Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік униврситеті


Зертханалық сабақтың тақырыбы №14 Жасанды мәрмәр дайындау технологиясы және оның сапасын бағалау



бет8/9
Дата12.06.2016
өлшемі0.77 Mb.
#130796
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Зертханалық сабақтың тақырыбы №14 Жасанды мәрмәр дайындау технологиясы және оның сапасын бағалау
№14 зертханалық сабаққа әдістемелік нұсқаулар

{Сабақтын мақсаттары, зертханалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар}


Жасанды мәрмәр азаматтық және қоғамдық ғимараттардың ішкі қабырғасын, бағана тіреуіштерін өндеу, әдемілеу үшін қолданылады. Мәрмәрдың екі түрі бар: оселкалық (оселковый) және тегістелген (утюжный).

Оселкалык мәрмәр - гипстен, портландцементтен, магнезиалды тұтқыр заттардан, ал тегістелген мәрмәр - сөндірілген әктің ұнтағынан дайындалады. Кең қолданылатыны - оселкалық, себебі дайындау технологиясы күрделі емес.


Жұмыстың мақсаты:

Жасанды гипс мәрмәрын дайындау және қасиеттерін анықтау.



Жұмыстың жүргізілу тәртібі және қажетті материалдар:

Жартылай сулы гипс, пигмент (голланд күйесі, ультрамарин, берлин көгілдірі, жоса, мумия, умбра, хром оксиді, темір жосасы т.б), ағаш шеберлігінің плиткалық желімі.

Гипсті алдын-ала 1 см2 №918 тор көзі бар елеуіш, ал пигментті 1 см" №3600 тор козі бар елеуіш арқылы өткізеді.

Гипс массаларын 5.25-кестеге сәйкес дайындайды.

Түсті гипс қоспасын алу үшін гипсті пигментпен бірге шарлы уатқышта үнтақтап, №918 елеуіштен өткізеді. Қоспаның жасанды мәрмәрдің 10x10 см өлшемді үлгісін дайындауға кететін шығыны 100 - 110 г. Желімнің шығыны - 4%, ал желім ерітіндісінің шығыны 60-70% (қоспаның массасына шағып есептегенде).

Қүрғақ гипсті шынының немесе темір беттің үстіне қойылған, ішкі өлшемдері 100x100 см ағаш қалыпқа жұқа қабат етіп төгеді. Ағаш таяқшамен ортасынан қажетті түске, өрнекке байланысты тереңдік жасап, түсті гипс қоспасын салады. Түсті гипстің үстін кәдімгі гипспен толтырады. Қоспаны тегістеп, қолмен нығыздайды. Сонан соң қаппен жауып, желім ерітіндісімен толық қаныққанша және қоспаньщ бетіне су пайда болғанша ұстайды. Артық суды төгіп тастайды. Плитка қатайып болғаннан кейін қалыптан алып, беріктігін, су сіңіргіштігін, суыққа төзімділігін берілген әдістемелерге сәйкес анықтайды.


5.25-кесте Жасанды мәрмәр дайындалатын гипс қоспаларының құрамы





Гипстің массасына

Температурадағы

Мәрмәрдың түрлері

шағып есептегендеп

түстердің массалык




пигмент шығыны, %

қатынасы, %

Ақ мәрмәр :




негізгі түсі

іздері

Ақ түсті

-

85-90

-

Іздер

голланд күиесі

-

10-15

«Уфалей» мәрмәр:

күйе - 0,5 - 1

75-80

-

түсі сүрғылт көплдір

ультрамарин - 0,5










күйе- 10 ультрамарин - 2... 3

~

20-25

«Газган» мәрмәр:

жоса - 3 ... 4

85

-

түсі қызғылт сары

мумия - 2 ... 3







Үш түстің іздері

жоса - 2 ... 3 умбра-2 ... 3 мумия-3 ... 5




15

Ляпис - лазурь:

ультрамарин немесе

90

-

Түсі көк

берлин көгілдірі







Ақ түстердің іздері

таза гипс

-

10

«Давалу» мәрмәры:

күйе -10

90

-

қара түс










сары алтын түстес іздер

алтын жоса - 6 ... 8

-

10

«Шроша» мәрмәры:

темір жосасы- 10

85

-

түсі қоңыр қызыл










ақ түсті іздері

таза гипс

-

15

Жасыл малахит:

хром оксиді немесе

-

30

(үш түрлі түс жайылып

хромжасылы- 15







кеткен тәріздес көрінеді)










қара түс үшін

-"—"-10

-

50

ашық түс үшін

-"—"~5...6

-

20

«Биюк-янка» мәрмәры:










сары құм-түстес

журав жосасы -10

80

-

қызғылт түстің іздері бар

темір мумиясы- 10

-

20

№14 сабақта орындайтын тапсырмалар

{Тапсырмалар немесе тестілік сұрақтар(керек жағдайларда вариантты таңдау кілтін көрсету керек)}


  1. Жасанды гипс мәрмәрын қалай дайындайсыз? және

  2. Жасанды мәрмәр дайындалатын гипс қоспаларының құрамын атаңыз.

  3. Жасанды мәрмәр қасиеттерін анықтау жолдары қалай?



Зертханалық сабақтың тақырыбы №15Террац плиткаларын дайындау және оларды сынау
№15 зертханалық сабаққа әдістемелік нұсқаулар

{Сабақтын мақсаттары, зертханалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар}


Террац плиткаларын еденге төсеу үшін, кейде ғимараттың ішкі және сыртқы қабырғаларын әсемдеу үшін пайдаланады. Плиткалардың өлшемдері: 15x15 см-ден 50x50 см-ге дейін, қалындыгы 2...5 см. Террац плиткаларын дайындау үшін түтқыр зат есебінде ақ және түсті цементтер, толтырғыш ретінде тау жыныстарының үнтақ тасы (мәрмәр, гранит, кварцит, базальт, лабродорит т.б.) қолданылады.

Террац плиткалары қою массаны престеу немесе сүйық шликерді тербелмелі қондырғыда дірілдету арқылы, кейін гидро-термиялық өндеуден соң беткі қабаттарын тегістеу (шлифтеу), жылтырату арқылы дайындалады. Плиткалардың су сіңіргіштігі 12%-дан артық болмауы тиіс, үйкелістен массасын жоғалтуы 0,10 г/см2-дан аспауы қажет.



Жұмыстың мақсаты: террац плиткаларының қасиеттерін цементтің шығынына, маркасына, толтырғыштың түріне, ірілігіне, дайындау процесіне байланысты зерттеу.

Жұмыстың орындалу тәртібі: алдын ала шикізаттардың шығынын төмендегі қатынасқа байланысты есептеп шығару керек цемент: толтырғыш қатынасы = 1:2 немесе 1:3. Дайындалатын плитканың өлшемі 150x150x35 мм. Ірі толтырғыш пен ұсақ толтырғыштың арақатынасын 1:1-ден 1:2-ге дейін өзгертуге болады.

Террац плиткасын престеу арқылы дайындау үшін жылжымалылығы аз қоспа дайындау керек. Мысалы, конустың батуы 1.. .4 см-ге дейін болуы керек. Әдістеме 4-тарауда келтірілген.

Дайын болған қоспаны қалыпқа салып, 0,1...0,8 МПа қысыммен престейді. Сонан соң, төмендегі режим бойынша 2+6+2 сағат гидротермалдық өндеуден өткізеді. Кейін кептіріп, беткі қабатын тегістеп, жылтыратып өңдейді.

Дайындалған плиткалардың сығылуға беріктік шегін, су сіңіргіштігін, үйкеліске шыдамдылығын анықтайды. Әдістемелік нүсқаулар 1-тарауда келтіріліген.

№15 сабақта орындайтын тапсырмалар

1. Жасанды мәрмәр бұйымдары қандай материалдардан жасалады?

2. Террац плиткалары қалай дайындалады және олардың өлшемдері қандай?

3. Террац плиткаларының қазіргі кездегі құрылыстағы орны қалай?


Білімді бақылау тестілері

Бірінші апталық тестілер


$$$1

Өндіріс құрылыс керамикасын мынандай түрде шығарады:

А) кірпіш, тасты қабырға

В) жабынды плита

С) cанитарлы- техникалық бұйым

D ) іргетас блоктар

Е) іргетас ұстындар



$$$2

Керамикалық құрылыс материалдары балқыта пісіру дәрежесіне байланысты былай бөлінеді:

А) тығыз және кеуекті

Б) иілімді және ширатушы

С) отқа төзімді және қиын балқитын

D) жұқа дисперсті және ірі дисперсті

Е) күйдірілген және күйдірілмеген



$$$3

Күйдіру арқылы қойылатын, бұйымға сыртқы әсерлерге қарсы тұраалатын , су өткізбеушілік және жоғары сәндік қасиеттер беретін шыны тәрізді қаптауды не деп атайды ?

А) глазурь

В) ангоб

С) торкрет

D) бояу

Е)шыны


$$$4

Саздың құрамына негізгі қандай минералдар кіреді ?

А) кремнезем, глинозем

В) калий және натрий оксиді

С) сілті және натрий оксиді

D) кремнезем және азот оксиді

Е) мыс және темір оксиді



$$$5

Керамикалық материал үшін иілімді шикізат болып табылатын не?

А) каолин және саз

В) шамот және кварцтық құм

С) перлит және шлак

D) кварцтық құм және күл

Е) шлам және ағаш үгіндісі



$$$6

Керамикалық материалдар үшін ширатушы шикізат- ол:

А) шамот, кварцтық құм, шлак, шыны сынықтары

В) перлит, каолин, саз, опилка

С ) дегидратталған саз, шлам, ұсақталған көмір

D) жасанды шыны, перлит

Е) нефелинді концентрат, құм



$$$7

Керамикалық материалдар үшін балқыма шикізаты болып табылады:

А) перлит, нефелинді концентат, шлак, жасанды шыны

В) каолин және саз

С) шамот, кварцты құм, шлак

D) саз, ағаш үгіндісі , ұсақталған көмір

Е) күл, шлам, шыны сынықтары



$$$8

Керамикалық материалдар үшін технологиялық қоспалар:

А) дегидратталған саз, ағаш үгіндісі, ұсақталған көмір, күл, шлам

В) каолин және саз

С) шамот, кварцтық құм

D) нефелинді концетрат, шлак және жасанды шыны

Е) перлит, шлак, бұйым шыны сынықтары



$$$9

Иілімділік бұл :

А) Сумен араластырылған саз илеменің сырттан түсетін механикалық күштің әсерінен тұтастығын бұзбайтын (бөлінбей, жарылмай) және кептіргенде де , күйдіргенде де қабылданған пішінін сақтайтын қабілетін айтады

В) Құрғақ күйінде сырттан түсетін механикалық күштің әсерінен тұтастығын бұзбайтын (бөлінбей, жарылмай) және кептіргенде де, күйдіргенде де қабылданған пішінін сақтайтын қабілетін айтады

C) Саз илеменің сырттан түсетін механикалық күштің әсерімен тұтастығын бұзатын ( бөлінетін, жарылатын) қабылдаған пішінін сақтамайтын қабілетін айтады

D) Саз илеменің сырттан түсетін механикалық күштің әсерімен тұтастығын бұзбай және кептіру, күйдіруден кейін пішінін сақтамайтын қабілетін айтады

Е) престеуден кейін, беріктік және отқа төзімділігінің артуы



$$$10

Саздар – деп құрамы өте майда түйіршікті, сумен араластырып илегенде: ,

А) созымталды илеме, кептіру және күйдіру сатысынан кейін суға тұрақты, берік тас сияқты денені айтады

В) кристалдық құрамын және күйдіру сатысынан кейін қасиетін жоймауын айтады

С) Қатты дене, күйдіру сатысынан кейін өз қасиетін сақтауын айтады

D) созымталды илеме, күйдіру сатысынан кейін кеуекті тасқа айналуын айтады

E) илеме, кептіру сатысынан кейін ұнтаққа айналуын айтады


Екінші апталық тестілер

$$$1

Толтырғыш деп нені атайды?

А) байланыстырғыш зат пен судан бетон құрайтын, белгілі түйіршік құрамы бар табиғи және жасанды материал

В) құрылыс ерітінділерін дайындауда өндірістік қалдықтардан алынатын сусымалы материалдар

С) бетон және ерітінді дайындаудағы түйіршік өлшемдері 5 мм дейін болатын табиғи және жасанды материал

D) бетонның белсенді құрамын белгілі түйіршік құрамымен құрайтын табиғи материал

Е) барлық жауап дұрыс



$$$2

Бетон көлемінің қанша бөлігін толтырғыштар құрайды?

А) 80% дейін

В) 40% дейін

С) 95% дейін

D) 60% дейін

Е) 20% дейін



$$$3

Жеңіл бетондар не үшін қолданылады?

А) бетон тығыздығын төмендету және жылу өткізгіштікті азайту үшін

В) бетон салмағын төмендету және жылу өткізгіштікті ұлғайту үшін

С) бетон тығыздығын азайту және деформацияны төмендету үшін

D) цемент шығынын төмендету үшін

Е) барлық жауап дұрыс



$$$4

Бетон толтырғыштарының арнайы түрі не үшін қолданылады?

А) барлық жауап дұрыс

В) ыстыққа төзімді бетон дайындау үшін

С) радияциядан қорғайтын бетон дайындау үшін

D) қышқылды ортаға төзімді бетон дайындау үшін

Е) сілтілі ортаға төзімді бетон дайындау үшін



$$$5

Бетон толтырғыштарын түпкі тегі бойынша қалай жіктейді?

А) табиғи, жасанды және өндіріс қалдықтарынан

В) органикалық және бейорганикалық

С) ұсақ (құм) және ірі (малта тас)

D) атқылаған, тұнбалы және метаморфиялық

Е) табиғи және ұсақталған



$$$6

Толтырғыштар түйіршік ірілігіне байланысты қалай жіктеледі?

А) ірі және ұсақ

В) малтатас және қиыршықтас

С) ауыр және жеңіл

D) табиғи және ұсақталған

E) органикалық және бейорганикалық



$$$7

Ауыр бетон құрамына кіретін компоненттер

А) ПЦ, гранитті шағыл тас, кварцты құм, су

B) ШПЦ, керамзит, құм

C) ауалық әк, кварцты құм, су, қиыршық тас

D) цемент, құм, пемза, су

E) ангидритта цемент, шағыл тас, кварцты құм, су



$$$8

Толтырғыштың үйінді тығыздығын қалай анықтайды?

А) өлшем цилиндріне тығыздамай бос салу арқылы, толтырғышты өлшеу жолымен

В) толтырғыш түйіршіктерін ауада және суда өлшеу арқылы

С) тығыз күйінде өлшем ыдысына толтырғышты салу арқылы

D) пикнометрде толтырғыш сынағын өлшеу арқылы

Е) цементтік илемеде толтырғышты сынау арқылы



$$$9

Толтырғыш қуыстылығы деп нені атайды?

А) түйіршік арасындағы қуыс көлемінің жалпы толтырғыш жиынтық көлеміне қатынасы

В) толтырғыш түйіршіктерінің жиынтық көлемінің, түйіршіктер көлеміне қатынасы

С) толтырғыш массасының оның жалпы кеуек көлеміне қатынасы

D)түйіршік арасындағы қуыс көлемінің толтырғыш массасына қатынасы

Е)толтырғыштың жиынтық көлемінің жалпы оның кеуек көлеміне қатынасы


$$$10

Толтырғыштың түйіршік құрамы дегенді қалай түсінесіз?

А) құрамында толтырғыш түйіршіктерінің әр түрлі ірілігі

В) құрамында толтырғыш түйіршіктерінің әр түрлі пішіні

С) кеуектілік және түйіршік аралық қуыстылықтың қатынастық сипаттамасы

D) толтырғыш түйіршіктерінің ең үлкен және ең кіші өлшемінің байланысы

Е) барлық жауап дұрыс


Үшінші апталық сұрақтар


1.Ағаш құрылыс материалдарының құрылыстағы орны мен қолданысы қалай?

2.Полимербетондар дегеніміз не және оның қолдану жолдары қандай?

3.Полимерлер өндіру әдісіне қарай қалай жіктеледі?

4.Битум және қарамай негізіндегі жабынды гидроизоляциялық материалдар қалай жіктеледі?

5.Негізі бар жабын материалдарын қалай өндіреді?

6.Жабынды және гидроизоляииялық материалдарды құрылыста қолданудың қандай маңыздылықтары бар?

7.Композициялық материалдарды өндірудегі технологиялық процесстер қалай жүреді?

8.Композициялық материалдарды өндіруде қолданылатын шикізаттарға қойылатын қандай талаптарын білесіз?
Төртінші апталық тестілер
$$$1

Механикалық қасиеті құрылыс материалдарының қабілеттілігін сипаттайды:

А) Ішкі күштің қиратушы және деформациялау әсеріне қарсыласу

В) Қоршаған ортаның физикалық процесстеріне қатынасын немесе оның құрылымын сипаттау

С) Үйкелісте жатқан заттар әсерінен химиялық айналу

D) Иондалған сәулеленуден кейін өз құрылымын сақтау

Е) Ортаның коррозиялық әсеріне қарсыласу

$$$2


Физикалық қасиеті құрылыс материалдарының қабілеттілігін сипаттайды:

А) Қоршаған ортаның физикалық процесстеріне қатынасын немесе оның құрылымын сипаттау

В) Ішкі күштің қиратушы және деформациялау әсеріне қарсыласу

С) Үйкелісте жатқан заттар әсерінен химиялық айналу

D) Иондалған сәулеленуден кейін өз құрылымын сақтау

Е) Ортаның коррозиялық әсеріне қарсыласу

$$$3

Химиялық қасиеті құрылыс материалдарының қабілеттілігін сипаттайды:



А) үйкелісте жатқан заттар әсерінен химиялық айналу

В) ішкі күштің қиратушы және деформациялау әсеріне қарсыласу

С) қоршаған ортаның физикалық процесстеріне қатынасын немесе оның құрылымын сипаттау

D) иондалған сәулеленуден кейін өз құрылымын сақтау

Е) ортаның коррозиялық әсеріне қарсыласу

$$$4


Газ, буөткізгіштік – материал қасиеті:

А) өз қалыңдығынан қысым әсерінен су буын немесе газ өткізу

В) өз қалыңдығынан жылу және суды өткізбеу

С) құрылымдық зат арқылы газ және буды тасымалдау

D) өз қалыңдығынан су және жылуды өткізу

Е) газ және бу әсерінен қирамау

$$$5

Гигроскопиялық – бұл материал қабілеті:



А) ауадан су буын сіңіру

В) қысым әсеріне су өткізу

С) ылғалбуландыру

D) кезекпен қатыру мен ерітуге шыдау

Е) жылу беру

$$$6


Материалдың аязға төзімділік қабілеті анықталады:

А) суға қаныққан күйінде беріктігі мен салмағын жоғалтпай кезекпен қатыру мен еріту цикліне шыдау

В) кері температура әсеріне қарсыласу

С) кезекпен жылу мен суық ауысуына шыдау

D) Қиыр Солтүстік жұмысы кезінде қирамау

Е) аяз күндері бөлме температурасын төмендетпеу

$$$7

Жылуөткізгіштіктің өлшеу бірлігі:



А) Вт/(м·ºС)

В) %;


С) МПа

D) Дж


Е) кВт/с

$$$8


Материалдың отқа төзімділік қабілеттілігі:

А) өрт жағдайы кезінде от пен су әсеріне қираусыз шыдау

В) жоғары температура жағдайы кезінде деформацияланбай және қираусыз ұзақ жұмыс істеу

С) кері температура әсеріне қарсыласу

D) ауадан су буын сіңіру

Е) өз қалыңдығынан жылу және суды өткізбеу

$$$9

Беріктік – материал қасиеті:



А) сыртқы жүктеме әсерінен пайда болатын ішкі кернеу әсерінен қирауға қарсыласу

В) оларға басқа материалдардың енуі

С) соққы әсерінен деформацияланбау және жарылмау



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет