жиынтығы, кезеңдік, қорытынды бақылау нәтижелері т.б. түгел ескеріледі. Курсты оқу барысында алынған барлық ұпайлар жинақталып, бір-біріне қосылады. Осы курстан алған жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырама мен рейтинг бақылауынан алынған баға және емтихан бағаларының қорытындысы бойынша орташа балл есептеледі. Барлық тапсырмаларды көрсетілген уақытында өткізу қажет. Барлық тапсырмаларды қабылдап алу емтиханға 7 күн қалғанда аяқталады. Барлық тапсырманы өткізбеген студенттер емтиханға кіргізілмейді. Жұмысты кеш тапсырсаңыз: қосымша тапсырма беру арқылы жұмыс көлемін ұлғайтылады; Тапсырмалар оқытушы тағайындаған уақытта қабылданады. Емтиханға келмесеңіз: орынды себеп болса, бұрынғы орындалған жұмыстарыңыз есепке алынады; орынсыз себеп болса, тапсырманы орындауыңыз қажет және осы мәселеге қатысты университет саясаты есепке алынады. Әрбір тақырыпты қайталау және өтеу міндетті. Өтілген материалды меңгеру деңгейі тест арқылы тексеріледі. Тест алдын ала ескертілмей өткізіледі. Аудиториялық сабақтарды босатпау, кешікпеу міндетті. Себепсіз сабақтан қалсаңыз: қосымша шығармашылылық жұмыс беріледі (реферат, көркем мәтінге талдау т.б.); Сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақ босатылғанға теңгеріледі. Оқу үрдісіне белсенді түрде қатысу қажет.



6 БАҒАЛАУ САЯСАТЫ

«Заң психологиясы» пәні бойынша ұпай бөлінісі

Кесте 2

Апта

Бақылау түрі

Ұпай жиыны

Ескерту

1

2

3

4




1-8 апта бойы

дәріске қатысу



30




2

Семинар

30




СӨЖ

0



3


Семинар

0




СӨЖ

50



4


Семинар

30




СӨЖ

0




5


Семинар

0




СӨЖ

50



6


Семинар

40




СӨЖ

0




7

Семинар

0




1аралық бақылау

70




1-7апта бойынша барлық ұпай саны

300







9-15 апта бойы

дәріске қатысу



30




8

Семинар

25




СӨЖ

0



9


Семинар

0




СӨЖ

30




10

Семинар

25




СӨЖ

0



11


Семинар

0




СӨЖ

30




12

Семинар

25




СӨЖ

0




13

Семинар

0




СӨЖ

40




14

Семинар

25




СӨЖ

0




15

2 аралық бақылау

70




9-15 апта бойынша барлық ұпай саны

300




Емтихан ұпайы

400




Академиялық мерзімге жиынтық ұпай

1000




7 ӘДЕБИЕТТЕР

7.1 Негізгі әдебиеттер тізімі.

7.1.1Онищук В.А. Урок современной школе. М.,2011.

7.1.2Бадмаев Б.Ц. Методика преподавания психологии.-М.,2009.

7.1.3Герасимова В.С. Методика преподованния психологии.-М.,2004.

7.1.4Панибратцева З.П. Методика преподованния психологии. –М.,2008.

7.1.5Ляудис В.Я. Методика преподованния психологии.-М.,2004.

7.1.6Вербицкий А.А. Активное обучение в высшей школе.-М.,1991.

7.1.7Смолкин А.М. Методы активного обучения.-М.,1991.

7.2 Қосымша әдебиеттер тізімі


7.2.1Амонашвили Ш.А. Воспитатальная и образовательная функция оценки учения школьников.-М.,1984.

7.2.2Ананьев Б.Г. Психология педагогической оценки//Избранные психологические труды.-2 т.-1980.

7.2.3Беренгер А.Т. Специфика учебно-воспитатального процесса на начальном этапе обучение студентов в высшей школе.-М.,1989.

7.2.4Скаткин М Н. Совершенствование процесса обучения. 1 Проблемы и суждения. М., 1997.

7.2.5Бойко И.Е. Механизмы умственной деятельности. - М.. 1998.

7.2.6 Гальперин П Я. Психолого-педагогические проблемы программированного обучения на современном этапе. - М..1966.

7.2.7Брушлинский А.В. Психология мышления и проблемное обучение. М.. 1999.

7.2.8 Граф В.. Ильясов Ш. и др. Основы организации учебной деятельности и самостоятельной работы студентов. - М.. 1997.

7.2.9 Зорина Л.Я. Слово учителя в учебном процессе. - М.. 1984

7.2.10Игровое моделирование. Методология и практика/Под ред. Ладенко И.С. - М..1997.

7.2.11Полонский В.М. Оценка знаний школьников - М.. 1998.

7.2.12 Инновационные технологии в учебно-педагогическом процессе школы и вуза. Волгоград. 1999.

7.2.13 Самоукииа Н. В Организационнообучающие игры» обучении. - М . 1999.

7.2.14Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. - М. 1998.

7.2.15Никишина И.В. Инновационная деятельность современного педагога. -Волгоград. 2007.

7.2.16 Никишина И.В. Инновационные педагогические технологии и организация учебно-воспитателельного и методического процессов и школе. - Волгоград, 2007.

7.2.17Обучающие семинары. Методическая поддержка компетентностного обучения/ cocт. Т.Н. Хуртова. - Волгоград, 2007.

7.2.18 Щукина Г.И. Активизация познавательной деятельности учащихся в учебном процессе. М., 2007.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет