Қазақ хандығының XVI-XVII ғасырлардағы дамуы Қасым хан



бет1/3
Дата22.10.2022
өлшемі338.83 Kb.
#463233
  1   2   3
ТАРИХ5

Қазақ хандығының XVI-XVII ғасырлардағы дамуы

Қасым хан


Хақназар хан
Тәуекел хан
Есім хан
Тәуке хан
Қасым хан
(1511-1518 жж.
( 1526ж.)
Қасым ханның тұсында Қазақ мемлекетінің өрлеуі. Жәнібек пен Керей хандардан кейін Қазақ хандығының тағына Керейдің ұлы Бұрындық (1474-1511жж.) отырды. Бұрындық хан Сырдария бойындағы қалаларды Қазақ хандығына қаратуға ерекше күш салады. Алайда ханның ел ішінде беделі болмағандықтан Самарқанға көшіп кетті. Бұрындықтың кезінде оның әскер қолбасшысы болған Жәнібек ханның ұлы Қасым сұлтан 1511 жылдан бастап хандық билікті өз қолына алды.
Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті. Ол билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты. Бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлауы Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (ШуТаласҚараталІле өлкелері) қарады.
Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалды. Орыс мемлекетімен байланыс болды.
Қасым ханның заңдары.
Қасым хан мемлекеттің қоғамдық өмірінде қарама-қарсы қайшылықтарды болдырмау үшін бір қатар заңдар шығарды. Оның заңдары “Қасым ханның қасқа жолы” деген атаумен осы күнге дейін ел аузында айтылып келеді. Бұл заң жазбаша түрде сақталмаған. Қасым хан Қазақ хандығының қоғамдық өміріне лайықсыз ескі заңдарды алып тастап, сол кездегі заманның талабына сай, жаңа құқықтық заңдар шығарған.
Қасым сол бойынша мемлекеттік билік жүйесін орнықтырып, күшті мемлекет құрды. Бұл заң қазақтың от ауызды, орақ тілді, елге сыйлы билерінің ықпалымен халықтың ерте заманнан ұстанып келген «Жарғы» заңын күшейткен.
Соңғы кездегі ғылыми зерттеулерге қарағанда бұл заңға мына ережелер енген:
  • Мүлік заңы ( жер дауы, мал-мүлік дауы);
  • Қылмыс заңы (кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық істеу);
  • Әскери заң (аламан міндеті, қосын жасақтау, қара қазаң, ердің құны, тұлпар ат);
  • Елшілік жоралары (майталман шешендік, халықаралық қатынастағы сыпайылық, әдептілік, ибалылық);
  • Жұртшылық заңы (үшлен тарту, ас, той, мереке, думан үстіндегі ережелер, ат жарыс, бәйге ережелері, жасауыл).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет