Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік униврситеті

Дата27.06.2016
өлшемі242.86 Kb.
#161233

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВРСИТЕТІ

3 дәрежелі СМЖ құжат

УМКД

ОӘК 042-18-14.-43/03-2014

«Ғимараттарды жаңарту технологиясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің

оқу-әдістемелік материалдары

№1 баспа

5B072900 «Құрылыс»

мамандығының студенттеріне арналған

Ғимараттарды жаңарту технологиясы ”

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей 2014

Мазмұны

1

Глоссарий

4

2

Дәрістер

5

3

Практикалық және зертханалық сабақтар

5

4

Студенттің өздік жұмысы

11

1 ГЛОССАРИЙ
Оқу-әдістемелік кешенде келесідей терминдер мен анықтамалар берілген:

Адгезия – әртүрлі дене беттерінің ілінгіштік қабілеттілігі.

Атмосфераға тұрақтылық – заттардың атмосфералық факторлар әсеріне төтеп беру қабілеттілігі.

Аморфты күйанықталмағандық құрылымдағы зат.

Ылғалға тұрақтылық – материал қасиетінің ылғал әсеріне ұзақ кедергі көрсетуі.

Су өткізгіштік – материалдың қысымда ылғал өткізу қасиеті.

Суға тұрақтылық материалдың суға қаныққан шегінде беріктік деңгейінің төменеуі.

Су ұстағыш қабілеттілігі – ерітінді қоспаның артық суды ұстау қабілеттілігі.

Толық беріктікке жету уақыты – байланыстырғыш сипатына қарай материалдың толық беріктікке жету уақыты.

Түзету уақыты – материалдың серпімділігін сақтау уақыты.

Қатаю уақыты – материалдың серпімділігін жоғалту уақыты.

Гигроскопиялық – ауадағы ылғалды сіңіру қабілеттілігі.

Ерітіндінің қажеттілік қабілеттілігі – ерітіндінің жұмысқа қабілеттілік уақыты.

Дыбыс жұтқыштық – қарқынды дыбысты әлсіздендіру қабілеттілігі.

Үйкелгіштік – материалдың үйкелгіш күштер әсеріне кедергі қасиеті.

Конгломерат күрделі құрам.

Ағару коэффициенті – материалдың ағару деңгейінің көрсеткіші.

Суыққа төзімділік – материалдың маусымды мұздату және ерітуге қабілеттілік қасиеті.

Сығуға беріктігі – бұзылу басталғанға дейін материалдың максималды қысымы.

Ілінісу беріктігі – бұзылу басталғанға дейін материалдың максималды созылуы.

Жарыққа тұрақтылық – ультра күлгін сәуле әсерінен материалдың түсін өзгерту қабілеттілігі.

Релаксация – деформация әсерінен кернеудің өздігінен төмендеуі.

Ретардация – деформацияның өздігінен өзгеруі.

Седиментация – қатты фазаның отыруы.

Отыруматериалдың кебу, қатаю кезінде өлшемі мен көлемінің кішірею қасиеті.
2 ДӘРІСТЕР
Дәріс №1. Кіріспе.

Сабақ жоспары:

1. Негізгі терминдер мен анықтамалар.

2. Құрылыс конструкцияларын тексерудің маңызы.

Жұмыс принципі бойынша – тасушы және қырғышты. Тасушы конвейерлерге таспалы, төсемді, арбашалы, шөмішті, бесікті, аспалы конвейерлер жатады. Қырғышты конвейерлерде тасымалданатын жүк науа еденінде сырғып жылжиды.

Қолдану аймағы бойынша – жалпы мақсатқа арналған және арнаулы машиналар. Жалпы мақсатқа арналған машиналар халық шаруашылығының барлық немесе бірнеше салаларында қолданылады. Мұндай машиналарға, мысалы, таспалы конвейерлер жатады. Арнаулы машиналар шаруашылықтың бір саласында ғана қолданады, мысалы, таулы өнеркәсіпте жер астындағы қырғышты конвейер.

Құрылымы бойынша – икемді тарту органы бар және икемді тарту органы жоқ. Икемді тарту органы бар машиналарға таспалы, төсемді, арбашалы, шөмішті, бесікті, аспалы, қырғышты конвейерлер және элеваторлар жатады. Ал икемді тарту органы жоқ машиналарға бұрандалы, адымдаушы конвейерлер және айналатын тасымалдағыш құбырлар жатады.

Икемді тартқыш орган бойынша – таспа (таспалы конвейерлер, таспалы элеваторлар), шынжыр (төсемді, қырғышты, аспалы, арбашалы, шөмішті, бесікті конвейерлер, шынжырлы элеваторлар), арқан (таспалы-арқанды, аспалы арқанды конвейерлер) түріндегі икемді тартқыш органдары бар конвейерлер.

Тасымалданатын жүктердің түрі және мақсаты бойынша – үйме жүк (таспалы, төсемді, шөмішті, қырғышты, бұрандалы конвейерлер, элеваторлар, тасымалдағыш құбырлар), дана жүк (таспалы, төсемді, арбашалы, бесікті, аспалы, шығыршықты конвейерлер, бесікті және сөрелі элеваторлар) және пассажирлер (таспалы және төсемді конвейерлер, эскалаторлар) тасымалдайтын машиналар.

Сонымен қатар, конвейерлер тасымалдағыш және технологиялық болып екіге бөлінеді. Тасымалдағыш конвейерлер жүкті бір нүктеден екінші нүктеге тасымалдайды.

Үйме және дана жүктерді тиеп – түсіру операцияларында тиегіш машиналар қолданылады.
Әдебиеттер:

1. Калинин А.А. Обследование, расчет и усиление зданий и сооружений- Москва, Издательствао Ассоциации строительных вузов,2004 г., 160 с.

2. Прядко Н.В. Обследование и реконструкция жилых зданий. Макеевка, ДонНАСА, 2006г. 156 с.

3. Травин В.И. Капитальный ремонт и реконструкция жилых и общественных зданий.-Ростов-на-Дону,Изд-во «Феникс» 2002г., 256 с.

4. Козачек В.Г. Обследование и испытание зданий и сооружений.-М.:,Высш. Школа, 2004г., 447 с.

5. Гроздов В.Т. Строительство после длительного перерыва в производстве строительно-монтажных работ.-Санкт-Петербург,Изд-во «Феникс» 1998г., 43 с.

Дәріс №2. ХХ ғасырдың орта шенінде салынған үйлерді жаңартудағы қиыншылықтар

Сабақ жоспары:

1. Үйлерді жаңартудағы қиыншылықтар

Таспалы конвейерді үйме және дана жүкті кіші, орта және үлкен қашықтықтарға көлденең және жайпақ көлбеу бағыттарда тасымалдауға қолданады. Бұл конвейер халық шаруашылығының барлық салаларында жұмыс істейді.

Артықшылықтары: қозғалу жылдамдығын (6...8 м/с) және таспа енін көбейту арқылы конвейердің өнімділігін 20000 және 30000 т/сағ асыруға болады; күрделі трассалармен тасымалдау мүмкіншілігі; кейбір конвейерлердің ұзындығы 3...5 км-ге дейін жетеді; құрылымының және іске қосылуының қарапайымдылығы; конвейер жұмысын бақылаудың ыңғайлылығы; басқаруды автоматтандыру мүмкіншілігі; сенімділігі жоғары.

Кемшіліктері: жабысқақ, ыстық және ауыр дана жүктерді және көлбеу бұрышы 18...200 асқан кезде тасымалдауға жарамсыз.

Таспалы конвейерлердіњ жіктелуі:

орналасқан орны бойынша – стационар мен жылжымалы, қозғалмалы мен тасымалды және су үстіндегі.

құрылымы мен мақсаты бойынша – жалпы мақсатқа қолданылатын (МЕСТ 22644-77 ... МЕСТ 22647-77) және арнаулы, жер астындағы, тамақ, ұн-жарма (крупа) және құрама жем, прибор жасау, радиотехника және жеңіл өнеркәсіптері үшін.

таспа түріне байланысты – резеңкеленген, болатты тұтас прокатты және сым таспалы конвейерлер.

резеңкеленген таспаның құрылымы және тіректі жүріс құрылғысы бойынша – таспа жүк тасушы және тартушы орган болатын конвейерлер, таспалы – арқанды, таспалы – шынжырлы (мұнда таспа тек жүк тасушы элемент, ал тартушы элемент – арқан немесе шынжыр).

трасса профилі бойынша – көлденең, көлбеу және құрама: көлбеу-көлденең, көлденең-көлбеу, бір немесе бірнеше майысуы бар және күрделі трассалы.

Таспалы конвейерлер жетекші және кергіш барабандар орнатылған рамадан тұрады. Тұйықталған таспа екі барабанды айналып өтеді. Екі барабанның ортасында таспаны ұстап тұратын тірек шығыршықтары (үстіңгі, астыңғы) бар. Бұл тіректер рамаға бекітілген. Жетекші барабан жетек арқылы қосылып, таспаны қозғалысқа әкеледі.

Құйғыш (варонка) арқылы таспаға жүк түседі. Жүк үстіңгі жұмыс тармағымен тасымалданады, ал астыңғы тармақ - қайтарушы тармақ. Жүк барабанға жетіп, түсіру құйғышы (варонка) арқылы (кейбір жағдайларда аралық учаскелерде жүкті түсіру үшін плужок 3 немесе барабанды түсіргіш қолданылады) түсіріледі.
Әдебиеттер:

1. Калинин А.А. Обследование, расчет и усиление зданий и сооружений- Москва, Издательствао Ассоциации строительных вузов,2004 г., 160 с.

2. Прядко Н.В. Обследование и реконструкция жилых зданий. Макеевка, ДонНАСА, 2006г. 156 с.

3. Травин В.И. Капитальный ремонт и реконструкция жилых и общественных зданий.-Ростов-на-Дону,Изд-во «Феникс» 2002г., 256 с.

4. Козачек В.Г. Обследование и испытание зданий и сооружений.-М.:,Высш. Школа, 2004г., 447 с.

5. Гроздов В.Т. Строительство после длительного перерыва в производстве строительно-монтажных работ.-Санкт-Петербург,Изд-во «Феникс» 1998г., 43 с.

Дәріс №3. Сынулар мен апаттардың негізгі себептері және конструкциялардың өзіндік кемістіктері

Сабақ жоспары:

1. Сынулар мен апаттардың негізгі себептері

2. Конструкциялардың өзіндік кемістіктері

Конвейердегі орнына байланысты шығыршықты тіректер үстіңгі және астыңғы болып бөлінеді. Үстіңгі шығыршықты тіректер түзу және науалы (желобчатый) болады. Науалы тіректер екі, үш және бес тіректі болып бөлінеді. Үйме жүктерді тасымалдау үшін көбінесе науалы тіректер қолданылса, түзу тіректер дана жүктерді тасымалдауда пайданылады.

Астыңғы шығыршықты тіректер түзу бір шығыршықты цилиндрлі және дискілі болады.

Түзу тіректерде орналасқан жүктердің ауданы

Таспа ені, м

Таспаның қалыптасқан қозғалысында тиелген конвейердің трассасында жалпы кедергі (жалпы кедергі жетектің тарту күшіне тең):

Үйме жүктің сызықтық ауырлық күші, Н/м:

Дана жүктің сызықтық ауырлық күші, Н/м:

Шығыршықты тіректердің айналатын бөлшектерінің сызықтық ауырлық күштері:

жұмыс тармағында

Әдебиеттер:

1. Калинин А.А. Обследование, расчет и усиление зданий и сооружений- Москва, Издательствао Ассоциации строительных вузов,2004 г., 160 с.

2. Прядко Н.В. Обследование и реконструкция жилых зданий. Макеевка, ДонНАСА, 2006г. 156 с.

3. Травин В.И. Капитальный ремонт и реконструкция жилых и общественных зданий.-Ростов-на-Дону,Изд-во «Феникс» 2002г., 256 с.

4. Козачек В.Г. Обследование и испытание зданий и сооружений.-М.:,Высш. Школа, 2004г., 447 с.

5. Гроздов В.Т. Строительство после длительного перерыва в производстве строительно-монтажных работ.-Санкт-Петербург,Изд-во «Феникс» 1998г., 43 с.

Дәріс №4. Тексерілетін конструкциялардың диагностикасы

Сабақ жоспары:

1. Тексерілетін конструкциялардың диагностикасы

Төсемді конвейер станинадан, оның бір шетінде орналасқан жетекші жұлдызшадан, жетектен және екінші шетінде орналасқан кергіш жұлдызша мен кергіш құрылғыдан тұрады. Жеке металлды (қажет жағдайда – ағаш) пласстиналардан құралған шексіз төсем бір немесе екі тартқыш шынжырларға бекітілген. Бұл шынжырлар шеткі жұлдызшаларды айналып өтеді. Тік тұйықталған тартқыш шынжырларға, сонымен қатар, тіректі катоктар бекітіліп, олар төсеммен бірге станинадағы бағыттағыштар бойынша конвейердің бойымен жылжып отырады. Жүк конвейерге трассаның кез келген жерінде тиегіш құрылғы арқылы тиеліп, конвейерден шеткі жұлдызша және қабылдау құрылғысы арқылы түсіріледі. Ал жүкті аралық учаскеден тек жақтаусыз төсемі бар конвейерде ғана түсіруге болады.

Төсемді конвейерлерді металлургия, химия, көмір, энергия, машина жасау және т.б. көптеген өнеркәсіптерде көлденең және көлбеу бағыттарда әр түрлі үйме және дана жүкті тасымалдауға, сонымен қатар, технологиялық процесс бойынша бұйымды бір орыннан екінші орынға жылжыту үшін қолданады. Кейде бұл конвейерлер жүкті тасымалдап қана қоймай технологиялық операцияларды өткізеді. Мысалы, шынықтыру, қыздыру, суыту, жуу, бояу, жинақтау, бақылау және т.б. Бұл конвейерлерде таспалы конвейерлермен салыстырғанда ауыр ірі кесекті, абразивті (руда, тас) және ыстық жүктерді тасымалдауға болады.

Төсемді конвейерлердің артықшылықтары: ауыр ірі кесекті, ыстық жүктерді үлкен өнімділікпен (2000 м3/сағ дейін) және үлкен қашықтыққа (2 км дейін) тасымалдау мүмкіншілігі; бірқалыпты және шусыз жүріс; жүкті тасымалдау трассасының көптілігі және т.б.

Кемшіліктері: төсем мен шынжырлардың үлкен салмағы және қымбаттылығы; конвейерді пайдалануының күрделілігі.
Әдебиеттер:

1. Калинин А.А. Обследование, расчет и усиление зданий и сооружений- Москва, Издательствао Ассоциации строительных вузов,2004 г., 160 с.

2. Прядко Н.В. Обследование и реконструкция жилых зданий. Макеевка, ДонНАСА, 2006г. 156 с.

3. Травин В.И. Капитальный ремонт и реконструкция жилых и общественных зданий.-Ростов-на-Дону,Изд-во «Феникс» 2002г., 256 с.

4. Козачек В.Г. Обследование и испытание зданий и сооружений.-М.:,Высш. Школа, 2004г., 447 с.

5. Гроздов В.Т. Строительство после длительного перерыва в производстве строительно-монтажных работ.-Санкт-Петербург,Изд-во «Феникс» 1998г., 43 с.

Дәріс №5. Тұрғын үйдің тасушы конструкцияларының кемістіктері

Сабақ жоспары:

  1. Негізі мен іргетастың кемістіктері.

  2. Кірпіш және панельді қабырғалардың кемістіктері.

  3. Жаппалардың кемістіктері.

4. Шатырлардың кемістіктері.

Төсемнің, тартқыш шынжыр мен тасымалдау трассасының құрылымы бойынша төсемді конвейерлер екіге бөлінеді: жалпы мақсатқа пайдаланылатын тік тұйықталаған (негізгі түрі) және кеңістікті трассасы бар иілгішті. Арнаулы төсемді конвейерлерге сұйық металлды тасымалдау мен суыту үшін қажет жºне бөліп құйғыш (разливочный) машиналар, эскалаторлар, пассажирлік конвейерлер және күрделі пішінді төсемі бар конвейерлер жатады.

Төсемді конвейер станинадан, оның бір шетінде орналасқан жетекші жұлдызшадан, жетектен және екінші шетінде орналасқан кергіш жұлдызша мен кергіш құрылғыдан тұрады. Жеке металлды (қажет жағдайда – ағаш) пласстиналардан құралған шексіз төсем бір немесе екі тартқыш шынжырларға бекітілген. Бұл шынжырлар шеткі жұлдызшаларды айналып өтеді. Тік тұйықталған тартқыш шынжырларға, сонымен қатар, тіректі катоктар бекітіліп, олар төсеммен бірге станинадағы бағыттағыштар бойынша конвейердің бойымен жылжып отырады. Жүк конвейерге трассаның кез келген жерінде тиегіш құрылғы арқылы тиеліп, конвейерден шеткі жұлдызша және қабылдау құрылғысы арқылы түсіріледі. Ал жүкті аралық учаскеден тек жақтаусыз төсемі бар конвейерде ғана түсіруге болады.

Төсемді конвейерлерді металлургия, химия, көмір, энергия, машина жасау және т.б. көптеген өнеркәсіптерде көлденең және көлбеу бағыттарда әр түрлі үйме және дана жүкті тасымалдауға, сонымен қатар, технологиялық процесс бойынша бұйымды бір орыннан екінші орынға жылжыту үшін қолданады. Кейде бұл конвейерлер жүкті тасымалдап қана қоймай технологиялық операцияларды өткізеді. Мысалы, шынықтыру, қыздыру, суыту, жуу, бояу, жинақтау, бақылау және т.б. Бұл конвейерлерде таспалы конвейерлермен салыстырғанда ауыр ірі кесекті, абразивті (руда, тас) және ыстық жүктерді тасымалдауға болады.

Әдебиеттер:

1. Калинин А.А. Обследование, расчет и усиление зданий и сооружений- Москва, Издательствао Ассоциации строительных вузов,2004 г., 160 с.

2. Прядко Н.В. Обследование и реконструкция жилых зданий. Макеевка, ДонНАСА, 2006г. 156 с.

3. Травин В.И. Капитальный ремонт и реконструкция жилых и общественных зданий.-Ростов-на-Дону,Изд-во «Феникс» 2002г., 256 с.

4. Козачек В.Г. Обследование и испытание зданий и сооружений.-М.:,Высш. Школа, 2004г., 447 с.

5. Гроздов В.Т. Строительство после длительного перерыва в производстве строительно-монтажных работ.-Санкт-Петербург,Изд-во «Феникс» 1998г., 43 с.

Дәріс №6. Конструкциялардың алдын-ала кернеулері

Сабақ жоспары:

1. Конструкцияларда пайда болатын кернеулер

Аспалы конвейерлер жетекке байланысты екіге бөлінеді – бір жетекті және көп жетекті. Ал тартқыш элементі бойынша – шынжырлы және арқанды.

Конвейеелердің артықшылықтары: а) кеңістіктік трасса және трассаның ұзақтығы (бір жетекті – 500 м-ге дейін, көп жетекті – 3 км-ге дейін); ә) бір конвейермен бірнеше қабатта орналасқан өндірістік циклды күтуге мүмкіндік береді; б) өндірістегі технологиялық процесс өзгерістеріне конвейер трассасының оңай бейімделуі; в) тасымалдауға энергияның аз шығындалуы; г) конвейерді басқаруда, сонымен қатар, тиеп-түсіру және жүктерді таратуда автоматтандыруды кең пайдалану мүмкіншілігі; ғ) тиеп-түсіру жұмыстарына қосымша жұмысшыларды қажет ететін және цехта өндірістік ауданды алатын аралық қоймаларды жою үшін конвейерде бұйымның жылжымалы қорын жасау мүмкіншілігі.

Тартқыш элемент. Тартқыш элемент ретінде болат арқан немесе көп жағдайда пластиналы шынжыр қолданылады. Көлденең жазықтықта орналасқан конвейерлерге адымы 65 …200 мм болатын пластиналы шығыршықты және адымы 25 .. 38 мм болатын пластиналы жетекті шынжырлар, ал кеңістіктегі жеңіл конвейерлерде адымы 160 пен 200 мм болатын екі топсалы тұйықталған және ажыратылған шынжырлар, ал орта және ауыр конвейерде адымы 80, 100, 160 мм ыстық штампталған бөлшектелетін шынжырлар пайдаланылады.

Каретка. Каретка консольді өстері және ұштіректері бар екі катоктан, өстері бекітілетін кранштейндерден және астарлардан тұрады. Кранштейндердің ішкі буынына бөлшектелетін шынжырды орнатқаннан кейін, олар өзара болттармен бекітіледі. Кранштейндердің дөңестері шынжыр буынының жағдайын қатаң ұстайды. Болт пен кергіш құбыр жүкті аспаның топсалы бекітілуі үшін қажет.

2. Тиелмеген тарамның сызықтық күші:

Тиелген тарамның сызықтық күші:

Тартқыш элементті ең үлкен керілу арқылы таңдайды

Көлденең түзу сызықты учаске үшін

;

бұру жұлдызшасы үшін

;

шығыршықты батареялар үшін

,

тік бүгілу үшін

;
Әдебиеттер:

1. Калинин А.А. Обследование, расчет и усиление зданий и сооружений- Москва, Издательствао Ассоциации строительных вузов,2004 г., 160 с.

2. Прядко Н.В. Обследование и реконструкция жилых зданий. Макеевка, ДонНАСА, 2006г. 156 с.

3. Травин В.И. Капитальный ремонт и реконструкция жилых и общественных зданий.-Ростов-на-Дону,Изд-во «Феникс» 2002г., 256 с.

4. Козачек В.Г. Обследование и испытание зданий и сооружений.-М.:,Высш. Школа, 2004г., 447 с.

5. Гроздов В.Т. Строительство после длительного перерыва в производстве строительно-монтажных работ.-Санкт-Петербург,Изд-во «Феникс» 1998г., 43 с.

Дәріс №7. Құрылыс конструкцияларын нығайту

Сабақ жоспары:

1. Негіз бен іргетасты нығайту.

2. Қабырғаны нығайту.

Тік шөмішті элеваторлардың негізгі параметрлері МЕСТ 2036-77, ал көлбеу шөмішті элеваторлар МЕСТ 12864-69 бойынша бекітілген.

Шөмішті элеваторлардан жүкті түсірудің үш тәсілі бар: а) центрден тепкіш; б) өздігінен еркін; в) өздігінен бағытталған.

Бірінші әдісте шөміш барабанды (жұлдызшаны) айналып өткен кезде центрден тепкіш күш әсерінен жүк түсіру келте түтікшесіне құлайды. Центрден тепкіштік шартын орындау үшін және жүктің шашылмауы үшін жетекші барабанның айналу жиілігін және түсіру келте түтікшесінің орнын дұрыс қабылдау қажет.

Бұл әдісті тез айналатын (көбінесе таспалы элеваторлардан) шаң, дән тәрізді және кіші кесекті үйме жүктерді тасымалдауда қолданылады. Тасымалдау жылдамдығы 1...4 м/с. Шөміштердің арасындағы қашықтықты таңдаған кезде, төгілген жүк алдындағы шөмішке тимейтіндей етіп таңдау қажет.

Жүк өздігінен еркін түскен кезде ауырлық күштің әсерінен түседі. Бұл әдісті ылғалды, мақта тәрізді, сулы жүктерді (мысалы, көмір, бор, сулы күл шаңдары) тасымалдауда қолданады.

Тік элевваторларда жүк өздігінен түсіру үшін қосымша бағыттаушы барабан (жұлдызша) орнатылады.

Өздігінен бағытталған түсіру шөміштері қабыршыққа ұқсас (шөміштер өте жақын орналасқан) тік және көлбеу элеваторларға тән. Шөміш үстіңгі барабанды айналып өткен кезде жүк алдыңғы шөміштің үстіне түсіп, оның қабырғасымен элеватордың түсіру тетігіне бағытталады. Бұл әдіс түрпілі (гравий, руда, ірі кесекті көмір) жүктерді тасымалдайтын баяу айналатын (жылдамдық 0,4...0,8 м/с) элеваторларда қолданылады.

Өнімділік, л/м

Әдебиеттер:

1. Калинин А.А. Обследование, расчет и усиление зданий и сооружений- Москва, Издательствао Ассоциации строительных вузов,2004 г., 160 с.

2. Прядко Н.В. Обследование и реконструкция жилых зданий. Макеевка, ДонНАСА, 2006г. 156 с.

3. Травин В.И. Капитальный ремонт и реконструкция жилых и общественных зданий.-Ростов-на-Дону,Изд-во «Феникс» 2002г., 256 с.

4. Козачек В.Г. Обследование и испытание зданий и сооружений.-М.:,Высш. Школа, 2004г., 447 с.

5. Гроздов В.Т. Строительство после длительного перерыва в производстве строительно-монтажных работ.-Санкт-Петербург,Изд-во «Феникс» 1998г., 43 с.

Дәріс №8. Жаппаларды (перекрытие) жаңарту.

Сабақ жоспары:

1. Жаппаларды жаңарту тәсілдері

Тербелетін конвейерлер дегеніміз, тіректі құрылымға ілінген немесе орнатылған ашық немесе жабық, герметикалық науа немесе құбыр. Науаға немесе құбырға тербеліс қозғышы арқылы ілгерлемелі – қайтарымды қозғалыс беріледі. Сонда науа ішіндегі жүк алдыға қарай белгілі бір жылдамдықпен қысқа жылжулар жасап қозғалады.

Науа мен жүк қозғалысының режимі бойынша тербелетін конвейерлер инерциялы және дірілдегіш болып екіге бөлінеді.

Тербелетін конвейерлерді үйме жүкті (дана жүк үшін өте аз қолданылады) көлденең және жайпақ көлбеу бағыттарда кіші қашықтықтарға (50м-ге дейін) тасымалдауға қолданады (химия және металургия өнеркәсіптерінде, құрылыс материялдарын өндіруде).

Тербелетін конвейерлермен жабысқақ және шаң тәрізді жүктерді (мысалы, цемент) тасымалдауға болмайды. Сонымен қатар, құм, гравий, щебень, көмір, тас және т.б жүктерді тасымалдау үшін тербелетін конвейерлерді қолданған дұрыс емес. Ол үшін таспалы конвейерді пайдаланған ыңғайлы, тиімді және сенімді.

Тербелетін конвейердің артықшылықтары: құрылымның қарапайымдылығы; шаңды, улы және ыстық жүктерді тасымалдағанда толық герметикалығы; тасымалдаумен бірге әр түрлі технологиялық операцияларды (кептіру, суыту) орындау мүмкіншілігі; энергияның аз шығындалуы және науаның аз тозуы.

Конвейерлердің кемшіліктері: көлбеу трассамен үстіге жүкті тасымалдағанда өнімділігінің кемуі; жабысқақ жүктерді тасымалдау мүмкін еместігі; шаң тәрізді жүктерді тасымалдағанда жылдамдылығы мен өнімділігінің кемуі; дірілдің конвейер құрылымына берілуі; жетек ±штіректері мен серпімді элементтерінің жұмыс істеу мерзімі кіші.

Инерциялық конвейерлерде жүк инерция күштерінің әсерінен қозғалады. Науа мен жүктің қозғалысына және жүктен науа еденіне түсетін қысымға байланысты инерциялық конвейерлер екіге бөлінеді: айнымалы қысыммен әсер ететін және тұрақты қысыммен әсер ететін инерциялық конвейерлер.
Әдебиеттер:

1. Калинин А.А. Обследование, расчет и усиление зданий и сооружений- Москва, Издательствао Ассоциации строительных вузов,2004 г., 160 с.

2. Прядко Н.В. Обследование и реконструкция жилых зданий. Макеевка, ДонНАСА, 2006г. 156 с.

3. Травин В.И. Капитальный ремонт и реконструкция жилых и общественных зданий.-Ростов-на-Дону,Изд-во «Феникс» 2002г., 256 с.

4. Козачек В.Г. Обследование и испытание зданий и сооружений.-М.:,Высш. Школа, 2004г., 447 с.

5. Гроздов В.Т. Строительство после длительного перерыва в производстве строительно-монтажных работ.-Санкт-Петербург,Изд-во «Феникс» 1998г., 43 с.

Дәріс №9. Сатыларды жөндеу

Сабақ жоспары:

1. Сатыларды жөндеу тәсілдері

ЖКМ-да күштік полиспасттар көп қолданылады.

Жалаң қабатты полиспастта арқанның бір шеті барабанға бекітілсе, екінші шеті, жұп еселікте – құрылымның жылжымайтын элементіне, ал тақ еселікте – ілгекті құрсауға бекітіледі.

Қосарланған полиспасттардың есебі жалаң қабатты полиспасттардай жүргізіледі. Әр полиспаст, жүктің жартысы әсер етеді деп, бөлек есептелінеді.

Күштік полиспасттарда кіші диаметрлі арқандарды қолданылатындықтан шығыр мен барабанның диаметрі де, массасы да кіші. Полиспаст еселігін асырса төмендеткіштің беріліс саны азаяды, бірақ ұзын арқан пайдалану және шығырлар санын көбейту қажет.

Ал бұл жағдайда шығындар көбейеді, жүкті көтеруге қажетті қуатты және арқанның майысу санын көбейтеді.

Жылдамдықты полистпасттарда пневма немесе гидроцилиндрден түсетін күш F жылжымалы құрсауға, ал жүк арқанның бос шетіне тіркеледі. Бұл полиспасттардың есептеуі күштік полиспластарды есептеумен бірдей.

2. Барабандар тарту органына байланысты арқанды және шынжырлы болып екіге бөлінеді. Шынжырлы барабандар өте аз пайдалынады.

Арқанды барабандар арқанның оралу қабатына қарай екіге бөлінеді: көп орамды және бір орамды.

Барабан сыртқы қабатының түріне қарай үшке бөлінеді: тегіс, оймалы және үйкелісті.

ЖКМ-да көбінесе бір орамды оймалы барабандар қолданылады.

Барабан бетіне бұрандалы сызық бойынша жасалған оймалар жанасу бетін үлкейтіп, жаншылу кернеуін азайтады және көршілес орамдар арасындағы үйкелісті болдыртпайды. Сондықтан бұндай барабандарда арқанның жұмыс істеу мерзімі артады.

Егер барабан ұзындығы оның 3 диаметрінен кем болса, иілу және бұралу кернеулері сығылу кернеуінен 10...15% құрайды. Сондықтан барабан қабырғасын тек қана сығылуға есептейді.

Әдебиеттер:

1. Калинин А.А. Обследование, расчет и усиление зданий и сооружений- Москва, Издательствао Ассоциации строительных вузов,2004 г., 160 с.

2. Прядко Н.В. Обследование и реконструкция жилых зданий. Макеевка, ДонНАСА, 2006г. 156 с.

3. Травин В.И. Капитальный ремонт и реконструкция жилых и общественных зданий.-Ростов-на-Дону,Изд-во «Феникс» 2002г., 256 с.

4. Козачек В.Г. Обследование и испытание зданий и сооружений.-М.:,Высш. Школа, 2004г., 447 с.

5. Гроздов В.Т. Строительство после длительного перерыва в производстве строительно-монтажных работ.-Санкт-Петербург,Изд-во «Феникс» 1998г., 43 с.

Дәріс №10. Итарқа (стропила) конструкцияларын жөндеу

Сабақ жоспары:

1. Итарқа конструкциялары.

2. Итарқа (стропила) конструкцияларын жөндеу тәсілдері

Электрмагниттер. Көтеріп – тасымалдағыш машиналарында арнаулы кран электрмагниттері (тұрақты ток үшін КМП және МП, ал айнымалы ток үшін КМГ және МО–Б) қолданылады.

Қалыпты тежегіштерде көбінесе МП және МО–Б элетромагниттері қолданылады.

Электр гидравликалық итергіштер.

Серіппені қысуға қажетті күш:

.

Таспалы тежегіштерде тежеу моменті икемді болат таспаға бекітілген үйкелісті материялдың тежеу елгезерінің цилиндрлі бетіне үйкелісі арқылы пайда болады.

Таспа ені:

,

Таспалы тежегіштердің артықшылығы: құрылымның қарапайымдылығы және қамту бұрышы артқан сайын тежеу моментінің µсу мүмкіншілігі. Крандарда көбінесе қарапайым таспалы тежегіштер қолданылады.

Таспалы тежегіштердің кемшіліктері: таспалы тежегіш тежеу білігін иетін үлкен күшті тудырады; қысым мен тозу қамту доғасы бойынша бірқалыпсыз таралады; тежеу моменті тежеу елгезерінің айналу бағытына байланысты.

2. Тоқтатқыш дегеніміз, жүктің көтерілуіне кедергі болмайтын, бірақ жүктің ауырлық күшінің әсерінен артқа айналуын болдырмайтын механизм.

Тоќтатќышты тез айналатын білікке орналастырады, өйткені бұл білікте айналу моменті кіші.

ЖКМ-да шаппалы (храповый) және шығыршықты тоқтатқыштар пайдаланылады.

Қосылыстардың шеңберлік күші

,

Ілініс модулі:

,

Шаппалы тоқтатқыштарда ілгек пен дөңгелек тістері бір – бірімен соғылысып, лезде тоқтайды. Динамикалық күштерді азайту үшін кейде бір шаппалы дөңгелекке бірнеше ілгек орнатады. Бірақ бұл ќосылыстарда бірнеше ілгек бір уақытта ілініске кірмеуі керек. Сонда тоқтағанѓа дейін дөңгелек кері бағытта үлкен жылдамдықты алып үлгермейді және соғылыс қатты болмайды.

Әдебиеттер:

1. Калинин А.А. Обследование, расчет и усиление зданий и сооружений- Москва, Издательствао Ассоциации строительных вузов,2004 г., 160 с.

2. Прядко Н.В. Обследование и реконструкция жилых зданий. Макеевка, ДонНАСА, 2006г. 156 с.

3. Травин В.И. Капитальный ремонт и реконструкция жилых и общественных зданий.-Ростов-на-Дону,Изд-во «Феникс» 2002г., 256 с.

4. Козачек В.Г. Обследование и испытание зданий и сооружений.-М.:,Высш. Школа, 2004г., 447 с.

5. Гроздов В.Т. Строительство после длительного перерыва в производстве строительно-монтажных работ.-Санкт-Петербург,Изд-во «Феникс» 1998г., 43 с.

Дәріс №11. Мансардаларды салу – ескі тұрғын үйлерді жаңартудың басқы бағыты.

Сабақ жоспары:

1. Мансардалардың конструкциялары.

Кәдімгі жүк көтері механизмі электрқозғалтқышпен муфта арқылы қосылған тісті цилиндрлі немесе буынтықты төмендеткіштен және тежеу құрылғысынан тұрады. Төмендеткіштің баяу айналатын білігі барабанмен байқанысқан. Барабанда жүкті қармау құрылысымен байланысқан икемді жүкті элемент бекітіледі. Механизмдердің біліктерін тісті муфта немесе серпімді төлкелі саусақты муфта арқылы қосқан дұрыс.

Мемтаутехбақылау талаптары бойынша тежегіш елгезері ретінде тек қана төмендеткіш білігіндегі жартылай муфтаны пайдалануға болады. Бұл жағдайда жартылай муфтаның серпімді элементтері тежеу кезінде жүктелмейді, сондықтан жұмыс істеу ұзақтылығы артады.

Механизмдегі барабан мен төмендегіштің қосылу схемасы механизм жұмысына үлкен әсерін тигізеді. Келесi бірнеше схемаларды қарастырайық. Барабан жеке тірекке бекітілген. Барабан білігі төмендеткіш білігімен муфта арқылы қосылады. Барабан мен төмендегіш бөлек жинақталатындықтан, олардың қосылуында ауытқулар болуы мүмкін. Бұл ауытқуларды муфта жоюы қажет.

Ауқым өлшемдерді азайту үшін екі және үш тіректі біліктерді пайдаланады.

Үш тіректі білік орналастырудағы ауытқуларға өте сезімді. Бұл екі жағдайда да барабан мен төмендеткішті бірге жинау қажет.

2. Жүкті көтеру кезінде (қозғалыс қалыптасқан) қозғалтқыш білігіндегі момент:

Жүк түскен кезде қозғалтқыш білігінде жүктің салмағының әсерінен пайда болатын момент

Әдебиеттер:

1. Калинин А.А. Обследование, расчет и усиление зданий и сооружений- Москва, Издательствао Ассоциации строительных вузов,2004 г., 160 с.

2. Прядко Н.В. Обследование и реконструкция жилых зданий. Макеевка, ДонНАСА, 2006г. 156 с.

3. Травин В.И. Капитальный ремонт и реконструкция жилых и общественных зданий.-Ростов-на-Дону,Изд-во «Феникс» 2002г., 256 с.

4. Козачек В.Г. Обследование и испытание зданий и сооружений.-М.:,Высш. Школа, 2004г., 447 с.

5. Гроздов В.Т. Строительство после длительного перерыва в производстве строительно-монтажных работ.-Санкт-Петербург,Изд-во «Феникс» 1998г., 43 с.

Дәріс №12. Мансардаларды салу – ескі тұрғын үйлерді жаңартудың басқы бағыты.

Сабақ жоспары:

1. Бағдарламалық кешендердің түрлері.

3. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР
1 тақырып: Аралық қабырғаларды есептеу

Әдебиеттер:

1. Калинин А.А. Обследование, расчет и усиление зданий и сооружений- Москва, Издательствао Ассоциации строительных вузов,2004 г., 160 с.

2. Прядко Н.В. Обследование и реконструкция жилых зданий. Макеевка, ДонНАСА, 2006г. 156 с.

2 тақырып: Кірпіштен салынған үйдің қабырғасы мен іргетасын есептеу

Әдебиеттер:

1. Калинин А.А. Обследование, расчет и усиление зданий и сооружений- Москва, Издательствао Ассоциации строительных вузов,2004 г., 160 с.

2. Прядко Н.В. Обследование и реконструкция жилых зданий. Макеевка, ДонНАСА, 2006г. 156 с.

3 тақырып: Металл конструкцияларды есептеу.

Әдебиеттер:

1. Калинин А.А. Обследование, расчет и усиление зданий и сооружений- Москва, Издательствао Ассоциации строительных вузов,2004 г., 160 с.

2. Прядко Н.В. Обследование и реконструкция жилых зданий. Макеевка, ДонНАСА, 2006г. 156 с.

4 тақырып: Ағаш конструкцияларды есептеу.

Әдебиеттер:

1. Калинин А.А. Обследование, расчет и усиление зданий и сооружений- Москва, Издательствао Ассоциации строительных вузов,2004 г., 160 с.

2. Прядко Н.В. Обследование и реконструкция жилых зданий. Макеевка, ДонНАСА, 2006г. 156 с.

5 тақырып: Ғимарат үстіне салынған 4 қабаттың элементтерінде әсер етуші есептік күштерді анықтау.

Әдебиеттер:

1. Калинин А.А. Обследование, расчет и усиление зданий и сооружений- Москва, Издательствао Ассоциации строительных вузов,2004 г., 160 с.

2. Прядко Н.В. Обследование и реконструкция жилых зданий. Макеевка, ДонНАСА, 2006г. 156 с.

6 тақырып: Есептеу мен жобалауға арналған бағдарламалық кешендер.

Әдебиеттер:

1. Калинин А.А. Обследование, расчет и усиление зданий и сооружений- Москва, Издательствао Ассоциации строительных вузов,2004 г., 160 с.

2. Прядко Н.В. Обследование и реконструкция жилых зданий. Макеевка, ДонНАСА, 2006г. 156 с.

Достарыңызбен бөлісу:

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет