Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
Патриоттық тәрбие беру ҒЗИ
В.Т. СӘБДЕНОВА
ШЫҢҒЫС ХАН –
ұлы қолбасшы және реформатор
Қарағанды 2014
АЛҒЫ СӨЗ
«Дүниені сілкіндірген Шыңғысхан ұрпағының генеалогиясы отандық тарихта ғасырлар аяқ алысы, мемлекет бейнелі этностағы қазіргі және болашақ ұрпаққа арналған иммунитет», - Ұлы Шыңғысханның әлеуметтік-тарихи мұрасы туралы Ғизат Табылдиннің пікірі осындай. Ғ. Табылдин – «Туран – Профи» Халықаралық кәсіптік академия» БАИ доценті, Шыңғысхан атындағы Бүкіләлемдік Академия академигі (Монғолия, 2009 ж.). «XIII – XXI ғасырдағы Шыңғысхан ұрпағының бүкіләлемдік генеалогиясы» ғылыми жобасының жетекшісі.
XIII ғасырдағы және бүкіл әлем тарихында анағұрлым ұлы адамдардың бірі Шыңғысхан екені күмәнсіз. Монғол империясының, Еке Монғол ұлыстың құрылуы соның есімімен байланысты, оның кеңеюі еуразия этносының көпшілігіне, оның ішінде Поволжия этносына әсер етті [1, б. 19].
Өзінің ерекше көрнекті қасиеттерінің арқасында: майталман әскери стратег, тамаша дипломат және саясаткер, ұшқыр ақыл, адамдар психологиясының білгірі, еркінің қаттылығы, қол астындағыларға қатаңдығы мен жомарттығы – ол, оның құлдары мен немерелері жарты әлемді жеңіп алды, Алыс Шығысты, Орта Азияны және Еуропаны біріктірді. Еуропалықтар үшін ол жабайы, қатыгез шапқыншы, ал Шығыста – Ұлы Монғол Империясының негізін қалаушы, әскери өнер данышпаны, Ұлы әскери басшы болып көрінеді: Ғ.Ж. Табылдиннің пікірінше, жаңа заман тілімен айтқанда Ежелгі феодалдық Монғол Империясының Генераллисимусы. Адамзат тарихында ең үлкен империя құрушы.
Өзінің «XVIII – XIX ғғ. қазақ хандары мен қожаларының шығу тегі» кітабында атақты маман зерттеуші И.В. Ерофеева былай жазады: «Отандық және шетелдік шығыстанушы ғалымдардың көптеген буындарының бірлескен күші арқасында қазіргі кезде ғылымда жоғарғы билеушілердің - XV ғасырдың ортасы XVIII ғасырдың басындағы қазақтардың көпшілігінің жалпы әулеттік және тектік-рулық тиістілігі туралы біршама барабар түсініктер қалыптасты, анық немесе жуықталған хронологиялық басқару ғасырлары және осы хандардың хан тағында кезектесу реттілігі және олардың отбасыларының Сібір хандығы, Ноғай ордасы, Шығыс Моғолыстан, Бұқар және Хиуа хандығының билеуші тектерімен және рулық қауымымен туыстық әулет аралық байланыстар бекітілді» [2, б. 11].
«Халық арасында кішкене бұзау сияқты жуас болыңдар, ал соғыс кезінде ұрысқа жабайы құсқа түскен аш қаршыға сияқты шүйлігіңдер»
Шыңғысхан
Моңғол империясының Тұңғыш Ұлы Ханы (1206-1227). Мұрагері: Толуй (регент) Өгедей; Шамамен өмір сүрген жылдары 1155-1162; қазасы: 1227 жылдың 25 тамызында; жерленген жері белгісіз; әулеті: борджигин; туғанда берілген есімі: Тэмуджин (Темучжин); әкесі: Есугей; анасы: Оэлун; жұбайы: Бөрте, Хулан, Есугэн, Есуй; балалары: ұлдары: Джучи, Шағатай, Өгедей, Толуй, Кюльхан, Харачар, Чахур және Хархад; қыздары: Ходжин бегі, Цэцэйхэн, Алангаа, Тэмулэн және Алдуун Чингисха́н (моғ. Чингис хаан, өзінің аты – Тэмуджин, Темучжин. 1155 немесе 1162-тамыз 1227 ж.) – жекеленген монғол тайпаларын біріктірген Монғол империясының негізін қалаушы және алғашқы ұлы ханы; монғолдардың Қытайға, Орта Азияға, Кавказға және Шығыс Еуропаға жорықтарын ұйымдастырған қолбасшы. 1227 жылдағы қазасынан кейін оның бірінші әйелі Бөртеден тараған тікелей ұрпақтары империяның мұрагерлері болып қалды.
Тэмуджиннің немесе Темучиннің тағдыры өте ауыр болды. Ол қазіргі Монғолия мемлекеті аймағындағы Онон өзенінің бойында малдарымен қоса көшіп-қонып жүрген атақты монғол отбасынан шыққан. Оның тоғыз жасында далалық өзара тартыстардың кезінде әкесі Есугей баһадүр қаза тапты. Өз қорғаушысынан және барлық дерлік малынан айырылған отбасыға қоныстардан қашып құтылуға тура келді. Олар тоғайлы алқапта қатал қыстан әрең аман қалды. Қайғы-қасірет кішкентай монғол баласының соңынан қалмады. Тайджиут тайпасынан шыққан жаңа жаулары жесір қалған отбасыға шабуыл жасады да, Тэмуджинді тұтқынға алып, мойнына құлдың ағаш қарғысын салып қойды.
Алайда ол балалық шағының ауыртпалықтарымен шыныққан табанды мінезін көрсете білді. Қарғысын сындырып, ол құлдықтан қашып кетті де, бірнеше жыл бұрын оның отбасын қорғап қала алмаған өзінің тайпасына қайта оралды. Жас жігіт берілген жауынгерге айналды: оның бауырларының арасында дала аттарын аса еппен бағындырып, садақтан дәл атып, аттын бар шабысымен жүріп келе жатқанда арқан лақтырып және қылыштаса білгендер өте аз еді.
Тэмуджин көсем өзінің алғашқы үлкен айқасын 1193 жылы Германия маңындағы монғол даласында өткізді. Қол астындағы небәрі 6 мың әскермен ол күйеу баласына қарсы келген өзінің қайын атасы Унг ханның 10 мың әскерін талқандады. Хан әскерін әскербасы Сангук басқарды, ол, мүмкін, өзіне тапсырған тайпа әскерінің үстемдігіне сенімді болып, барлау туралы да, әскери сақтық туралы да ойламаған болар. Тэмуджин қарсыласының абайсызда үстінен шығып, тау жықпылында оны қатты шығынға ұшыратты.
1206 жылы Тэмуджин Ұлы Қытай қорғаны даласының солтүстігіндегі аймақтың ең қуатты билеушісіне айналды. Сол жыл оның өмірінде ерекше есте қалды, өйткені ол монғол феодалдарының құрылтайында барлық монғол тайпаларының «ұлы ханы» атанып, «Шыңғыс хан» лауазымына ие болды (түрік тілінен теңіз деген мағынада). Тэмуджин әлем тарихына Шыңғыс хан атымен енді. Дала монғолдары үшін бұл лауазым «жалпы халықтың әміршісі», «нағыз әмірші», «қымбатты әмірші» сияқты болды.
Ұлы хан ең бірінші монғол әскерінің қамын ойлады. Жеке билігін бекітіп, ел ішіндегі кез-келген наразылықты басу үшін ұлы хан 10 мың адамнан тұратын атты әскер құрды. Оған монғол тайпалары арасынан ең үздік жауынгерлерді алды және бұл әскердің Шыңғыс ханның басқа әскерлері арасында айырықша артықшылықтары болды. Гвардияшылар ханның оққағарлары болды. Олардың арасынан Моңғол мемлекетінің билеушісі жасақтардың әскербасыларын тағайындады. Содан кейін Шығыс Түркістандағы сол кездегі үлкен ұйғыр мемлекетінің кезегі келді. 1209 жылы Шыңғыс ханның үлкен әскері олардың шекарасын бұзып өтіп, қалаларын, гүлденген алқаптарын кезек-кезек басып алып, толық жеңіске жетті. Осы шапқыншылықтан кейін көптеген сауда қалалары мен ауылдардан тек қираған үйінділер ғана қалды.
1211 жылы Шыңғыс ханның атты әскері Солтүстік Қытайға шабуыл жасады. Ұлы Қытай қорғаны – адамзат тарихындағы ең ғаламат қорғаныс құрылысы – жаулап алушыларға тосқауыл болмады. Монғолдың атты әскері жолында тұрған жасақтарды талқандап өтті. 1215 жылы монғолдар ұзақ қоршауда ұстаған Пекин (Яньцзин) қаласын басып алды.
1218 жылы монғолдар Корей түбегін жаулап алды. Солтүстік Қытай мен Кореяға жасаған жорықтарынан кейін Шыңғыс хан одан әрі батысқа – күнбатыс жаққа қарай көз сала бастады. 1218 жылы монғол әскері Орта Азияға басып кіріп, Хорезмді жаулап алды. Ірі Орта Азия мемлекеті Хорезмді жаулап алу жалғаса берді.
Отырарға таянғанда Шыңғысхан оны қоршауға ұлдары Шағатай мен Үгедей баскарған әскерлерді қалдырып, Жошы-ханды Сырдарияның төменгі ағысына - Жент жөне Жанкент қалаларына жіберді, үшінші топ Сырдарияның жоғарғы ағысындағы қалаларды бағындыруға кетті, ал Шыңғысханның өзі негізгі күштерімен Бұхараға аттанды. 1219 жылы 200 мың адамнан тұратын Шыңғыс ханның ұлдары Оқтай мен Зағатай басқарған монғол әскері қазіргі Өзбекстан жеріндегі Отырар қаласын қоршап алды. Отырардың билеушісі Қайыр-хан бар күшін салып ең соңғы мүмкіндігін пайдалана отырып қорғанды. Отырарды коршау бес айдай уақытқа созылды. Қаланы батыр хорезм әскербасы Газер ханның қол астындағы 60 мың адамнан құрылған гарнизон қорғады.
Қаһармандық қорғаныстың бесінші айы бітуге айналғанда хорезмдік әскербасы Қаража-хаджиб он мындық қолымен Моңғолдарға беріліп, оларды қалаға кіргізіп жіберді. Алайда Отырар сонда да табандылықпен қорғана береді. «Арыстандай айбарлы» әскерлер тобымен Ғайыр-хан берік қамалға бекініп алды да, Моңғолдарға оны алу үшін тағы бір ай уақыт керек болды. Қамалды қорғаушылар түгел қырылғаннан кейін ғана ол 1220 жылғы ақпанда алынды. Ғайыр-хан қолға түсіп, Шыңғысханның алдына апарылған жерде қатал жазаланып өлтірілді.
1220 жылы наурызда Шыңғыс хан бастаған монғол әскері Орта Азияның ең ірі қалаларының бірі Бұқараны қоршауға алды. Онда 20 мың адамдық хорезмшах әскері тұрды, олар өз әскербасымен бірге моңғолдар таяп қалған кезде қашып кетті. Күштері сарқылған қала тұрғындары жаулап алушыларға қаланың қақпасын ашып берді. Тек жергілікті билеушісі ғана берілгісі келмей, бекініске жасырынды, алайда ол бекіністі моңғолдар өртеп қиратты.
Сол 1220 жылдың шілдесінде Шыңғысхан бастаған моңғолдар Хорезмнің басқа ірі қаласын Самарқандты қоршады. Моңғолдар Хорезм қалаларын кезекпен жаулай берді: Мервті, Үргеншіні, т.б.
1221 жылы Хорезмді құлатып, Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Шыңғыс хан Солтүстік-Батыс Үндістанға жорық жасап, осы үлкен аумақты жаулап алды. Алайда Шыңғыс хан одан әрі Индостан оңтүстігіне қарай бармады: оны әрдайым күнбатыстағы белгісіз елдер еліктірді.
Ол, әдеттегідей, жаңа жорық жолын тиянақты ойластырып, өзінің ең жақсы қолбасшыларын Жебе мен Субедейді түмендерімен және жаулап алған елдердің жауынгерлерінен құрылған қосымша әскерлермен қиыр батысқа жіберді. Олардың жолы Иран, Күнгей Кавказ және Солтүстік Кавказ арқылы өтті. Осылайша, моңғолдар оңтүстік Русь маңына, дон далаларына жетті.
Сол кезде жабайы далада өздерінің әскери күшін баяғыда жоғалтқан қыпшақ күймелері көшіп-қонып жүрді. Моңғолдар еш қиындықсыз қыпшақтарды талқандаған соң, олар да орыс жерлеріне қарай қашты. 1223 жылы Жебе мен Субедей қолбасшылар Калка өзені бойындағы шайқаста бірнеше орыс князьдары мен қыпшақ хандарының біріккен бірнеше әскерлерін талқандады. Жеткен жеңісінен кейін алғы монғол әскері кері бұрылды.
1226-1227 жылдары Шыңғыс хан таңғұттар елі Си-Сяға жорық жасады. Өзінің ұлдарының біреуіне ол Қытайды жаулауды жалғастыруды бұйырды. Ол басып алған Солтүстік Қытайдағы монғолдарға қарсы басталып кеткен көтерілістер Шыңғыс ханды қатты алаңдатты.
Ұлы қолбасшы таңғұттарға қарсы соңғы жорығы кезінде қаза болды. Монғолдар оны салтанатты түрде жерлеп, сол жерлеуге қатысқан адамдардың бәрін өлтіріп, қазіргі күнге дейін Шыңғыс ханның мазары орналасқан жерді құпия түрде сақтап қалды.
1227 жылы Шыңғыс хан өлгеннен кейінгі Азия картасы.
Нәтижесінде бүкіл Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азияның көптеген елдері Моңғол империясы билігіне өтіп, Құбылай Қытайда Юань әулетінің негізін қалады. Ол империя астанасын Қарақорымнан Кайпинге (Пекин) көшірді. 1271 ж. жаңа астана салғызып, оны “Хан қаласы” (Ханбалық) деп атады. Бірақ көшпелілердің ат жалында жүріп күшпен жаулап алынған қоғамдық, экон. даму дәрежесі әр түрлі елдер мен халықтарды бір орталықтан басқару оңай емес еді. Моңғолдар жаулап алған елдерінде өздерінің ұлыстық әскери-бюрократ. билік жүйесін орнатты. Осыған байланысты ұлыс билеушілері өздерін орталықтан дербес, жеке билік иесі ретінде сезіну үшін жергілікті ақсүйектермен жақындасып, солардың салт-дәстүрлерін қабылдады. Бұл өз кезегінде империяның ыдырауын тездетті. Дегенмен, Шыңғыс хан империясы арқылы Батыс пен Шығыс арасындағы қарым-қатынастар дамып,Ұлы Жібек жолы қайта жандана бастады. Сонда да жаулап алынған әрбір халық, әрбір аймақ мүдделерін бір орталықтан реттеп отыру мүмкін болмады. Империя астанасы Кайпинге көшірілгеннен кейін онда бір-бірімен терезесі тең үш ортаға: Юань, Жошы-Қыпшақ және Ирандағы ильхандар мемлекеттері пайда болды. Юань билігі 108 жылға, ильхандар билігі 120 жылға созылса, Жошы-Қыпшақ державасы 240 жылға жуық өмір сүрді. Кейіннен бұл державалардың орнында көптеген ұлттық мемлекеттер өсіп шықты. Солардың бірі Алтын Орда, Ақ Орданың тікелей мұрагері – Қазақ хандығы болып табылады.
Әкімшілік заңдар. Ең алдымен Шыңғыс хан әскерінің реформасын жасайды да, оның басына 95 нойон-мыңдықтарды қояды. Ол көшпенді мемлекеттік басқару жүйесін құрып, Шыңғыс ханның ауызша ясысы формасында заңнама негіздерін салады. Оның ұйымдастырушылық шараларында тікелей күзетпен және Шыңғыс ханның көшпелі ордаларының тәртібін бақылаумен айналысатын гвардиялық бөлімдерді рәсімдеу маңызды роль атқарды. Жаңа мемлекеттің барлық жауынгерлері мен басшыларына арналған мадақтаулар мен жазалаулар орнатылады. 1207 жылы орман халқын бағындыру үшін үлкен әскер құрамасы солтүстікке жіберілді. Осылайша мемлекеттің аймақтық базасы нығайтылды және каанның ұлдары мен жақын туыстары арасында үлестірілген үлесті қожалықтардың жүйесіне бастама жасалды. Әскерлердің жаңа ұйымдастыру құрылымы халықаралық қатынастарға сенімді түсуге, қоршаған халықтан алым-салықтарды талап етуге мүмкіндік берді. Осы алым-салықтарға терілер, маталар, қару-жарақ құралдары, қаруға арналған шикізаттар (әр түрлі металдар) және т.б. кірді.
Алайда Шыңғыс хан өзін тек ұлы шапқыншы ретінде ғана емес, сонымен қатар өте қысқа мерзімде жаңа жаулап алған мемлекеттерде тек қана туысқандары мен жақындарының билігін нығайтып қана қоймай, осы бодан мемлекеттерді басқаруды сол жаңа ұлыстардағы барлық саяси және әкімшілік функциялар ең жоғарғы деңгейде орталық монғол басқармасының қарамағында болатындай етіп ұйымдастыра алған тамаша саясаткер және басшы етіп көрсете білді. Көбінесе бұған себепші болған толығымен мемлекет билігіне қараған өз кезеңі үшін бірден бір мемлекеттік коммуникация жүйелерін – жолдар мен пошта қызметін құру еді. Әкімшілік және сауда байланыстары жолдарындағы қамалдар мен гарнизондардағы барлық негізгі посттар жаңадан келген монгол шенеуніктері мен монголдың әскери горнизондарының тікелей қарамағында болды. Шыңғыс хан империясы қашанда жігерлі және талантты қолбасшылар болып қалыптасқан осындай құрылымдардың арасындағы ең ұзақ жасаған империя болды.
Шыңғыс ханның билігі монғолдың көшпенді халқына да әсерін тигізді. Монғолияның өзінде шұғыл түрде империяның жаңа астанасы Қарақұм құрылады, осы жерге барлық бағынышты және тәуелді билеушілер ағылады. Осы жерде Шыңғыс хан жаулап алған барлық үлкен Азия әлеміне бұйрықтар мен өкімдер шығарылады.
Монғол әскерін ұйымдастыру. XIII ғасырдағы монғол әскері соғыстың ең қорқынышты құралы болды. Осы кезеңде ол, шүбәсіз, әлемнің ең күшті әскери ұйымы болды. Ол, негізінде, инженерлік әскер еріп жүретін атты әскерден құралды. Тарих бойынша монғол әскері мен әскери өнер дала көшпенділері әсери ісінің ежелгі дәстүрлерін қолданды. Шыңғыс ханның кезінде монғолдар ежелгі стереотиптерді кемеліне жеткізді. Олардың стратегиясы мен тактикасы дала халқының – барлық белгілі халықтардың арасындағы ең жақсы халықтың атты әскерлерінің шыңына айналды.
Ежелгі уақыттарда ирандықтар дүние жүзіндегі ең мықты атты әскерімен мақтана алатын: Ирандағы Парфия және Ссанидтер, сонымен қатар Еуразия далаларындағы аландар. Ирандықтардың негізгі қаруы ретінде қылышпен және найзамен қаруланған ауыр атты әскер мен садақпен және жебелермен қаруланған жеңіл атты әскерлердің арасында айырма жасады. Аландар, негізінен, ауыр атты әскерге тәуелді болды. Германдықтар мен аландардың Рим империясының батыс бөлігінде орналасуынан кейін және Германия мемлекеттерінің құрылуынан кейін орта ғасыр рыцарьлары аландық атты әскерлердің жолына түсті. Басқа жағынан, монғолдар ғұн жабдықтары мен құралдарын дамытып, кемеліне жеткізді. Бірақ алан дәстүрлерінің де монғол әскери өнеріндегі ролі маңызды болды, өйткені монғолдар жеңіл атты әмкермен қоса ауыр атты әскерді де қолданды.
Монғол әскери ұйымын бағалау кезінде келесі аспектілерді қарастыру қажет: 1. адамдар мен аттар; 2. қару-жарақтар мен жабдықтар; 3. жаттықтырулар; 4. әскерді ұйымдастыру; 5. стратегия және тактика.
Адамдар мен аттар. «Жылқышылық мәдениеті» – дала көшпенділері өмірінің басты ерекшелігі және олардың әскерінің негізі. Сақтардың, аландардың және ғұндардың өмір сүру стильдерін сипаттайтын ежелгі авторлар, сонымен қатар монғолдармен істес болған орта ғасыр саяхатшылары көбінесе көшпенді қоғамның бірдей көрінісін сипаттайды. Кез-келген көшпенді – тумасынан шабандоз; ұлдар ерте жастан бастап ат үстінде отыруға үйренеді; әр бозбала – мінсіз салт атты. Монғолдардың, тым болмағанда XIII ғасырда өмір сүргендерінің, таңғажайып төзімділігі болды. Олар аз тамақтанып ат үстінде көптеген тәулік бойы жүре алды.
Монғол аты салт аттының қымбат серігі болды. Ол аз демалып, ұзақ жолдарға шыдайтын және жолында тапқан шөп пен жапырақ шоғырларымен тамақтанып, өмір сүре бере алатын. Монғол өз атына жақсы қарайтын. Жорық кезінде бірнеше атты ауыстырып, әрқайсысында кезектесіп шабатын. Монғол аты қытайлықтарға ертеден танымал тұқымға жататын. Б.з.д. екінші ғасырда қытайлықтарда, ғұндар да ирандықтар пайдаланатын орта азиялық ат тұқымымен танысты. Қытайлықтар осы аттарды жоғары бағалайтын және Орталық Азиядағы Қытай елшісі ең жақсы аттар «аспан айғырларының тұқым-малы» болғанын императорға айтты [3, б. 48].
Көптеген орта азиялық аттар Қытайға және болжаммен Монғолияға импортталды. XIII ғ. монғол тұлпарлары будан болған көрінеді. Монғолдар тек тұқымға ғана емес, аттардың түсіне де ерекше назар аударатын. Ақ аттар қасиетті саналатын. Император гвардиясының әрбір бөлімшесі ерекше бір түсті аттарды қолданды, мысалы, багатурлар жасағының жауынгерлері қара атпен шабатын. Бұл Батудың Рязань князьдығы халқына орыс жорығының басында монғолдарға «бардың» оннан бірін берсін деген бұйрығын жандандыра түседі. Аттардың оннан бірі әрбір түс бойынша жеке іріктелуі керек: қара, сарғыш-қоңыр, торы және ала түстер аталған [4, б. 64].
Қару-жарақтар мен жабдықтар. Садақ пен жебе монғол жеңіл атты әскерінің стандартты қару-жарақтары болды. Әр садақшының әдетте екі садағы және екі қорамсағы болатын. Монғол садағы өте жалпақ және садақтың күрделі түріне жатады; Ол жүз алпыс алты фунт керуді қажет ететін, бұл ағылшынның ұзын садағынан көбірек болып келеді; оның жаралау қашықтығы 200-300 қадамды құрады.
Ауыр атты әскердің жауынгерлері қылышпен және найзамен қаруланған, ал бұған қосымша – жауынгер балтасы мен шоқпары және бұғалығы болатын. Олардың қорғаныш жабдықтары дулығадан (алғашқыда былғарыдан, кейіннен темірден болды) және былғары сауыттан немесе береннен тұрды. Аттардың да денесінің жоғарғы жағын және кеудесін қорғайтын былғары бас киімі және ат-жарақтары болды. Ер-тоқымы берік және алыс жаққа баруға бейімделген қылып жасалды. Мықты үзеңгілер садақ ұстап тұрған салт аттыға жақсы тірек болды.
Қысқы жорықтарда монғолдар тері бас киімдерін және тондарын, киіз шұлықтарды және ауыр былғары етіктерді киетін. Қытайды жаулап алғаннан кейін олар жыл бойы жібектен іш киім киген. Әр монғол жауынгерінің өзімен бірге кептірілген ет және сүт қорын, суға және қымызға арналған тері құмыра, жебелерді қайрайтын қайрақтарды, біз, ине және жіп алып жүретін.
Шыңғыс ханға дейін монғолдардың зеңбіректері болған емес. Олар бекіністі ататын механизмдермен Қытайда танысып, оларды Орта Азияда қайта кездестірді. Монғолдар қолданған механизмдер негізінен алдыңғы шығыс үлгісінде болды және олардың жаралау қашықтығы 400 метр болды.
Жаттықтырулар. Әскери лагерь өміріне дайындық кез-келген монғолдың ерте балалық шағынан басталатын. Салт жүріс әдемілік емес, қажеттілік болып саналды. Аңшылық малынан айырылып қалған жағдайда аштықтан аман қалу үшін қажетті қосымша кәсіп болды. Монғолдың әр ұл баласы садақ пен жебені үш жасынан бастап қолына ұстап үйренетін.
Ұлы Ясыға енгізілген аңшылық туралы жарғы бойынша, аңшылық ересек жауынгерлерге арналған керемет жаттықтыратын мектеп болып есептелетін. Бұл кәсіп әскери епті тәсілдердің ролін ойнағанын Ясы ережелері ақиқатқа шығарады.
Қыстың бас кезеңі үлкен аңшылық маусымы болып белгіленетін. Ұлы ханның ордасына, князьдардың ордаларына немесе лагерьларына бекітілген жауынгерлерге бұйрықтар алдын ала жіберілетін. Жолға жөнелту үшін әр әскери бөлімше нақты адам санын бөлуі тиіс еді. Аңшылар әскерлер сияқты бұрылатын – ортасымен, оң жақ және сол жақ қанаттарымен қоса, олардың әрқайсысын арнайы тағайындалған қолбасшы басқаратын. Мыңдаған шаршы километрды қамтитын аңшылыққа арналған үлкен аймақта қоршау жасалған, сол қоршау бір айдан бірнеше айға дейінгі мерзім ішінде біртіндеп тарылып, жабайы құстарды ішіне қамайтын, ал соның ішінде ұлы хан күтіп тұратын. Арнайы жіберілетін адамдар операция барысы жайында, жабайы құстардың бар-жоғы және саны туралы хабар беріп тұрды. Соңында шеңбер тұйықталып, ортасы он километр шеңбер бойымен қоршалды. Содан соң хан шошыған, ұлыған аң-құстарға толы ішкі шеңберге кіріп, атысты бастайды; оның артынан князьдар, содан соң қарапайым жауынгерлер еретін, бұл ретте әр дәрежедегі адамдар кезекпен атады. Қырғын бірнеше күнге созылады. Соңында ақсақалдардың бір тобы ханға келіп, бас ұрып, ханнан қалған аң-құсқа бостандық беруді өтінеді. Бұдан кейін тірі қалған аңдар жақын жердегі шөп пен суға қарай шеңберден босатылады; ал өлтірілген аң-құстарды жинап, санайды. Әр аңшы, дәстүр бойынша, өз үлесін алады.
Әскерді ұйымдастыру. Орданың гвардиясы немесе жауынгерлері Шыңғыс ханға дейін көптеген көшпенді билеушілердің және қидандардың лагерьларында болған. Алайда ол Шыңғыс ханның кезіндегідей әскермен соншалықты тығыз біріктірілген болған емес.
Бұған қосымша, үлес берілген император отбасының әр мүшесінің жеке гвардиялық әскері болды. Киіз үйлердің немесе отбасылардың белгілі бір саны үлестің иесі болып келетін император жанұясының әр мүшесінің ордасымен байланысты болғанын еске түсірген жөн. Осы киіз үйлерде тұратын тұрғындардың арасынан кез-келген әйел адамның немесе князьдың әскер жинауға рұқсаты болды. Орданың осы әскерін үлес шаруашылығын басқарушы ретінде император тағайындаған немесе князь жоғары дәрежеге ие болған кезде өзі тағайындаған әскербасы басқарды. Шамамен, осындай әскерлердің бірлігі, оның санына байланысты, тұрақты қызметтегі «мыңдаған» әскерлердің батальоны немесе эскадроны болып саналды, әсіресе князьдың өзінің лауазымы мыңбасы болғанда немесе осы мыңдықты өзі басқарған кезде.
Мыңдаған адамнан тұратын бөлім тұқымдардың қисындасуы немесе кішкентай тайпа болды. Алайда, көбінесе Шыңғыс хан әр мыңдықты әр түрлі тұқымдарға және тайпаларға жататын адамдардан құрды. Ондаған әскер (түмен) әр уақытта әр түрлі әлеуметтік бірліктерден құралды. Мүмкін бұл көне тұқымдар мен тайпалардан гөрі, империяның жолын қуған үлкен әскери қосылыстарды жасауға тырысқан Шыңғыс ханның, кейде болса да, саналы саясатының нәтижесі болған шығар. Осы саясатқа сәйкес үлкен қосылыстардың қолбасшыларын – мың басылар мен түмен басыларды – императорлар өздері тағайындайтын, және әлеуметтік шығу тегіне қарамастан әрбір дарынды тұлғаны көтермелеу Шыңғыс ханның ұстанымы болды.
Монғолдың қарулы күштері үш топқа бөлінді – ортаңғы, сол және оң қанаттарға. Монғолдар әрқашан үйлерін оңтүстікке қаратып тіккендіктен, сол қанаты шығыс тобын, ал оң қанаты батыс тобын білдірді. Арнайы офицерлер әскерлердің диспозициясын жоспарлау үшін, жорық уақытында және әскерлерді орналастыру кезінде әскердің қозғалысын бағыттау үшін тағайындалатын. Олар, сонымен қатар, барлаушылар мен тыңшылардың әрекеті үшін жауап беретін. Бас офицердің лауазымын қазіргі әскердегі бас квартирмейстердің лауазымымен салыстыруға болады. Чербтердің міндеттері қомиссариат қызметтері болды. Шыңғыс хан басқармасында барлық әскери ұйым тұрақты бақылауда және императордың тексерісінде болды, және Ұлы Ясы бұны болашақ императорларға ұсынды. «Ол өз ұрпақтарына шайқас алдында жауынгерлерді және олардың құрамын жеке тексеруді, жауынгерлерге жорықтарға қажетті заттардың бәрін жеткізуді және бәрін түгел бақылауды тапсырды, ал егер қандай да бір жауынгердің қажетті бір заты болмай қалса, оны жазалау керек болды» [5, б. 148].
Монғол әскері жоғарыдан төменіне дейін қатаң тәртіппен біріктірілген еді, оған офицерлер де, қарапайым жауынгерлер де бағынды. Әр бөлімшенің басшысы барлық қарамағындағы адамдар үшін жауапты болды, ал егер өзі қателік жасаса, оның жазасы одан да қатал болатын. Ал император гвардиясы – әскердің өзегі – тіпті бейбіт кезде дайындық жағдайында болатын.
Стратегия және тактика. Үлкен жорық алдында соғыстың жоспарлары мен мақсаттарын талқылау үшін құрылтай жиналатын. Құрылтайға барлық ірі әскери қосылыстардың басшылары қатысып, императордан қажетті нұсқаулар алатын. Шабуыл жасау объектісі ретінде таңдалған мемлекеттен келген барлаушылар мен тыңшылардан сұрау алынатын, егер мәліметтер жеткіліксіз болса, қосымша ақпарат жинау үшін жаңа барлаушылар жіберілетін. Содан соң шабуылға дейін әскер жиналатын аумақ және жасақтар өтетін жол бойындағы жайылымдар анықталды.
Қарсыласты насихаттауға және психологиялық түрде өңдеуге көп көңіл бөлінді. Әскерлер жаулардың мемлекетіне жетпестен көп бұрын сол жақтағы құпия агенттер монғолдардың дінге еріктілікті қабылдайтынына діни өзгеше ойды ұстанушыларды көндіруге тырысатын; монғолдар кедейлерге байларға қарсы күресуге көмектеседі деп кедей адамдарды; ал жолдарды монғолдар сауда үшін қауіпсіз етіп құрады деп бай көпестерді көндірді. Егер адамдар қарсыласпай берілсе, барлығына бірдей бейбітшілікті, ал қарсыласатын болса қатал жаза беруді уәде етті.
Әскерлер жаудың жеріне бір-бірінен біршама қашықтықта әрекет жасайтын бірнеше саппен кірді. Әр сап бес бөліктен тұрды: орта, оң жақ, сол жақ бөліктерден, арьергардтан және авангардтан. Саптар арасындағы байланыс адам жіберу арқылы және түтін белгілерімен жүзеге асты. Әскердің шабуылы кезінде жаудың әрбір ірі қамалының алдына бақылаушы топ тұрғызылды, ал сол уақытта мобильді жауынгерлер қарсыластың әскерімен қақтығысу үшін алға қарай ұмтылды.
Монғол стратегиясының басты мақсаты қарсыластың бас әскерін қоршап, қыру болды. Үлкен аңшылық тактикасын – щеңберді қолданып, олар сол мақсатқа жетуге тырысты – әдетте табысқа жететін. Бастапқыда монғолдар үлкен аумақты қоршады, содан соң біртіндеп шеңберді тарылтып, қысады. Жеке сап басшыларының өз әрекеттерін координациялау қабілеті ғажайып болды. Көп жағдайларда олар басты мақсатына жету үшін сағат механизмінің дәлдігімен күш жинады. Субэдэйдің Венгриядағы операцияларын осы тәсілдің классикалық үлгісі ретінде қарастыруға болады. Егер монғолдар қарсыласының әскерімен соқтығысқан кездерінде олардың шегін бұзып өту үшін жеткілікті мықты болмаса, олар кері шегінуді бейнелейтін; көп жағдайларда қарсылас бұндайды ретсіз қашу деп санап, алға қарай соңдарынан ұмтылатын. Сол кезде өздерінің орағыту тәсілдерін пайдаланып, монғолдар кенеттен кері бұрылып, шеңберді тұйықтайды. Осындай бір стратегияға Лигниц кезіндегі шайқас үлгі болды. Сить өзені бойындағы шайқаста орыстар қандай да бір маңызды қарсы шабуыл жасағанша дейін монғолдар оларды қоршап алды [6, б. 97].
Монғолдардың жеңіл атты іскері бірінші болып шабуыл жасады. Ол жау әскерін тоқтаусыз шабуылдармен және кері шегінумен шаршататын, ал садақшылары жау әскерін қашықтықтан құлататын. Осы маневрлардың бәрінде атты әскер қозғалыстарын басшылары жалаушалар арқылы бағыттады, ал түнде түрлі түсті шамдарды қолданды. Жау әскері жеткілікті мөлшерде әлсіреп, деморализацияланған кезде, орта қол немесе флангқа қарсы ауыр атты әскер жіберілді. Олардың шабуылынан болатын талықсыту әдетте қарсыласуды тоқтататын. Бірақ монғолдар шешуші айқасты жеңген кезде де өз міндетін орындадық деп санамайтын. Шыңғыс ханның стратегиясы принциптерінің бірі жау әскері қалдықтарының толық көзін жойғанша дейін ізінен қалмау болатын. Жаудың ұйымдасқан қарсыласқан топтарын толық жою үшін бір-екі түмен жеткілікті болғандықтан, басқа монғол әскерлері кіші жасақтарға бөлініп, жүйелі түрде мемлекетті тонауды бастайды.
Өздерінің бірінші орта азиялық жорықтары болған уақыттан бері монғолдар күшейтілген қалаларды өте тиімді қоршау және соңғы рет шабуыл жасау техникасына ие болғанын айта кеткен жөн. Егер ұзақ мерзімді қоршау байқалып қалса, қаладан біраз қашықтықта сырттан келген жеткізілімдерді тоқтату және қала аумағының сыртындағы жергілікті әскермен байланысты үзу үшін қаланы қоршайтын ағаш қорған құрылатын. Содан соң, құлдардың және рекрутталған жергілікті тұрғындардың көмегімен қала іргесі бойындағы ор фашиналармен, тастармен, құммен, қолға түскен заттардың бәрімен толтырылады; қоршау механизмдері қаланы тастармен, шайыр толтырылған ыдыстармен және найзалармен атқылауға дайындық жағдайына келтірілетін. Ақырында инженерлік корпусқа қосымша ретінде монғолдар қоршау операцияларында жаяу әскерлерді де қолдана бастады. Оларды бұған дейін монғолдар бодан қылған шет ел мемлекеттерінен іріктелетін [7, б. 153].
Әскердің жоғары мобильдігі және жауынгерлердің төзімділігі мен сақтығы жорық кезінде монғолдың интенденттық қызметінің міндетін көп жеңілдететін. Әр саптың артынан ең аз мөлшердегі қажеттіліктері бар түйе керуені жүріп отыратын. Негізінде, әскер бағындырған жерлердің есебінен өмір сүреді деп жорамалданды. Әр ірі жорыққа барғанда монғол әскерінің қажетті қорларының потенциалды базасы арьергардтан гөрі алдыңғы бөлігінде болатын. Монғолдардың ілгері жылжуымен бірге олардың әскері бағындырылған елдің халқының есебінде өсіп отырды. Бұрын дұшпан әміршілеріне бағынған түркі және басқа да көпшенді және жартылай көшпенді тайпалар қару-жарақтары бойынша монғол бірлестігіне қабылданды. Олардан монғол офицерлері бастаған тұрақты әскер бөлімдері құрылды. Осыған байланысты Шыңғыс ханның өлімі кезінде монғол әскерінің саны 129 000 жауынгерге жетті деп айтуға болады. Мүмкін оның саны ешқашан көбірек болмаған шығар. Әскерлерді өздері бағындырған елдерден рекруттап қана монғолдар осындай үлкен жерлерді бағындырып, бақылай алды. Әр елдің қорлары, өз кезегінде, келесі елді бағындыру үшін қолданылды.
Билеу нәтижелері. Наймандарды бағындыру кезінде Шыңғыс хан жазбаша іс қағаздарын жүргізудің бастамасымен танысты. Наймандардың жартысы Шыңғыс хан әскеріне қызметке тұрды да, монғол мемлекетіндегі алғашқы шенеуніктер және алғашқы ұстаздар болды. Шамасы, Шыңғыс хан наймандарды этникалық монғолдармен алмастыруды көздеген болар, өйткені монғолдың атақты жас жігіттеріне, сонымен қатар өз ұлдарына да, наймандардан тіл мен жазуды үйренуді бұйырды. Монғол үстемдігі тарағаннан кейін, Шыңғыс ханның әлі көзі тірісінде, монғолдар шенеуніктердің және бағындырылған елдердің дін қызметкерлерінің, алдымен қытайлықтар мен парсы халықтарының, қызметтерін пайдаланатын [8, б. 154].
Сыртқы саясат аясында Шыңғыс хан өзіне бағыныңқы аумақтың шекараларын барынша көп кеңейтуге тырысты. Шыңғыс ханның стратегиясы мен тактикасына мұқият барлау, кенеттен шабу, қарсыластың күшін бөлуге ұмтылу, қарсыласты алдап түсіру үшін арнайы жасақтарды қолданып тосқауылдарды құру, көптеген атты іскерді қолданып орағыту, т.б. тәсілдер тән болды. Темучин және оның ұрпақтары көне ұлы мемлекеттерді жер бетінен жойып тастады: Хорезмшах мемлекеті, Қытай империясы, Бағдат халифаты, орыс князьдықтарының көп жерлері бағындырылды. Ірі-ірі аумақтар дала заңы «Ясыға» бағындырылды [9, б. 142].
1220 жылы Шыңғыс хан Монғол империясының астанасы Карақорымның негізін құрды [10, б. 167].
Шыңғыс хан өлімінің себебі туралы:
1. Рашид-ад-Дин мен Әбілғазы бойынша – Ол түсінде ажалы жақын қалғанын көріп, Таңғұт ханынан кек алып үлгеру үшін жорыққа шығады. Бірақ ажалы келіп, кек алуды балаларына өсиет етеді;
2. «Ган му» бойынша – Таңғұт ханын жеңіп, тұтқындап, Моңғолияға жібереді де, өзі кенеттен ауырып, 8 күннен соң қайтыс болады [11, б. 97];
3. «Құпия шежіреде» – 1226-1227 жылына қараған қыста аңда жүргенде аттан құлап, жарты жылдан астам уақыт ауырып, бірақ Таңғұт ханын жеңіп, өлтірткеннен соң қайтыс болады; (Егер «ҚШ» 1240 жылы жазылған болса, одан кейін жазылған «Жамиғ-ат-Тауарих» пен «Ган му»-ға осы шығарманы неліктен пайдаланбаған?) [12, б. 127].
4. Лубсан Данзан 1627 жылы жазған «Алтын топшы» 75 пайызы «Құпия шежіреден» көшірілген делінгенмен, Шыңғыс хан қазасы басқаша баяндалған. Мұнда ол аттан құламайды, жорық үстінде ауырмайды. Тек Таңғұт ханын өлтіріп, оның әйелін олжалап болған соң ғана «ыстығы қатты көтеріліп, алтын жаны шығар сәтте» өсиетін айта бастайды. Өзге шығармалардан ерекшелігі – «Алтын тобшыда» Таңғұт ханы Шыңғыс ханға: «Күрбелшін Гоа (сұлу) қатынымның қара тұяғынан бастап, түгел денесін тінтіп шық» деген сөздерді айтып, өліп кетеді. Ежен Боғада (Шыңғыс хан) Күрбелшін Гоа қатынды алады. Күрбелшін Гоа қатынның сұлу жүзіне Еженнен бастап, Ұлы ұлыс түгелдей таң-тамаша қалады. Күрбелшін қатын: «Мына өңім сенің шеріктеріңнің тозаңына кірлеп қалды. Бұдан бұрын мұнан да сұлу едім. Енді суға жусам, қайта көрікті боламын!» дейді. Ежен Боғда: «Суға барып жуынып кел!» деп жібереді. Ол қатын судың жағалауында жүрген көк торғайды ұстап алып, құйрығына жазу жазып: «Мен осы суға түсіп өлемін. Денемді төменнен іздемеңдер. Жоғарыға қарай іздеңдер!» деп әкесіне жібереді. Әкесі қызының айтқан сөзі бойынша өзеннің басынан іздеп тауып алып, жерлегенде бітеу тұлыппен топырақ төгіп көмеді. Сол сүйегін көмген зәулім үйіндіні «Темір олоқу» деп айтады. Сол өзенді Қатын өзені деседі» деп, әйелдің Шыңғыс ханды алдап, суға кетіп өлгені баяндалады [13, б. 180].
Бір таңғаларлығы, осы аталған тарихи еңбектердің барлығынан да ерте, «Мәңгі елге» 13 ғасырда келіп қайтқан еуропалықтар жазған шығармаларда Шыңғыс ханның я аттан құлап жарақаттанғаны, я тістен жарақаттанғаны туралы ештеме кездеспейді. 1253 жылы «Мәңгі ел» мемлекетінің астанасы Қарақорымда болған Франция королінің елшісі П.Карпини кітабында Шыңғыс хан өлімі туралы: «Совершив свои распоряжения и постановления он был убит ударом грома» деп жазыпты («История монголов», 5-тарау, 1-бөлім). Ал Мәңгі ел астанасы Пекинге көшкен соң, 1275 жылы келіп, 15 жыл осы елде тұрған венециялық Марко Поло Шыңғыс хан қазасы туралы «Әлемнің әралуандығы туралы кітап» деген шығармасының XVIII тарауында: «Пошел на крепость Канги, и попала ему тут стрела в коленку: от той раны он и умер. Жалко это, был он человек удалой и умный» деп жазған [14, б. 159]. Олардың бұл деректері өзге еш шежірелерде кездеспейді.
Соңғы екі ғасыр көлемінде Еуропа елдері зерттеушілері Шыңғыс хан өлімі туралы жазғанда негізінен «ҚШ»-дағы «аттан құлаған» деген және «Жамиғ-ат-Тауарихтағы»: «Таңғұт ханын өлтіруге үлгірмей, өзі өлді» деген пікірлерді пайдаланып жүр. Бірақ егер 1227 жылы қыста құлан аулаған кезде аттан жығылып, денесі қатты ауырып, Есүй ханым: «Қағанның денесі түнде қызып шықты» – десе, Шыңғыс хан сондай ауруымен тамыздың аяғына дейін шыдап, соғысқан ба? Таңғұт жеріне келген соң Шыңғыс хан төрт қаласын алып, мемлекет астанасының тұсынан өтіп кетеді («Жамиғ-ат-Тауарих»: «Он прошел мимо этого города и, захватив другие города и области, пошел в сторону Хитая» делінген. Содан соң ғана балаларына өзінің түс көргенін айтып, көктемде Таңғұтқа қайта аттанады (251 б.). Аттан осы жолы құлады деуге – мәңгіелдіктер заңы бойынша аңға тек қыста шығады. Ұлдарына өсиетін айтқаннан соң, оларға: «Енді ұлыстарыңды басқаруға барыңдар» деп, өзі Таңғұтқа аттанады. Егер ол аттан құлап ауырып жүрген болса, күшін бөлшектемей, бірден Таңғұттың астанасын алуға асығар еді ғой. Сондай-ақ осы соғыс кезінде ол Бақыршы мен Мұқылайды Қытай елін билеуге аттандырады («ҚШ», 267 бөлім.). Осыдан кейін Таңғұт ханы берілмек болып елші жіберіп, сыйлықтар дайындау үшін бір ай мерзім сұрайды. «Жамиғ-ат-Тауарихта» Шыңғыс хан науқасы туралы осы елші келіп кеткеннен соң ғана айтылуына қарағанда, Таңғұт билеушісі елшімен қоса әйелін де Шыңғыс ханға қастандық жасауға жұмсаған сияқты. «Алтын тобшыда» Таңғұт билеушісінің жадышы екендігі айтылады. Ендеше ол әйеліне тапсырманы орындап, суға кетіп өлуді гипноз арқылы жасауы мүмкін. Әрине, Таңғұт ханы есептегендей, Шыңғыс ханның тістен алған жарақаттан сегізінші күні қайтыс болған («Ган-му»). Бірақ Шыңғыс хан өз өлімін жасыруға бұйырғандықтан, Таңғұт ханы өз әйелі Шыңғыс ханға қастандық жасамаған, оны аман-сау деп ойлап, уәдесі бойынша бір айдан кейін берілуге келген [15, б. 442].
Бірақ соңғы екі ғасыр көлемінде Еуропа елдері зерттеушілері тек осы дерекке сүйеніп келеді. Кей шежірелерде Шыңғыс ханның аң аулау кезінде аттан құлап ауырып қайтыс болғаны айтылады.
Әдебиеттер тізімі
1. Табулдин Г.Ж. «О генеалогии потомков Чингисхана на Евразийском континенте c ХІІІ - ХХ в.в.». Астана: Жас каламгер, 2008. 290 с.
2. Ерофеева И.В. Родословные Казахских ханов и XVIII-XIX вв.. Алматы,2003. 421 с.
3. Эренжен Хара-Даван. Чингис-хан как полководец и его наследие Издательство: Калмыцкое книжное издательство, 1991. 315 с.
4. Чингисхан как полководец и его наследие. Алма-Ата, 1992. 372 с.
5. Рашид ад-Дин. Сборник летописей. История Монголов. История Чингисхана. В 3-х чч. /Пер. с перс. профессора Н.И.Березина. Изд. 4-е. СПб., 1990. 406 с.
6. Храпачевский Р. П. Военная держава Чингисхана. — М.: АСТ, Люкс, 2005. 560 с.
7. Юрченко А.Г. Образ Чингисхана в мировой литературе XIII—XV вв. // Историческая география политического мифа. Образ Чингисхана в мировой литературе XIII—XV вв. / А.Г. Юрченко.— СПб: Евразия, 2006. 640 с.
8. Юрченко А.Г. Образ Чингисхана в мировой литературе XIII—XV вв. // Историческая география политического мифа. Образ Чингисхана в мировой литературе XIII—XV вв. / А.Г. Юрченко. — СПб: Евразия, 2006. 640 с.
9. Крадин Н. Н. Империя Хунну. – М.: Логос, 2002. 183 с.
10. Скрынникова Т. Д. Харизма и власть в эпоху Чингис-хана. — М.: Издательская фирма «Восточная литература» РАН, 1997. 216 с.
11. Доманин А. А. Монгольская империя Чингисидов. – М.: ЗАО Центрполиграф, 2005. 207 с.
12. Гумилев Л. Н. Поиски вымышленного царства // Гумилев Л.Н. – М.: Айрис-пресс, 2002. 147 с.
13. Сандаг Ш. Образование единого монгольского государства и Чингисхан // Татаро-монголы в Азии и Европе: Сборник статей. — М.: Наука, 1977. 245 с.
14. Груссе Р. Чингисхан: Покоритель Вселенной. — М., 2008. (серия ЖЗЛ) 296 с.
15. Султанов Т. И. Чингиз-хан и Чингизиды. Судьба и власть.— М.: АСТ; МОСКВА, 2006. 445 с.
Достарыңызбен бөлісу: |