Сабақтың мақсаттары



бет1/14
Дата25.02.2016
өлшемі1.13 Mb.
#21870
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Материктер мен мұхиттар географиясында не оқытады?

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларға оқылып отырған мәселенің негізгі идеясын зерттеліп отырған құбылысын, фактінің заңның айқын, материктер мен мұхиттарға нақты түсінік беру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың жаңа білімді қорытындылау, жүйелеу, қабылдау, ойға сақтау қабілетінің жоғары деңгейіне жетуін қамтамасыз ету және дамыту.

3. Тәрбиелік: Материктер мен мұхиттарға деген қызығушылықты тудыру, оның құрылымын өз бетінше зерттеуге баулу.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, проблемалық түсіндіру

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Дүние жүзінің картасы, атлас карта, суреттер, карточкалар

Сабақтың жоспары:



Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

2.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

3.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

4.

Үйге тапсырма беру

1-2

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпқа кіріп, оқушылармен амандасып, оқушылардың зейінін тұрақтандырып, жаңа сабақты түсіндіруге кірісемін.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Материктерде құрлықтағы өзіндік ерекшеліктерімен айқындалатын биік тау жүйелері мен ұлан-ғайыр жазықтардың табиғаты, дүниежүзілік мұхиттың тылсым табиғаты мен орасан мол табиғи қорлары, ондағы терең сулы шұңғымалар мен су асты жоталары, құрлық климатына әсер ететін теңіз ағыстары мен мұхит суының жалпы қасиеттерін жатқызамыз.

Жер шары бетінің жалпы ауданы 510,2 млн.км-ге тең. Ол материктер мен мұхиттарға бөлінген. Құрлықты құрайтын материктер мен аралдар үлесіне шамамен 149,1 млн км немесе бүкіл Жер бетінің 29,2%-ы келеді.

Жер шарында барлығы алты материк бар. Материктер қалыптасуы мен қазіргі табиғат ерекшеліктеріне сәйкес, солтүстік және оңтүстік жарты шар материктеріне топтастырылып, мынадай тәртіппен қарастырылады: Еуразия (54 млн км астам), Солтүстік Америка (24,2 млн км), Оңтүстік Америка (18,3 млн км), Африка (30,3 млн км), Аустралия мен Мұхит аралдары (9,0 млн км-ге жуық), Антарктика (14 млн км). Материктерге таяу жағалаудағы қайраңдар мен материктік беткейлерде материктік аралдар орналасқан. Олар – жер қыртысындағы қозғалыстар әсерінен құрлықтың кейіннен бөлініп қалған бөліктері, көбінесе ауданы ауқымды келеді (Гренландия, Мадагаскар, Британ аралдары және т.б.). Мұхиттардың қозғалмалы бөліктерінде жанартаулық аралдар (Исландия, Гавай, Азор аралдары), ал судың беткі температурасы +25С-тан жоғары аймақтарында маржандық аралдар (Үлкен Аустрия Тосқауыл рифі, Маржан теңізінің аралдары) орналасқан. Аралдар жеке-дара және топ болып кездеседі, аралдар тобын архипелаг деп атайды. Жер шарындағы ірі архипелагтар қатарына Канаданың Арктикалық архипелагы, Малайя архипелагы, Шпицберген архипелагы жатады.

Құрлық материктерге бөлінумен қатар, дүние бөліктеріне де жіктеледі. Дүние бөліктері дегеніміз құрлықтың ашылуы мен қоныстану ерекшеліктеріне сәйкес шартты түрде ажыратылатын тарихи-географиялық ірі аймақтар. Дүние бөліктері де алтау: Еуропа, Азия, Африка, («Ескі дүние»), Америка, Аустралия, Антарктика («Жаңа Дүние»).

Жер шарының аса ірі материгі Еуразияны ежелгі грек географтары екі дүние бөлігіне ажыратқан. Бұл дүние бөліктері Месопотамияны мекендеген ежелгі халықтар – финикиялықтардың «эреб»-батыс, «асу»-шығыс деген сөздерінің негізінде Еуропа және Азия деп аталған. Кейінірек ашылған Солтүстік және Оңтүстік Америка материктері табиғат жағдайларының айырмашылықтарына қарамастан, біртұтас Америка дүние бөлігіне біріктірілген. Дүние бөліктерінің құрамына көршілес жатқан аралдар да енеді.



Дүниежүзілік мұхит. Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы 316 млн км, бұл Жер беті ауданының 70,8%-ын құрайды. Ол материктер арқылы төрт мұхит айдынына бөлінеді: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттары.

Дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері – Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы (11 022м). Мұхиттар құрлықтың бөліктерімен тығыз байланыста бола отырып, ондағы табиғат жағдайларының қалыптасуына зор ықпал жасайды.



Жаңа тақырыпты бекіту:

Сұрақ: Жер шары бетінің жалпы ауданы қанша млн км²?

Жауап: 510,2 млн км²

Сұрақ: Жер шарында барлығы қанша материк бар және оларды ата?

Жауап: 6 материк, Еуразия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия, Антарктика

Сұрақ: Жер шарындағы ірі архипелагтарды ата?

Жауап: Канаданың Арктикалық архипелагы, Малайя архипелагы, Шпицберген архипелагы.

Сұрақ: Дүние бөліктері дегеніміз не?

Жауап: Құрлықтың ашылуы мен қоныстану ерекшеліктеріне сәйкес шартты түрде ажыратылатын тарихи-географиялық ірі аймақтар

Сұрақ: Дүние бөліктері қанша және оларды ата?

Жауап: 6, Еуропа, Азия, Африка («Ескі Дүние»), Америка, Аустралия, Антарктика («Жаңа дүние»)

Сұрақ: Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы қанша млн км²?

Жауап: 361 млн км²

Сұрақ: Дүниежүзілік мұхиттың ең терең жерін ата және оның тереңдігі қанма метр?

Жауап: Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы, 11 022 метр

Қорытынды: Қорытындылай келе, материктер мен аралдар, дүние бөліктерін және дүниежүзілік мұхиттың маңызын ашып түсіндірдім.

Үйге тапсырма: §1. Материктер мен мұхиттар географиясы нені оқытады? оқу және кесін картаға материктер мен мұхиттарды түсіру.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Материктер мен мұхитты түсіндіре отырып, зерттелу тарихы мен жасалу технологиясына көңіл бөлдіру және түсіндіру, таныстыру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, картамен глобуспен жұмыс істеу қабілеттерін әрі қарай дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушылардың қызығушылығын арттыру және өз бетінше зерттеуге баулу.

Сабақтың түрі: Аралас

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, суреттеп түсіндіру

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Дүние жүзінің картасы, атлас карта, оқулық, глобус, суреттер

Сабақтың жоспары:



Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

2.

Үй тапсырмасын сұрау

10-12

3.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

2-3

4.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

5.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

6.

Үйге тапсырма беру

1-2

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпқа кіріп, оқушылармен амандасып, олардың бар жоғын анықтап, үй тапсырмасын сұраймын.

Үй тапсырмасын сұрау:

Сұрақ: Жер шары бетінің жалпы ауданы қанша млн км²?

Жауап: 510,2 млн км²

Сұрақ: Жер шарында барлығы қанша материк бар және оларды ата?

Жауап: 6 материк, Еуразия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия, Антарктика

Сұрақ: Әр материктердің аудандарын ата?

Жауап: Еуразия-54 млн км² астам, Африка 30,3 млн км², Солтүстік Америка 24,2 млн км², Оңтүстік Америка 18,3 млн км², Антарктика 14 млн км², Аустралия және Мұхит аралдары 9,0 млн км²-ге жуық

Сұрақ: Жер шарындағы ірі архипелагтарды ата?

Жауап: Канаданың Арктикалық архипелагы, Малайя архипелагы, Шпицберген архипелагы.

Сұрақ: Дүние бөліктері дегеніміз не?

Жауап: Құрлықтың ашылуы мен қоныстану ерекшеліктеріне сәйкес шартты түрде ажыратылатын тарихи-географиялық ірі аймақтар

Сұрақ: Дүние бөліктері қанша және оларды ата?

Жауап: 6, Еуропа, Азия, Африка («Ескі Дүние»), Америка, Аустралия, Антарктика («Жаңа дүние»)

Сұрақ: Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы қанша млн км²?

Жауап: 361 млн км²

Сұрақ: Дүниежүзілік мұхиттың ең терең жерін ата және оның тереңдігі қанма метр?

Жауап: Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы, 11 022 метр

Жаңа сабақты түсіндіру:

Адамзаттың географиялық түсініктері алғашқы қауымдық кезеңнен-ақ жинақтала бастады. Жер табиғаты, халықтары және олардың тұрмыс-тіршілігі жайлы деректер мыңдаған жылдар бойы жинақталды, географиялық зерттеулердің тарихы бірнеше кезеңдерге бөлінеді.



1 –ші, Ежелгі дәуірлерде байырғы ғылым мен мәдениеттің ошақтары – Месопотамия, Парсы жері мен Египеттегі, Карфаген және Ежелгі Грек, Рим елдеріндегі жаңа жерлерді игеру мен соғыс жорықтары нәтижесінде географиялық деректер қарқынды түрде жинақтала бастады. Грекия оқымыстыларының еңбектері географияның ғылыми негізін қалады.Тарих ғылымының негізін салушы грек ғалымы Геродоттың 9 томдық«Тарих» атты еңбегінде географияның алғашқы ғылыми түсініктері берілген.

2-ші, Ежелгі Грек ғалымы Аристотель Жер – шар тәрізді деген Пифагордың түсінігін ілгері дамытады. Жылды 365 күнге бөліп, Ай мен Күннің тұтылу себептерін дәлелдеп берді.

Эратосфен ендікті, бойлықты нақты өлшеп, тұңғыш рет географиялық карта жасады, математикалық географияның негізін салған.

Римдік ғалым Страбон географияны жер туралы ғылым ретінде түсініп, Жерді географиялық жағынан сипаттайтын «География» деп аталатын 17 кітап жазған.

Ұлы географиялық ашулар кезеңі ғ ХV- ХVІІІ ғасырлар аралығындағы жаңа жерлердің ашылуымен байланысты география тарихында болған аса маңызды жаңалықтармен сипатталады.

1492 жылы Христофор Колумб басқарған испан экспедициясы Атлант мұхиты арқылы Үндістанға баратын жолды іздеу барысында Багам, Кіші Антиль аралдарын ашты, сөйтіп Жаңа дүниедегі жаңа ашуларға негіз салды. Колумб өзі Вест-Индия деп аталған аймаққа кейіннен тағы 3 рет саяхат жасады.

1498 жылдың 20 мамырында Васко да Гама басқарған португал кемесі Каликут (Калькутта) Шығыс Азияны игеру, тонау және бөлісу кезеңі осы күннен басталды.

Колумб ашқан жаңа жерлерге 1499-1503 жылдар аралығында Америго Веспуччи 3 рет саяхат жасады. А.Веспуччи жаңа ашылған жерлердің Үндістан емес, жаңа дүние екенін дәлелдеді.

15 жылғы дүние жүзі картасында атақты картограф Герард Меркатор Американың солтүстік және оңтүстік бөліктері ұғымын пайдаланып, оларды «Жаңа Дүние» деп атады.

1519-1522 жылдар аралығында Фернан Магеллан мен Себастьян Элькано басқарған испан экспедициясы тұңғыш рет жер шарын айналып өтіп, еуропалықтар үшін беймәлім Тынық мұхитты ашты.

ХVІІ ғасырда оңтүстік жарты шарда голландық Абель Тасман кейін өз атамен аталған аралды, 18 ғасырда ағылшын саяхатшысы Джеймс Кук Жаңа Зеландия аралы мен Аустралияның шығыс жағалауын ашты. Куктың зерттеулері Жер шарындағы су мен құрлықтың арақатынасы туралы және Тынық мұхит пен оның аралдары туралы көптеген мәліметтер берді.

ХVІІІ ғасырдағы орыс экспедициясы құрамындағы В.Беринг пен А.И.Чириков Американың солтүстік-батыс бөлігі мен Алеут аралдарын ашты.

1803-1806 жылдар аралығында И.Ф.Крузенштерн мен Ю.Ф.Лисянскийдің Тынық, Үнді, Атлант мұхиттары арқылы жүріп өткен экспедициясы Тынық мұхиттың көптеген жаңа аралдарын ашты.

1819-1821 жылдар аралығында Ф.Белинсгаузен мен М.Лазарев басқарған экспедиция 1820 жылы 28 қаңтарда Антарктика материгін ашты.

1909 жылы Американдық Р.Пири Солтүстік полюске, 1911 жылы Норвег Р.Амундсен Оңтүстік полюске жетті.

Бүгінгі таңда Жер шарында ашылмаған жер жоқ деуге де болады, бірақ онымен географиялық ашулар тоқтады деген ұғым тумау керек. Жаңа географиялық зерттеулерде ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері: ғарыштық және аэро кескіндеулер, геофизикалық зерттеулер, ақпаратты компьютерлік өңдеу және т.б. кеңінен пайдаланылады. Қазіргі заманғы география ғылымы табиғи ортаны қорғау мен табиғат қорларын тиімді падалану, мұхит табиғатын жаңа құралдар мен әдістер көмегімен танып-білу, адамзат пен табиғат арасындағы өзара байланыс, табиғат апаттарын болжау және оларды болдырмау бағытында зерттеулер жүргізуде.



Жаңа сабақты бекіту: Сәйкестендіру кестесі арқылы

1.

1819-1821




Семен Дежнев Беринг бұғазы арқылы Солтүстік мұзды мұхиттан Тынық мұхитқа өтті;

2.

1803-1806




Колумб ашқан жаңа жерлерге Америго Веспуччи 3 рет саяхат жасады;

3.

1519-1522




Ф.Беллинсгаузен мен М.Лазарев басқарған экспедиция Антарктика материгін ашты;

4.

1499-1503




И.Ф.Крузенштерн мен Ю.Ф.Лисянскийдің Тынық, Үнді,Атлант мұхиттары арқылы жүріп өткен экспедициясы Тынық мұхиттың көптеген жаңа аралдарын ашты;

5.

1648




Фернан Магеллан мен Себастьян Элькано басқарған испан экспедициясы тұңғыш рет Жер шарын айналып өтіп, еуропалықтар үшін беймәлім Тынық мұхитты ашты;

Қорытынды: Бүгінгі сабақта, материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдерін баяндап, таныстырдым.

Үйге тапсырма: : §2. Тақырыпты оқу. Кескін картаға географиялық ашылулар, зерттеулерді түсіру. Реферат жазып келу.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Материктер мен мұхиттар карталары

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Материктер мен мұхиттар туралы алған білімдерін жинақтап, одан әрі таным деңгейін арттыру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың әр материкті, мұхитты жете тануға қызығушылығын ояту, оларды қосымша ізденуге, картамен жұмыс істеуге, қорытынды жасауға дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: Өзін дұрыс ұстай білуге, мәдениеттілікке және ойын дұрыс, нақты жеткізе білуге баулу.

Сабақтың түрі: суреттеу-түсіндіру, өзіндік ізденіс

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, іздену

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Кескін карта, дүние жүзінің картасы, атлас карта, оқулық, глобус

Сабақтың жоспары:



Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

2.

Үй тапсырмасын сұрау

10-12

3.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

2-3

4.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

5.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

6.

Үйге тапсырма беру

1-2

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпқа кіріп, оқушылармен сәлемдесіп, оқушылардың зейінін тұрақтандырып, жаңа сабақты түсіндіре бастаймын.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Карта-математикалық заңдылыққа негізделе отырып (масштаб және проекция бойынша) жасалатын Жер шарының, Күн жүесіндегі басқа ғаламшарлардың және т.б кішірейтіліп әрі жинақталып, шартты белгілермен бейнеленген кескіні. Жер шарының бірнеше есе кішірейтіліп берілетін нақты бейнесі глобус деп аталатыны белгілі. Глобустағы Жер бетінің дәл бейнесін картаға көшіру үшін картографиялық проекциялар қолданылады. Картографиялық проекция (кескін) – Жер шарының бетін математикалық тәсілдер арқылы жазықтықта бейнелеу. Жердің шар тәрізді болуына байланысты оны жазық карта бетінде бейнелеу барысында әр түрлі дәрежеде бұрмалану болады.

Тең бұрышты проекция қолданылған картада бұрыштар мен шағын географиялық нысандардың пішіндері нақты сақталады.

Тең ауданды проекция қолданылған карталарда аудан дәл беріледі. Мұндай проекция қолданылған карталардан материктер мен елдердің мұхиттардың ауданын нақты анықтауға болады.

Еркін алынған проекциялар негізінде жасалған карталарда бұрмаланулардың барлық түрлері кездескенімен, олар карта бетінде ұтымды бейнеленеді.

Цилиндрлік проекция көбінесе Жер шары толық бейнеленген карталарда пайдаланылады.



Карталар мынадай 4 белгісіне бөлінеді:

А) Қамтылатын аумағына (жарты шарлар немесе дүние жүзі карталары, Дүниежүзілік мұхит картасы, материктер мен олардың бөліктерінің картасы, топографиялық карталар);

Ә) Мазмұнына (жалпы географиялық және тақырыптық);

Б) Масштабына (ұсақ, орта және ірі масштабты карталар);

В) Қолданылу сипатына (ғылыми-анықтамалық, оқу карталары мен мәдени-ағарту, техникалық және туристік карталар);

Жаңа сабақты бекіту:

Сұрақ: Карталар қанша түрге топтастырылады?

Жауап: 4; қамтылытын аумағына, мазмұнына, масштабына, қолдану сипатына қарай топтастырылады

Сұрақ: Кешенді карталар дегеніміз не?

Жауап: Көп жағдайда тақырыптық крталар бірнеше компоненттерді және олардың өзара байланысын көрсетеді. Мұндай карталар кешенді карталар деп аталады.

Сұрақ: Глобус дегеніміз не?

Жауап: Жер шарының бірнеше есе кішірейтіліп берілетін нақты бейнесі глобус деп аталады.

Сұрақ: Картографиялық проекция дегеніміз не?

Жауап: Жер шарының бетін малематикалық тәсілдер арқылы жазықтықта бейнелеу.

Сұрақ: Дүниежүзілік карталарда көп пайдаланылатын проекция-

Жауап: Көп конусты проекция.

Сұрақ: Жер жары толық бейнеленген карталарда пайдаланылатын проекция-

Жауап: Цилиндрлік проекция.

Сұрақ: Азимуттық прекция қандай мақсатта қолданылады-

Жауап: Белгілі бір нүктеден жан-жаққа бағытталатын кеңістікті дәл бейнелеу үшін қолданылады.

Қорытынды: Бүгінгі сабақта, материктер мен мұхиттар карталарын, шартты белгілер жүйесін, проекциялардың түрлерін айтып түсіндірдім.

Үйге тапсырма: Материктер мен мұхиттар карталары мәтінін оқып, баяндау. Атлас картадан түрлерін анықтап, оларға мысал келтіру.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Литосфера. Жер қыртысының құрылымы

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Жер қыртысының ішкі құрылысы зерттеліп отырған құбылысын, фактінің, заңның айқын, нақты түсінігін беру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың жаңа білімді қорытындылау, жүйелеу, қабылдау ойға сақтау қабілеттерін арттыру, дамыту.

3. Тәрбиелік: Жақсы қасиеттерге үйрету. Экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Оқулық, кескін карта, дүние жүзінің картасы, атлас карта, глобус

Сабақтың жоспары:



Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

2.

Үй тапсырмасын сұрау

10-12

3.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

2-3

4.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

5.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

6.

Үйге тапсырма беру

1-2

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпқа кіріп, оқушылармен сәлемдесіп, үй тапсырмасын сұрауға кірісемін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет