ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВРСИТЕТІ
|
3 дәрежелі СМЖ құжат
|
УМКД
|
УМК 042-18-14.1.04. /03-2013
|
«Құрылыс өндірісінің технологиясы 2» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің
оқу-әдістемелік материалдары
|
№1 баспа
02.09.2013 ж.
|
5В072900 “Құрылыс» мамандығының
студенттеріне арналған
“ ҚҰРЫЛЫС ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ II ”
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей 2013
Мазмұны
1
|
Дәрістер
|
|
2
|
Практикалық және зертханалық сабақтар
|
|
3
|
Студенттің өздік жұмысы
|
|
1 ДӘРІСТЕР
Дәріс №1
1- тақырып. Негізгі түсініктер мен реттеуіш ережелер - 2 сағ.
Дәріс жоспары:
-
Құрылыс комплексінің негізгі бағыттары мен өркендеу тенденциялдары.
-
Құрылыс өнімі. Құрылыс объектілерінің сипаттамалары бойынша сарапталуы.
-
Құрылыс процесстері мен жұмыстары, олардың мазмұны мен құрылымы.
-
Техникалық мөлшерлеу: сущщөөөөө мен мазмұны.
-
Құрылыс процесстерінің кеңістік және уақытша параметрлері
-
Құрылыс өндірісінің мөлшерлі құжаттары.
-
Құрылыс - жинақтау жұмыстарының сапасые басқылаудың негізгі жүйелері.
Күрделі құрылыс –материалдық өндірістің маңызды саласының бірі, оның негізгі міндеті – ғылыми техникалық прогресс арқылы негізгі қордың ұлғаймалыы ұдайы өндірісін қамтамасыз ету.
Күрделі құрылысқа жаңа құрылыс, кеңейту, жаңғырту және техникамен қайта жабдықтау, жұмыс істеп тұрған мекемелерді, үймереттер мен ғимараттарды күрделі жөндеу жатады.
Құрылыс өндірісі күрделі құрылыс жүйесінің бірі – дайындық және негізгі кезеңдегі құрылыс –жинақтау және арнайы процестерді қоса отырып тікелей құрылыс алаңында жүзеге асырылатын құрылыс процестернің жиынтығы
Құрылыс өндірісінің технологиясы бұйымдар м ен түзілістерді дайындау бойынша құрылыс процестерін орындау саласындағы және оларды дайын құрылыс өніміне – үймереттер мен ғимараттарға айналдыру жөніндегі білім жиынтығы.
Жаратын әдіспен негізінде механикалық және гидромеханикалық тәсілмен өндеуге берілмейтін тасты топырақтарды өндейді және кейде қатқан топырақты қопсытуүшін қолданады.
Бұл әдістің мәні сілемнен топырақты бөлуден тұрады, ал кейде оны топырақты алдын ала жасалған шпур, скважина, саңылау, шурфтарда орналастырылған жарылғыш заттар зарядтарының жарылу энергиясы арқылы аз аралыққа ауыстыру.
Жаратын әдіспен топырақты өндеудің кешенді процесі:зарядтарды орнату орындарын жасау, жару құралдарымен жабдықталған жарылғыш заттарды дайындау және орнату, зарядтарды атқызу және қопарылған топырақты артудан тұрады.
Ұсынылатын әдебиеттер: [1,2,3]
СӨЖ бойынша бақылау тапсырмалары: [1,2,3,4,5,6,] – 3 сағ.
Дәріс №2
1 - тақырып. Құрылыс процестерінің технологиялық жобалануы -
2 сағ.
Дәріс жоспары:
-
Құрылыс процестерін жобалаудың негізігі ережелері
-
Құрылыс процестерін вариантты жобалау
-
Технологиялық карта – құрылыс процестері технологиясының негізгі ережелері, мазмұны мен құрылымы.
-
Технологиялық картаны жасау принциптері.
Құрылыс процестерінің технологиялық жобалау оларды әр түрлі технологиялық варианттармен орындауды жасауды, технологиялық сенімділігін есептейді және оны құжаттауды қарайды \ ҚМ мен Е 3.01.01.-85\
Технологиялық жобалаудың мұндай қорытынды құжаттарына жұмыс өндірісінің жобасы, технологиялық карталар және құрылыс өндірісінің еңбек процестерінің карталары жатады.
Жұмыс өндірісінің жобасы ЖӨЖ –технологияны, орындау мерзімін және құрылыс жинақтау жұмыстарын қамтамасыз ету тәртібін анықтайтын және үймереттер мен ғимараттардың бөліктерін бойыеша өндірістік процестерді ұйымдастырудың негізгі жетекші құжат ретінде пайдаланатын жоба.
Құрылысты ұйымдастыру жобасы (ҚҰЖ) техникалық жобаның құрамында жобалық мекемесінде жасалады.
ЖӨЖ – де құрылыстық бас жоспардың, құрылыс мерзімінің шешімдерін дәлдейді, құрылыс – жинақтау процестерніңі орындау әдістерін, материалдық, энгергетикалық, техникалық және еңбек қаржылары қажеттілігін, еңбек қорғау шарттарын анықтайды.
Технлолгиялық карта (ТК) – құрылыс жинақтау жұмыстарының жиі қайталанатын түрі, өндірістің ұтымды және тұрақты технологиясын іске асыратын және жұмыс өндірісінің жобасы орнына немесе оған қосымша ретінде пайдаланатын құжат.
Еңбек процестерінің картасы (ЕПК) - жиі қайталанатын өндірісітік операциялары бар қандай да болса да өндірісітік процестің ұтымды және тұрақты технологиясы іске асыратын және әдістерін, орындау жағдайларын және осы операцияларды материалдық-техникалық қаржылармен қамтамасыз етін анықтайтын құжат.
Құрылыстық бас жоспар деп құрылыс мерзімінде тұрғызылатын және пайдаланатын негізгі жинақтау және жүк көтеретін механизмдер, уақытша үймереттер, ғимараттар және қондырғылар орналастыруды көрсетілген алаңнана бас планын айтады.
Ұсынылатын әдебиеттер: [1,2,3]
СӨЖ бойынша бақылау тапсырмалары: [1,2,3,4,5,6,] – 3 сағ.
Дәріс №3
1- тақырып. - Құрылыс алаңын инженерлік дайындау
Дәріс жоспары:
-
Құрылыс алаңын инженерлік қамтамасыздандыру
-
геодезиялық бөлу негіздерін жасау
-
Алаңды тазалау кезіндегі жер бетіндегі және топырнақ суларын ағызу кезіндегі табиғатты қорғау шаралары
Оймалар мен үйінділерді өңдеумен байланысты дайындық процестері топырақты өңдеуге дейін орындалады. Оларға территорияны тазалау, ғтмаратты геодезиялық бөлу, жерді қайта өңдеу үшін топырақтың құнарлы қабатын алу, тығыз топырақтарды қопсыту, территорияны құрғату, үстіңгі су бұруды жасау кіреді.
Территорияны тазалау ағаштар мен тал шіліктерді, ағаш түбірлерін жұлу, ірі тастарды-валундарды жиыстыру, құрылыстарды бұзып көшіруден тұрады. Ағаштар мен тал шіліктер тамырларымен бірге қазып алынады және жаңа орындарға көшіріп отырғызылады.
Жер ғимараттарын геодезиялық бөлу олардың жердегі орныын белгілеуден тұрады. Бөлуді екі жазықтықта жүргізеді: көлденең және тік.
Көлденең бөлуде салынатын объектілер өстері жерде, ал тік бөлуде оймалар тереңдігі мен үйінділер биіктігі анықталынып бекітіледі.
Топырақтың құнарлы қабатын алу.Топырақтың құнарлы қабатының қалыңдығына байланысты оны кесу төбе-төбе етумен бульдозер немесе скреперлермен және онан арға ауыспалылық үйінділерден өздігінен түсіретін автомобиль немесе көлік құралдарына артумен бір шөмішті экскаваторлармен жасалады.
Территорияны құрғату құрғататын орлар және дренаждар жасау арқылы жүзеге асырылады. Негізгі құрғататын магистраль ең төмен жерге салынады. Оған құрылыс алаңынан суды бұру үшін жоба бойынша қажетті бойлай еңісті бұзбай көлденең орлар салады. Үстіңгі суды бұру өңделген оймаларды жауын-шашын суларынан қорғауға арналған. Бұл үшін жер жұмыстарын бастауға дейін су бұратын орлар жасалынады, олар арқылы жауын-шашын сулары өздігінен ағып, құрылыс алаңының сыртына шығарылады. Жер ғимараттарының дайындық жұмыстарына белгіленген тәртіп бойынша жер бөліп берген соң кіріседі.
Ұсынылатын әдебиеттер: [1,2,3]
СӨЖ бойынша бақылау тапсырмалары: [1,2,3,4,5,6,] – 3 сағ.
Дәріс №4
1 - тақырып. Құрылыс жүктері және оларды тасымалдау
Дәріс жоспары:
-
Құрылыс жүктерінің міндеті және олардың жіктелуі.
-
Құрылыста пайдаланатын көлік құралдарының түрлері.
-
Арту – түсіру жұмыстарын орындауда механикаландыру тәсілдері және құралдары.
Құрылыс жүктері олардың ерекшеліктерін және физикалық күйін еске алумен келесі түрлерге бөлінеді:
сусымалы – құм, малта тас, қиыршық тас, топырақ;
ұнтақ тәрізді – цемент, гипс, минералды ұнтақ;
қамыр тәрізді- бетон және асфальт қоспалары, ерітінді, ізбес қамыры:;
ұсақ даналы – кірпіш, керамикалық тастар, шой тас, т.б;
аналы темір – бетон тақталар, панельдер, блоктар, ағаш шеберлігі бұйымдары;
ауыр салмақты – едәуір салмақты темір – бетонды элементтер, ауыр жабдықтар;
өлшемі ұзындары – бағаналар, қадалар, фермалар, арқалықтар, құбырлар, ағаш материалдар;
шаршы көлемді – тазалық техникалық кабиналар, блок бөлмелер, ірі габаритті контейнерлер, резервуарлар және басқа да сыйымдылықтар;
Жер қазып – тасылмайтын машиналармен топырақты өңдеудің технологиялық процесі топырақты қазу, түсіру және оны үйіндегі тегістеуден тұрады. Жер қазып – тасымалдайтын машиналардың негізгі түрлері бульдозерлер, скреперлер және грейдерлер болады.
Жер қазып – тасымалдайтын машиналар тегістеу жұмыстарында, карьерлерді қайта өндегенде және үйінділер салғанда, яғни топырақты өндеумен қатар үйіндіге қабаттап салу керек болғанда, кеңінен қолданылады.
Топырақты бульдозермен өңдеу. Бульдозермен топырақ өндеу процесі үш негізгі операциялардан тұрады: топырақты алу, тасымалдау және үю.
Бульдозерлерді топырақты атжалға немесе биіктігі 1,5 м-ге дейін үйінділерге тікелей ауыстырып терең емес (2 м-ге дейін) оймалар өндеу; алаңшалар оймалар мен үйінділер құламасын тегістеу; ұзын орлар және қазаншұңқырлар қуыстарын қайта көму; жүк тиеушілер алаңында өнделген топырақты домбықтау үшін қолданады. Бульдозерлер сонымен қатар қосалқы жұмыстарда және дайындық жұмыстарын жүргізгенде ( учаскені бұталардан, ағаштардан, түбірлерден, тастардан тазартқанда, өсімдік қабатын алғанда) кең пайдаланады.
Алаңшаларды бульдозерлермен тегістеу көбінесе екі тәсілмен орындалады: ормен және қабатпен (2.18 – сурет).
Ор тәсілімен өндеу қашықтығы 50 м дейін ауыстырғанда топырақтың шығынын азайту үшін қолданады. Тереңдігі 0,4 – 0,6 м қатар тілім – орларды бір ізбен біренше өту арқылы жасайды. Орлар енін бульдозер күрегінің еніне тең алады, ал орлар арасында қалдырылған қоспалар ені байланысқан топырақтарда 0,4 және шамалы байланысқанда 0,6 м-ге тең етіп алынады. Қоспалар әр ордан өткеннен кейін өнделеді.
Ауыстыру қашықтығы 50 м-ден көп болса әр 25-30 м-ден кейін аралық үймелер жасалады, олар сонан соң екі немесе үшпарланған бульдозерлермен ауыстырылады.
Топырақты қабат үлгісімен өндеу қатар тілімдермен жасалады және де әр алдыңғы тілім келісімен 0,3-0,5 м асыра жабылып отырады. Қуатына байланысты бульдозер жер қазып – тасымалдау машина ретінде топырақты 150 м қашықтыққа дейін ауыстырған жағдайда нәтижелі.
Топырақты төгу екі тәсілмен жасалады: бір мезетте қатар тығыздап қабаттап тығыздау және қабаттап тығыздаусыз үйінді жасау. Көлденең арматуралау кірпіштің бес қатарынан көп емес биіктіктен соң дәнекерленген, немесе «ирек» торларды төсеп орындалады (5.10 – сурет). Көлденең арматураны төсегенде жік қалыңдығы оның қимасынан 4 мм – ден кем емес артып тұру керек. Ирек торларды қалауға өзара перпендикуляр орналасқан шыбықтардан төсейді.
Бойлай арматуралау қалауға немесе оған жанасатынға салынған және диаметрі 3 – 6 мм қамыттармен қалауға бекітілген болат шыбықтармен жүзеге асырылады. Шыбықтар ұзындығы бойынша өзара дәнекерленіп немесе асыра салынып қосылады. Соңғы жағдайда шыбықтардың ұшында сыммен байлайтын ілмектер жасалады.Кірпіш діңгіктерді арматуралау есеп бойынша жасалады, бірақ аралығы бес қатардан, ал қалыңдатылған кірпіштен қалағанда төрт қатардан сирек болмау керек. Арматуралау үшін тік бұрышты дәнекерленген немесе «ирек» торларды өзара перпендикуляр бағыттағы шектес қатарларға төсейді. Торлармен арматураланған жіктердің қалыңдығы әр жағынан көбейтілген қиылысқан шыбықтардың диаметр қосындысына тең болу керек.
Қабырғаларды шыбықтармен бойлай арматуралағанда шыбықтарды ұзартады немесе 20 диаметрге тең ұзындыққа асыра салып байлайды және ұштарын бүгеді.
Ұсынылатын әдебиеттер: [1,2,3]
СӨЖ бойынша бақылау тапсырмалары: [1,2,3,4,5,6,] – 3 сағ.
Дәріс №5
Жер жұмыстары-6 сағ.
1 - тақырып. Жер ғимараттарының түрлері, өңдеу әдістері мен жұмысты механикаландыру- 2 сағ.
Дәріс жоспары:
-
Жер ғимараттарының түрлері, топырақты өңдеу күрделілігіне байланысты жіктелуі.
-
Жер ғимараттарын жергілікке бөлу.
-
Дайындық және қосымша процестер.
-
Топырақты механикалық әдіспен өңдеу.
Жер ғимараттары атқару міндетіне және пайдалану ұзақтылығына байланысты тұрақты немесе уақытша болуы мүмкін. Тұрақты ғимараттар салынып жатқанобьектілердің құрама элементтері болады және олардың дұрыс пайдалануға арналады. Оларға бөгет, канал, автомобиль және темір жолдардың оймалары мен үйінділері және т.б. жатады.
Уақытша жер ғимараттары тек құрылыс кезеңінде жасалады және үймереттердің жерасты бөліктерінің іргетастарын, технологиялық жабдықтарын, инженерлік коммуникацияларын және т.б. орнату үшін арналады.
Оймалардың өлшемдерін салыстырғанда оның ені ұзындығынан 1/10 кем болмаса, оны қазаншұңқыр, ал ені 1/10-нан кем болса ұзын ор деп аталады. Қазаншұңқұрлар әдетте көлемді ғимараттардың терең орналасатын бөлігінде, мәселен, іргетастарда үйасты қабаттарында жасалады. Ұзын орлар ұзыннан созылыңқы коммуникациялар, су, газ, жылумен жабдықтау, канализацияның сыртқы жүйелерін салғанда қазылады.
Оймалар мен үймелердің бүйір еңкіш бетін құлма, ал оларды айнала көлденең беттерді – бермалар деп атайды. Жер ғимараттарының басқа элементтері: ойма түбі – төменгі көлденең жер оймасы; бровка – құламаның жоғарғы жиегі; қорлар – үйінді жасау үшін топырақ алатын оймалар; кавальер – артық топырақты үйіп төгетін жер.
Жер жұмыстарын кешенді механикаландыру және автоматтандыру
Жер жұмыстарын кешенді механикаландыру деп технологиялық міндеті, техникалық деңгейі және өнімділігі бойынша өзара үйлестірілген ұтымды машиналар звеносы көмегімен негізгі және қосалқы процестерді орындауды атайды. Звенолар және жинақтың бөлек машиналары операцияларды жүйелі тәртіппен үздіксіз тасқынмен орындап біріңғай агрегат ретінде істейді.
Жинақты топырақты өңдеуге және тасымалдауға арналған бір немесе бірнеше жетекші машиналар және топырақты алдын ала қопсыту, тегістеу және тығыздау, жер бетін пішіндеу үшін қосалқы машиналар болады. Кейбір жағдайда бір машинамен бірнеше процестер орындалады: топырақты өндейді, ауыстырады, тегістейді және т.б.
Жетекші машина – экскаватор, скрепер, бульдозер және т.б. – жинақтың өнімділігін және белгілі шамада оның құрамын және жұмысты ұйымдастыруын анықтайды. Барлық машиналарды, ең алдымен жетекшіні, әбден толық пайдалану үшін қабылданған машиналардың негізгі параметрлері үйлестіріледі.
Машиналар жинағының құрамы жер ғимараттарының түріне, жұмыстың көлеміне, топырақтың сипаттамасына, деректі мерзімге және жұмыс өндірісінің жағдайына байланысты, соңғыға жататындар: өңдеу учаскелеріндегі жер массасын үйлестіру, топырақты тасымалдау қашықтығы, жер бедері, жыл мезгілі және басқалар.
Жинақ үшін машиналарды таңдағанда олардың қайсысын қайда тиімді пайдалануға сүйенеді. Мысалы, қазаншұңқыр және ұзын орлар өндегенде алдымен ойманың берілген енің және тереңдігін, топырақты түсіру тәсілін және жұмыс көлеміне сәйкес келетін өнімділіг қамтамасыз ететін машинаның негізгі техникалық параметрлерін есепке алады.
Тасқынның берілген өсімталдығы бойынша машиналар жинағының саны мына формуламен анықтауға болады
NЖ = J/ӨП
Мұндағы NЖ – машиналар жинағының саны; J – тасқынның өсімталдылығы; ӨП – машиналар жинағының пайдалану өнімділігі (жетекші машина бойынша).
Жер жұмыстарын орындаудың бірнеше мүмкін варианттары болған жағдайда машиналар жинағының ең тиімді вариантын таңдау үшін техника – экономикалық көрсеткіштерін салыстырады, атап айтқанда: 1 м3 жер жұмыстарына келтірілген үлес шығындар; 1 м3 топырақты өңдеу еңбек сыйымдылығы және жұмыстың ұзақтылығы.
Құрылыстың жалпы алғанда және соның ішінде жер жұмыстарын орындау тиімділігін көтерген фактор процестерді автоматтандыру болады. Автоматтандырылған машиналарды (бульдозерлер, скреперлер, автогрейдерлер, тығыздағыш қондырғылар, тегістегіштер, көп шөмішті экскаваторлар және т.б.) қолдану тәжірибе көрсеткендей жұмыстың құны арзандайды, еңбек өнімділігі артады және ең маңыздысы жұмыс сапасы елеулі жақсарады. Дегенмен автоматтық жүйелер жер жұмыстарын өңдеуге әзірше олардың жоғары күрделілігіне және жердің бедеріне, топырақтың физика – механикалық сипаттамаларына, гидрогеологиялық жағдайларға және т.б. қатысы бар кіргізетінхабардың көп құбылмалығына байланысты ойдағыдай даму алған жоқ.
Ұсынылатын әдебиеттер: [1,2,3]
СӨЖ бойынша бақылау тапсырмалары: [1,2,3,4,5,6,] – 3 сағ.
Дәріс №6
1 - тақырып. Қадаларды батыру және құру процестерінің
технологиясы- 2 сағ.
Дәріс жоспары:
-
Құрылыста қолданылатын қадалы іргетастар түрлері мен қолдану аумағы.
-
Қадаларды батыру әдістері, батыру механизмдері.
-
Қадаларды қағудың технологиялық сұлбалары, батыруды бақылау.
-
Толтырмалы қада түрлері мен жасалу тәсілдері. Бұрғылап толтырмалы, пневматика толтырмалы, жиі тығыздағыш топырақ қадаларын жасау технологиясы. Жұмыс өндірісіне қажетті құрал – жабдықтар.
-
Қадалы ростверкінің құрылымы.
Қада жұмыстары өнеркәсіптік және азаматтық, ауыл шаруашылық және көлік құрылыстарының үймереттері мен ғимараттарының қадалы фундаменттерін құрғанда орындалады және кешенді- механикаландырылған технологиялық процестердің жиынтығы болып табылады.
Қадалар үймерет немесе ғимарат жүгін топыраққа беру және әлсіз топырақтардың көтергіш қабілетін арттыру үшін және су кіруді, жер асты және жер үсті откелдер салғанда топырақтың құйылуын немесе мүжілік құлауын болдырмау үшін жағалар қабырғаларын қоршау және басқа жағдайларға арналады.
Қада жұмыстарының кешенді процестерінің құрамына кіретіндер: дайындық процестері (жартылай фабрикаттар дайындау, қадаларды әзірлеу немесе оларды дайындау және қадаларды батыруға даярлау); көлік процестері (қадалар мен жартылай фабрикаттарды жеткізу) және негізгі процестер (дайын қадаларды батыру немесе толтыратын қадалар жасау). Қада қағу жұмыстары орындалған соң әдетте қадалы роствектер жасалады.
Қада және қадалы фундаменттер түрлері
Қадалар топыраққа батыру тәсілі бойынша: дайын түрінде топыраққа әр түрлі тәсілмен қағылатын – қағылмалы және тікелей топыраққта жобалық жағдайда дайындалатын – толтырмалы болуы мүмкін.
Жұмыс өзгешілігі бойынша діңгек-қада және аспалы қадаға бөлінеді. Діңгек-қадалар ғимарат жүгін өздерінің төменгі ұштарымын тікелей тығыз топырақтарға береді,ал аспалылар – ғимараттың жүгін ең алдымен топырақта өздерінің бүйір жақ беттерінің үйкелеу кедергісімен береді.
Қадалар материалдар түрі бойынша: ағаш, бетон, темірбетон, металл және қиыстырылған болады.
Көлденең қима пішіні бойынша шаршы, тік бұрышты, көп қырлы, дөңгелек, жаппай қималы және қуыс құбырлы, қабықша-қада, ұзындығы бойынша бір қалыпты және ауыспалы (пирамида тәрізді) қималыға бөлінеді.
Ростверк – қадаларды біріктіретін түзіліс және топырақ негізіне ғимарат жүгін біркелкі беру үшін қызмет етеді. Ростверктер құрамалы, құрамалы-құймалы және тұтас құймалы арқалық және тақта түрінде болады.
Қадалар батыру әдісін, машиналар түрін және жабдықтарды таңдау.
Алдын ала дайындалған қадаларды батыру әдісін таңдау топырақ жағдайларына, қаданың конструкциясына, ұзындығы және массасына байланысты.
Қада қағу кең тараған әдісінің бірі механикалық және дизель-балға, сирегірек ауа-бу балғасы көмегімен соқпа батыру болады . Бұл әдісті барлық топырақ жағдайларында қолдануға мүмкіншілік бар. Оның құндылығына әмбебаптылығы, әр түрлі энергиялар пайдалануға болатын қада қағу механизмдерінің (қада балғаларының) салыстырмалы оңайлықтары жатады. Қада батыру кемшіліктері: қада басының қирауы, үлкен диаметрлі қабықша-қадаларды батыру қиыншылығы, тұрған үймереттер мен ғимараттар маңындағы қада балғалары жұмысынан топырақтың теңселуі құрылыс түзілістеріне зиянды әсер етуі.
Дірілдетіп батыру борпылдақ құмды және құмайт суға шылыққан топырақтпрды тиімді.
Дірілдетіп басып енгізу жұмсақ созымды, аққыш созымды және аққыш саздық топырақтарда және саз балшықтарда қолданылады.
Статикалық күшпен басып енгізу аққыш консистенциялы саз балшықты топырақтармен шектеледі.
Жаратын әдіспен негізінде механикалық және гидромеханикалық тәсілмен өндеуге берілмейтін тасты топырақтарды өндейді және кейде қатқан топырақты қопсытуүшін қолданады.
Бұл әдістің мәні сілемнен топырақты бөлуден тұрады, ал кейде оны топырақты алдын ала жасалған шпур, скважина, саңылау, шурфтарда орналастырылған жарылғыш заттар зарядтарының жарылу энергиясы арқылы аз аралыққа ауыстыру.
Жаратын әдіспен топырақты өндеудің кешенді процесі:зарядтарды орнату орындарын жасау, жару құралдарымен жабдықталған жарылғыш заттарды дайындау және орнату, зарядтарды атқызу және қопарылған топырақты артудан тұрады.
Жарылғыш зарядтардың бәрі энергия шығу жылдамдығыбойынша бризанттыға (жоғары жылдамлықта) және лақтыратынға (шамалы жылдамдықты) бөлінеді. Бірінші тьопқа динамит, тол, тротил, ал екіншісіне оқ дәрінің көп түрлері жатады.
Жарылғыш заттар агрегаттың күйі бойынша ұнтақ тәрізді, тапталған және құйылғанға бөлінеді. Нақты мақсатқа жету үшін жаруға дайындалған жарылғыш заттардың айқынды санын заряд деп атайды. Зарядтар шғырланған және ұзартылған болуы мүмкін. Жарылғыш заттардың жарылуы ұшқынныан, соқпа толқынының электр разряды әрекетінен болады.
Ұсынылатын әдебиеттер: [1,2,3]
СӨЖ бойынша бақылау тапсырмалары: [1,2,3,4,5,6,] – 3 сағ.
Дәріс №7
Тұтас құймалы бетон және темірбетон процестерінің технологиясы - 4 сағ.
1 - тақырып. Құймалы конструкцияларды жасаудағы кешенді құрамы. Қалып жұмыстары – 2 сағ.
Дәріс жоспары:
-
Жинақ темірбетонының қазіргі заманғы құрылыстағы рөлі.
-
Дайындық және негізгі процесстер.
-
Қалып міндеті мен түрлері, пайдалану аумағы.
-
Әр түрлі конструкциялар үшін қалыпты құрылымдау.
-
Қалып майлау құрамдары.
Бетон көбінесе өнеркәсіптік, азаматтық және ауыл ша-руашылық үймереттерді турғызғанда және тағы басқа са-лаларда кең колдануда. Темір-бетонның әмбебаптыльтғы және үнемділігі түзілістер женіндегі жобаның есебі және технологиялык тәсілдері әбден жетілдіру, жоғары берікті және жеңіл бетондар, әр түрлі қосымшалары бар бетон-дарды қолдану әдістерін жетілдіру, бетон қүрылымы пайда болу теориясьг даму мүмкіндігінше жоғарылайдьг. Бетон және темір-бетон қолдану саласын кеңейту көп қүрастыр-малы түзілістер шьтғаруды қамтамасыз ететін процестер мен жүмыстарды мүнан ары озат техника негізінде кең жайылған механикаландыру және автоматтандьтру мүмкіндіғін туғызады. Зауыттар тек кана дайын қүрастыр-малы темір-бетон түзілістерді ғана емес, калыптар жинағы, арматура каңқасьг мен торлар, тауарлы бетон қоспасы, бетон және ерітінділер үшін қүрғақ коспа, физика-механи-калык. және технологияльтк. касиеттерін меңгеруге мүмкіндік беретін бетон қоспалары мен ерітінділеріне әр түрлі қосъшшалар шығарады.
Бетон жүмьтстары үқыпты «жасалған жүмыс өндірісінің жобасы негізінде жүргізіледі, онда бетон -қоспасы және бетонда өтетін физика-химиялық процестер бетон жүмыс-тары технологиялық процестермен, үймереттер мен ғима-раттардың салынатын түзілістер ерекшеліктерімен, жергілікті жағдайларды ескере отырып үйлестіріледі.
Тұтас қүймалы бетон жөне темір-бетон процестерінің технологиясы бойынша жалпы ережелер
Бетоннан және темір-бетоннан жасалған түзілістер жұмыс өндіру тәсілі бойынша: ширатылған және шира-ылмаған арматурасы бар құрастырмалы, тұтас құймалы
және құрастырмалы-тұтас құймалы болады.
Құрастырмалы түзілістер арнайы зауыдтарда және полигондарда жасалады,сонан-соң көлікпен салынатын объектіге жеткізіліп, жинақтау механизмдерімен жобалық қалпына орнатылады.
Қалып жасау
|
Арматура жасау
|
Бетон қоспасын төсеу
|
Көлік байланыстары
сыртқы
Бетонды сақтап күту
|
алаңша ішіндегі
Темір-бетон жұмыстарын өедірудің технологиялық жүйелілігі
Құрастырмалы-тұтас құймалы түзілістер зауытта жасалған құрастырмалы элементтерден және оларды бір бүтінге біріктіретін тұтас құймалы бөлігінен тұрады.
Тұтас құймалы түзілістер алдын ала дайындалған қалыпқа арматура мен бетон қоспасын салу арқылы тікелей тұрғызылатын объектіде жасалады. Бүл жағдайда құрылыс алаңына қалып, арматура және бетон қоспасы жеткізіледі.
Кей жағдайларда құрастырмалы темір-бетонмен салыстырғанда тұтас құймалы бетон мен темір-бетон қолдану тым ұтымды, әсіресе сейсмикалық аймақтарда, энергетикалық және су шаруашылық құрылысында, биік үймереттер мен ғимараттар тұрғызғанда.
_______________ Жұмыс бағыты _______________________
Арматура жинактау
|
Қалып орнату
|
|
|
Бетон қоспасын төсеу
|
Арматура жинақтау
|
Қалып орнату
|
|
Бетонды күту
|
Бетон қоспасын төсеу
|
Арматура жинақтау
|
Қалып орнату
|
Тұтас құймалы темір-бетонды өндірудің тасқынды әдісінің үлгісі
I-IV— алымдар
Бетондаудың кешенді процесінің мағынасы мен қурылымы
Тұтас құймалы бетон және темір-бетоннан жасалған үймереггер мен ғимараттарды түрғызудың кешенді технологиялық процесін дайындау жөне қүрылыс процестері түрінде көрсетуге болады Бұлардың біріншісі қурылыс алаңы маңынан тыс, зауыттарда орындалады, ал екіншісі, қүрылыс процестері, белгілІ технологиялық жүйемен аяқталған өндірістік циклін жасап тікелей объектілерде өндіріледі, оиың нөтижесінде түтас күймалы бетон әлде темірбетон түзілісі немесе ғимарат шығарылады (3.1-сурет),
Тұтас қүймалы бетон және темір-бетон жүмыстарын өндіру кешенді процесі шапшаң-тасқынды әдісі бойынша жүмыстардын. барлық процестерііі өзара үйлестіріп орын-даудан түрады және өзіне келесі процестерді енгізеді: қалыпты тасымалдау және орнату, сонынан оны ажырату; арматураны тасьшалдау және орналастыру; бетон қоспа-сын тасымалдау, тесеу және тығыздау; түрғызу процестерінде және қату процесінде бетон коспасыныц сапасын бақылау.
Жетекші процесс бетон қоспасын төсеу болады, оғаи барлық қалған процестер бағынады.
Жүмыс өндірісінің таскынды әдісі жеке алымдарға бөлінген жүмыстардық барлық кешенін орындаудың кең ырғағьш қамтамасыз етеді. Сонымен әр алымда темір-бе-тон жүмыстарылың. барлық кешенінің тиісті қүрама процестері орындалады (3.2-сурет).
Жүмыс I алымда қалыпты орнатудан басталады, сонан-соң П алымға көшеді, ал I арматурашыларға босатылады. Бір алымнан жүмыс орындау шамасымен жүмысшылар келесі алымға ауысады, ал босаған алымға басқа маман-дық жүмысшылары келеді.
Ұсынылатын әдебиеттер: [1,2,3]
СӨЖ бойынша бақылау тапсырмалары: [1,2,3,4,5,6,] – 3 сағ.