Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет132/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
107
іспетті дыбыстардың әлемі арқылы үйлесімділік пен ырғақтың сезімін береді; әдебиет секілді 
оқиғаны жеткілікті баяндауға, уақыт бойынша еркін қозғалысқа енуге мүмкіндігі бар...» [3].
В.Костин мен В.Юматовтың «Язык изобразительного искусства» деген еңбегінде «....бейнелеу 
өнері шығармалары, мүсіндер, нақыштар, көркем бұйымдар (кілемдер, құмыралар, бағалы 
дүниелар және басқалары), сәулеттік құрылыстар мен олардың интерьерлерін және т.б.... өздерінің 
статикалылығымен, жылжымайтындығымен және уақыт аралығында ешқандай өзгермейтіндігімен 
ерекшеленетін кеңістіктік өнер біріктіреді», - деп тұжырымдайды. Осы әдебиетте живопись, графика, 
мүсін өнері туындылары және қол өнері бұйымдары, дизайындық жұмыстар, сәулеттік құрылыстар 
нақтылы кеңістікте нақтылы уақытқа байланыссыз қабылданады десе, эстетика негізіне арналған 
басқа әдебиетте бейнелеу өнерін кеңістіктік, ал музыка мен әдебиетті уақыттық өнер деп бөледі. 
Философ М.С.Каган осы мәселеге арналған жұмысында кескіндемені екі өлшемді кеңістікке, ал 
роман уақыт аралығында қабылданатындықтан өнердің кеңістіктік-уақыттық сипатын оның осы 
екі қасиеттерімен шектеген дұрыс еместігін айта келіп, өнерді мусикалық және пластикалық деп 
екіге бөледі.
Мусикалық деп – адам өз бойындағы мүмкіндіктерді материал ретінде пайдалануы: қимыл-
қозғалыс, дауыс, сөз т.б., яғни оған ән, би, әдебиет, спектакльдік қойылымдар жатады.
Пластикалық деп – оған табиғи материалдарды /тас, ағаш, сүйек, балшық, табиғи бояулар/ және 
өнеркәсіп заттарын /металл, мата, керамикалық материалдар, жасанды бояулар/ қолдану арқылы 
өнер шығармаларын сомдау ерекшеліктеріне байланысты бейнелеу және архитектоникалық өнер 
түрлері кіреді

Бейнелеу өнерінде әрбір көркемдік шығарма бейнелеуші мен айқындаушының кеңістік пен уақытты 
бейнелеу ерекшеліктерінде. Суретшілердің кеңістік пен уақытты бейнелеген композицияларының 
әдісі мен жазу бағытын өнертанушылар талдаса, ал философтар мен мәдениеттанушылар көркем 
туындының мазмұнын және кеңістік пен уақыттың аумақтық шеңберінің жасалу формасын іздейді. 
Мұңдай кезеңдерде жұмыстың мазмұнын айқындауда кеңістік пен уақыт шешуші роль атқарады.
Бейнелеу өнеріндегі салынған шығармалардың көркемдік бейнесін талдау, ұғыну, түйсіну 
барысын талдағанда табиғи кеңістік пен тарихи уақыттың әсері бар екендігін байқауымызға болады.
«Жануарлар, адамдар әуел бастан төрт өлшемді заттық дүниеде өмір сүреді. Ол – үш өлшемді 
кеңістік және уақыт (қозғалыс), - дейді психолог А.Н.Леонтьев, - адам үшін бесінші өлшем 
бар, мағыналық өріспен, мәңгілік жүйемен байланысты» [4]. Негізінен алғанда бейнелеу өнері 
шығармаларында образдың жасалуы мен қабылдануы тарихи уақытпен тығыз байланысты. 
Жеке адамның образды жасауы мен қабылдауы рухани болмысы, жеке дарындылығы мен табиғи 
факторлар өлшемімен байланысты. Сонымен бірге, ішкі және сыртқы факторлардың да әсері бар. 
1970-80 жылдардағы Қазақ бейнелеу өнер шығармаларын өнертанушы ғалымдардың назарын өзіне 
аудартты. Олар тек тақырыбы мен оқиғасы ғана қызықтырып келді.
Қазіргі кездегі танымал италиялық өнер сыншыларының бірі А.Б.Олива: «..Аяқталмаған өнер 
шығармасы өз ауқымында тұйықталғанмен, уақыт аралығында ашық қалады», - деген пікір айтады 
[5]. «Уақыт дегеніміз бұл жерде – тарихи-әлеументтік кезең, ол көркемөнерде қоғамның, жеке 
адамның сұраныс ерекшеліктерін айқындайды. Ал, кеңістік – белгілі-бір тарихи территорияда 
қалыптасқан өнердің көркемдік, стильдік сипатын анықтайтын мәдени эволюция. Уақыт пен 
кеңістік бір-бірінен бөлек өмір сүре алмайды», - деп қортындылайды философ Б.К.Байжігітов.
Осындай жалпылама мифтік шығаршашылық арқылы Қазақстанның алдыңғы қатарлы 
суретшілерінің де шығармашылығынан көруімізге болады, А.Сыдыханов өзінің мифтік бейнелеу 
өнеріне қажетті ерекше код ретінде қазақтың рулық рәмізін, таңбалардың әр түрін ала отырып, 
оны бірте-бірте қошаған ортаны толықтыратын дүниеқұрылымдық ережелерге қарай түрлендіре 
алады. Дәуірдің астан-кеткенінен, стихияларынан, тарих дағдырынан өз тәртібін бейнелеп шығады. 
Оның бейнелеу шығармаларының қою материалдық туындысынан, ағымдағы өмірге тән таңба 
шоғырланады, сол арқылы түсінік, ой-сезім және сананың шағылысы пайда болады. Шарттылық, 
түстілік-фактуралық ізденіс А.Сыдыхановтың бейнелерінде өзіне ғана көзге көрінер дүниені 
бағындырады және оны өз заңдарына орай түрлендіреді.
Е.Түлебаев өзінің кеңістіктік түрлі шешімдерінің күрделілігіне қарамастан, осы жылдары 
тұрақты таңбалық қатарға, пропорциясы «алтын адам» деп аталатын сақ жауынгер – көсеміне 
сәйкес, адам пішінін еске түсіретін, ұзартылған тұлға бейнелеуге келді. Сыртқы көріністермен 
шырмалған, адамның ішкі өмірімен ұштасып жатқан нәзік метаморфозалар Е.Түлепбайдың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет