2.3 тақырып Жеткіншек жасындағылардың психологиялық ерекшеліктері
Жеткіншек және жоғары сынып оқушысының анатомо-физиологиялық даму ерекшеліктері. Оқу әрекетінің ерекшеліктері. Таным процестерінің дамуы. Қоғамдық-пайдалы қызмет, жеткіншек тұлғасының дамуында ұжымның рөлі. Жеткіншек тұлғасының ерекшеліктері. Жеткіншектің өзара қарым-қатынасы.
Жеткіншектің ерігі мен мінезі. Жеткіншектің ересектік сезімінің дамуы. Мамандық таңдау.
2.4 тақырып Жоғары мектеп жасындағылардың психологиялық ерекшеліктері
Жоғары сынып оқушысының психологиялық ерекшеліктері. Жоғары сынып жасындағылардың оқу әрекеті және ақыл-ойының дамуы. Жоғары сынып жасындағылардың еңбек әрекеті және мамандық таңдау.
2.5 тақырып Жоғары мектеп жасындағылардың танымдық процестерін зерттеу
Жоғары сынып оқушысының таным процестерінің даму деңгейін анықтау, тұлғаның бағыттылығын анықтауға арналған диагностикалық әдістемелер мен тесттер.
2.6 тақырып Жеткіншектердің танымдық үрдістерін зерттеу
Жоғары сынып оқушысының психологиялық ерекшеліктері. Оқу әрекетінің ерекшеліктері. Таным процесінің даму және олардың еңбек әрекетіндегі мәні. Ғылыми дүниетаным, адамгершілік сенімдердің дамуы. Жоғары сынып тұлғасының ерекшеліктері. Жоғары сынып оқушысының еңбек әрекеті және мамандық таңдау.
2.7 тақырып Жоғары мектеп жасындағыларды зерттеу
Практикалық сабақ.
Жоғары сынып оқушысының оқу әрекетінің психологиялықерекшеліктерін анықтау бойынша тәжірибе өткізу.
Сабақты өткізбес бұрын студенттер өзбетімен әдебиеттермен танысады және оқытушы берген бағдарлама бойынша жоғары сынып оқушыларының оқу жұмысына бақылау жүргізеді. Сабақта меңгерілген материалдар келесі схема бойынша талданады:
Оқу-кәсіби қызмет – жоғары сынып оқушысының жетекші қызмет түрі.
Жоғары сынып оқушысының ақыл-ой тәрбиесінің ерекшеліктері және үлгерімі.
Жоғары сынып оқушысының танымдық қызығушылықтарының сипаттамасы.
Еңбек қоғамдық-пайдалы қызмет оқу міндетін шешуде адамгершілік-еріктік әдет болып қалыптасу факторы ретінде.
Оқу әрекетінде жоғары сынып оқушыларының өзбеттілігі мен жауапкершілігін қалыптастыру жағдайлары.
Достарыңызбен бөлісу: |