Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім



бет1/15
Дата25.09.2024
өлшемі50.65 Kb.
#503997
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
тиіптік оқу бағдарламасы СПОРТТЫҚ ПСИХОЛОГИЯ


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Техникалық және кәсіптік білім






















ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ




Психология және спорт психологиясы

(мамандық бойынша пәннің аталуы)




0103000 "ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТ"

(Жіктеуіш бойынша мамандықтың коды мен атауы)





Орал 2016



Авторлар:




Сахипова Жанаргүл Мендібайқызы

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің жоғары санатты педагогика және психология пәндерінің оқытушысы

Шотова Ғалия Садуақасқызы

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің жоғары санатты педагогика және психология пәндерінің оқытушысы

Нәбиева Жанаргүл Жұмабайқызы

Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің педагогика, психология пәні оқытушысы



Эксперттер:




Адилбаева Нурия Әділжанқызы

педагогика ғылымдарының докторы, Батыс Қазақстан ақпараттық технологиялар институтының ғылым жөніндегі проректоры.

Құлдашева Надежда Өтеғалиқызы



М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің педагогика, психология магистрі, педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы.

Сагутдинов Рафик Садықұлы

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп –интернат- кешенінің жоғары санатты дене тәрбиесі пәні мұғалімі

Мазмұны







Бет



1.

Түсіндірме жазба ……………………………………………….........

51










2.

Пәнді оқытуда жоспарланған нәтижелер …………………............

52










3.

Пәннің тақырыптық жоспары мен мазмұны ……………….….......

59










3.1

Тақырыптық жоспар ……………………………………...................

59










3.2

Пән бойынша үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны ……………

61










4.

Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау .................................

69










5.

Әдебиеттер және оқу құралдары …………………………….............

70



1. Түсіндірме жазба

Осы үлгілік оқу бағдарламасы техникалық және кәсіптік білім беру бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен білім беретін оқу бағдарламаларына (ҚР БжҒМ 2016 жылғы 22 қаңтардағы №72 бұйрығының 15,20-қосымшаларына) сәйкес 0103000 «Дене тәрбие және спорт» мамандығы бойыншаәзірленген.


Пәннің негізгі мақсаты: балалар мен спортшылардың психологиялық ерекшеліктерін білетін дене тәрбиесі және спорт мамандарын кәсіби даярлау.
«Психология және спорт психологиясы» пәні міндеттері:

  • студенттерге жалпы психологияның негізгі нысандарымен таныстыру, этнопсихология туралы түсінік беру;

  • педагогика және оқыту мен тәрбиелеу әдістемесінің маңызды нысандарына психологиялық негіз беру;

  • балалардың жас, психикалық ерешеліктерін түсіндіру және өзінің болашақта мектептегі оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастыру үрдісінде алған білімдеріне бағыт ұстануға үйрету;

  • студенттерді өзінің және оқушылардың психикалық ерекшеліктерін ажыратуға, балалардың мінез – құлқы мен іс - әрекетін мақсатты түрде басқаруға үйрету;

  • болашақ мұғалімдердің басты кәсіби тұлғалық, кәсіби – педагогикалық, тәрбиелеу мен өзін - өзі тәрбиелеу сапаларын қалыптастыру және дамыту жұмыстарын ұйымдастыру.

«Психология және спорт психологиясы» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру үшін оқытуды ұйымдастырудың келесі түрлері ұсынылады: дәріс, семинар, практикум, трнингтер және басқалар.
Оқу материалы мазмұнының ерекшелігі мен күрделілігіне байланысты келесі оқыту әдістері ұсынылған: дәстүрлі әдістер, ойын, интерактивті (әңгіме, пікірсайыс, ақыл-ой шабуылы, дөңгелек үстел, іскерлік ойын, практикалық жұмыстар байқауы, терапия), бағдарламалық және проблемалық оқыту әдістері (тапсырмалар, тапсырма-жағдаяттар) және басқалар.
Танымдық әрекеттерді ұйымдастыру нысаны ұсыныстық сипатта болады.
Бөлім мен тақырыптардың тізбесі оқытылатын тақырыптарды (бөлімдерді) кеңейту және (немесе) тереңдету жағына қарай өзгертілуі мүмкін.
Үлгілік оқу бағдарламасы келесі пәндер бойынша білім алушылардың білімдеріне, іскерліктері мен дағдыларына негізделеді: анатомия, физиология және дене шынықтыру және спорт гигиенасы, практикалық психология, педагогика, философия негіздері, қоғамтану, мәдениеттану, саясаттану және әлеуметтану негіздері.
Пәнді келесі пәндермен байланыстырып оқыту ұсынылады: педагогика, дене тәрбиесі әдістемесі, анатомия, физиология және дене шынықтыру және спорт гигиенасы, жаңа педагогикалық технологиялар, тәрбие жұмысының әдістемесі, педагогикалық зерттеу әдістемесі, философия.
Осы үлгілік бағдарлама «Психология және спорт психологиясы» пәнінің мазмұны мен дайындық деңгейде талаптарды жүзеге асыруға арналған техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарына оқу жұмыс бағдарламасын жасау үшін негіз болып табылады.
Үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеуде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары циклға бөлінген оқу уақытының көлемін сақтай отырып:

  • кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеруге бөлінген оқу уақытының жиынтық көлемін сақтаған кезде циклдар мен пәндер үшін оқу уақыты көлемін 25% дейін өзгертуге;

  • бөлімдер мен тақырыптарға берілген жалпы сағат көлемін бөлуге (пәнді оқытуға берілген жалпы бюджеттік көлемдегі уақыт);

  • бағдарламалық материалды бірізділікпен оқытуда дәлелденген өзгерістерді енгізуге;

  • жеке тәжірибелік және зертханалық сабақтарды басқа мазмұны сәйкес сабақтармен алмастыруға.

Бөлімдер мен тақырыптардың тізімі аймақтық компоненттердің енгізілуі есебінен, жұмыс берушінің талабы және жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып өзгертілуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет