3 бөлім Спортты оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық негіздері
3.1 тақырып Педагогикалық психология пәні, оның міндеттері, мазмұны
Педагогикалық психологияның мәні, міндеттері, мазмұны. Басқа пәндермен педагогикалық психологияның байланысы. Педагогикалық психологияның зерттеу әдістері.
3.2 тақырып Қозғалыс әрекетін оқыту психологиясының негіздері
Оқыту процесінің мәні мен оның заңдылықтары. Оқушының оқу әрекеті мен оның құрылымы. Оқу мотивтері. Қозғалыс әрекеттеріне оқытуды белсендендіру жолдары. Оқушының оқу әрекетінінің негізгі міндеттері.
Практикалық сабақ.Қозғалыс әрекетін оқыту психологиясының негіздері
3.3 тақырып Спорттағы тәрбие психологиясының негіздері.
Спортта мектеп оқушысының жеке тұлғасын қалыптастырудың жалпы заңдылықтары. Тәрбиенің кешенді бағыты. Спорттағы тәрбиелік әсердің психологиялық негіздері. Қоғамдық-пайдалы еңбектің қажеттіліктерін қалыптастыру. Жағымсыз мінез-құлық формалары, оларды алдын алу және жеңу. Тәрбиеге жеке тұрғыдан қараудың психологиялық негіздері.
3.4 тақырып Мұғалім, жаттықтырушы психологиясы. Педагогикалық қабілеттер
Мұғалім психологиясы туралы түсінік. Қазіргі заманғы мұғалім тұлғасының сипаты. Қазіргі заманғы мұғалім, тренердің кәсіби маңызды сапалары. Педагогикалық қабілет, олардың құрылымы. Педагогикалық қабілетті қалыптастыру және дамыту. Мұғалім тұлғасының оқушы тұлғасын қалыптастырудағы әсері.
3.5 тақырып Дене тәрбиесі және спорт психологиясы пәні, міндеттері
Спорт психологиясының пәні. Спорт психологиясының пайда болуы. Спорт психологиясының міндеттері. Спорттық әрекеттің психологиялық ерекшеліктері. Дене тәрбиесі мен спорт психологиясының өзара байланыстылығы. Дене шынықтыру мен спорттағы тәрбиелік әсер етулер. Спорттық әрекет жағдайындағы тәрбие жұмысында жас ерекшеліктерді ескеру.
3.6 тақырып Жеке адам туралы жалпы түсінік
Жеке адам туралы түсінік. Адам - қоғамдық тіршілік иесі. Жеке адамға тән қасиеттердің тұрақтылығы. Тұлғаның бірлігі, тұлғаның тұрақтылығы. Тұлғаның қоғамдық табиғаты. Тұлға дамуының түрлі тұжырымдамалары. Жеке адамның қалыптасу процесіндегі оқыту мен тәрбиенің шешуші рөлі. Тұлғаның дамуында қоғамдық-пайдалы еңбектің рөлі. Жеке адам бағыты. Қажеттіліктер мен мотивтер.
Достарыңызбен бөлісу: |