Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігінің жоғары кәсіптік білім беру ұйымдары кітапханасы туралы типтік ереже



Дата25.02.2016
өлшемі68.29 Kb.
#18363
Қазакстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігінің

Бұйрығымен бекітілді

17 тамыз 2000 ж. № 827



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖОҒАРЫ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ

КІТАПХАНАСЫ ТУРАЛЫ ТИПТІК

ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

1. Кітапхана оқу және ғылыми процесті әдебиетпен және ақпаратпен қамтамасыз ететін жоғары кәсіптік білім беру ұйымының жетекші құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Кітапхана өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңын, жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарының Жарғысын, кітапхана ісі туралы құжаттар мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің басқа да нормативті актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.

3. Жоғары кәсіптік білім беру ұйымы кітапханасына жалпы әдістемелік басшылықты ведомстволық бағынымтылығына қарамастан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық кітапхана-ақпарат комиссиясы мен облыстық әдістеме орталығы — кітапхана жүзеге асырады.


2. Мақсаттары мен міндеттері

4. Кітапхана мақсаттары мыналар:

1) ықпалдасқан білім беру ұйымында білім алушыларға, профессорлар-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерге ақпарат қажеттіктеріне сәйкес толық әрі ұрырлы кітапхана және ақпарат қызметін керсету;

2) кітапхана қызметінің барлық жақтарын ізгіліктендіру және демократияландыру, жалпы адамзаттың құндылықтарға бағдарлау;

3) қорда жинақталған республиканың ғылыми және мәдени мұрасын насихатгау, ашып көрсету және болашақ ұрпақ үшін сақтау;

4) пайдаланушылардың білім және кәсіби қажеттіліктерін қажетті әдебиетпен қамтамасыз ету.

5. Кітапхана міндеттері мыналар:

1) кәсіптік білім беретін ұйым профилі мен пайдаланушылардың ақпарат қажеттіктеріне сәйкес құжаттар қорын түзіп, дәстүрлі және қазіргі заманғы ақпарат көздерінде мемлекеттік және басқа тілдерде сақтау;

2) кітапхана қызметінің санасы мен тиімділігін арттыру мақсатында кітапхананың іс тәжірибесіне кітапхана маркетингін енгізу;

3) кітапхана жұмысы мен кітапханатану және библиография саласында ғылыми зерттеулерді әдістемелік қамтамасыз ету;

4) білім алушылардың ақпарат мәдениетін тәрбиелеу, қазіргі заманғы технологиялар негізінде кітапханада жұмыс істеу дағдысын сіңіру;

5) кітапхананың кафедралармен, деканаттармен, ғылыми және қоғамдық ұйымдармен қызметін үйлестіру.


3. Қызметтері

6. Кітапхана пайдаланушыларға абонементтерде, оқу залдарында, басқа да кітап беру пункттерінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады.

7. Оқырмандарды негізгі тегін кітапхана қызметтерімен қамтамасыз етеді, сондай-ақ ректор бекіткен қолданылып жүрген тізбектер мен прейскурантгарға сәйкес қосымша ақылы қызметтер көрсетеді.

8. Кітапханааралық абонемент, Интернет, Республикалық автоматтандырылған кітапхана жүйесінің көмегімен кітапхана қорларының өзара пайдаланылуын ұйымдастырады.

9. Пайдаланушыларға қолда бар, оның ішінде жаңадан түскен әдебиеттер туралы ұтырлы хабарлау мақсатымен кешенді ақпарат шараларын жүргізеді.

10. Ғылыми және оқу қызметіне көмек ретінде электронды каталог, библиографиялық картотекалар, көрсеткіштер, тізімдер әзірлеп, анықтама және ақпарат жұмысын орындайды.

11. Пайдаланушыларға ақпарат іздестіру мен кітапхананың анықтама-іздеу ақпаратында бағдарлай білуді үйрету мақсатында білім алушылар мен аспиранттар үшін кітапхана-библиографиялық білім негіздері бойынша сабақтар өткізеді.

12. Көрмелер, конференциялар, тұсаукесер рәсімдері мен көпшілік жұмыстық басқа да нысандары көмегімен мазмұны жағынан маңызды баспа туындыларын насихаттаумен шұғылданады.

13. Білім беру ұйымының профилі мен пайдаланушылар қажеттіктеріне сәйкес қорды жинақтауды жүзеге асырады.

14. Басылымдардың негізгі, қосалқы, сақтандыру қорларын ұйымдастырады және олардың есебін, орналастыруды, сақтауды, сақтау режимін қалпына келтіруді және консервациялауды қамтамасыз етеді.

15. Уақтылы есептен шығару, қайта бөлу, айырбастау немесе қор есебінен шығарылған әдебиетті сату жолымен қорды тозығы жеткен, профилді емес, басы артық дублетті әдебиеттерден тазартып отырады.

16. Пайдаланушылардың ақпарат қажеттіктері мен қор құрамын шынайы өзара тәуелділікке келтіру мақсатында оқырман сұранымын қанағаттандыру дәрежесін зерттейді.

17. Кітаппен қамтамасыз етілу картотекасын жүргізеді.

18. Кітапхананың анықтама іздестіру аппаратын қорды көпастарлы ашып көрсету мақсатында дәстүрлі (кәртішкелі) секілді электронды көздерде де ұстайды.

19. Республикалық автоматгаңдырылған ақпарат кітапхана жүйесін (РААКЖ) құруға қатысады.

20. Кәсіби құзіреттігін тереңдету мақсатында кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін үздіксіз көтеру жүйесін ұйымдастырады.

21. Өзіне берілген өкіметтік негізінде шаруашылық және экономикалық қызметті жүргізеді.
4. Құқықтары мен жауапкершілігі

22. Кітапхананың мыналарды дербес белгілеуіне құқығы бар:

1) осы ережеде көрсетілген мақсаттар. мен міндеттерге сәйкес өз қызметінің мазмұны мен нақты нысандарын;

2) кітапхана мүмкіндіктерін ескере отырып көрсетілетін қызметтер (негізгі, қосымша, жеңілдік, тегін, ақылы) тізбесін;

3) құжаттар қорын жинақтау көздерін;

4) кітапхананы пайдалану қағидаларын.

23. Кітапхана және ақпарат қызметтері мен өнімінің бағасын (тарифін), сондай-ақ жеке интеллектуалдық өнімін, баспа басылымдарын, ақылы қызметтерін жүзеге асыру тәртібі мен шарттарын өкілетті орынның келісімімен білім беру ұйымының ректоры бекітеді.

24. Кітапхана өзінің негізгі қызметінен тыс қолданылып жүрген заңдарға қайшы келмейтін, егер бұл кітапхананың негізгі қызметіне залалын тигізбей, оның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін басқа, оның ішінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқылы.

25. Кітапхана ақпарат-жарнама және баспа қызметін жүзеге асырып, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес басылатын және қайта басылатын құжаттардың таралымдарын таратуға құқылы. Көрсетілген қызметтен түскен табыстар әдебиет пен кітапхана техникасын сатып алуға жұмсалады.

26. Кітапхана қордың сақталуына және кітапхананың күзет және өрт дабылдамасымен, бекіту құрылғылармен, темір есіктермен және терезе торларымен жарақталған үй-жаймен қамтамасыз етілген жағдайда өзіне бекітіліп берілген мүлікке, өрт қауіпсіздігі мен басқа да қорғауға жауап береді.

27. Кітапхана кафедралармен бірлесе отырып сатып алынатын әдебиеттердің саны мен сапасына, оқу процесінің кітаппен қамтамасыз етілуіне жауап береді.

28. Кітапхана осы ережеде белгіленген қызмет мақсаттарына сәйкес кор мен мүліктің тиімді пайдаланылуы үшін жауап береді.

29. Кітапхана құжаттардың уақтылы есепке алынып, олардың анықтама-іздеу аппаратында, деректер базасында, бухгалтерия құжаттарында көрсетілуі үшін жауап береді.

30. Кітапхана пайдаланушыларға үздіксіз және ұтырлы қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін жауап береді.


5. Кітапхананы басқару

31. Кітапхананы жалпы басқаруды директор жүзеге асырады. Оны қызметіне ректор тағайындап, одан босатады. Бөлімдерге бөлім меңгерушілері басшылық жасайды. Олар, кітапхананың басқа қызметкерлері секілді кітапхана директорының ұсынуымен ректордың бұйрығымен тағайындалып босатылады.

32. Кітапхана директоры негізінде әрекет етеді және кітапхана қоры мен мүлкінің тиімді пайдаланылуы және оның үздіксіз қызмет атқаруы үшін дербес жауап береді.

33. Кітапхана директоры:

1) құрылым мен штат кестесін әзірлейді;

2) кітапхана штатын жинақтайды;

3) қор мен мүліктің қызмет етуі мен сақталуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ кітапхана қызметкерлері мен пайдаланушыларының жұмыс істеуі үшін қажетті жағдай жасайды;

4) өзіне берілген өкілеттік шегінде шаруашылық және экономикалық қызметпен шұғылданады;

5) еңбекақы қорына, бөлінген қаражатқа, демеушілерден, қамқоршылардан, басқа заңды ұйымдар мен жеке адамдардан сый есебінде алынған қаражаттар мен басқа да құндылықтарға, ақылы қызметтен және кәсіпкерлік қызметтің басқа да нысандарынан, өз құзіреті шегінде басқа да көздерден иелік етеді.

34. Кітапханада демократиялық негізді, негізгі мәселелерді шешуде анқалылықты, кітапхананың қызметі мен мүмкіндіктері туралы қызметкерлердің хабардар болуын дамыту мақсатында қоғамдық әдістеме кеңесі, дирекция кеңесі және т. т. құрылады.

6. Кітапхананың қаржы-шаруашылық қызметі

35. Кітапхананы бюджет бойынша қаржыландыру шығындарын өкілеттті орган бір жылға арналған табыстар мен шығындар сметасында белгілейді.

36. Кітапхана мүлкі негізгі қордан (ғимарат (үй-жай), құрал-жабдық, техника, басқа да материалдық құндылықтар), құжаттар қорынан, анықтама іздеу аппаратынан, деректер базасынан, сондай-ақ ұйымдық, технологиялық, қаржы құжаттарынан тұрады.

37. Ұйымның коммерциялық негізде білім алатын студенттердің оқу үшін төлеген сомадан бөлген қаражаты мен кітапхананың бюджеттен тыс (кәсіпкерлік) қызмет табысы мынаған жұмсалады:

1) кітапхананын дамуы мен қызмет істеуіне;

2) кітапхана қызметкерлерін материалдық ынталандыруға;

3) кітапхананың ғылыми-зерттеу және ұйымдастыру-әдістеме қызметіне;

4) көрмелерді, экспозицияларды, тұсаукесер рәсімдерді және басқа да көпшілік мәдени-ағарту шараларын материалдық қамтамасыз етуге.



38. Кітапхана белгіленген тәртіппен ақпар есебі мен есептілігін жүргізеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет