Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі тарих факультетінің «жалпы тарих» кафедрасы Тақырыбы: Орталық Азия және Қазақстанның қауіпсіздік мәселелері


Аймақтағы ұжымдық қауіпсіздік шаралары



бет5/7
Дата25.02.2016
өлшемі0.98 Mb.
#22275
1   2   3   4   5   6   7

3.2. Аймақтағы ұжымдық қауіпсіздік шаралары.
Ғасырлар бойы Азияда аймақтық проблемаларды тиімді шешу үшін ортақ тұғырнаманы қалыптастырудың көптеген әрекеттері қолға алынды. Азияда ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру туралы КСРО-ның ұсынысын еске алсақ та жеткілікті. 1970 жылдардың басында Л. Брежнев осындай бастама көтеріп еді және мұны Үндістан қолдайды деп сенді. Бірақ Үндістан да, басқа Азиялық мемлекеттер де ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру туралы Кеңес Одағының ұсынысын қолдаған жоқ. Азия елдерінің КСРО-ның жоспарларына дәстүрлі түрде күдікпен қарауы, сондай-ақ Пекиннің жанталаса қарсылық білдіруі өзінің теріс рөлін ойнады. Оның үстіне аймақтағы көптеген елдердің арасында күрделі қайшылықтардың болуына байланысты Азия құрлығында қауіпсіздік пен ынымақтастықтың арнайы институттарын құру идея күйінше қалып, Еуропадағы 1975 жылғы Хельсинки актісіне ұқсас ынтымақтастықтың базалық пункттерін де қалыптастыруға мүмкіндік болмады1.

Ұжымдық қауіпсіздік қажеттілігі өзінің басты мәселесі етіп әлем картасында пайда болған жаңа субъектілердің одан әрі дамуы мен өмір сүруін күн тәртібіне қоятын кез де жетті. Кеңес Одағы мен Варшава шарты аймақтық және жаһандық қауіпсіздіктегі геосаяси жүйе ретінде таратылғаннан кейін «егемендік шеруінің үстінде күн сайын қақтығыстардың ұшғуынан бастап, ауқымды көлемде азаматтық соғыс өртіне ұласатын қарсыластардың жергілікті ошақтары пайда бола бастады. Шекаралардың тұрақталмағандығы, ұлттық жаңғыру процестері, Кеңес Одағының мирасқа қалған дүниелері туралы талас, жаңаша ықпал жүргізу аясын орнатуға деген талпыныстар – осының бәрі үлкен аумақты қақтығыс-қатері мол өңірге айналдырған еді, мұның өзі бара-бара сондай алып «тұрақсыздық иініне» айналып, одан көптеген мемлекеттер, халықтар мен ұлттар апатты зардаптар шегуі әбден ықтимал болатын. Нақ осы шиеленісті жағдайда жаппай бітісушілік және ұжымдық қатысушылық жүйесінің жолдарын іздестіруге қадамдар жасала бастады, сол арқылы Еуразияның ұшан-теңіз аймағын «екінші Балқанға» айналдырмау көзделді2.




1Қ.Тоқаев. Қазақстан Республикасының дипломатиясы. – А., 2002. 366 б.

2Н.Назарбаев. Сындарлы он жыл. – А.,2003. 171 б.

КСРО ыдырап, одақтас едер өз тәуелсіздіктерін алған тұста-ақ көпшілік лидерлер экономикалық та, қауіпсіздік те жағынан интеграциялану - өмір сүрудің басты талабы екендігін түсінді.Өйткені, біріншіден одақтас елдердің экономикалары бір-біріне тәуелді етіп қойылған. Екіншіден, әлі де болса бір ақпараттық кеңістікте жатыр. Үшіншіден қауіпсіздік мәселесінде бірыңай әскери әлеуетті иемденіп келген елдер үшін ұжымдық қауіпсіздік керек еді. Бұлардан басқа да аталмыш елдердің әлеуметтік саяси және экономикалық, мәдени байланыстары да көп еді.

Интеграция – бүгінгі күннің тұрақтылығы мен келешектің кепілі болып отыр. Тарихқа көз жүгіртсек, қырғын соғыстардан көз ашпаған Еуропада 1957 жылғы «ортақ рынок» туралы Рим Келісімінен соң интеграция жанжандырылып, бүгінгі ортақ валюталы Еуро Одақ дәрежесіне жетіп отыр. Стратегиялық қайшылықтарың соғыс алаңына айналған Оңтүстік-Шығыс Азия елдері де АСЕАН ұйымын құрып, ұжымдық қауіпсіздік пен ортақ экономикалық аймақты қалыптастыру арқылы «Азия жолбарыстарына» айналып отыр. Орталық Азия үшін интеграция экономикалық жағынан да, ұжымдық жағынан да керек. Ауғанстан мәселесі мен дағдарыстағы Парсы шығанағы Орталық Азия елдерімен шектесіп жатқандықтан, қауіп-қатерден қорғану кепілдігі мардымсыз болып отыр. Сондықтан да аймақ елдері ұлттық және аймақтық қауіпсізігін сақтауда мына мәселелерге көңіл бөліп отыр:


  • Жеке қорғаныс ретінде – мемлекеттің қарулы күштерін, жалпы әскери саланы нығайту мен қорғаныс салаларын жетілдіре түсу;

  • Ұжымдық қорғаныс ретінде – алдымен аймақ шеңберінде, сосын ТМД немесе Еуразия шеңберінде қорғаныс жүйесін құру. Оның аржағында, ғаламдық қорғаныс қауымдастығында өз орнымызды иемдену мақсаты тұр. Өйткен, бүгінгі ғаламдасу заманында саяси экономикалық аренаға шығу тек қана аймақтық интеграция арқылы жүзеге аспақ1.

Елбасымыз Н. Назарбаев айтқандай: «Бүгінде ғаламдық, өңірлік және ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп-қатер азаюдың орнына жаңа сапа мен өзгеше ауқымға ұласып барады»2.

Орталық Азия елдеріне төнетін бірінші қауіп – экономикалық тәуелділікте қалу болып отыр. Тәуелділік – бір елге тәуелді етсе, тәуелсіздік бүкіл әлемнің ұтылыссыз есептесе білуге талап етеді. Орталық Азия өңірі үлкен геосаяси мәнге ие деген сөз жиі айтылады. Алайда, Орталық Азия өңіріндегі геосаяси жағдайға бұл елдердің өздері қаншалықты әсер ете алатынын нақтылап айтқан емес. Орталық Азия маңызды өңір екендігінің бірнеше тұжырымдары бар.



1У.Касенов. Безопасность Центральной Азии. – А.,1998. С. 90-93

2Н.Назарбаев. Сындарлы он жыл. – А.,2003. 22 б.

Оның біріншісі, өңірдің табиғи байлықтарына байланысты. Екіншіден Бжезинскийдің болжамы бойынша, Орталық Азия өңірін кім өзінің ықпалында ұстаса, сол бар жағдайда неізгі басымдыққа ие болады, ол бір мезгілде Таяу Шығыс пен Үнді құрлығына дейінгі аймақты өз бақылауында ұстайтын да мүмкіндікке ие болмақ. Ал үшіншісі, ол таяу уақытта ғана 11 қыркүйек зұлматынан кейін пайда болды. Мұнда Азиялық өңірдегі радикалды исламды жақтаушыларға АҚШ жүргізірп отырған күресті осы аймақта оңтайлы жүргізу үшін қажет1.

Демек, Орталық Азия әлемдік бәсекелестіктің жаңа бір алаңы. Бұл адаңды бостан-босқа алдырып қою - әлемдік державалар үшін саяси тұрғыдан үлкен бір қателік болар еді. Сондықтан да, әрине, біреуі келгеннен кейін екіншісі де тезірек жетуге, ал одан кейін үшіншісі басқаларынан қалмауға тырысады. Бірақ бұл жасанды түрде пайда болған ойын. Аймақ мұнай мен газға және табиғи қазба байлықтарға өте бай. Ендеше, олар осыншама күш салып, қаншама шығын шығарып келгендегі мақсатын орындауға тиісті іс-әрекеттер неге жасамасқа. Біреуі осы аймақта мұнайды иеленуге ұмтылады, екіншісі одан да пайдалы нәрсені игергісі келеді, үшіншісі де солай. Бұл – саясат. Ал, саясаттың 60-70%-ы жасанды. Саясаттың екі жүзі бар. Бірі – арғы беті, бірі – бергі беті. Көрініп тұрған жағы – жалған, айлалы жағы2.

Тарих қайталанады. Бүгін қателеспес үшін – өткенімізге көз жүгіртуіміз керек. Бұл ретте Орталық Азия халықтары үшін тағылым алар мынадай мүмкіндіктер бар екен:



  • Осы аймақ жөніндегі Кеңес Одғының жүргізген саясатын алуға болады. Тілі ұқсас, діні мен ділі бір, діңі ортақ халықтарды бөліп тастады.

  • Еуропады мемлекеттік ұлтшылдықты дамытудың тарихи мысалын алуға болады. Белді капиталистік елдердің ұлттық-мемлекеттік қайшылықтары І дүниежүжілік соғысқа алып келді. Ал, ІІ дүниежүзілік соғыс соның аяқталмай қалған жалғасы еді. Еуропа 50-жылдардағы интеграциялық бірігуден соң ғана қарқынды даму жолына көшті.

  • Араб дүниесіндегі елдердің ең жаңа тарихын алуға болады. Ортақ аймақтық мүдделері бар елдердің ортақ саяси, әскери, мәдени стратегиясы мен тактикасы болмаса, жеке-жеке ұлттық-мемлекеттік мүдделеріне жете алмайды3. Мұны біз Ирактағы соғыстан да көріп отырмыз.

Сондықтан да, Орталық Азия елдері үшін бүгінде тату ықпалдастық пен ортақ мүдде төңірегінде топтасу, ал ол шаралардың ойдағыдай жүзеге асуы үшін міндетті түрде ұжымдық қауіпсіздік қажет.

1С.Ақынбеков. Еуразия Одағы: уақыт және қауіпсіздіктің ортақ жүйесі.//Егемен Қазақстан. 17 мамыр 2003.

2Е.Қарин. Әлемдік бәсекелестіктің жаңа алаңы.//Ақ жол Қазақстан. 11 қазан 2002.

3Н.Назарбаев. Тарих толқынында. – А.,1999. 257-264 бб.

КСРО ыдырағаннан соң орын алған геосаяси «қалыптасудың әлжуаздығы», ықпалдасудың әлсіздігі және Орталық Азия елдері арасындағы мүмкіндіктің төмен болғандығы бұл кеңістікті тұрақтылыққа ұмтылған геосаяси қозғалыс туғызған аймақтық әскери-саяси құрылымдар (ҰҚК мен ШЫҰ) құруға алып келді. Байқалып отырған және ықтимал қақтығыстарды шектеп, тұйықтау жолындағы бірінші нақты ұйымдық қадам 1992 жылдың 15 мамырында жасалды. Ташкентте – Армения, Қазақстан,Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттері қол қойған Ұжымдық Қауіпсіздік туралы Келісімшарт (ҰҚК) дүниеге келді. Ал, 1994 жылдың 20 сәуірінде ратификацияланып, оның күші кейінгі бес жылға созылды. Сөйтіп тұңғыш рет геосаяси аренаға жаңа негізде – қатысушы мүше елдердің аймағында олардың өз еріктерімен бейбітшілікті сақтауға және қақтығыстарға тосқауыл қоюға бағытталған мемлекеттердің әскери-саяси одағы пайда болды.

ҰҚК-ның бейбітшілікті қамтамасыз ету сипатына үміт артқан Әзірбайжан мен Белоруссия 1993 жылдың қыркүйегінде мүшелікке өтуге, ал желтоқсан айында Грузия қосылды. Ал 1995 жылдың 10 ақпанында ҰҚК аясында «Әуе шабуылына қарсы бірлескен қорғаныс жүйесін құру туралы» Келісімге қол қойылды және «ҰҚК-ге қатысушы мемлекеттердің ұжымдық қауіпсіздік тұжырымдамасы» қатар қабылданды. ҰҚК-нің бір кемшілігі – қатысушы елдер арасында болуы ықтимал қақтығыс-жанжал туындайтын болса, оған байланысты қолданылатын шаралар жөнінде ештеңе айтылмаған. Онда сыртқы қауіптен қорғанысқа баса назар аударылған. Және Армения, Белоруссия, Грузия мен Әзірбайжан қауіп-қатерді Шығыстан гөрі Батыстан көреді1. И.Каримовтың мәлімдеуінше: «Өзбекстан бұл Келісім-шартқа әзірге ешқандай да зәрулік сезінбейді және аймақтық көпжақты келісімдерге сыни көзбен қарайды» екен. Ресми Ташкенттің мәлімдеуінше, 1991 жылдан 2000 жылға дейін қабылданған көпжақты 165 құжаттың 20 ғана жұмыс істейді екен. Оған себеп қаржыландыру мен басқару жағынан болатын келіспеушіліктер екен2. Және бір кемшілігі ҰҚК Ауғанстандағы антитеррорлық іс-қимылдарға дер кезінде үн қоса алмады және сол арқылы аймақтағы жағдайды тұрақтандыруға байланысты бастамашылықты қолдан шығарып алды, сөйтіп ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қолдауға қабілетті күш ретіндегі өзінің келбеттілігін таныта алмады. Бұл ҰҚК-ның құрылымдық ұйымдастыру жұмыстарының әлі де жеріне жеткізілмегендігінен болып отыр3. Көп уақытқа дейін үлкен құқықтық база мен келісім-шарттардың жеткілікті болмағанына қарамастан, ҰҚК-ны дамытуға қатысты қандай да бір шаралар қарастырылмаған.

1Н.Назарбаев. Сындарлы он жыл. – А.,2003. 176-185 бб.

2Т.Акимова. Разрубит ли Договор о коллективной безопасности Афганский узел.//Каз. Правда. 16 ноября 2000. С. 5

3Н.Назарбаев. Сындарлы он жыл. – А.,2003. 178 б.

Іс жүзінде ондай әрекеттің басталғаны – соңғы үш жыл. Өйткені, Шешенстандағы мен Ауғанстандағы, Тәжікстандағы, Қырғызстандағы және Өзбекстандағы әскери қақтығыстарға орай, ҰҚК ұлттық және аймақтық қауіпсіздікке айтарлықтай қауіп төнгенін сезінді. 2000 жыл 24 мамырда ҰҚК-ның Минктегі саммитінде ҰҚК-нің тиімділігін арттыру және оның қазіргі геосаяси жағдайға бейімдеу туралы Меморандумға қол қойылып, ұжымдық қауіпсіздік күштерін пайдалану тәртібі мен Қауіпсіздік Кеңесі хатшыларының Комитетін құру туралы шешімдер қабылданды1. 2000 жыл қазанда Бишкектегі ҰҚК саммитінде Орталық Азия Ұжымдық Қауіпсіздігінің аймақтық күштерін құру және оның құқықтық жағдайларын анықтайтын екі келісімге қол қойылды. ҰҚК-ның бас хатшысы В. Николаенконың мәлімдеуінше: «ҰҚК-ге қатысушы елдерде құрылатын, алайда бір орталыққа бағынатын әскери контингенттер туралы мәселе көтерілуде. Бұл бөлімшелер әрдайым дайындықта болып, Келісімге мүше мемлекеттің біріне қажет болғанда іске кіріседі»2.

2001 жылы мамыр айында Ереванда ҰҚК-нің сессиясында Орталық Азия аймағында жедел қимыл көрсететін Ұжымдық күштердің құрылуы елеулі оқиға болды. Оның үстіне «Достастықтың оңтүстік шебі», «Жауынгерлік Достастық» және «Оңтүстік Антитеррор» сияқты ауқымды жаттығуларда өткізіліп, оған бейтарап бақлаушылар болған Украина мен Өзбекстан әскерлері де қатыстырылды. 2002 жыл 14 мамырда Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімшарт Ұйымын құру туралы келісімге қол қойылды. Мұндағы негізгі бағыт ҰҚК-нің алғашқы нұсқасындағыдай, әскери-техникалық бірлескен іс-қимыл жайына арналды, тіпті кейбір жекелеген тұстарда ол түбегейлі нышанда тұжырымдалды. Мәскеу ҰҚК мүшелерінің Қарулы Күштерін жарақтандыру қиындығы Ресейде шығарылатын қару жарақты жеңілдетілген бағамен сатып алу арқылы шешімін тапты. Бұл ҰҚКҰ әскери күштерін жеткілікті дәрежеде жасақтауға мүмкіндік берді3.

2002 жылы қазанда ҰҚКҰ-нің мүше елдерінің Кишиневтегі басқосуында ҰҚКҰ-ні құру туралы шешім қабылдады және Ұйымның құқықтық мәртебісі туралы Жарығы мен Келісімге қол қойылды. Антитеррорлық коалицияның Ауғанстандағы операциялары мен АҚШ-тың Иракқа қарсы әскери іс-қимылдарынан соң Орталық Азия елдері үшін басты екі қатер көрініп тұр: Біріншісі, аймақтың өз ішінде әртүрлі мұсылман топтарының соғысқа және Америкаға қарсы радикалды әрекеттерге бару қаупі. Мәселен, аймақта «Хизб ут-Тахрир» заңсыз радикалды ұйымының белсенді әрекеттерге көшкендігі байқалады.



1ҰҚК толыққанды әскери-саяси ұйымға айналса, АҚШ пен НАТО қайтпек?//Жас Алаш. 15 сәуір 2003.

2Т.Акимова. Разрубит ли Договор о коллективной безопасности Афганский узел?//Каз. Правда. 16 ноября 2000.

3Н.Назарбаев. Сындарлы он жыл. – А.,2003. 178-179 бб.

Олардың насихатпен шектеліп қана қоймай, қару асынып шыға келеріне ешкім де кепілдік бере алмайды. Екіншіден, қақтығыс аймағы болған Ирак пен Ауғанстаннан заңсыз ағылатын босқындар саны күрт артуы мүмкін. Мұның өзі жұмыспен қамтасыз ету рыногындағы жағдайды ушықтырып, сосын мигранттар мен жергілікті тұрғындар арасындағы қақтығыстарға себеп болуы да мүмкін. Осындай жағдайларға байланысты ҰҚК-нің қауіпсіздік жүйесін нығайту қарастырылып отыр. Мәселен, 2003 жыл 20-21 наурызда Мәскеуде өткен ҰҚК ҚК-нің хатшыларының басқосуында, АҚШ-Ирак соғысы кері ықпал еткен жағдайдағы қарсы тұру шаралары қаралды. 2003 жыл сәуірде Тәжікстанда, екі жыл алдын Ереванда құрылған ҰҚК-ның ұжымдық күштерінің оқуы басталды. Қазіргі кезде Ресейдің ықпалымен ҰҚК-ні қайта құру және оның позициясын күшейту жұмыстары жүргізілуде. 2003 жыл 28 сәуірде Душанбеде өткен ҰҚК-нің кезекті сесиясында ҰҚКҰ-ны құрумен байланысты құжаттар біржола дайындалып, бекітілді. Ал, 2002 жылдың желтоқсанында Ресей президенті В.Путин Қырғызтан Президентімен Қырғызстанның Қант қаласындағы әуежайында ҰҚК-нің ұжымдық күштерінің әуе техникасын дислокациялауға келісілгені белгілі. Бұған дейін Ресейдің Орталық Азияда Тәжікстанда ғана әскери базасы болса, енді Қырғызстанда да болмақ1.

Елбасымыздың мәлімдегеніндей: «Біз (Орталық Азия елдері – Ш.Р.), әзірше тек ҰҚК-ге қатысушы елдерді қамтитын жалпа әскери-саяси кеңістік құру жолында ғана тұрмыз. Мақсат – бүкіл ТМД елдері аумағында толымды ұжымдық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру болып отыр2.

Біздің аймақтағы қауіп-қатердің көрінісі – экстремизм мен есірткі бизнесінің өріс алуынан және заңсыз миграция ықтималдығынан көрінеді. Мұндай қатерге қарсы тұру жалғыз мемлекеттің қолынан келер іс емес. Бұл саладағы аймақтық ұжымдық қауіпсіздік ұйымдарының бірі ретінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын атай аламыз.

1990 жылдың сәуір айында «Кеңес-Қытай шекара аудандарында қарулы күштерді өзара қысқартудың басшылыққа алынатын принциптері мен әскери салаларда сенім білдіруді нығайту туралы» КСРО – ҚХР арасындағы Келісімге қол қойылып еді. Ол Келісімде қабылданған шешімдер:

1.Тату көршіліктің және достықтың ұзақ мерзімді қарым-қатынасын нығату және дамыту.

2. Шекара аудандарында қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту.

3. Азия-Тынық мұхит аймағында және бүкіл әлемде бейбітшілікті қолдау.

4. Біржақты әскери үстемдікті болдырмау.

5. Шекара ауданында орналасқан қарулы күштерді қысқарту және шектеу, оларға бірыңғай қорғаныс сипатын беру.



1Ж.Әбділдә. ҰҚК толыққанды әскери-саяси ұйымға айналса, АҚШ пен НАТО қайтпек?//Жас Алаш. 15 сәуір 2003.

2Н.Назарбаев. Сындарлы он жыл. – А.,2003. 179 б.

Осы Келісімшарт - «Шанхай бестігіне» алғышарт болды деп бүгінде толық айта аламыз.1996 жылы сәуірде Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдері арасында «Шекара аймағының әскери саласындағы өзара сенімділікті нығайту туралы» Шанхай келісіміне қол қойылды. Ал, 1997 жылы сәуірде осы ұйымның Мәскеуде өткен саммитінде «Шекара маңындағы әскер санын қысқарту туралы» Келісім-шартқа қол қойылды1. 1998 жылы 3 шілдеде Алматыда «Шанхай бестігі» ұйымы құрылды. Ол Шанхай және Мәскеу саммиттеріне қатысқан бес елдің қатысуымен түзілген еді. 1999 жылы тамызда «Шанхай бестігінің» Бишкек мәжілісі өтті. Онда қаралған мәселелер:

1. Әскери қызметтердің транспаренттілігі және оны шекара алабында азайту.

2. Шекаралық мәселелерді реттеу және әскери қызмет туралы тұрақты ақпарат алмасу.

2000 жылы сәуірде Астанада өткен Қорғаныс министрлерінің кездесуінде және осы жылғы Душанбедегі кездесуде жаңа қауіп-қатерлерге бірлесе қарсы күресу шаралары кең көлемде талқыланды. Қазір аталған ұйымның о бастағы мақсаты шеңберінен біраз өсіп жетілді. Сол себепті оның аясында экономикалық жағдайлармен қоса терроризмге қарсы күрес мәселелері де қаралып жатыр. Алдағы кезеңде олардың сапына басқа да өзекті проблемалар қосылуы әбден мүмкін.

«Шанхай бестігінің» 2001 жыл 15 маусымда Шанхайда өткен кезектегі мәжілісінде бұл ұйым – «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы» деп аталып, оның құрамына Өзбекстан қосылған болатын2.

2001 жыл 15 маусымдағы «Терроризм, сепаратизм және экстремизммен күрес туралы» Шанхай Конвенциясында халықаралық лаңкестікке, сепаратизмге және экстремизмге қарсы Жақтардың өзара бірлескен кешенді күрес жүргізуінің жолдары қарастырылды3.

АҚШ және коалиция күштері Ауғанстандағы Талибтерді басып-жаныштаған соң, ШЫҰ-ның болашағына деген кәдімгідей шүбәланушылық байқалды. Алайда, оған қарамастан Санк-Петербургтегі кездесу ШЫҰ-ның болашағына қатысты пессимизмді сейілткендей. ШЫҰ-ның қабылдаған шешімдерінің ішіндегі ең маңыздыларының бірі де осы – 2002 жылдың 7 маусымында қабылданған Хартия болды. Осы саммиттің алдында ғана Ресейдегі Үндістан елшісінің ШЫҰ-ға кірудің болашағы зор екенде пікір білдіргенін атап өтуге болады. Егер Үндістан сияқты жан-жақты әлеуетті елдер ШЫҰ-ның қатарын толтыра беретін болса, онда Ұйым Еуразия континентіндегі аса қуатты құрылым болатынына күманданудың қисыны жоқ.




1Қ.Тоқаев. Қазақстан Республикасының дипломатиясы. – А.,2002. 378 б.

2Н.Назарбаев. Сындарлы он жыл. – А.,2003. 180 б.

3А.Косиченко. Современный терроризм: взгляд из Центральной Азии. – А.,2002. С. 191-200

Мұның өзі АСЕАН елдерімен қарым-қатынасты реттеуде болашағы жарқын болатын Оңтүстік-Шығыс Азияға қарай ШЫҰ-ның айтарлықтай қадам басуы болып табылады1.

2003 жыл 29 мамырда Мәскеуде өткен ШЫҰ-ның кезекті мәжілісінде Ұйымның жарғылық органдарының жұмыс істеу тәртібін реттейтін нормативтік құжаттар мен Пекинде тұрақты жұмыс істейтін Хатшылық және Бишкекте орналасқан лаңкестікке қарсы аймақтық құрылымының штаб-пәтері, сондай-ақ Ұйымның эмблемасы мен туы туралы құжаттар қабылданды2. ШЫҰ өз кезегінде Қытаймен арадағы шекаралық проблемалардың өршіп, нақты соғыс қатеріне ұласпауына ықпал жасауға бағытталған. Оның шеңберінде әскери күш қолданудан гөрі саяси тетіктерге жүгінудің басым болуы – ең басты мақсат Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынасты ретке келтіруге мүмкіндік береді. Өз кезегінде ШЫҰ экономикалық өзара байланысты дамыту міндетін ең басты басымдықтардың бірі ретінде алға қойып отырғаны да белгілі. Елбасымыз айтқандай: «Тұтастай алғанда, ШЫҰ-ның ірге бекітуі бұл ұйымға деген осы өңірдің мұсылман да, мұсылман емес те елдерінің арасында қызығушылық тудырып отыр».3

Американдық белгілі саясаткер З:Бжезинскийдің: «Бүгінде, Еуразия құрлығы үлкен саяси шахмат тақтасына айналған тұста, Еуропаға өз алдына, Азияға да жеке-дара саясат ұстану тиімсіз» деген сөзіне мән берсек, әлемдік күшті экономикалық орталықтардың Еуразия континетіндегі мүдделері үшін күрестің басталғанын байқауға болады4.

Осындай мүдделер қақтығысының аймағына айналып кетпес үшін Еуразия көлемінде, бомаған жағдайда Азия елдерінің саяси-экономикалық қаіупсіздігін қамтамасыз ететіндей ұжымдық бірлестік пен тең дәрежедегі ынтымақтастықтың қажет екендігі белгілі жайт. Осы тұрғыдан алғанда, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі Кеңес уақыт талабына сай құрылған болашағы зор игі бастама болып отыр. Оның үстіне бұл бастама Орталық Азия елдері үшін де, сондай-ақ бірыңғай экономикалық аймақтар үшін де Азияның басқа да елдерімен жан-жақты байланыстар орнатуға мол мүмкіндіктер беріп отыр5.

Өзінің тәуеліздігінің мемлекеттігінің қалыптасу жолындағы ең алғашқы күндерінен бастап, Қазақстан интеграциялық процецтерге жай ғана қатысушы емес, сонымен бірге қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында елдерді біріктірудің бас инициаторларының бірі ретінде танылып келеді.




1Н.Назарбаев. Сындарлы он жыл. – А.,2003. 48 б.

2Шанхай ұйымының басқосуы болды.//Егемен Қазақстан. 30 мамыр 2003.

3Н.Назарбаев. Сындарлы он жыл. – А.,2003. 48 б.

4З.Бжезинский. Большая шахматная доска. – М.,2000. С.53

5У.Касенов. Безопасность Центральной Азии. – А.,1998. С. 93

Қазақстан АӨІСШК-нің инициаторы болып табылады және ШЫҰ-ны құру процесінде де негізгі ролге ие.Бұл кеңесті құру идеясын Елбасымыз Н.Назарбаев 1992 жыл 10 қазандағы БҰҰ БА-ның 47 сессиясында ұсынған болатын. Қазақстан басшылығы бұл ұйымды Азия құрылығында ұрыс-жанжалдардың алдын алатын, тұрақты бейбітшілікті сақтап, Орталық Азияның геосаяси жүйесін реттеп отыратын мемлекетаралық ұжымдық институт деп таниды1.

Қазір ұйымға 16 мемлекет мүше. Олар-Ауғанстан, Әзірбайжан, Египет, Израиль, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Монғолия, Пакистан, Палестина, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Туркия және Үндістан мемлекеттері. Сондай-ақ 9 елмен үш ұйым (БҰҰ, ЕҚЫҰ және Араб елдері Лигасы) бақылаушы ретінде қатысу құқығына ие.

АӨІСШК-ті әзірлеу бірнеше кезеңнен өтті: Біріншісі, 1992 жыл қазаннан 1995 жыл наурыз аралығында Қазақстанның күш жігері осы ұсынысқа қатысты халықаралық қолдау табуға бағытталды. Екіншісі, 1995 жыл наурыздан 1999 жыл қыркүйек аралығында АӨІСШК-ке мүше елдердің СІМ-нің кездесуін әзірлеу болды. Осы кезең ішінде, яғни 1992 жылдан бері Азия елдерінің СІМ сарапшылары арнайы жұмысшы тобының(АТЖ) сегіз мәжлісі өтті. Жалпы, жұмыс барысында үш құжат талқыланды: АӨІСШК-ке мүше елдердің өзара і-қимылдары принцптерінің Декларациясы; АӨІСШК-тің даму концепциясы және АӨІСШК құрылымы мен институттары. 1996 жылы 7-8 ақпанда Алматыда өткен Сыртқы саясат ведомстволары басшылары орынбасарларының Кеңесінде 23 Азиялық елдердің өкілдері қатысса, 1996 жылғы маусымдағы АЖТ-ның кеңесінде Австралия мен Украина өкілдері қатысты. АҚШ бұл кеңесте бақлаушы ретінде қатысты, Ал АӨІСШК-тің Біріккен мәлімдемесі 1997 жылы өткен Азия елдері СІМ орынбасарларының Кеңесінде қабылданған болатын2. Онда Азияның 27 елі қатысты. Ол жерде қабылданған мәселелер:

1. Аумақтың тұтастығының кепілдігі.

2. Процеске қатысушы барлық елдердің егемендігін құрметтеу.

3. Ол елдердің ішкі істеріне араласпау.

4. Келіссөз процесі-шиенелісті және дағдарыс жағдайын шешудің бірден-

бір негізі болмақ.

АӨІСШ-тің 1998 жыл 21-22 қазанда «АӨІСШК-ті шақыру тұрғысындағы Азиялық қауіпсіздік» атты коллоквиумға Азия мен Еуропаның 16 елі және АҚШ-тың ғылыми зерттеу институты қатысты. 1999 жыл 14 қыркүйекте Алматыда өткен СІМ кеңесінде «АӨІСШК принцптерінің деклорациясы» қабылданды. Онда қаралған мәселелер:жаңа қауіп-қатерлерге бірлесе отырып күресу; Азиядағы аймақтық ынтымақтастық пен қауіпсіздік тұжырымдамасы және АӨІСШК құрылымын құру.



1Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы. І том. – А.,1998.

2У.Касенов. Безопасность Центральной Азии. – А.,1998. С. 179

2001 жыл 3-4 маусымда Алматыда өткен АӨІСШК-тің бірінші самитінде Азиялық континентте терроризмге қарсы әрекет етудің бірыңғай жүйесін құру туралы шешімнің қабылдануы атап өтерлік жағдай болды. Саммиттің қорытынды құжаты – Алматы актісінде АӨІСШК-тің мүше-мемлекеттері терроризмнің кез-келген түрі мен көрінісін шүбәсіз және жалтақсыз айыптайтыны, сондай-ақ оны қолдау мен іштей мойындау да терроризмді тікелей әшкерелеуге дәрменсіздік ретінде айыпталатынын айтты. Саммиттегі және бір мәселе Үнді-Пакистан арасындағы қарым-қатынасты татуластыру болды.1 Кеңес Одағы кезінде мұнарлы Мәскеудің «қырғи-қабақ» соғыс жағдайында тұрған Үндістан мен Пакистан басшыларын Ташкентте достастырғанын білеміз. Енді Ресей Президенті В.Путиннің бастамасымен екі ел басшыларын татуластыру қолға алынды. Бұл бастамаға АӨІСШК-ке мүше елдер ғана емес, бүкіл дүние жүзі халықтарының да қолдау білдірері сөзсіз2.

2003 жыл қаңтарда АӨІСШК-ке мүше мемлекет басшыларының Алматыда өткен кеңесінде бүгіннің келелі мәселелері көтерілді. Терроризмге қарсы бірлесе күресу шаралары, бірлескен жаттығулар мен өзара әскери тәжірибелер алмасу қарастырылды. Және де ЕҚЫҰ-ның тәжірибесіне сәйкес жанжалдасушы жақтардың арасына түсу, татуластыру қызметі мен «саяси косультациялар беру механизмдерін» жасап шығаруға ұсыныстар жасалды. Бүгінгі қоюланған қауіп-қатер – Азия елдерінде жаппай қырып-жою қаруларының белсенді түрде таратылып отырғандығы, жер жерлерде жарыса қарулану қарқынының өсуі Кеңестің күн тәртібіндегі мәселесіне айналды. 10-15 жылдан соң Иран, Израиль, Тайланд елдерінің де ядролы елге айналу қаупі айтылуда. Бұл өз кезегінде ядролық қарулардың террористердің қолына түсуіне де себеп болуы мүмкін. АӨІСШК қызметіне қиындықтар туғызып отырған мәселелер де жоқ емес – аймақтағы кейбір елдер арасындағы шекаралық дау-дамайлар, қарулану және қарулануға бақылау жасау бойынша қарама-қайшылықтар, ядролық қарулар мен зымырандардан қалыс аймақ мәртебесі бойынша және аймақтық қақтығыстарды шешу жолдарындағы келіспеушіліктер. Сондай-ақ Азиядағы субаймақтық – Таяу және Орта Шығыс, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия мен Қиыр Шығыс елдері арасындағы байланыстың белгілі дәрежеде қиын болып отырғандығы және Азиялық ірі державалар арасындағы мүдделер қайшылығы болып отыр. Осы мәселелер бойынша Қазақстандық белгілі саясаткер Ө.Қасенов: «Кеңес бүкіл Азияға емес, Орталық Еуразияға ғана назар аудару керек. АСЕАН елдерінде тек ғана Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ғана қауіпсіздігі қаралады. Сол сияқты АӨІСШК қызметін де аймақтандыру керек» дейді3.


1Н.Назарбаев. Сындарлы он жыл. – А.,2003. 45 б.

2Т.Тәшенов. Мушарраф пен Ваджпай Алматыда табыспақ.//Қазақстан ZAMAN. 5 маусым 2002.

3У.Касенов. Безопасность Центральной Азии. – А.,1998. С. 164

Қазіргі күнде АӨІСШК-тің мәжілістерінде қаралып жүрген мәселелердің бәрі де «Азиялық аймақтандыру» концепциясы. Яғни, Еуропа, Солтүстік Америка елдері сияқты Азия елдерінің де өзара бірлігі идеясы. Алматы актісінде: «Жаһандану өз өнімдерін бере бастаған тұста, оның( жаһанданудың) халық арасында әділ бөлінбегені және жетістіктердің ғаламдық деңгейде жалпыға бірдей тимей отырғанына куә болып отырмыз» делінеді. Басқаша айтқанда, Батыста пайда болған жаһандану үрдістерінің Азияға көп ретте тура келмей жататындығы айтылған. АӨІСШК көлемінде аймақтан процессі мүше елдердің ортақ мүдделері мен ортақ проблемаларына сәйкес жүргізіліп отыр. Ол – трансазиялық коммуникация, экология, су ресурстары, терроризммен күрес мәселелерінен көрінеді. Мысалыға алсақ, Орталық Азиядан Пакистан арқылы Үнді мұхитына шығару көзделген мұнай-газ құбырларының бағыттары туралы келісім, осы кеңес көлеміндегі өзара экономикалық сенім білдіруге мысал бола алады1. Алдағы уақытта АӨІСШК негізінде Орталық Азиядан тыс, Оңтүстік Азия мен Таяу Шығыс сияқты дағдарыстағы өңірлердің де мәселелері қаралатынына сенім білдіруге әбден болады.

Жалпылама айтқанда, ТМД-ның антитеррорлық орталығы, Ұжымдық Қауіпсіздік Келісімі Ұйымы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі Кеңес – бұлардың барлығы да осы аймақтағы қауіпсіздік жүйесінің қат-қабат буындары болып табылады. Алдағы уақытта, Каспий өңірі аясындағы қауіпсіздіктің консолидацияланған құрылымын құру мүмкіндіктері қарастырылмақ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет