51
1. Стандартты тіркеуші орган беретін ӘОС
белгіленуі;
2. Стандарттардың мемлекетаралық жіктеуіші бойынша коды (МК
ИСО/ИНФКО 1-96);
3. Мемлекеттік стандарттар жіктеуіші бойынша коды (МСК);
4. Ӛнімнің, процестің, қызметтің стандарттары жалпы жіктеуіші ОКП және
экономикалық іс-әрекет тҥрлері бойынша ӛнім жіктеуіші (КПВЭД) бойынша
коды;
5. Негізгі сӛздер, (Негізгі сӛздер қатарында стандарттау объектісін бір жақты
сипаттайтын, қҧжатты жіктеуіштерден, каталогтардан, нҧсқаулықтардан,
базалар мен деректер банкінен іздеуді жеңілдететін негізгі сӛздер кӛрсетіледі.)
болуы қажет.
Стандарттарды баяндауға қойылатын талаптар
1. Стандарт мәтініне қойылатын талаптар
Стандарттың ерекшеліктері мен мазмҧнына қарай талаптар мәтін, кесте,
графикалық материал тҥрінде баяндалады. Стандарт мәтіні стандарты қолдану
саласына сәйкес қолдануға қажетті және жеткілікті, қысқа, дәл, әртҥрлі
тҥсініктерге мҥмкіндік бермейтін, логикалық тҧрғыдан бірізді болуы керек.
Стандартқа объективті әдіспен тексеруге болатын сипаттамалар және
талаптарды ғана енгізу қажет.
Стандартта әрекет етуші заңнамалық актілер және стандарттармен
тағайындалған
терминдер, анықтамалар, белгілеулер және қысқартуларды
қолданған жӛн. Егер стандартта қабылданған терминдер, анықтамалар,
белгілеулер және қысқартулар басқа стандарттармен
тағайындалмаса немесе
бҧл терминдердің бекітілген тәртіппен жаңа анықтамалары қабылданған болса,
онда оларды стандарттың «Анықтамалар», «Белгіленулер» және қысқартулар
қҧрылымдық элементерінде ресми ақпарат кӛздеріне (бар болған жағдайларда)
сілтемелермен беріледі.
Стандарт мәтінінде міндетті талаптарды баяндауда «тиіс», «керек»,
«қажет», «ҥшін талап етіледі», «тек рҧқсат етіледі», «болмайды», «рҧқсат
етілмейді», «тиіс емес» сӛздерді қолданған жӛн.
Ҧсынылғанға жататын басқа талаптар мен ережелерді баяндауда «болуы
мҥмкін», «әдетте», «қажет болса», «болады», «мҥмкін болса», «рҧқсат етілуі
мҥмкін», «ҧсынылады» және т.б. сӛздерді қолданған жӛн. Бҧл жағдайда
стандарт мәтінінде хабарлай айту тҥрін қолдануға болады, мысалы
«қолданады», «кӛрсетеді» және т.с.с.
Шаманың ең ҥлкен және ең кіші мәнін келтіргенде «ҥлкен (кем) болмауы
керек» сӛз тіркесін қолдану керек. Стандартта кӛрсетілген
нормалар мен
талаптарда рҧқсат етілген ауытқулар мәнін келтіргенде «ҥлкен (кем) болмауға
тиіс» сӛз тіркесін қолданады.
Мысалы:
1. Кальцийленген техникалық содадағы кӛміртекті натрийдің массалық ҥлесі
99,4% -дан кем болмауға тиіс.
2. Пластиктен жасалған жолақ пен плита тӛрт жағынан жҧмыр кескінмен
кесілуге тиіс. Кесім қиғаштығы 1 м ҧзындығына 4 мм ден ҥлкен болмауы тиіс.
52
Ӛнімді берілген дәлдікпен жасау, қолдану және бақылау ҥшін қажет,
стандартпен тағайындалатын шаманың сандық мәндері шекті ауытқуларымен
берілуі немесе ең ҥлкен және (немесе) ең кіші мәндер тҥрінде берілуге тиіс.
Мысалы: ( 100+5) мм,
Сандық мәндерді пайызбен кӛрсеткенде былай жазылуы тиіс:
«73% дан 77% дейін» немесе (65+ 2)%» , (65+2%) осылай болмайды.
Материалдар мен заттардың физикалық константалары және қасиеттері
туралы деректерді МСТ 8.310 стандартына сәйкес деректер категорияларын
кӛрсетіп беру қажет. Рим сандарын тек бҧйымның сортын (категориясын
класын), химиялық
элементтердің валенттігін, жылдың тоқсанын және т.б.
кӛрсетуге қолдану керек. Рим сандары, араб сандарымен кӛрсетілген кҥндер
және сандық сын есімдер септік жалғауынсыз болуы тиіс.
Есептеу және физикалық шаманың бірліктерін кестелерде белгіленуін,
формулаға кіретін символдар мен сандық коэффициенттердің тҥсініктемесін,
және мәтінде тек сандық мәндерде нҥктесіз жазады. Мысалы: – 52 дана, 16 кг
Мәтіндегі есептеу мен физикалық шамалардың бірліктерінің, формулаға
сандық мәндерінсіз кіретін символдар және формулаға кіретін сандық
коэффициенттердің аттарын толығымен жазу керек. Мысалы – Ҧзындығы
миллиметрмен келтірілген.
Стандартта:
-
әңгімелік сӛз бҧрамдарын, техницизмдерді және кәсіптік сӛздерді
қолдануға;
-
бірдей ҧғым ҥшін мағынасы жақын (синонимдер), тҥрлі ғылыми-
техникалық
терминдерді, содай-ақ қазақ, орыс тілдерінде мәндері теңдей
сӛздер мен терминдер бар болса, шетел сӛздерін және терминдерді қолдануға;
-
еркін сӛзқҧрамдарын қолдануға;
-
қазақ және орыс тілдері орфографиясы ережелерімен,
сәйкес
стандарттармен тағайындалған және осы стандартта берілген қысқарту
сӛздерден басқаларды қолдануға рҧқсат етілмейді.
Стандарт мәтінінде, формулаларды, кестелерді, суреттерді қоспағанда:
-
теріс шама мағыналарының алдында «-» математикалық белгісін
қолдануға («алу» сӛзін жазу керек);
-
диаметрді белгілеу ҥшін Ø белгісін қолдануға («диаметр» сӛзін жазу
керек. Ӛлшем санының алдына суреттерде ӛлшем мен шекті ауытқуларын
кӛрсеткен кезде «Ø» белгісі жазылуға тиіс);
-
сандық мағыналарсыз математикалық белгілерді № және % белгілерін
қолдануға, (Мәтінде (кӛп), (аз), (тең), «нӛмір» және т.с.с. жазу керек) рҧқсат
етілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: